"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 8-тармағына және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 31 қазандағы N 1158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 мамырдағы N 508 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. "Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді дайындау және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық немесе жабық конкурсқа қатысу үшін ықтимал өнім берушілерге беретін үлгі конкурстық құжаттаманы бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 31 қазандағы N 8 (Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, N 4, 785-құжат, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2041-мен тіркелген, N 2063-пен тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі төрағасының 2002 жылғы 28 қарашадағы N 19 бұйрығымен өзгерістер енгізілген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімдерді дайындау және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық немесе жабық конкурсқа қатысу үшін ықтимал өнім берушілерге беретін үлгі конкурстық құжаттамада (бұдан әрі - Конкурстық құжаттама):
12-тармақта "конкурстық өтінімге қоса берілетін немесе осы өкіл конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу алдында беретін" деген сөздер "конкурстық өтінімдер салынған конверттер(-ді) ашылған кезде (ашу алдында) осы өкіл табыс ететін" деген сөздермен ауыстырылсын;
25-тармақта:
бірінші абзацта: "осы тізбені нақтылап көрсетеді" деген сөздер "конкурстық құжаттамада өткізілетін конкурстың мәні бойынша қажет болатын құжаттарды ғана табыс етуді көздейді" деген сөздермен ауыстырылсын;
1) тармақшада "(не заңды түрде белгіленген нысандағы көшірмесін" деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер заңды тұлға қызметін заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген Yлгі жарғының негізінде жүзеге асырған жағдайда, мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариалды куәландырылған көшірмесін;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған соңғы қаржы жылғы бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде өткізілген жағдайда, онда соңғы қаржы жылы алдындағы қаржы жыл бойынша бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі табыс етіледі;
бухгалтерлік теңгерімнің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі егер:
заңды тұлға ағымдағы қаржы жылы құрылған;
заңды тұлға өткен қаржы жылы құрылған және конверттерді ашу ағымдағы жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде өткізілген жағдайларда табыс етілмеуі мүмкін;";
4) тармақшада:
"қол қоюға құқығы бар тұлғаның және бас бухгалтердің" деген сөздер "оны алмастыратын тұлғаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
"анықтамасын" деген сөз "анықтамасының түпнұсқасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерімен міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылғы аудиторлық есебінің түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде өткізілген жағдайда, соңғы қаржы жылы алдындағы қаржы жыл бойынша аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі табыс етіледі;
аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі егер:
заңды тұлға ағымдағы қаржы жылы құрылған;
заңды тұлға өткен қаржы жылы құрылған және конверттерді ашу ағымдағы жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде өткізілген жағдайларда табыс етілмеуі мүмкін;";
6) тармақшада:
"өндіру" деген сөзден кейін "және/немесе бepу" деген сөздермен толықтырылсын;
"тауарлар өндіру" деген сөздердің алдынан "Конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
"құжат" деген сөз "құжаттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін" деген сөздермен ауыстырылсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметті қамтитын жарғыдан немесе құрылтай құжаттарынан нотариалды куәландырылған үзінді көшірме не конверттерді ашу күнінің алдындағы 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей берілген акция ұстаушылардың тізілімінен нотариалды куәландырылған үзінді көшірмені;";
10) тармақшада:
"немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін" деген сөздер алынып тасталсын;
"ықтимал өнім берушінің салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу және жинақтаушы зейнетақы қорларына аударымдар бойынша үш айдан асатын мерзімі өткен берешегінің жоқтығы" деген сөздер "үш айдан асатын салық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің жоқтығы немесе болуы" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер ықтимал өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылған және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, осы резидент еместің салық есебінде жоқ екендігі туралы Қазақстан Республикасы салық органының анықтамасының түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін;";
11) тармақшада:
"ықтимал өнім берушінің" деген сөздер "мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Егер банктің және/немесе салық органының анықтамасына бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға емес қол қойған жағдайда, осы тұлғаға мұндай анықтамаларға қол қою құқығын беретін құжаттың көшірмесі табыс етіледі.";
26-тармақта:
бірінші абзацтағы "Конкурсқа қатысуға" деген сөздердің алдынан "Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшада:
"куәліктерінің," деген сөзден кейін "дипломның, сертификаттың," деген сөздермен толықтырылсын;
"(не заңды түрде белгіленген нысандағы көшірмелерін" деген сөздер алынып тасталсын;
4) тармақшада "ықтимал өнім берушінің" деген сөздер "мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Конкурстық құжаттамаға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлар өндіру және/немесе бepу, қызметтер көрсету және жұмыстар орындау үшін мамандықтар бойынша біліктілігі, жұмыс стажы көрсетілген қызметкерлердің болуы мен саны туралы құжаттың түпнұсқасын немесе нотариалды куәландырылған көшірмесін. Көрсетілген қосымшада ықтимал өнім беруші осы конкурс (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін жұмысшылар көрсетіледі.";
мынадай мазмұндағы 26-1 тармақпен толықтырылсын:
"26-1. Кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын және конкурсқа қатысуға ниет білдірген, мәні ықтимал өнім берушіде бар тауарлар болып табылатын ықтимал өнім беруші - жеке тұлғаның конкурстық өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
1) жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесін немесе ішкі істер органдарының жеке басын куәландыратын құжаттарды алмастыруға қабылдағандығы туралы анықтамаларын;
2) әлеуметтік жеке кодты тағайындағандығы туралы куәліктің, Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелерін;
3) ықтимал өнім берушінің ұсынылып отырған тауарға меншік құқығын немесе иелік ету құқығын растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
4) егер конкурсқа меншік иесінің өкілі қатысқан жағдайда, конкурстың мәні болып табылатын тауарды сату құқығына арналған сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;";
31-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Конкурсқа (лотқа) ықтимал өнім беруші тек бір баға ұсынады.";
34-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) шыққан тегі сертификаттарының (импортталатын тауарлар үшін) нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе ықтимал өнім берушінің берілетін тауардың/көрсетілетін қызметтің бірінші партиясымен куәліктерінің және/немесе шыққан тегі сертификаттарының (импортталатын тауарлар үшін) нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынатындығы туралы кепіл хаты;";
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) сәйкестік сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері немесе ықтимал өнім берушінің берілетін тауардың/көрсетілетін қызметтің бірінші партиясымен куәліктерінің және/немесе сәйкестік сертификаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсынатындығы туралы кепіл хаты;";
35-тармақтың 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер конкурстық құжаттамадағыдан жақсырақ функционалдық және басқа да сипаттамалары бар тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсынылса, ықтимал өнім берушінің техникалық маманданымы конкурстық құжаттаманың техникалық маманданымына сәйкес келмеуіне жол беріледі.";
36-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) орындалуға ұсынылып отырған жұмыстардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданатын стандарттарға сай келуге міндетті материалдарының, технологиялық шешімдерінің, инженерлік қамтамасыз етудің, құрылысты ұйымдастырудың сипаттауын, құнының есебін, техникалық-экономикалық бөлімді, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуді қамтитын техникалық маманданымы. Конкурстық құжаттамада көзделгендегіден жақсырақ технологиялық шешімдер және/немесе жақсырақ материалдардан жұмыстарды орындау ұсынылып отырған жағдайларды қоспағанда, ықтимал өнім беруші табыс етіп отырған техникалық маманданым конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттамасының техникалық маманданымына сәйкес келуі тиіс.";
38-тармақта:
бірінші абзацта:
"етудің ақшадай қаражаттары" деген сөздер "етуді банкте орналастырылатын ақша кепілдігі түрінде енгізу" деген сөздермен ауыстырылсын;
"аударылады" деген сөз "қолма қол ақшасыз есеп арқылы (аудару арқылы) және қолма қол ақшаны енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін." деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта "4" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын;
39-тармақта "құжаттың түпнұсқасын" деген сөздерден кейін "(банктік кепілдік, төлем тапсырмасы, егер ықтимал өнім беруші конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді қолма-қол ақшамен енгізсе, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжат)" деген сөздермен толықтырылсын;
41-тармақта "акционерлік қоғам" деген сөздер "акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбірек проценті немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
57-тармақта:
"орны көрсетіледі." деген сөздерден кейін мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер конкурсқа (лотқа) бір ғана конкурстық өтінім табыс етілсе, осы конкурстық өтінім де ашылады.";
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Екі кезеңді рәсімдер пайдаланылатын конкурс өткізілген кезде, конкурстық комиссия конкурстың әрбір кезеңіне конверттерді ашу және конкурстың қорытындылары туралы хаттамалар жасайды.";
68-тармақта:
"отандық тауар өндірушілер" деген сөздер "осы конкурс нәтижесінде сатып алынатын тауарлардың отандық өндірушілері" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Отандық тауар өндірушілер болып табылатын ықтимал өнім берушінің конкурстық өтінімінің бағасына
Заңның
16-бабы 6-тармағының 2)-4), 6), 7), 9) тармақшаларында немесе 7-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында санамаланған өлшемдердің жиынтық проценттік әсері 35 проценттен аспауы тиіс.";
осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес "Қызметкерлердің болуы мен саны туралы құжат" деген 9-қосымшамен толықтырылсын.
Үлгі конкурстық құжаттамаға 5-қосымшада:
2. Құқықтық жұмысы бөлімі (Ж. Ахметова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
4. Осы бұйрықтың орындалуының бақылауы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Б. Әлімбековке жүктелсін.
Төраға міндетін
атқарушы
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік сатып алу
жөніндегі агенттігі
Төрағасының
2004 жылғы 23 шілдедегі
N 1-қосымша
Үлгі конкурстық
құжаттамаға 9-қосымша
Қызметкерлердің болуы мен саны туралы құжат*
__________________________________________________________________
Ретт.|Мамандық.|Саны|Осы конкурста | Диплом, |Мамандығы|Лауа.
N | тардың | |сатып алынатын|куәлік және |бойынша |зымы
| тізімі | |тауарларды шы.| басқа да |санаты, |
| | |ғару/жеткізу |білім туралы|білікті. |
| | |(жұмыстарды |құжаттар бо.|лігі, |
| | |орындау, қыз. |йынша білік.|дәрежесі,|
| | |меттерді көр. | тілігі |класы |
| | |сету) саласын.|(мамандығы) | |
| | | дағы жұмыс | | |
| | | стажы | | |
__________________________________________________________________
1 Мысалға: 7 жыл Инженер- Учаске
инженерлер құрылысшы бастығы
(құрылыста) 3 жыл Инженер- Менеджер
экономист
8 жыл ... ...
2 жыл ... ...
6 жыл ... ...
Жиынтығы: 5 28 жыл - -
2 электриктер 5 жыл ... ...
4 жыл ... ...
3 жыл ... ...
2 жыл ... ...
Жиынтығы: 4 14 жыл - -
3 заңгер 5 жыл Юрист-құқық Заңгер
танушы
Жиынтығы: 1 5 жыл - -
4 Басқа да ... ... ...
мамандықтар ... ... ...
... ... ...
... ... ...
... ... ...
Жиынтығы: 15 ... - -
5 Барлығы: 25 адам
__________________________________________________________________
* ықтимал өнім беруші осы конкурс (лот) бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет деп есептейтін жұмысшыларды көрсетеді.