"Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" N 1511 нөмірмен тіркелген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 86-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 312-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2978

Қолданыстағы

      "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  сәйкес Бұйырамын:
      1. "Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы" (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2001 жылғы 18 мамырда N 1511 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық кесімдерінің бюллетенінде 2001 жылғы 13 маусымдағы N 25, 436-құжат жарияланған, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 13 маусымдағы N 122-НҚ  бұйрығымен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы N 07-НҚ  бұйрығымен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі N 86-НҚ  бұйрығына  мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Белгілі бір тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерінің Мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесіндегі:
      17-тармақ алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Бәсекелестікті қорғау және дамытуды үйлестіру департаменті (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік және аумақтық жұмыстар департаменті (М.А.Токарева):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Б.Ә.Сағынтаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға