Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылы 17 қарашада N 1291 тіркелген "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2004 жылғы 20 маусымдағы N 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2963

Қолданыстағы

      Бұйырамын:
      1. "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2000 жылғы 1 қарашадағы N 470  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1291 тіркелген, Заң газетінде 2000 жылы 20 желтоқсанда N 54 нөмірімен жарияланды, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2002 жылғы 26 маусымдағы  N 290 және 2003 жылғы 11 ақпандағы  N 56 бұйрықтарымен өзгерістер енгізілді) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен республикалық мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті есептен шығарудың тәртібі туралы нұсқаулықта:

      1-тармақтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мәтіндерінде "немесе" деген сөз "және" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5-тармақтың орыс тіліндегі мәтінінде "немесе" деген сөз "және" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-тармақтың мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн есептен шығару:
      баланстық құны 1000 еселенген ең төмен есептi көрсеткiштен артық болғанда - мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан әрі - Комитет) жазбаша рұқсатынан кейiн;
      100 пайыз тозғанда немесе баланстық құны 1000 еселенген ең төмен есепті көрсеткiштен артық емес болғанда - мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша және Комитеттің аумақтық органының жазбаша рұқсатынан кейiн жүзеге асырылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге шаралар қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күн мерзімде осы бұйрықты ресми жариялау жөніндегі шараларды қабылдасын.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр