"Почта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Ұлттық почта операторына арналған мынадай пруденциалдық нормативтер белгіленсін:
меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті;
ағымдағы өтімділік коэффициенті;
ашық валюта позициясының лимиттері.
2. Меншік қаражаты жеткіліктілігінің коэффициенті Ұлттық почта операторының меншік капиталының өз активтерінің сомасына қатынасы ретінде есептеледі.
4. Ұлттық почта операторының меншік капиталы мыналардың сомасы ретінде есептеледі:
төленген жарғылық капитал (ақшалай төленген сома шегінде);
қосымша капитал;
өткен жылдардағы бөлінбеген таза кіріс (оның ішінде бөлінбеген таза кіріс есебінен қалыптастырылған қорлар, резервтер);
ағымдағы жылғы кірістердің ағымдағы жылғы шығыстардан асып түсуі;
олардан:
материалдық емес активтерді алып тастағанда, банктің негізгі қызметінің мақсаттары үшін сатып алынған және 1999 жылғы 1 шілдеден бастап немесе одан кейінгі кезеңді қамтитын қаржылық есеп беруге арналған күшіне енген Қаржылық есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитеттің Басқармасы 1998 жылғы шілдеде бекіткен Қаржылық есептің "Материалдық емес активтер" N 38 халықаралық стандартына (бұдан әрі - Қаржылық есептің N 38 халықаралық стандарты) сәйкес келетін лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді қоспағанда;
өткен жылдардағы шығындар;
ағымдағы жылғы шығыстардың ағымдағы жылғы кірістерден асып кетуі;
басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы.
5. Ағымдағы өтімділік коэффициенті есепті айдың соңында есептелген өтімділігі жоғары активтердің талап ету бойынша міндеттемелерінің көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.
Ұлттық почта операторының ағымдағы өтімділік коэффициенті 0,3-тен кем болмауға тиіс.
6. Өтімділігі жоғары активтерді есептеуге:
қолма-қол ақша;
Ұлттық почта операторының кері сатып алу шарттарымен сатқан бағалы қағаздарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі, Қазақстан Республикасының банктеріндегі талап ету бойынша депозиттер;
сауда-саттық ұйымдастырушының ең жоғары санат бойынша ресми тізіміне енгізілген, Standard & Poor`s агенттігінің "А"-дан төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар резидент емес банктердің бағалы қағаздары кіреді.
7. Талап ету бойынша міндеттемелерді есептеуге:
клиенттердің және корреспондент банктердің талап ету бойынша депозиттері;
талап ету бойынша басқа да міндеттемелер, оның ішінде, жүзеге асыру мерзімі бір айдан аспайтын немесе оларды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген ақша төлемі және аударымы, қолма-қол ақша беру жөніндегі міндеттемелер кіреді.
8. Есепті кезең ішінде Ұлттық почта операторында кредиторлар мен дебиторлар алдында мерзімі өткен міндеттемелеріне ақша төлемі және аударымы туралы Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын бұзу фактілері болған жағдайда, өтімділік коэффициентінің есеп айырысу мәніне қарамастан, ағымдағы өтімділік коэффициенті орындалмады деп есептеледі.
9. Ашық валюта позициясы - бұл жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы Ұлттық почта операторы талаптарының (міндеттемелерінің) Ұлттық почта операторының сол шетел валютасындағы талаптарынан (міндеттемелерінен) асуы.
Ұзақ валюта позициясы - бұл жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы ашық валюта позициясы, ондағы талаптар (активтер мен шартты талаптардың жиынтық сомасы) Ұлттық почта операторының сол шетел валютасындағы міндеттемелерінен (міндеттемелерімен шартты міндеттемелерінің жиынтық сомасынан) асады.
Қысқа валюта позициясы - бұл жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валютасындағы ашық валюта позициясы, ондағы міндеттемелер (міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің жиынтық сомасы) Ұлттық почта операторының сол шетел валютасындағы талаптарынан (активтерімен шартты талаптарының жиынтық сомасынан) асады.
Ұлттық почта операторының валюталық нетто-позициясы Ұлттық почта операторының барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позицияларының жиынтық сомасы мен барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияларының жиынтық сомасы арасындағы айырмашылық ретінде есептеледі.
Әрбір шетел валютасы бойынша ашық валюта позициясы жеке есептеледі.
Жекелеген шет мемлекеттің (шет мемлекеттер тобының) валюталары бойынша ашық валюта позицияларын есептеген кезде, бірінші кезекте Ұлттық почта операторының актив шоттарында және міндеттемелер шоттарында ашылған әрбір шетел валютасы бойынша шоттар сальдосы есептеледі. Содан кейін шартты талаптар шоттарында және шартты міндеттемелер шоттарында ашылған сол шетел валютасы бойынша сальдо айқындалады. Шетел валютасындағы талаптардың (міндеттемелердің) міндеттемелерден (талаптардан) асуын көрсететін сальдо өзара жинақталады, ал алынған нәтиже Ұлттық почта операторының шетел валютасы бойынша ашық позициясының мөлшерімен түрін айқындайды.
Шетел валютасымен көрсетілген талаптар мен міндеттемелер валюта позициясының осы талаптар мен міндеттемелер көрсетілген (белгіленген, индекстелген) шетел валюталары бөлігіне есепке енгізіледі.
10. Ұлттық почта операторының ашық валюта позициясы мынадай лимиттерден:
Standard & Poor`s агенттігінің "А"-дан төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі бар елдердің шетел валюталары бойынша - меншік капиталы көлемінің 15 процентінен;
басқа шетел валюталары бойынша - меншік капиталының 7,5 процентінен аспауға тиіс.
Валюталық нетто - Ұлттық почта операторының позициясы меншік капиталының 30 процентінен аспауға тиіс.
Ашық валюта позициясының осы тармағында белгіленген лимиттері есептік ай ішінде кез келген шетел валютасы бойынша бұзылған валюталардың ашық валюта позициясының лимиттері бұдан кейінгі үш ай ішінде белгіленген лимиттердің 5 процентіне азайтыла отырып айқындалады.
Ашық валюта позициясын және валюталық нетто позицияны есептеуге Ұлттық почта операторының Ислам Даму Банкінен шетел валютасымен алған, Қазақстан Республикасының Үкіметі өтелуіне кепілдік берген заемдарына байланысты талаптары мен міндеттемелері кірмейді.
Ұлттық почта операторының жеке алынған шетел валютасы бойынша белгіленген лимиттерді 0,09 процент асыруы ашық валюта позициясының лимиттерін бұзу болып саналмайды.
11. Ұлттық почта операторы ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес нысанда пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есеп ұсынады.
Әрбір шетел валютасы бойынша валюталық позициялар және валюталық нетто-позиция туралы есеп ай сайын, есептік айдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей, есептік айдың соңғы жұмыс күніндегі жағдай бойынша осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысанда ұсынылады.
12. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Ұлттық почта операторының пруденциалдық нормативтерді сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
13. Ұлттық почта операторы осы қаулының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауап береді.
14. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
15. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ұлттық почта операторына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 216 қаулысының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2433 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 16 басылымдарында 2003 жылғы 28 шілдеде - 10 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
16. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті(Қарақұлова Д.Ш.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және Ұлттық почта операторына жіберсін.
17. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
18. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.Досмұқаметовке жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі Агенттігі Басқармасының
"Ұлттық почта операторына арналған
Пруденциалдық нормативтерді,
сондай-ақ олардың орындалуы
жөніндегі есептердің нысандарын
және ұсыну мерзімін белгілеу туралы"
2004 жылғы 12 шілдедегі
N 200 қаулысына 1-қосымша
Пруденциалдық нормативтердің
орындалуы туралы есеп
__________________________________________________
(Ұлттық почта операторының атауы)
200__жылғы "__" _____________ жағдай бойынша
мың теңге
___________________________________________________________________
Құрамдас бөліктердің атауы | Мәні
___________________________________________________________________
Меншік капиталы
Активтер
Меншік қаражаты жеткіліктілігінің
коэффициенті (0,08-ден кем емес)
Өтімділігі жоғары активтер
Талап ету бойынша міндеттемелер
Ағымдағы өтімділік коэффициенті
(0,3-тен кем емес)
___________________________________________________________________
Басшы ___________________________ ____________ [мөр]
(аты-жөні) (қолы)
Бас бухгалтер ___________________ ____________
(аты-жөні) (қолы)
Орындаушы _____________________ ___________ ___________
(аты-жөні) (қолы) (телефоны)
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі Агенттігі Басқармасының
"Ұлттық почта операторына арналған
Пруденциалдық нормативтерді,
сондай-ақ олардың орындалуы
жөніндегі есептердің нысандарын
және ұсыну мерзімін белгілеу туралы"
2004 жылғы 12 шілдедегі
N 200 қаулысына 2-қосымша
Әрбір шетел валютасы және валюталық нетто-позиция
бойынша валюталық позициялар туралы есеп
_______________________________________________
(Ұлттық почта операторының атауы)
200__жылғы "__" _____________ жағдай бойынша
мың теңге
___________________________________________________________________
Шетел валютасының | Ұзақ позиция | Қысқа позиция | Нетто-позиция
түрі | | |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жиынтығы:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Меншік капиталы
Валюта түрлері бойынша ашық валюта позицияларының ең көп мөлшері
.
:
Нетто-позицияның ең көп мөлшері
___________________________________________________________________
Басшы ___________________________ ____________ [мөр]
(аты-жөні) (қолы)
Бас бухгалтер ___________________ ____________
(аты-жөні) (қолы)
Орындаушы _____________________ ___________ ___________
(аты-жөні) (қолы) (телефоны)