Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы " Заңының 49-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының " Қаржы рыногын мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы " Заңының 13-бабының 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесі бекітілсін (осы қаулының 1-қосымшасы).
2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап осы қаулының 2-қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер күшін жойды деп танылсын.
3. Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы (Жұрынова С.Р.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және жинақтаушы зейнетақы қорларына жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бұқаралық баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап үш ай мерзім өткен соң қолданысқа енетін Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесінің 4 және 6 тармақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енеді.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.
Төраға
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
"Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
салымшылардың (алушылардың) жеке
зейнетақы шоттарында жинақталған
зейнетақы қаражатының есебін
жүргізу ережесін бекіту туралы"
2004 жылғы 12 маусымдағы
N 153 қаулысына
1-қосымша
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу ережесі
Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу жөніндегі осы ереже жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында жинақталған зейнетақы қаражатының есебін жүргізу жөніндегі тәртібін белгілейді.
1. Жинақталған зейнетақы қаражатының есебін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - қор) әр салымшысына (алушысына) жеке зейнетақы шоты ашылады.
2. Жеке зейнетақы шотын ашудың негіздемесі болып мыналар табылады:
1) қор және салымшы (алушы) арасында жасалған зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт;
2) мәжбүрлеп таратылатын жинақтаушы зейнетақы қордың салымшыларының (алушыларының) зейнетақы активтерін басқа жинақтаушы зейнетақы қорына өткізу жөніндегі келісім.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы төрағасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N
115
(мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Қор сонымен қатар бір мезгілде салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотын электронды түрде тіркеуді жүзеге асырады.
4. Қордың автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында әр салымшы (алушы) бойынша мынадай ақпарат сақталуы тиіс:
1) жеке зейнетақы шотының нөмірі;
2) салымшының (алушының) фамилиясы, аты-жөні (болған жағдайда), туған күні;
3) салымшының (алушының) жынысы;
4) әлеуметтік жеке код;
5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
6) зейнетақымен қамсыздандыру шартының жасалған күні және нөмірі;
7) салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжат нөмірі, оны берген мемлекеттік орган, берілген күні туралы мәліметтер;
8) салымшының (алушының) мекен-жайы және адресі;
9) төлем тапсырмасында көрсетілген агенттің атауы/фамилиясы, аты-жөні (болған жағдайда) және басқа да деректемелері;
10) Жеке зейнетақы шотына келіп түскен барлық сомалар туралы.
5. Салымшыға (алушыға) жеке зейнетақы шоты ашылады және ол теңгемен жеке зейнетақы жарналарының түрлері бойынша (міндетті зейнетақы жарналары/ерікті зейнетақы жарналары/ерікті кәсіби зейнетақы жарналары) жүргізіледі. Қор зейнетақы жарналарының әр түрі бойынша салымшыға (алушыға) бір ғана жеке зейнетақы шотын ашады.
6. Жеке зейнетақы шотының құрылымында мынадай міндетті деректер болуы тиіс:
А ВВВВВ СС DD..., онда:
____________________________________________________________________
A - зейнетақы зейнетақы жарнасының мынадай
жарнасының 1 саны түрлерін білдіреді
түрін белгілеу "1" - міндетті зейнетақы жарналары,
"2" - ерікті зейнетақы жарналары,
"3" - ерікті кәсіби зейнетақы
жарналары,
ВВВВВ - баланс 2, 3, 4, Шоттар жоспарының шотын білдіреді
шотының нөмірі 5, 6
сандары
С С - аймақ 7, 8 Зейнетақымен қамсыздандыру шарты
(облыс) коды сандары жасалған аймақтың мынадай кодын
білдіреді
"01" - Алматы қ., Алматы облысы;
"02" - Астана қ., Ақмола облысы;
"03" - Солтүстік Қазақстан облысы;
"04" - Павлодар облысы;
"05" - Қостанай облысы;
"06" - Шығыс Қазақстан облысы;
"07" - Қараганды облысы;
"08" - Ақтөбе облысы;
"09" - Батыс Қазақстан облысы;
"10" - Атырау облысы;
"11" - Маңғыстау облысы;
"12" - Қызылорда облысы;
"13" - Оңтүстік Қазақстан облысы;
"14" - Жамбыл облысы.
DD - қордың коды 9, 10 Қордың қолданылып жүрген
сандары лицензиясының нөмірін білдіреді
____________________________________________________________________
7. Қор жинақтаушы зейнетақы қаражатының есебін алуды зейнетақы активтерінің құны мөлшерінің үлесін анықтайтын шартты бірлік құнын қайта бағалау жолымен жүзеге асырады.
8. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотына сома келіп түскен кезде қор келіп түскен соманы шартты бірліктің ағымдағы құны бойынша шартты бірліктердің балама санына қайта есептейді.
9. Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың бірінші күні шартты бірлік құны 100-бен(жүз) қабылданады. Келесі күндері шартты бірліктің ағымдағы құны мынадай формула бойынша есептеледі:
ID
U
t
= U
t-1
* {1 + --------------------------------- }
PA
t-1
+ C - B + Tr
in
- Tr
out
+ R
out
онда
U
t
- шартты бірліктің ағымдағы құны;
U
t-1
- шартты бірлік құнының есебін жасайтын күннің алдындағы күнгі шартты бірлік құны;
ID - инвестициялық кіріс пен зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақыны шегергендегі зейнетақы активтерін қаржы құралдарына орналастырудан түскен есепке алынған кіріс (шығын) ретінде белгіленген есептелген ағымдағы инвестициялық кіріс (шығын);
PA
t-1
- шартты бірлік құнының есебі жасалған күннің алдындағы күнгі таза зейнетақы активтерінің құны;
C - ағымдағы есептелген міндетті/ерікті/ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының, өсімпұлдардың сомасы;
B - ағымдағы зейнетақы төлемдері сомасы;
Tr
in
- қордағы жинақталған зейнетақы қаражатының ағымдағы аударымдарының сомасы;
Tr
out
- қордан алынған жинақталған зейнетақы қаражатының ағымдағы аударымдарының сомасы;
R
out
- қате есептелген зейнетақы жарналарының ағымдағы қайтарымдар сомасы.
10. Қор күн сайын шартты бірліктің ағымдағы құны мен зейнетақы активтерінің сомасын қайта бағалаудың есеп айырысуын жүргізеді.
11. Қор шартты бірліктің ағымдағы құнының күн сайынғы есебін шартты бірліктің күні мен сомалық санын көрсете отырып жүргізеді.
12. Қор кем дегенде айына бір рет зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражаты сомасы ретінде есептелген зейнетақы активтерінің құнымен салыстыру жүргізеді. Бұл мына жағдайда, егер қор зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жеке жүзеге асыратын болса, онда салыстыруды қызмет құрамына осы операцияларды жүзеге асыру кіретін қордың тиісті бөлімшесі жүзеге асырады.
13. Қор зейнетақы жарналарын, өсімпұлдарды, жинақталған зейнетақы қаражатын есепке алуды және қате есептелген зейнетақы жарналарын қайтару операцияларын осы операция жасалатын күннің басындағы шартты бірлік құны бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
14. Салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотын жабу зейнетақымен қамсыздандыру шартының қолданылуы тоқтатылғаннан кейін жасалады.
15. Қордың автоматтандырылған ақпарат жүйесінің деректер базасында жеке зейнетақы шотын жабу себебі және күні көрсетілген зейнетақы шотын жабу жөнінде белгі қойылады.
16. Жеке зейнетақы шоты жабылғаннан кейін жабылған жеке зейнетақы шотының нөмірі қордың басқа салымшысына (алушысына) берілмейді.
17. Жеке зейнетақы шоты жабылғаннан кейін қорға зейнетақы жарналары немесе басқа сомалар келіп түскен жағдайда аталған сомалар кері қайтару себебі көрсетіліп, жіберушіге қайтарылуы тиіс.
18. Қор жинақталған зейнетақы қаражатының талап етілмеген сомаларын осы соманы алушы немесе оның мұрагерінің (мұрагерлері) талап етуі бойынша есептен шығармайды.
19. Осы ереже бойынша реттелмейтін мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіп бойынша шешіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау жөніндегі
агенттігі Басқармасының
"Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы
салымшылардың (алушылардың) жеке
зейнетақы шоттарында жинақталған
зейнетақы қаражатының есебін
жүргізу ережесін бекіту туралы"
2004 жылғы 12 маусымдағы
N 153 қаулысына
2-қосымша
Күші жойылды деп табылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі:
1) Еңбек және Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы ұлттық зейнетақы агенттігінің "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатына есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 1997 жылғы 14-қазандағы N 11-Б
бұйрығы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 414 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша нормативтік құқықтық және нормативтік актілер жинағында 2001 жылғы наурызда жарияланған, 4-том);
2) "Еңбек және Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 14-қазандағы N 11-Б бұйрығымен бекітілген "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатына есеп жүргізу жөніндегі Тәртіпке енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы" Еңбек және Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы ұлттық зейнетақы агенттігі Директоратының 1998 жылғы 18-желтоқсандағы N 173-Б
бұйрығы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 672 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша нормативтік құқықтық және нормативтік актілер жинағында 2001 жылғы наурызда жарияланған, 4-том);
3) "Еңбек және Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы ұлттық зейнетақы агенттігінің 1997 жылғы 14-қазандағы N 11-Б
бұйрығымен
бекітілген "Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражатына есеп жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Еңбек және Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі Комитет Төрағасының 2000 жылғы 29-ақпандағы N 14-Б бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1133 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы бойынша нормативтік құқықтық және нормативтік актілер жинағында 2001 жылғы наурызда жарияланған, 4-том).