Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күшін жойғандығын тану және өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 маусымдағы N 159 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2955

Жаңартылған

      Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

      1-2. <*>
       Ескерту: 1-2-тармақтар алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20   қаулысымен

      3. Осы қаулының қосымшасындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

      5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері лауазымды қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысы қолданысқа енгізілген күннен бастап күшіне енеді.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

       Төраға

Қазақстан Республикасының Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын    
реттеу мен қадағалау жөніндегі   
агенттігі Басқармасының "Қаржы   
ұйымдарының басшы қызметкерлерін  
келісу мәселелері бойынша     
Қазақстан Республикасының кейбір 
нормативтік құқықтық актілерінің 
күшін жойғандығын тану және    
өзгерістер енгізу туралы"     
2004 жылғы 12 маусымдағы      
N 159 қаулысына қосымша      

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың басшы қызметкерлерін келісу талаптары және тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы N 334  қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 1028 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 17-30 желтоқсанда жарияланған, N 2);
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерін, басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) ұсынылып отырған кандидаттарды келісу тәртібі туралы ережені бекіту және сақтандыру қызметін реттейтін және қадағалайтын уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328 қаулысының күші жойылғандығын тану туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 53  қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 1473 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2001 жылғы 16-29 шілдеде жарияланған, N 15);
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерінің қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 538  қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 1750 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 11-24 ақпанында жарияланған, N 4);
      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 1750 тіркелген, "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың басшы қызметкерлерінің қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы N 538 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 7 наурыздағы N 78  қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2246 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 5-8 мамырда жарияланған, N 10);
      5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлері кандидаттарының біліктілік емтиханын тапсыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21-сәуірдегі N 135  қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2348 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 16-29 маусымда жарияланған, N 13);
      6) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 1473 тіркелген, "Cақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының басшы қызметкерлерін, басшы қызметке сайлануға (тағайындалуға) ұсынылып отырған кандидаттарды келісу тәртібі туралы ережені бекіту және сақтандыру қызметін реттейтін және қадағалайтын уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 328 қаулысының күші жойылғандығын тану туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 53 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 1 сәуірдегі N 328  қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2510 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 22 қыркүйек - 5 қазанда жарияланған, N 20);
      7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру жөнінде лицензиясы бар немесе лицензия алудан үміті бар заңды тұлғалардың басшы қызметкерлердің қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы N 378  қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2584 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 1-14 желтоқсанда жарияланған, N 25);
      8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1028 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдардың басшы қызметкерлерін келісу талаптары және тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 1999 жылғы 7 қазандағы N 334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2003 жылғы 2 желтоқсандағы N 410  қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркелу тізілімінде N 2624 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 15-31 желтоқсанда жарияланған, N 26).