Қазақстан Республикасында өзен кемелерін есепке алу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының 2004 жылғы 7 шілдедегі N 50-1-П бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2984

Қолданыстағы

     "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1334  қаулысымен  бекітілген Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитеті туралы ереженің 11-тармағына сәйкес, бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында өзен кемелерін есепке алу бойынша нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің Су көлігінде бақылау басқармасы (Р.Қ.Адамова) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Қ.Б.Есжановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Комитет төрағасы

"Қазақстан Республикасында өзен  
кемелерін есепке алу бойынша   
нұсқаулықты бекіту туралы"    
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Көліктік бақылау 
комитеті төрағасының      
2004 жылғы 7 шілдедегі     
N 50-1-П бұйрығымен бекітілген 

Қазақстан Республикасында өзен кемелерін
есепке алу жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасында өзен кемелерін есепке алу жөнінде нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі N 1334  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көліктік бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) қадағалауындағы өзен кемелерін есепке алуды реттеу мақсатында әзірленді.

      2. Осы Нұсқаулықтың күші Комитетке және оның облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық органдарына (бұдан әрі - аумақтық органдар) қолданылады.

2. Өзен флотын есепке алу бойынша құжаттар

      3. Өзен кемелерін есепке алу бойынша құжаттарды жүргізуді, ресімдеуді және беруді аумақтық органдар жүзеге асырады.

      4. Комитетте және аумақтық органдарда техникалық қадағалау объектілерін есепке алу кітабы (бұдан әрі - Есепке алу кітабы) жүргізіледі (1-қосымша).

      5. Кемелерді және оның элементтерін өз уақытында куәландыруға бақылауды, кемелерге техникалық қадағалау бойынша жұмыстарды жоспарлауды, кемелердің бар болуын салыстырып тексеруді, флоттың техникалық жай-күйін талдауды жүргізу мақсатында мекемелерде әр кемеге арналған есепке қою карточкасынан тұратын кемелердің картотекасы жүргізіледі (2-қосымша).

      6. Аумақтық органдарда кемеге техникалық қадағалауды жүргізу жөніндегі құжаттардан тұратын кеме істері (бұдан әрі - формулярлар) жүргізіледі.

3. Кемені есепке қабылдау

      7. Кеме иесі Комитеттің техникалық қадағалауына жататын кемені тіркелген жері бойынша аумақтық органда есепке қоюы тиіс.

      8. Кемені есепке қою кеме иесі бөлімге жазбаша өтініш берген сәттен бастап 10 күн ішінде жүргізіледі. Өтінішпен бірге кемеге құқық белгілейтін құжаттар беріледі.

      9. Бұрын басқа сыныптау немесе аумақтық органдардың қадағалауында болған, сондай-ақ Комитеттің құжаттарын алмаған кеме алғашқы куәландыру жүргізілгеннен кейін есепке алынады.

4. Кемені есептен шығару

      10. Кемені Комитеттің есебінен шығару мынадай жағдайларда жүргізіледі:
      кемені есептен шығарып тастаған;
      басқа сыныптау (қадағалау) органының қадағалауына өткенде;
      кеме иесінің дәлелді сұраулары болмаған жағдайда үш жыл куәландыруға ұсынылмаған (мұндай кемелерді есептен шығару тәртібі осы нұсқаулықтың 14-тармағында көрсетілген);
      оқшаулауға немесе жалға беруге байланысты басқа аумақтық органның аумағына қайта орналастырған.

      11. Бір аумақтық органның аумағында кеме иесі ауысқанда кеме есептен шығарылмайды. Бұл ретте бұрынғы және жаңа кеме иелері бұл туралы Кеме қатынасы тіркелімі - ішкі суларда жүзетін кемелердің және "өзен-теңізде" жүзетін кемелердің сыныптау және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Кеме қатынасы тіркелімі) жазбаша түрде хабарлайды.

      12. Кемені есептен шығару үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
      кеме иесінің кемені есептен шығару себебін көрсеткен хаты;
      кемені есептен шығару себебін растайтын ресми құжаттың көшірмелері.

      13. Кемені үш жыл бойы куәландыруға ұсынбаған жағдайда аумақтық орган кемені есептен шығарады және бұл жөнінде Комитетке, кеме иесіне және көліктік прокуратураға хабарлайды.

      14. Бұрын есептен шығарылған кемені есепке қайта қойған жағдайда кемеге алғашқы куәландыру жүргізіледі және жаңа тіркеу нөмірі беріледі. Алғашқы куәландыруды жүргізгенге дейін кемені пайдалануға тыйым салынады.

      15. Кемені оқшаулауға немесе жалға беруге байланысты кемені есептен шығарғанда формулярда және кемені есепке алу карточкасында кемені есептен шығарып тастау туралы немесе оны басқа аумақтық органға беру туралы бұйрықтың немесе басқа ресми құжаттың нөмірі және күні көрсетіледі.

      16. Басқа аумақтық органға берілетін кеме формуляры және есепке алу карточкасы кемені есепке алатын аумақтық органның сұрауы бойынша 10 күн мерзім ішінде жіберіледі.
      Кемелерді басқа сыныптау қоғамының есебіне бергенде формуляр және есепке алу карточкасы олардың сұрауы бойынша 15 күн ішінде беріледі.

5. Тіркеу нөмірлерін беру және есеп жүргізу

      17. Кемелерге және оларға орнатылған қысымдағы ыдыстардың әрқайсына жеке тіркеу нөмірі беріледі.

      18. Тіркеу нөмірін аумақтық органның сұрауы бойынша Комитет береді. Кеменің мақсатын өзгертуден және оны қайта жабдықтаудан тәуелсіз кемелердің тіркеу нөмірлері сақталады.

6. Кеме картотекасын жүргізу

      19. Картотека осы мақсатқа арналған арнайы жабдықталған жәшіктерде сақталады.

      20. Кемелерді есепке алу карточкалары кеме иелері бойынша жеке орналастырылады. Қадағалаудың басқа объектілеріне карточкалар жеке орналастырылады.

      21. Су көлігі жүйесінің кемелерін есепке алу карточкаларын тіркеу нөмірлерінің өсу тәртібімен кемелердің топтары бойынша орналастыру ұсынылады (3-қосымша).

      22. Су көлігі жүйесіне кірмейтін кәсіпорындар мен ұйымдарға тиесілі кемелердің есепке алу карточкаларын тіркеу нөмірлерінің өсу тәртібімен мынадай топтар бойынша орналастырады:
      өзі жүзетін;
      өз бетімен жүзбейтін;
      техникалық кемелер.

      23. Кемені басқа иеге бергенде, кеменің мақсаты, кеменің атауы немесе нөмірі және тағы басқалары өзгергенде Кеме қатынасы тіркелімі есепке алу карточкаларын қажетті қайта орналастыруды жүргізеді.

      24. Есепке алу карточкасын толтыруды жедел деректер бойынша аумақтық органның маманы жүргізеді.
      Әрбір карточка орташа есеппен 10-15 жылға көзделген, бұдан кейін жаңа карточка ашылады, ал бұрынғысы формулярға салынады.

      25. Есепке алу карточкасына деректерді енгізуге куәландыру актілері негіз болады.

      26. Мекемеде кемелердің картотекасын жүргізуге және сақтауға Кеме қатынасы тіркелімі жауапты болады.

7. Формулярларды жүргізу

      27. Формуляр әр кемеге жеке жүргізіледі. Формулярда хаттарды, куәландыру актілерін, есептерді және осы кемеге тікелей қатысты басқа да құжаттарды сақтауға рұқсат етіледі.

      28. Құжаттар формулярдың ішінде хронологиялық тәртіппен орналастырылады.

      29. Формулярдың сыртқы бетіне титул парағы жабыстырылады (4-қосымша).

      30. Әр аумақтық органда жедел және есепке алу мақсаттары үшін формулярлардың тізімі болып табылатын Әліпби-кітаптар жүргізіледі.

8. Кемелерді куәландыру құжаттарының өту ерекшеліктері

      31. Пайдалануға тыйым салынған деген баға алған кемелердің куәландыру актілерінің көшірмелері аумақтық органдардан Комитетке жіберіледі.

      32. Куәландырылған кемелерге қалған құжаттардың көшірмелері формулярларға қатталады.

9. Формулярларды және есепке алу карточкаларын сақтау

      33. Комитеттегі есептен шығарылған кемелердің есепке алу карточкалары мен формулярлары алынып тасталады және мұрағатқа тапсырылады.

      34. Есептен шығарылған кеменің жеке элементтерін Комитеттің техникалық қадағалауына жататын объектілер ретінде пайдаланғанда одан әрі пайдаланылатын элементке қатысты барлық құжаттар есептен шығарылған кеменің формулярынан алынып, одан әрі жүргізілуге жататын кеменің ісіне салынады.

      35. Есептен шығарылған кемелердің формулярлары аумақтық органдардың мұрағаттарында 10 жыл бойы сақталады. Көрсетілген мерзім өткен кезде істер жойылады.

      36. Сирек құрастырылған бірегей кемелерге, серияның бас кемелеріне, сондай-ақ мемлекеттің тарихымен, отандық кеме құрастырумен және кеме қатынасымен байланысты кемелерге формулярлар аумақтық органдарда 45 жыл бойы сақталады.

      37. Комитеттегі есептен шығарылған кемелердің есепке алу карточкалары кемені есептен шығарып тастаған жағдайда жойылады.

10. Комитеттің техникалық қадағалауындағы
объектілерді есепке алу

      38. Аумақтық органдардағы техникалық объектілерді есепке алу оларға бекітілген кемелерді және басқа объектілерді өз уақытында куәландыру және болжау мақсатында жүзеге асырылады.

      39. Аумақтық органдарда есепке алу Есепке алу кітабын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Кемелерді және объектілерді куәландыру нәтижелері бойынша деректерді Есепке алу кітабына енгізуді Кеме қатынасы тіркелімі жүзеге асырады.

      40. Аумақтық органдардағы және Комитеттегі есепте тұрған кемелердің бар болуын салыстырып тексеру жыл сайын келесі жылдың 1 қаңтардағы жай-күйі бойынша ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде жүргізіледі. Мұнымен қатар кеме иелерін салыстырып тексеру жүргізіледі.

11. Флотты есепке алу бойынша
Комитетке ұсынылатын құжаттар

      41. Тыйым салынған деген баға алған кемелерге құжаттар аумақтық органдардың лауазымды тұлғаларының есеп берулерімен бірге есеп беру айынан кейінгі айдың 5 жұлдызынан кешіктірілмей Комитетке жіберіледі.

      42. Флоттың және қадағалаудағы басқа объектілердің техникалық жай-күйін талдау есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 5 жұлдызына дейін ұсынылады.
      Талдауда қадағалау объектілерінің техникалық жай-күйінің өзгерісі жөніндегі талдап қорытылған деректер және өзгеріс себептері келтірілуі тиіс. Бұл ретте пайдаланудың нақтылы жағдайларына байланысты анағұрлым ескірген және зақымдануға ұшыраған кемелердің негізгі элементтерінің жай-күйіне олардың қызмет ету мерзімін, жөндеу жұмыстарының және жоспарлы тегістеудің әралуан түрлерінің сапасын және толықтығын және тағы басқаларды есепке ала отырып назар аударылады.
      Талдауда сондай-ақ мыналар көрсетіледі:
      1) қадағалау объектілерінің техникалық жай-күйінің деңгейін арттыру және сақтау бойынша кеме иелерінің қызметін бағалау;
      2) мекеме маманы қадағалау объектілерінің техникалық жай-күйінің деңгейін арттыру және қолдау бойынша қандай шаралар қолданады және оның нәтижелері;
      3) қадағалау объектілерінің техникалық жай-күйі мәселелері бойынша негізгі қорытындылар және өзекті ұсыныстар;
      4) қадағалаудағы кемелерге техникалық қадағалау жүргізуді жақсарту жөніндегі ұсыныстар.

12. Комитеттің қадағалау объектілерін
есептен шығарып тастау

      43. Кеме иесі объектіні есептен шығарып тастау үшін объектінің техникалық жай-күйі туралы Кеме қатынасы тіркелімі берген қорытындыны алуға тиіс.
      Қадағалау объектісін есептен шығарып тастау кеме иесінің қадағалау объектісін есептен шығарып тастау үшін аумақтық органға жіберетін бұйрығымен жүргізіледі.

      44. Комитеттегі есептен шығарылған және есептен шығарылып тасталған объектілер міндетті жойылуға жатады.

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Көліктік бақылау 
комитеті төрағасының       
2004 жылғы 7 шілдедегі     
N 50-1-П бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасында өзен 
флотын есепке қою бойынша    
нұсқаулыққа 1-қосымша    

"___________ бойынша Көліктік бақылау басқармасы"
Мемлекеттік мекемесінің Өзен тіркелімінің техникалық қадағалау объектілерін есепке қою кітабы

___________________________________________________________________
Тір.|Кеменің|Жо.|Қуа.|Жүк  |Жол.|Тір.|Жа. |Тех. |Соңғы |Келесі|Ес.
кеу |атауы  |ба.|ты, |көте.|аушы|кеу |сал.|ника.|куә.  |куә.  |кер.
нө. |және N |ның|кВт |рім. |сы. |нө. |ған |лық  |ланды.|ланды.|ту
мірі|       | N |    |ділі.|йым.|мірі|жылы|жай- |рыл.  |рыла. |
(жа.|       |   |    |гі, т|ды. |(бұ.|    |күйін|ған   |тын   |
ңа) |       |   |    |     |лығы|рын.|    |баға.|мер.  |мер.  |
    |       |   |    |     |    | ғы)|    |лау  |зімі  |зімі  |
___________________________________________________________________
  1      2    3    4    5    6     7     8   9      10    11    12
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Көліктік бақылау 
комитеті төрағасының       
2004 жылғы 7 шілдедегі     
N 50-1-П бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасында өзен 
флотын есепке қою бойынша    
нұсқаулыққа 2-қосымша    

Тіркеу N______
Қазақстан Республикасы
 Көліктік бақылау комитетінің
 техникалық қадағалауында тұрған кемені
есепке алу карточкасы

Кеменің атауы және N  ______________________
Қозғалғыштардың саны және түрі _____________
Кеменің мақсаты мен үлгісі _________________
Сыныбы мен жүзу ауданы _____________________
____________________________________________
____________________________________________
Кеменің иесі _______________________________
Жасалған жылы мен орны _____________________
____________________________________________
Соңғы күрделі жөндеуден өткен жылы _________
____________________________________________
Жобаның авторы және N ______________________
Жүк көтерімділігі __________________________
Жолаушы сыйымдылығы ________________________
                КОРПУС
Ұзындығы, м ________________________________
Ені, м _____________________________________
Борттың биіктігі, м ________________________
Толық жүгімен шөгу, м ______________________
Жүгімен шөгу, м ____________________________

Корпустың материалы (дәнекерленген немесе
тойтарылған) _______________________________
Жиынтық жүйесі _____________________________
Бойлай орналасқан қалқалардың саны _________
Көлденең орналасқан қалқалардың саны _______
Палубалардың саны __________________________
Екінші түбі және екінші борты ______________
Қондырғы ___________________________________
   (шикізат, орналасқан жері, қабттар саны)

           ЗӘКІРЛІК ҚҰРЫЛҒЫЛАР
                          _________________
                         |Тұғырлы| Алдыңғы |
                         |        |          |
Зәкірлердің үлгісі       |   |   |         |
және салмағы, кг ........|...|...|.........|
Шынжырлардың ұзындығы ...|...|...|.........|
Шынжырлардың клибрлері ..|...|...|.........|
Шпиль, брашпиль .........|...|...|.........|
Динстанционды басқару ...|...|...|.........|

      Кестенің жалғасы

________________________ бойынша    ______________________________
Көлiктiк бақылау басқармасы        | Негізгі көмекшi |  Мақсаты
Тiркелген орны _________________   |  қозғалтқыштар  |
Жалпы сыйымдылығы ______________   |------------------------------
                                   |Саны, үлгiсi,
         БАС ТЕТIКТЕР              |маркасы.......
                                   |Жасалған жылы мен
Саны, үлгісi, маркасы __________   |орны...........
Жасалған жылы мен орны _________   |Жасаған зауыт....
Қондырылған жылы _______________   |қуаты және саны
Жасаған зауыт __________________   |(мин/айн).....
N (жасау) ______________________   |Қосалқы тетiктердi
қуаты және саны (мин/айн) ______   |басқару......

                    ТЕТIКТЕРДІ БАСҚАРУ

Дистанционды басқару ______________ ______________________________
Үлгісi ____________________________ ______________________________
Кешендi автоматтандыру (үлгi, жоба авторы, құрылғы _______________

__________________________________________________________________
           ҚАЗАНДАР                | ҚАЗАНДАРДЫҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛУЫ
Жасалған жылы мен орны ___________ |
Жасаған зауыт ____________________ |Үлгісi _______________________
Зауыт.қазан N ____________________ |
Қазандардың үлгісі және саны _____ |Жоба авторы және N____________
Мақсаты __________________________ |
Қызу бетi, м 2  ____________________ |Құрылған күні ________________
Отын түрi                          |
Қазандардың тiркеу нөмiрлерi       |       РАДИОҚҰРЫЛҒЫ
Қысым ____________________________ |
орнату күнi ______________________ |Пайдалану станция.;
                                   |жiберу__ қабылдау__
         БАЛЛОНДАР                 |
Баллон (тiркеу) N ________________ |Пайдалану авариялық станция;
Сыйымдылығы, л ___________________ |жiберу__ қабылдау__
Қысым ____________________________ |
Сақталатын ортаның атауы және      |Авариялық станция;
мақсаты __________________________ |жiберу__ қабылдау__
                                   |Радиолокациялық жүйе__ ЭХОЛОТ__
      ЭЛЕКТРЛIК ҚҰРЫЛҒЫЛАР         |______________________________
Саны және түрi ___________________ |ГЕНЕРАТОРЛАР| ЭЛЕКТР.
Жалпы қуаттылығы _________________ |            | ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР
Ток түрi _________________________ |____________|_________________
Қуаты ____________________________ |____________|_________________
Апаттық агрегаттың түрi және       |____________|_________________
қуаты ____________________________ |

(Сыртқы жағы)  

________________________
ЖҮЙЕЛЕР |    НАСОСТАР   |         ҚҰТҚАРУ ҚҰРАЛДАРЫ
        |---------------| Құтқару шлюпкалары саны және сыйымд.____
        |тү.|са.|өнiм.  | Құтқару салдарының саны және көтеру күші_
        |рi |ны |ділігі | Құтқару дөңгелектері__ дана,
________________________| кеудешелер__дана
Кептi.                  | Құтқару жилеттері ________ дана
ретiн.................. | Өзге құтқару және авариялық құралдары __
Балласты............... | ________________________________________
Өрт                     | 
сөндiрушi.............. | ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚҰРЫЛҒЫЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАР
Жүк.................... | Насостар түрі, өнімділігі, м 3 /сағ ______
Майлы су                | Өрт крандары саны ______________ дана
жинағы ................ | Өрт сөндіргіштер ____________ дана,
Фекальды............... | багралар ____________ дана
Насостар түрi, саны,    | Сүймендер___ дана, киіз__ дана, құм__дана
өндiрушiлiгі, м 3 /сағ.__ | өзге өрт құралдары ____________________
                        |
  ЖАРЫҚТАР МЕН ДАБЫЛДАР | НАВИГАЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАР ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАУ
Жарықтар _______________| ________ сынып категориялы кемелер үшін
Дабылдар: а) жарық______| қойылатын талаптарға сәйкес келеді.
          ә) жарық______|
          б) апат_______|
                        |
 ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАР  |
Саны, түрi, тоңазытуы___|
Буксирлiк шығырдың түрi_|
________________________|
________________________|
Тоңазыту жүйесi_________|
________________________|
________________________|

      Кестенің жалғасы

      ТҰТҚАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫ
Тұтқалық машинаның түрі _________________
Тұтқалар, саптамалар саны ______________
Тұтқа түрi, қарапайым баланс____________
Бұрылу саптамалары, жапқыштар___________
Белдігінің құрылымы және көлемi_________
Баллер диаметрi ________________________
Әкелу жүйесi____________________________
Қосалқы әкелудің болуы және түрі _______
Тұтқа болатын құрылғы __________________

        ЖYК ҚҰРЫЛҒЫЛАР
Жүккөтергiш бағыттар мен крандар саны___
Шығырлардың түрi және саны _____________
Өзге жүк құрылғылары

      БУКСИРЛIК ҚҰРЫЛҒЫ
_________________________________________
Итеретiн құрылғы ________________________
Брага және крехттер _____________________
_________________________________________

  М.О.
__________________________________________________________________
    (лауазымы)           (қолы)                (А.Т.Ә.)

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Көліктік бақылау 
комитеті төрағасының       
2004 жылғы 7 шілдедегі     
N 50-1-П бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасында өзен 
флотын есепке қою бойынша    
нұсқаулыққа 3-қосымша    

КӨЛІКТІК КЕМЕЛЕР

      Өзі жүзетін жүк
      Өзі жүзетін құятын
      Жолаушылар және жүк-жолаушылар
      Буксирлік
      Өз бетімен жүзбейтін құрғақ жүк
      Өз бетімен жүзбейтін құятын

КӨМЕКШІ КЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ФЛОТ

      Өзі жүзетін техникалық
      Өзі жүзетін көмекші
      Өз бетімен жүзбейтін техникалық көмекші

ЖЕРСНАРЯТАР

ЖАҒА ОБЪЕКТІЛЕРІ

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникациялар    
министрлігінің Көліктік бақылау 
комитеті төрағасының       
2004 жылғы 7 шілдедегі     
N 50-1-П бұйрығымен бекітілген 
Қазақстан Республикасында өзен 
флотын есепке қою бойынша    
нұсқаулыққа 4-қосымша    

Қазақстан Республикасы
 Көлік және коммуникациялар министрлігінің
 Көліктік бақылау комитеті

"__________________________" бойынша
Көліктік бақылау басқармасы мемлекеттік мекемесі

КЕМЕНІҢ КЕМЕ ІСІ (ФОРМУЛЯР)

      Кеменің атауы немесе N ________________________________
      Кеменің түрі __________________________________________
      Иесі __________________________________________________
      Тіркеу нөмірі _________________________________________

      Ерекше белгілері ____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Қала, жыл