Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және де оларды азаматтық әуе кемелері Мемлекеттік тізілімінен алып тастау үшін ұсынылатын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2004 жылғы 30 маусымдағы N 116 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2968. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 559 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.12.09 № 559 (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қаңтардағы N 106 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу ережесінің 7, 17 және 22-тармақтарына сәйкес Бұйырамын:
 

      1. Азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және оларды Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелері Мемлекеттік тізілімінен алып тастау үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі бекітілсін.
 

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникациялар министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Б.М.Наурзалиевке жүктелсін.
 

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

Қазақстан Республикасы Көлік және  
коммуникациялар министрлігінің    
Азаматтық авиация комитеті      
төрағасының              
2004 жылғы 30 маусымдағы       
N 116 бұйрығымен бекітілді     
"Қазақстан Республикасының Азаматтық
әуе кемелерін, оларға арналған   
құқықтарды және олармен жасалатын 
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және
де оларды азаматтық әуе кемелері 
Мемлекеттік тізілімінен алып    
тастау үшін ұсынылатын құжаттар  
тізбесін бекіту туралы"     

Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін, оларға арналған құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және де оларды азаматтық әуе кемелері Мемлекеттік тізілімінен алып тастау үшін ұсынылатын құжаттар тізбесі

      1. Азаматтық әуе кемесін (бұдан әрі - ӘК) тіркеу кезінде өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
      1) белгіленген нысандағы арыз (1- қосымша);
      2) ӘК меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі (ӘК сатып алу-сату шарты, тендерді өткізу туралы хаттама және т.б.);
      3) меншіктік жалдауды, лизингті, сенімгерлік басқаруды, сондай ақ ӘК өзге де пайдалануды растайтын құжаттардың көшірмесі;
      4) қабылдау-тапсыру актісі;
      5) әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және ұшуға жарамдылығын анықтау актісі;
      6) пайдаланушы Сертификатының көшірмесі (болған жағдайда);
      7) жеке меншікке, меншіктік жолдауға, лизингке, сенімгерлік басқаруға және де ӘК (азаматтық авиация ұйымдары үшін) өзге де пайдалануға сатып алуға Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің рұқсаты;
      8) соттың шешімі (қажет болған кезде);
      9) ӘК басқа мемлекеттің тізілімінен алып тастауды және экспорттық куәлікті (егер ӘК басқа мемлекеттің тізілімінде тұрған жағдайда) растайтын құжаттар;
      10) дайындаушы зауыт (ӘК дайындау зауытынан сатып алынған жағдайда) берген ӘК ұшуға жарамдылығы туралы уақытша куәлік;
      11) негізінде ӘК қайта жабдықтау жүргізілген құжаттар (ӘК тағайындалуы өзгертілген жағдайда);
      12) ұшуға жарамдылығы сертификаты (ӘК ұшу пайдалану барысында);
      13) ӘК үлгі сертификаты (аса жеңіл авиация кемелері үшін Дана сертификаты немесе Үлгі сертификаты);
      14) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (өтініш берушінің) немесе жеке тұлғаның жеке куәлігі көшірмесі (өтініш берушінің);
      15) ӘК мемлекеттік тіркеу үшін алым төлемі туралы түбіртек;
      16) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН).
 

      2. ӘК тіркеу туралы куәлігіне өзгерістер енгізу кезінде өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс (меншік, шаруашылық жүргізу, оралымды басқару, мүлікті жалға алу, сенімгерлікпен басқару өзге де құқықтар, сондай-ақ осы құқықтардың ауыртпалықтары өзгертілген жағдайда және де мәмілелердің және өзге де заңды фактілердің нәтижесінде ӘК құқықтардың (ауыртпалықтардың) өзгертілуі мен тоқтатылуы болған жағдайда):
      1) белгіленген нысан бойынша өтініш (2- қосымша);
      2) пайдаланушы Сертификатының көшірмесі;
      3) осы Тізбенің 1-тармағының 2) - 7), 12), 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;
      4) азаматтық ӘК тіркеу туралы куәлік;
      5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);
      6) ӘК мемлекеттік тіркеу үшін алым төлемі туралы түбіртек.
 

      3. Кепіл шартын тіркеу кезінде өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
      1) өтініш;
      2) кепіл шарты;
      3) кепілдік мүлкіне меншік құқығын растайтын құжаттар (ӘК);
      4) ӘК тіркеу туралы куәлік;
      5) заңды тұлғаның тіркелімі туралы куәлік көшірмесі немесе жеке тұлғаның жеке куәлік көшірмесі (кепіл берушінің және кепіл ұстаушының).
 

      4. ӘК тағайындалуы өзгерген жағдайда, өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
      1) белгіленген нысан бойынша өтініш (3-қосымша);
      2) ӘК техникалық жай-күйі және ӘК жарамдылығын анықтайтын тексеру актісі (4-қосымша);
      3) осы Тізбенің 1-тармағының 10), 11) тармақшаларында көрсетілген құжаттар;
      4) ұшуға жарамдылығы сертификаты.
 

      5. ӘК мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің телнұсқасын беру кезінде өтініш беруші уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
      1) белгіленген нысан бойынша өтініш (3-қосымша);
      2) куәліктің жоғалғандығын немесе ұрланғандығын нақты растайтын құжаттар;
      3) ӘК мемлекеттік тіркеу үшін алымдар ставкасын төлеу туралы түбіртек.
 

      6. ӘК мемлекеттік тіркеуден шығару кезінде өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
      1) өтініш (себебін көрсету);
      2) ӘК тіркеу туралы куәлік;
      3) Ұшуға жарамдылығы сертификаты;
      4) ӘК пайдаланудан алып тастауды немесе есептен шығаруды, ӘК бұзылуын және оны қалпына келтіру мүмкін емес екенін немесе егер оны іздеу тоқтатылған болса, хабарсыз жоғалуын растайтын құжаттар;
      5) Авиациялық техниканы есептен шығаруға арнаған акті (5-қосымша);
      6) ӘК, авиақозғалтқыштың жиынтық бұйымдарының техникалық жай-күйін бағалау ведомосі (6-қосымша) (есептен шығару кезінде);
      7) ӘК шетел мемлекетіне сату немесе беруді растайтын құжаттар;
      8) ӘК мемлекеттік немесе экспериментальдық санатына ауыстыруды растайтын құжаттар.
      7. Тізілімнен алынған кезде ӘК Мемлекеттік тізілімінен азаматтық ӘК шығарылғаны туралы құжат беріледі.
 

      8. Уәкілетті органға қарауға берілген құжаттар көшірмесі нотариалды расталған болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Көлік және  
коммуникациялар министрлігінің    
Азаматтық авиация комитеті      
төрағасының              
2004 жылғы 30 маусымдағы       
N 116 бұйрығымен бекітілген     
Қазақстан Республикасының Азаматтық
әуе кемелерін, оларға арналған   
құқықтарды және олармен жасалатын 
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және
де оларды азаматтық әуе кемелері 
Мемлекеттік тізілімінен алып    
тастау үшін ұсынылатын құжаттар  
тізбесіне             
1-қосымша             

Қазақстан Республикасының Көлік 
және коммуникациялар министрлігі 
Азаматтық авиация комитетінің  
Төрағасына            
_________________________________
(Т.А.Әа)            

ӨТІНІШ

_____________________________________________________ меншік иесіне
____________________________________________________ пайдаланушыға
              (ұшақ, тікұшақ)

тиесілі Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің
Мемлекеттік тізіліміне енгізуді және оған Тіркеу туралы куәлік
беруді өтінемін.

Әуе кемесі туралы мәліметтер:
1. Азаматтық әуе кемесінің үлгісі _________________________________
2. Дайындаушы (зауыт, мемлекет) ___________________________________
3. Сериялық (зауыттық) нөмірі: ____________________________________
4. Зауыттан шығару мерзімі: _______________________________________
5. Соңғы жөндеу жүргізген мерзімі және орны _______________________
___________________________________________________________________
6. Әуе кемесінің тағайындалуы:_____________________________________
7. Жөндеуге дейін азаматтық әуе кемесі ресурсының қалдығы: ________
___________________________________________________________________
               (сағаттарда, қонуларда, жылдарда)
8. Азаматтық әуе кемесінің бұрынғы тіркелген мемлекеті ____________
___________________________________________________________________
9. Техникалық тексеруді немесе жазғы байқауды кім және қашан
жүргізген _________________________________________________________
10. Орналасқан жері _______________________________________________

Азаматтық ӘК меншік иесі ___________________   __________________
                           (басшының қолы)           (Т.А.Әа)
М.О.                             200 __ ж. " _____ " ____________
Азаматтық ӘК пайдаланушы __________________   ___________________
                           (басшының қолы)            (Т.А.Әа)
М.О.                             200 __ ж. " _____ " ____________

Қазақстан Республикасы Көлік және  
коммуникациялар министрлігінің    
Азаматтық авиация комитеті      
төрағасының              
2004 жылғы 30 маусымдағы       
N 116 бұйрығымен бекітілген     
Қазақстан Республикасының Азаматтық
әуе кемелерін, оларға арналған   
құқықтарды және олармен жасалатын 
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және
де оларды азаматтық әуе кемелері 
Мемлекеттік тізілімінен алып    
тастау үшін ұсынылатын құжаттар  
тізбесіне             
2-қосымша             

Қазақстан Республикасының Көлік 
және коммуникациялар министрлігі 
Азаматтық авиация комитетінің  
Төрағасына            
_________________________________
(Т.А.Әа)            

ӨТІНІШ

____________________________________________________ меншік иесіне
____________________________________________ пайдаланушыға тиесілі
__________________________________________________________________
                     (үлгісі, борты, нөмірі, АӘК)
әуе кемесіне________ N ____ "____" _______________ _______________
Азаматтық әуе кемесін тіркеу туралы куәлігіне өзгеріс енгізуді өтінемін.
      Өзгерістер енгізу себебі: __________________________________
      Әуе кемесі туралы мәліметтер:
      1. Азаматтық әуе кемесінің үлгісі___________________________
      2. Танылым белгісі _________________________________________
      3. Дайындаушы (зауыт, мемлекет)_____________________________
      4. Сериялық (зауыттық) нөмірі: _____________________________
      5. Зауыттан шығару мерзімі: ________________________________
      6. Соңғы жөндеу жүргізген орны және мерзімі
      7. Азаматтық әуе кемесінің тағайындалуы:____________________
      8. Жөндеуге дейінгі азаматтық әуе кемесі ресурсының қалдығы:
__________________________________________________________________
              (сағаттарда, қонуларда, жылдарда)
      9. Азаматтық әуе кемесінің бұрынғы тіркелген мемлекеті _____
      10. Техникалық тексеруді немесе жазғы байқауды кім және қашан
жүргізген ________________________________________________________
      11. Орналасқан жері ________________________________________

Азаматтық ӘК меншік иесі _________________      __________________
                          (басшының қолы)             (Т.А.Әа)
М.О.                                200__ ж. "___" ____________
Азаматтық ӘК пайдаланушы _________________      __________________
                          (басшының қолы)             (Т.А.Әа)
М.О.                                200__ ж. "___" ____________

Қазақстан Республикасы Көлік және  
коммуникациялар министрлігінің    
Азаматтық авиация комитеті      
төрағасының              
2004 жылғы 30 маусымдағы       
N 116 бұйрығымен бекітілген     
Қазақстан Республикасының Азаматтық
әуе кемелерін, оларға арналған   
құқықтарды және олармен жасалатын 
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және
де оларды азаматтық әуе кемелері 
Мемлекеттік тізілімінен алып    
тастау үшін ұсынылатын құжаттар  
тізбесіне             
3-қосымша             

Қазақстан Республикасының Көлік 
және коммуникациялар министрлігі 
Азаматтық авиация комитетінің  
Төрағасына            
_________________________________
(Т.А.Әа)            

ӨТІНІШ

____________________________________________________ меншік иесіне
____________________________________________ пайдаланушыға тиесілі
__________________________________________________________________
                     (үлгісі, борты, нөмірі, АӘК)
әуе кемесіне N _____ "_____" _________________________ азаматтық
әуе кемесінің тіркеу туралы куәлігін (телқұжат беру) алмастыруды
өтінемін.
      Алмастыру себебі (телқұжат беру)
      Әуе кемесі туралы мәліметтер:
      1. Азаматтық әуе кемесінің үлгісі ___________________________
      2. Танылым белгісі __________________________________________
      3. Дайындаушы (зауыт, мемлекет) _____________________________
      4. Сериялық (зауыттық) нөмір: _______________________________
      5. Зауыттан шығарылу мерзімі: _______________________________
      6. Соңғы жөндеу жүргізген орны және мерзімі
      7. Азаматтық әуе кемесінің тағайындалуы: ____________________
      8. Жөндеуге дейінгі азаматтық әуе кемесі ресурсының қалдығы:
___________________________________________________________________
              (сағаттарда, қонуларда, жылдарда)
      9. Азаматтық әуе кемесінің бұрынғы тіркелген мемлекеті ______
      10. Техникалық тексеруді немесе жазғы байқауды кім және қашан
жүргізген _________________________________________________________
      11. Орналасқан жері _________________________________________

Азаматтық ӘК меншік иесі _________________      __________________
                          (басшының қолы)             (Т.А.Әа)
М.О.                                200__ ж. "___" ____________
Азаматтық ӘК пайдаланушы _________________      __________________
                          (басшының қолы)             (Т.А.Әа)
М.О.                                200__ ж. "___" ____________

Қазақстан Республикасы Көлік және  
коммуникациялар министрлігінің    
Азаматтық авиация комитеті      
төрағасының              
2004 жылғы 30 маусымдағы       
N 116 бұйрығымен бекітілген     
Қазақстан Республикасының Азаматтық
әуе кемелерін, оларға арналған   
құқықтарды және олармен жасалатын 
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және
де оларды азаматтық әуе кемелері 
Мемлекеттік тізілімінен алып    
тастау үшін ұсынылатын құжаттар  
тізбесіне             
4-қосымша             
 
  "Бекітемін"            
Авиакәсіпорынның бірінші басшысы
_____________________     
(қолы, Т.А.Әа)         
200__ж. "___" ___________  

Әуе кемесінің техникалық жай-күйін тексеру және
ұшуға жарамдылығын анықтау
Актісі

      Комиссия мынадай құрамда:
      Төраға _______________________________________________________
                           (қызметі, Т.А.Әа)
      Комиссия мүшелері ____________________________________________
____________________________________________________________________
                       (қызметі, Т.А.Әа)
200__ж. "_____" _______________ техникалық тексеру жүргізілді
____________________________________________________________________
         (азаматтық әуе кемесінің үлгісі және тағайындалуы)
мемлекеттік және тіркеу белгілері _________________________________
сериялық (зауыттық) нөмір _________________________________________

      1. Әуе кемесі туралы мәліметтер:
____________________________________________________________________
ӘК зауыттан шығарылған мерзімі|
______________________________|_____________________________________
Тағайындалған ресурс             _____ сағ ____ кейін ____ жыл
Пайдаланудан бұрынғы ұшу         _____ сағ ____ кейін ____ жыл
Жөндеу саны
Соңғы жөндеу жүргізілген
мерзімі және жері, АЖЗ
Соңғы жөндеуден кейінгі ұшуы     _____ сағ ____ кейін ____ жыл
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы  _____ сағ ____ кейін ____ жыл
Жөндеуаралық ресурс              _____ сағ ____ кейін ____ жыл
______________________________|_____________________________________

      2. АӘК ресурсын ұзарту үшін негіз ______________________
      3. Қозғалту ресурсын ұзарту үшін негіз
      __________________________________________________________
М.О.  __________________________________________________________
                   (қолы, мерзімі, Т.А.Әа)

      4. Қозғалтқыштар және әуе винттері жөніндегі мәліметтер:
____________________________________________________________________
    Қозғалтқыш/әуе винті Үлгісі     |    1-ші 2-ші 3-ші 4-ші ККО
____________________________________|_______________________________
Зауыттық нөмірі
Пайдаланудан бұрыңғы орындалған
жұмысы (сағат)
Соңғы жөндеу мерзімі
Соңғы жөндеуден кейінгі орындалған
жұмысы
Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы
(сағат)
Жөндеу саны
____________________________________________________________________

      5. Әуе кемесі ___________________________ көлемінде қаралған,
                (ТҚ жиілігі формасы немесе жөндеу)
________________ формулярына ол туралы жазу енгізілген ____________
    (мерзім)

      6. Әуе кемесінің жиынтықтылығы_______________________________
___________________________________________________________________
      7. Әуеде соқтығысуды ескертетін борттық жүйенің болуы
___________________________________________________________________
      8. Осы актіні жасау мерзіміне орындау үшін міндетті, осы үлгідегі әуе кемесінің барлық пысықтаулары  орындалды;
      бекітілген құжатпен қарастырылмаған, үлгілік конструкцияда өзгертулер  жоқ.

      М.О.                           __________________________
                                      (қолы, мерзімі, Т.А.Әа)

      9. ҰПЖ өзгерістерін бекіткен ұйым, бекітілген мерзімі _______
___________________________________________________________________

      10. Азаматтық әуе кемесінің техникалық жай-күйін, ұшуға жарамдылығы және Ұшуға жарамдылығы сертификатын (жарамдылық мерзімін ұзарту) беру мүмкіндігі туралы комиссия қорытындысы ______
___________________________________________________________________
      Төраға: _____________________________________________________
                            (қолы, мерзімі, Т.А.Әа)

      Комиссия мүшелері: __________________________________________
                            (қолы, мерзімі, Т.А.Әа)

      М.О.

      11. Пайдаланушының инженерлі-авиациялық қызметі басшысының
азаматтық әуе кемесінің ұшуларға жарамдылығы туралы қорытындысы
(сонымен қатар керекті жабдықтар болған жағдайда, халықаралық
жолдар бойынша ұшуларға)___________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Төраға: _____________________________________________________
                          (қолы, мерзімі, Т.А.Әа)

      Комиссия мүшелері: __________________________________________
                         __________________________________________
                         __________________________________________
      М.О.                    (қолы, мерзімі, Т.А.Әа)

      12. Акт парағының әр бетіне комиссия төрағасының қолы және пайдаланушының мөрі қойылуы тиіс.
      13. Актінің қолданылу мерзімі бекітілген күннен бастап бір ай.

      Ескертпе:

      - 11-тармақта ИАҚ Басшысы мынадай қорытынды жасайды:
      "Ұшақ (тікұшақ) техникалық ақаусыз және пайдалануға жарамды" немесе "Ұшақ (тікұшақ) техникалық ақаулы және пайдалануға жарамсыз".

Қазақстан Республикасы Көлік және  
коммуникациялар министрлігінің    
Азаматтық авиация комитеті      
төрағасының              
2004 жылғы 30 маусымдағы       
N 116 бұйрығымен бекітілген     
Қазақстан Республикасының Азаматтық
әуе кемелерін, оларға арналған   
құқықтарды және олармен жасалатын 
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және
де оларды азаматтық әуе кемелері 
Мемлекеттік тізілімінен алып    
тастау үшін ұсынылатын құжаттар  
тізбесіне             
5-қосымша             
 
  "Бекітемін"            
Авиакәсіпорынның бірінші басшысы
_____________________     
(қолы, Т.А.Әа)         
200__ж. "___" ___________  

Авиациялық техниканы есептен шығару
Актісі

      Біз, 200__ж. "___" ________ N ___ бұйрықтың негізінде ________
үлгідегі,
200__ж. "____" ______________ зауыттан шыққан, танымдылық белгісі зауыттық, зауыттан шыққан күнінен бастап ________ сағ., ________ мин.
Жұмыс істеген және соңғы жөнделуі _____ сағ., _____ мин,. қону саны,
циклы, ________ рет жөндеуден өткен, себептермен:__________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
жарамсыздық қалыпқа келген ұшақты (тікұшақты), авиақозғалтқышты
есептен шығару жөнінде шешім қабылдау үшін тағайындалған төменде
қол қоюшы мына құрамдағы комиссия _________________________________
___________________________________________________________________ 
Төраға ____________________________________________________________
Және мүшелері _____________________________________________________
___________________________________________________________________
Бастапқы құны (қайта бағаланғандар үшін - қалпына келтіруші)
_____________________ _______ теңге. Бухгалтерлік есеп мәліметтері
бойынша салынған сомасы ____________________________ теңге.
Қалдық құны ________________ ________ теңге.
Есептен шығару шығыны ____________________________ (апатқа ұшыраған
немесе табиғи апат жағдайында, қалдық құнынан басқа ________ теңге.
Жинақтаушы бұйымдардың, қозғалтқыштың есептен алынған және кіріске
алынған құны ____________ теңге.
Металл сынығының құны (қара, түрлі түсті) ____________ теңге.
Техникалық жай-күйін сипаттау ____________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

Ескерту: _______________________________________________ техникалық
жай-күйін сипаттау сырттай қараудың нәтижесін көрсетіп, оған толық
сипаттама және негізгі тораптарына баға беруге тиіс. Жинақтаушы
бұйымдардың техникалық жай-күйін сипаттау осы актінің
қосымшасындағы ведомосте келтірілген.

      Комиссияның қорытындысы ____________________________________

___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы:
      Мүшелері:

Пайдаланушы авиакәсіпорын басшысының қорытындысы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

М.О.                     Тегі:                        Қолы:

Авиакомпанияның техникалық жетекшісінің шешімі (оқу орны, авиажөндеу зауыты)
___________________________________________________________________

М.О.                     Тегі:                        Қолы:

Қазақстан Республикасы Көлік және  
коммуникациялар министрлігінің    
Азаматтық авиация комитеті      
төрағасының              
2004 жылғы 30 маусымдағы       
N 116 бұйрығымен бекітілген     
Қазақстан Республикасының Азаматтық
әуе кемелерін, оларға арналған   
құқықтарды және олармен жасалатын 
мәмілелерді мемлекеттік тіркеу және
де оларды азаматтық әуе кемелері 
Мемлекеттік тізілімінен алып    
тастау үшін ұсынылатын құжаттар  
тізбесіне             
6-қосымша             
 
  "Бекітемін"            
Авиакәсіпорынның бірінші басшысы
_____________________     
(қолы, Т.А.Әа)         
200__ж. "___" ___________  

_________________ қарасты, әуе кемесінің, жинақтаушы бұйымдарының, авиациялық қозғалтқыштың N _________ таным белгісінің техникалық жай-күйін бағалау

ВЕДОМОСІ

200__ ж. "____"_____________ N _______ бұйрықпен тағайындалған мына
құрамдағы комиссия:
төрағасы __________________________________________________________
                       (лауазымы, аты-жөні)
___________________________________________________________мүшелері
___________________________________________________________________
                       (лауазымы, аты-жөні)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
есептен шығарылатын ӘК жинақтаушы бұйымдарының, авиақозғалтқыштың
техникалық жай-күйін бағалап, төмендегі жағдайды анықтады:

___________________________________________________________________
Р/с| Бұйым |Үлгісі,|Зауыттық| Баға| Техникалық| Әрі қарай |Ескерту
N | атауы | сызу  | нөмірі |     |  жай-күйі | қолд. тур.|
   |       |нөмірі |        |     |           |   белгі   |
___________________________________________________________________
1 |   2   |   3   |    4   |  5  |     6     |      7    |    8
___________________________________________________________________