Бұйырамын:
1. Тіркелген N 2647 "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы", Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201
бұйрығына
(2004 жылғы 3 сәуірдегі
N 54
"N 2647 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына, N 1 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" - тіркелген N 2806; 2004 жылғы 25 мамырдағы
N 77
, Тіркелген N 2647, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі міндетін атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына N 2 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - тіркелген N 2884) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобында 3 "Орман шаруашылығы" кіші функциясында 257 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылығының, ормандарды және хайуанаттар әлемін қорғау жөніндегі атқарушы орган" деген бағдарламаның әкімшісі мынадай мазмұндағы 21 бағдарламамен толықтырылсын:
"21 Орман шаруашылығының ақпараттық-маркетингтік жүйесін дамыту";
13 "Өзге де" функционалдық тобында 9 "Өзге де" кіші функциясында 233 "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi" бағдарлама әкімшісінің 18 "Қазақстан Республикасының инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру" бағдарламада 100 "Қазақстан аумақтарында жарғылық капиталдар технопарктерін қалыптастыру" және 101 "Ақпараттық технологиялық паркін құру" кіші бағдарламалар "Қолданылу мерзімінің аяқталуы" деген бағанда "01.01.2004" деген сандармен толықтырылсын.
2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр