Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 29 сәуірде N 2830 тіркелген "Автокөлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" ҚР КБА төрағасының 2004 жылғы 22 сәуірдегі N 192 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 3 маусымдағы N 253 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 23 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2913. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 373-бабына сәйкес, кедендік құнды бақылауды күшейту және импортталатын автокөлік құралдарына бақылау жасаудың тиімділігін арттыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 29 сәуірде N 2830 тіркелген "Автокөлік құралдарын кедендік ресімдеу туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2004 жылғы 22 сәуірдегі N 192  бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:
      "8702, 8703, 8704 тауар позицияларында" деген сөздер "8703 тауар позициясында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Астана және Алматы қалалары" деген сөздерден кейін "Семей" және "Ұлытау" кедендері" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-тармақтағы "Алматы қаласы" деген сөздердің алдынан "Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің "Талдықорған" кеден бекетінің қызмет аймағын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Алматы облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті (Ы.А.Жандарбеков) "Талдықорған" кеден бекетінің қызмет аймағында тіркелген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін көлік құралдарын кедендік ресімдеуді "Талдықорған" кеден бекетінде қамтамасыз етсін".

      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру департаменті (Е.А.Шығанбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (М.К.Исаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Кедендік бақылау департаменттерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға