N 2647 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 5 өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 28 шілдедегі N 111 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 11 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3001

Қолданыстағы

      Бұйырамын:
      1. Тіркелген N 2647 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының  2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына (2004 жылғы 3 сәуірдегі N 54 "N 2647 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына, N 1 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" - тіркелген N 2806; 2004 жылғы 25 мамырдағы N 77 "Тіркелген N 2647, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - тіркелген N 2884)   мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет кірістерінің сыныптамасында:
      4 "Алынған ресми трансферттер" санатында 01 "Төмен тұрған мемлекеттік басқару органдарынан алынатын трансферттер" сыныбындағы 2 "Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен алынатын трансферттер" кіші сыныбында 18 ерекшелігінде "Астана қаласының бюджетінен алынатын бюджеттік алу" деген бағанда "01.01.2003" деген сандар алынып тасталсын.
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр