"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларда берілетін клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотының көшірмесінде болуға тиісті мәліметтерді белгілеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
РҚАО-ның ескертуі!
2012.01.01 бастап 1-тармаққа өзгерту қарастырылған - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011.07.01 № 65 (2-тармақты қараңыз) Қаулысымен.
1. Клиенттің банктік шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы оның жеке шотының көшірмесінде мыналар болуға тиіс:
1) көшірме жасалған күн;
2) көшірме берілетін кезең;
3) клиенттің атауы (аты-жөні) және жеке бірегейлендіру коды;
4) клиентке қызмет көрсететін банктің атауы және банктік бірегейлендіру коды;
5) егер клиент ақша жіберуші (бенефициар) болып табылған жағдайда, бенефициардың (ақша жіберушінің) атауы (аты-жөні) және жеке бірегейлендіру коды;
6) теңгедегі банктік шот бойынша - бенефициар банктің (ақша жіберуші банктің) атауы және банктік бірегейлендіру коды, салық төлеуші-бенифициардың және ақша жіберушінің тіркеу нөмірі.
Клиент пен оған қызмет көрсететін банк арасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырған кезде бенефициар банктің (ақша жіберуші банктің) атауы және/немесе банктік бірегейлендіру коды қойылмауы мүмкін;
7) көшірме берілетін кезеңнің басындағы және аяғындағы кіріс және шығыс қалдығы;
8) төлемнің белгіленуі;
9) көшірме берілетін кезеңдегі дебет және кредит бойынша айналымдар;
10) банктік шоттың валютасы;
11) банктің уәкілетті адамының аты-жөні және мөртабан.
Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2007.07.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз); 2010.08.20 N 76 (қолданысқа 2010.08.13 бастап енгізіледі, 2-т. қараңыз) Қаулыларымен.
2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енеді.
3. Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы