N 737 тіркелген "Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын мемлекеттік қаржыландыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1999 жылғы 25 ақпандағы N 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2004 жылғы 14 шілдедегі N 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2967

Қолданыстағы

      Бұйырамын :
     1. "Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын мемлекеттік қаржыландыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1999 жылғы 25 ақпандағы N 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 737 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының 1999 жылғы 14 маусымдағы N 285 - N 830 тіркелген, 1999 жылғы 14 маусымдағы N 697 - N 1032 тіркелген, 2002 жылғы 1 шілдедегі N 305 - 1941 тіркелген бұйрықтарымен өзгерістер енгізілген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     тақырыбындағы және мәтініндегі "парламент" деген сөздің алдынан "партиялық тізімдер негізінде сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

     көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент, мәслихаттар депутаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын мемлекеттік қаржыландыру ережесінде:
     тақырыбындағы және 14-тармақтағы "парламент" деген сөздің алдынан "партиялық тізімдер негізінде сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
     6-тармақта:
     "бухгалтеріне" деген сөзден кейін "(қаржы қызметінің басшысына)" деген сөздермен толықтырылсын;
     төртінші сөйлем "құру туралы тиісті әкімнің ұсынуы бойынша жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясы" деген сөздер "сайлау туралы тиісті мәслихат" деген сөздермен ауыстырылсын;
     бесінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
     "Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының өкілеттіктері 001 "Сайлау өткізуді ұйымдастыру" бағдарламасының 100 "Сайлау өткізу" кіші бағдарламасы бойынша әкім аппаратының бюджеттік шотынан қаражатты жұмсауға өкілеттіктері сайлаулар, қайта дауыс беру және қайта сайлау өткізу мерзіміне және олар аяқталғаннан кейін отыз банктік күн бойына ғана белгіленеді.";
     алтыншы сөйлем алынып тасталсын;

     10-тармақта:
     1) тармақшада:
     төртінші абзацтағы "ұйымдастыру техникасын сатып алу" деген сөздерден кейін ", жабдықты жалға алу және техникалық қызмет көрсету" деген сөздермен толықтырылсын;
     тоғызыншы абзацтағы "техникалық" деген сөз алынып тасталсын;
     2) тармақшадағы "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;
     5) тармақша алынып тасталсын;

     12-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Кандидаттардың сайлау компанияларына бөлінген республикалық бюджеттің қаражатын жұмсауын бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

     2. Бюджеттің атқарылуын және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру басқармасы (Сартбаева Б.Ж.):
     1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзімде осы бұйрықтың ресми жариялануы бойынша шаралар қабылдансын.

     3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төрайым

     Келісілген:
     Қазақстан Республикасы
     Орталық сайлау комиссиясының
     төрайымы

     2004 жылғы 13 шілде