N 1991 тiркелген "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттiк тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетi Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 727 Бұйрығына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитеті төрағасының 2004 жылғы 24 маусымдағы N 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2945

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi)  546-бабының  3-тармағына сәйкес Бұйырамын:
      1. "Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттiк тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетi Төрағасының 2002 жылғы 20 қыркүйектегi N 727  бұйрығына  (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне 2002 жылдың 2 қазанында N 1991 тiркелген, "Егемен Қазақстан" газетiнiң 2003 жылғы 7 қаңтардағы N 4-5 сандарында жарияланған; Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне 2003 жылғы 7 қаңтарда NN 2108, 2109, 2110 нөмiрлермен тiркелген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетi Төрағасының 2002 жылғы 25 желтоқсандағы  N 895 , 2002 жылғы 28 желтоқсандағы  N 902 903 , Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне 2003 жылғы 3 сәуiрде N 2226 нөмiрмен тiркелген 2003 жылғы 27 наурыздағы  N 143 , Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне 2003 жылғы 6 маусымдағы N 2353 нөмiрмен тiркелген 2003 жылғы 21 мамырдағы  N 210 , Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне 2003 жылғы 26 маусымдағы N 2380 нөмiрмен тiркелген 2003 жылғы 2 маусымдағы  N 221 , Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне 2003 жылғы 14 қарашадағы N 2559 нөмiрмен тiркелген 2003 жылғы 21 қазандағы N 404  бұйрықтарымен  енгiзiлген толықтыруларымен) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етiлген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналарының Мемлекеттiк тiзiлiмi мынадай мазмұндағы 82 тармақпен толықтырсын:
      "82. ОРИОН-100Ф KZ".
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiнiң Салық әдiстеме басқармасы (А.М.Қыпшақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлiгi
      Салық комитетiнiң
      Төрағасы