Бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ("Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" 2001 жылғы, N 7, 331 құжат нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1361 тіркелген) 2000 жылғы 12 желтоқсандағы N 1159
бұйрығына
мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Ы. Алтынсарин;" омырауға тағатын белгі";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің көтермелеу тәртібі туралы ережеде:
4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
"Ы. Алтынсарин" омырауға тағатын белгісімен марапаттау" (3-қосымша);";
7-тармақта:
екінші абзац алынып тасталсын;
төртінші абзацта "оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлаудағы табыстар" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:
"3-1. "Ы. Алтынсарин" омырауға тағатын белгісімен марапаттау шарттары"
10-1. Білім беру органдары мен ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері омырауға тағатын белгімен:
білім беру және тәрбие процестерін ұйымдастырудағы және жетілдірудегі, оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз етудегі, білім беру мен тәрбиелеу бағдарламаларын іске асырудағы айтарлықтай табыстары үшін;
оқушыларды, тәрбиеленушілерді практикалық даярлаудағы, олардың шығармашылық белсенділіктерін дамытудағы табыстары үшін;
облыстық (аудандық), республикалық, халықаралық білім беру бағдарламалары мен жобаларындағы жетістіктері үшін марапатталады.
10-2. Омырауға тағатын белгімен тікелей білім беру органдары мен ұйымдарында 10 жылдан кем емес жұмыс стажы бар қызметкерлер марапатталады.";
2. Орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Министрдің
міндетін атқарушы
Келісілді:
Вице-министр
______________________
2004 ж. "___" ________
Қаржы департаменті
______________________
2004 ж. 27.07.
Әкімшілік-құқықтық
департаменті
______________________
2004 ж. "___" ________
Құқықтық қамтамасыз ету
басқармасы
______________________
2004 ж. "___" ________
Құжаттамалық қамтамасыз ету
және мемлекеттік тілді
дамыту басқармасы
______________________
2004 ж. 27.07.
Мемлекеттік тілді дамыту
және редакциялау бөлімі
______________________
2004 ж. 27.07.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
міндетін атқарушының
2004 жылғы 27 шілдедегі
N 652 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің
көтермелеу түрлерімен
марапаттау ережесіне
3-қосымша
"Ы. Алтынсарин" омырауға тағатын белгісінің сипаттамасы
"Ы. Алтынсарин" омырауға тағатын белгісі 32 мм. диаметрінде, қалыңдығы 2 мм, мыс пен никель қорытпаларынан мерейтойлық медаль түрінде жасалған.
Аверсте (медальдің беткі жағында) Ы. Алтынсарин бейнеленген.
Бейнеден төмен "Ы. АЛТЫНСАРИН" жазуы.
Реверсте (медальдің сыртқы бетінде) мемлекеттік тілде "Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін" деген сөздер жазылған. Медальдің беттері тегіс келген.
Медаль көкшіл лентамен қапталып, ұзындығы 15 мм және ені 25 мм планкаға бекітілген.
Медаль суретін қағаз мәтіннен қараңыз