2012.01.31. бастап күші жойылады - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.09.28 № 588 (3-тармақты қараңыз) бұйрығымен
"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Кемеге атау беру және оны өзгерту ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Қ.С.Мұстафин) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Е.Ж.Қошановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
"Кемеге атау беру және
оны өзгерту ережесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникациялар
министрінің
2004 жылғы 20 шілдедегі
N 276-І бұйрығымен
бекітілген
Кемеге атау беру және оны өзгерту ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемеге атау беру және оны өзгерту ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Ереже Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында тіркелуге жататын теңіз кемесіне атау беру немесе оны өзгерту тәртібін белгілейді. Z020284
3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғым пайдаланылады:
кемелерді және оларға құқықты мемлекеттік тіркеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті.
4. Кеменің атауы қазақ немесе орыс тілінің транслитериясымен, сондай-ақ қазақша және орысша атауларының ағылшынша жазылуы қоса көрсетіліп, Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған идеология насихатынсыз жазылады.
5. Кеменің атауын таңдағанда мыналар ескеріледі:
1) кеменің мемлекеттік тілдегі атауының осы заманғы әдеби қазақ тілінің нормаларына сәйкестігі;
2) орыс және басқа тілдердегі транскрипциялардың осы заманғы әдеби қазақ тілінің нормаларына сәйкестігі;
3) қоғамдық ізгілік пен адамгершілік талаптары.
6. Кемелерге бірдей атаулар берілмейді.
7. Кеменің атауы кемеге меншік құқығы ауысқанда өзгертілуі мүмкін.
2. Кемеге атау беру және оны өзгерту тәртібі
8. Кемеге атау бергісі немесе оны өзгерткісі келген кеменің меншік иесі уәкілетті органға өтініш береді.
9. Кемеге атау беру немесе оны өзгерту туралы өтініш:
кемеге меншік құқығын растайтын құжатты;
осындай атауы бар кеменің жоқтығы туралы Порттың теңіз әкімшілігі берген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінен немесе кеме кітабынан үзінді көшірмені;
өтініш берушінің атын және мекен-жайын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
азаматтың немесе оның мұрагерлерінің есімдерін кемеге беруге келісімінің бар болуын растайтын құжатты қоса бере отырып, кемеге атау берудің және оны өзгертудің негізділігін қамтуы тиіс.
10. Берілген құжаттардың негізінде уәкілетті орган ұсынылған атауды кемеге берумен келісу туралы немесе келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы Мемлекеттік кеме тізілімінде немесе кеме кітабында тиісті жазба жасалады.
Қабылданған шешім туралы кеменің меншік иесіне Ереженің 9-тармағында көзделген құжаттардың келіп түскен күнінен бастап отыз күннің ішінде хабарланады.