Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық
заңының
12, 27 және
28 баптарының
негiзiнде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қоса берiлген сайлау алдындағы үгiттi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы iске асырудың және Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлауды ақпараттық қамтамасыз етудiң Ережесi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарға радио-телебағдарламалардан эфир уақытын беру және мемлекеттiк мерзiмдi баспа басылымдарына және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарына сайлау алдындағы үгiттi жүргiзудiң Ережесi туралы", Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 875 болып тiркелген, 1999 жылғы 17 тамыздағы N 21/225
қаулысының
күшi жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулы басшылыққа алу үшiн облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының сайлау комиссияларының төрағаларына, Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгiне жiберiлсiн.
4. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен сәттен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрайымы
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2004 жылғы 11 тамыздағы
N 124/158 қаулысымен
бекітілген
Сайлау алдындағы үгiттi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы iске асырудың және Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлауды ақпараттық қамтамасыз етудiң Ережелерi
1. Жалпы ережелер
Осы Ережелер "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңына
(бұдан әрi - Заң), "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар, Қазақстанның аумағында таратылатын және Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарының iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның есебiнде тұратын, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүзеге асырудың тәртiбiн реттейдi.
Ережелерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
сайлауды ақпараттық қамтамасыз ету - сайлаушыларды сайлау науқанына әзiрлiк пен оны өткiзудiң барысы туралы, сайлау алдындағы үгiттi қоспағанда, жедел және кеңiнен хабардар етуге бағытталған шаралар кешенi;
сайлау алдындағы үгiт - сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет;
сөз сөйлеу - депутаттыққа кандидаттың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партия өкiлiнiң сайлау алдындағы бағдарламасын баяндай отырып, сайлаушыларға жеке өтiнiшi;
саяси пiкiр-сайыстар - екi және одан көп кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың өкiлдерiнiң, түрлi қоғамдық маңызды мәселелер бойынша жария пiкiрлер алмасуы, оның iшiнде кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламаларына қатысты, жария пiкiрлер алмасу барысында айтылған мәселелердiң кең шеңберi бойынша айтқандары;
бұқаралық ақпарат құралының редакциялық кеңесi - заңды тұлғаның қызметкерлерiнен құрылған, заңды тұлға басшысының бұйрығына сәйкес, сайлау өткiзу кезеңiнде бұқаралық ақпарат құралында шығару, эфирiне шығу жөнiнде түпкiлiктi шешiм қабылдауға өкiлеттi етiлген алқалы орган.
2. Сайлауды бұқаралық ақпарат құралы арқылы
ақпараттық қамтамасыз ету
2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың мерзiмдi баспа басылымдары сайлау комиссияларының хабарламаларын, сайлауға қатысатын кандидаттар туралы деректердi "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық
заңда
белгiленген тәртiппен және көлемде жариялауға мiндеттi.
Осы хабарлар мерзiмдi баспа басылымының бiр нөмiрiнде, ал көлемi едәуiр болған жағдайда - басылымға қосымша ретiнде жариялануға тиiс.
3. Бұқаралық ақпарат құралдары тиiстi сайлау комиссияларына сайлау алдындағы науқанның барысы туралы ақпаратты және Заңда белгiленген хабарларды кiдiрiссiз жариялауға мүмкiндiк туғызады.
Ақпарат кейiн оны жариялау үшiн баспа басылымдарына баспа өнiмiнiң келесi нөмiрi шығатын күннiң алдындағы күнгi сағат 15-ке дейiн жiберiлуi тиiс.
Бұл хабарлар, келiсiмiн берсе, мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы мүмкiн. Бұл жағдайда олар жариялауды тиiстi сайлау комиссиясы берген көлемде жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партиялардың сайлау науқанын объективтi түрде жариялауды жүзеге асыруға; кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне көрiнеу нұқсан келтiретiн үгiт материалдары мен өзге де ақпаратты жариялаудан аулақ болуға;
өтiнiш келiп түскеннен кейiн баспа басылымының таяудағы нөмiрiнде сол бетте, сондай көлемде және сол қарiппен немесе теледидар не радио хабарларында жиырма төрт сағат iшiнде сондай уақытта аталған адамдарға ар-намысын, қадiр-қасиетiн және iскерлiк беделiн қорғауы үшiн терiске шығаруды тегiн жариялауына мүмкiндiк беруге мiндеттi.
Өтiнiшке таратылған материалдар кандидаттың немесе саяси партияның ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделiне нұқсан келтiредi деп тану туралы соттың шешiмiнiң көшiрмесi қоса берiлуi тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралдары кандидаттардың, саяси партияның сайлау науқанын жария еткен кезде кандидаттардың да, саяси партиялардың да қызметi туралы жариялағанда олардың ешқайсысына артықшылық туғызбай, теңдiк және тепе-теңдiк принциптерiн басшылыққа алуға мiндеттi.
5. Ақпараттық теле- және радио бағдарламаларында, мерзiмдi баспа басылымдарындағы жарияланымдарда сайлау алдындағы iс-шараларды өткiзу туралы хабарламалар қандай болмасын белгiлi бiр кандидатты, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияны артық көрушiлiксiз не алдын-ала ойланылғандықсыз берiлуге тиiс. Артық көрушiлiк немесе алдын-ала ойланылғандық деп нақты кандидат, саяси партия туралы баспа басылымының жеке нөмiрiндегi көлемi бойынша басым, жеке теле-радиохабардағы көлемi бойынша басым және арнайы әсерлермен ерекшелендiрiлген оң да, келеңсiз де сипаттағы хабарларды, жаңалықтар дикторының мәтiнiне кандидаттар мен саяси партияларды бағалауды, оларға ұрандар және үндеулер енгiзудi түсiнген лазым.
6. Кандидаттар не олардың сенiм бiлдiрген адамдары болып тiркелген журналистердiң, бұқаралық ақпарат құралдары редакциялары лауазымды адамдарының сайлауды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетуге қатысуына құқығы жоқ.
Егер бұқаралық ақпарат құралының бас редакторы (редакторы) кандидат не сенiм бiлдiрiлген адам болып табылса, ол сайлау науқанын жариялау жөнiнде шешiм қабылдау өкiлеттiктерiн сайлау кезеңiне редакциялық кеңеске бередi.
7. Сайлаумен байланысты қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерiн жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдары сұрау салуды жүргiзген ұйымды, сұрау салуды жүргiзуге тапсырыс берген және оның ақшасын төлеген адамдарды, сұрау салу жүргiзiлген уақытты, ақпарат жинау әдiсiн, сұрау салудың нақты тұжырымын, сұралғандардың саны мен сұрау салу нәтижесiнiң қателiк коэффициентiн көрсетуге мiндеттi.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерiн, сайлау нәтижелерiнiң болжамын, сайлауға байланысты өзге де зерттеулердi дауыс берiлетiн күн алдындағы бес күн iшiнде және дауыс берiлетiн күнi жариялауға жол берiлмейдi.
Қоғамдық пiкiрге сұрау салу нәтижелерi Интернеттiң қазақстандық бөлшегiндегi жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпараттық-телекоммуникациялық желiлердiң web-сайттарында жарияланған кезде, осы талап web-сайттың редакциясы орналастырған редакциялық материалдарға, сондай-ақ авторлық жарияланымдарға таратылады.
3. Сайлау алдындағы үгiттi бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы iске асырудың тәртiбi
9. Саяси партиялар туралы заңға сәйкес саяси партиялар өз қызметi туралы ақпарат таратуға және өзiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға құқылы.
Сайлау алдындағы үгiт басталған сәттен бастап, саяси партияның мақсаттары мен мiндеттерiн жарнамалайтын және насихаттайтын, барлық ақпарат саяси партияның сайлау қорынан төленуi тиiс. Егер саяси партияның мақсаттары мен мiндеттерiн жарнамалайтын және насихаттайтын өнiм үшiн сайлау алдындағы үгiт басталғанға дейiн төлем жасалса, оның құны саяси партияның сайлау қорынан алынуы және саяси партияның шотына қайтарылуы тиiс.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы сайлау алдындағы үгiт деп:
1) кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды жақтап немесе қарсы дауыс беру ұрандарын;
2) сайлаушының қандай да бiр кандидаттарға, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларға қатысты артықшылық жасауы, атап айтқанда, кандидаттардың қайсысына, қандай саяси партияға дауыс беретiнiн көрсетудi;
3) кандидаттарды, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларды сайлаудың немесе сайламаудың мүмкiн салдарларын сипаттауды;
4) қандай да бiр кандидаттар, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялар туралы, жағымды не жағымсыз түсiндiрмелер тiркесiмiмен, анық басым мәлiметтердi;
5) Қазақстан Республикасы Парламентi мен мәслихаттарының депутаттары және мемлекеттiк органдардың лауазымды тұлғалары болып табылатын кандидаттардың, олардың кәсiби қызметiне немесе олардың қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысы жоқ қызметi туралы мәлiметтердi қамтитын материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарына шығару (эфирiне шығару) жөнiндегi қызмет танылады.
10. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау алдындағы үгiт кандидаттарды, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларды, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық
заңына
сәйкес белгiленген, тiркеу мерзiмi аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады. Қайтадан дауыс берудi өткiзген кезде сайлау алдындағы үгiт қайтадан дауыс беру күнi тағайындалған күннен басталып, сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.
Кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiт жүргiзуi үшiн бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткiзуiнiң тең жағдайына кепiлдiк берiледi.
11. Сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi үгiт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға (эфирге шығаруға) тыйым салынады.
Web-сайттарда орналастырылған үгiт материалдарын сайлау күнi және оның қарсаңындағы күнi өзгерiссiз сақтауға болады.
12. Сайлау алдындағы үгiт кезеңiнде кандидаттардың, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiтiне байланысты баспа бұқаралық ақпарат құралының таралымын көбейтуге, сондай-ақ тегiн таратылуына, сайлау қорының қаражатынан төленген қаражат есебiнен тегiн таратылатын саяси партиялардың баспа бұқаралық ақпарат құралдарын қоспағанда, тыйым салынады.
Бұқаралық ақпарат құралы сайлау алдындағы үгiт басталғанға дейiн өзiнiң таралымын бiр рет көбейтуге құқылы. Бұл таралым осы бұқаралық ақпарат құралының редакциясына өтiнiш жасаған кандидаттардың, саяси партиялардың барлығы үшiн бiрдей болуы және сайлау алдындағы үгiттiң мерзiмi аяқталғанға дейiн сақталуы тиiс.
13. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы кандидаттардың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы бағдарламаларын жариялаудан, егер олар Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, оның тұтастығын бұзу, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiру, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құралымдар құру идеяларын уағыздаудан бас тартады.
14. Бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды тұлғалары кандидаттар мен саяси партиялардың олардың сайлау алдындағы науқан барысында айтқандары үшiн, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының
29-бабының
1 тармағында көрсетiлген материалдарды жариялау жағдайларын қоспағанда, жауап бермейдi.
15. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы, материалында кандидаттың абыройына, қадiр-қасиетiне немесе партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияның iскерлiк беделiне нұқсан келтiретiн ақпарат болған жағдайда, кандидаттардың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың үгiт материалдарын жариялаудан (эфирге шығарудан) бас тартуға құқылы.
Осы материалды ұсынған кандидат, саяси партия редакцияның талабы бойынша онда қамтылған жоғарыда көрсетiлген сипаттағы ақпаратты растайтын құжаттарды тапсырады.
Үгiт материалдарын жариялаудан (эфирге шығарудан) бас тартуға заңдарда белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
Қандай да бiр адамның бейнесiн - оның жазбаша келiсiмiнсiз, ал ол қайтыс болған жағдайда мұрагерлерiнiң жазбаша келiсiмiнсiз пайдалану арқылы сайлау алдындағы үгiт жүргiзуге тыйым салынады.
4. Кандидаттардың сайлау алдындағы бағдарламаларымен
мемлекет қаржыландыратын сөз сөйлеуi үшiн эфир уақыты мен баспасөз бетiнен орын беру тәртiбi
Егер облыстық және аймақтық теле- және радио компаниялары өзiнiң бағдарламасымен талап етiлетiн аумақты қамтуды қамтамасыз ете алмаса, "Қазтелерадио" АҚ облыстық бөлiмшесiнен кандидат алған растауға сәйкес, кандидаттардың сөйлеген сөздерiн беру, оларды одан әрi, логотиптерiн көрсетпей, "Хабар", "Қазақстан" және (немесе) Қазақ радиосы бағдарламаларын хабарлау жиiлiктерiнде Алматыдан "Қазақстан телекоммуникациясы" (Кателко) АҚ жерсерiктiк арналары бойынша тарату үшiн облыстық теле- және радио компаниясы студиясында дыбыс-, бейне- жазып алу арқылы қамтамасыз етiледi.
Республикалық газеттер бiр мандатты сайлау округтерi бойынша дауысқа түсетiн депутаттыққа кандидаттардың сөздерiн қабылдауға және оларды өз газеттерiнде тиiстi аймақтар бойынша кандидаттардың сөзi бар қосымша парақтар (беттер) шығарумен таратуға құқылы.
17. Мемлекет Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттарға баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына бiрдей қаражат бөлiнуiне кепiлдiк бередi. Баспа табақ деп форматы 60х90 см, көлемi 5400 см қағаз беттi түсiну керек. Көлемi 0,1 баспа табақ 540 см
2
көлемге тең болады, яғни форматы А-2 газет бетiнiң 1/4 құрайды.
Кандидат баспа басылымдарындағы жарияланымдарға бөлiнген қаржыны дербес пайдаланады.
18. Кандидаттарға әз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшiн эфир уақытын, мерзiмдi баспа басылымдар бетiнен орын беру туралы шарт жасасуға кандидаттың куәлiгi және шығуын (эфирге шығуын) жүзеге асыратын бұқаралық ақпарат құралдары басшысының атына жеке жазбаша өтiнiшi негiз болып табылады.
5. Тiркелген кандидаттарға және партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партияларға шарттық негiзiнде эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын беру тәртiбi
19. Бұқаралық ақпарат құралдары тiркелген кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға шарттық негiзде эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бередi. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарға және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын беру туралы шарттың талаптары белгiлi бiр кандидатқа, саяси партияға артықшылық туғызбауға тиiс. Эфирден және баспасөзден орын беру төлемiнiң мөлшерi, шарттары мен тәртiбi туралы мәлiметтердi тиiстi телерадиохабарларын тарату ұйымы, мерзiмдiк баспа басылымының редакциясы сайлаудың тағайындалғаны туралы шешiм ресми жарияланғаннан кейiнгi оныншы күннен кешiктiрмей хабарлауға және жариялауға тиiс, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына, тиiстi аумақтық және округтiк сайлау комиссияларына берiлуге тиiс.
20. Бұқаралық ақпарат құралы кандидаттардың, партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың бiрiне эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге берген келiсiмi басқа да кандидаттарға, партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға эфир уақытын, баспасөз бетiнен орын бөлуге келiсiм беруi болып табылады.
21. Кандидаттар мен партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына шығуының кезектiлiгi жазбаша өтiнiштердiң келiп түсу ретiмен не егер өтiнiштер бiр мезгiлде келiп түссе, жеребе бойынша белгiленедi. Кандидаттар мен партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар жазбаша өтiнiштерiнде өздерiнiң сөйлеуiнiң болжаулы күнiн, уақытын көрсетедi. Осы ұсыныстардың негiзiнде бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары кандидаттар мен партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партияларға эфир уақыты мен баспа орындарын берудiң кестесiн белгiлейдi.
22. Кандидаттардың және партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялардың сөз сөйлеуi үшiн эфир уақыты мен баспасөз бетiнен орын беру кестесiн бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы әзiрлейдi. Осы кестеге жарнамалық макеттердi, жарнамалық роликтер мен кандидаттардың және партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың өзге де үгiт материалдарын жариялау да енгiзiледi. Кандидаттар мен саяси партиялардың сөздерiн шығарудың (эфирге шығарудың) күнi мен уақыты көрсетiлуге тиiстi кестенiң көшiрмесi Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына, тиiстi аумақтық және округтiк сайлау комиссияларына жiберiледi.
23. Кандидаттардың теледидар мен радиода сөйлеп жатқан сөздерiн бөлуге және сөйлеген сөздерiне дәл сол күнi iле-шала, сондай-ақ баспа басылымдарындағы сөздерiне сол нөмiрде түсiнiктеме жасауға тыйым салынады.
24. Мерзiмдi баспа басылымдарының, теле- және радио хабарларын тарататын ұйымның кандидаттардың және партиялық тiзiмiн ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгiтi мазмұндалған барлық жарияланымдары қаржыландырудың көздерi туралы ақпаратты қамтуға тиiс.
Хабарландыру тәсiлiн бұқаралық ақпарат құралдарының өзi белгiлейдi.
25. Партиялық тiзiмдерiн ұсынған саяси партиялар теледидарда Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын, ол белгiлейтiн уақыт көлемiнде саяси пiкiр-сайыстарға қатысуға құқылы.
Саяси партиялар және кандидаттар басқа пiкiр-сайыстарға не өзге теледидарлық берiлiмдерге қатысқан жағдайда, олардың ақысы сайлау қорлары қаржыларынан төленедi.
Пiкiр-сайыстарда сөз сөйлеу регламентiн пiкiр-сайыстарды ұйымдастырушылар белгiлейдi.
6. Сайлау алдындағы үгiттi бұқаралық ақпарат
құралдары арқылы өткiзу Ережесiнiң сақталуын бақылауды ұйымдастыру
27. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы сайлау алдындағы үгiт материалдарының жариялануына, эфирге шығуына есеп жүргiзедi. Сайлау комиссиясынан сұрау салу түскен жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының редакциясы сұрау салынған күннен бастап үш күннiң iшiнде жазбаша ақпарат, қажет болған жағдайда сұрау салынған материалдардың көшiрмелерiн ұсынуға мiндеттi.
28. Сайлау алдындағы үгiт материалдарын қамтитын теле- және радио хабарларының жазбалары, мерзiмдi баспа басылымдарының даналары "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес тиiстi бұқаралық ақпарат құралының редакциясында сақталады.