"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 249-бабын iске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштің нысаны (312.00-нысан) (бұдан әрi - Өтiнiш) (1-қосымша).
Өтiнiш Өтініштің өзiнен, Оларға сәйкес тауарлар импорты жүзеге асырылатын шарттар (келісім-шарттар) туралы ақпарат (Өтiнiшке 1-қосымша) (312.01-нысан) және Шикiзаттар мен материалдардың атауынан (Өтiнiшке 2-қосымша) (312.02-нысан) тұрады;
2) Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштi толтыру ережелерi (312.00-нысан) (2-қосымша);
3) Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы шешімнің нысаны (3-қосымша) бекітілсін.
2. "Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштi жасау ережелерiн бекiту туралы" (312.00-нысан) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 352 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 13 қыркүйекте N 2468 тіркелген; "Ресми газет" 2003 жылғы 18 қазан, N 42 (147)) күші жойылған деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Салық комитетiнiң Әдiстеме басқармасы (Ж.С. Есмағанбетова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Төрағасының Бірінші орынбасары Н.Д. Yсеноваға жүктелсiн.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті
Төрағасының м.а.
"Импортталатын тауарларға
қосылған құн салығын төлеу
мерзімін өзгертудің кейбір
мәселелері туралы"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Салық
комитетінің Төрағасы м.а.
2004 жылғы 27 мамырдағы
N 254 бұйрығына 1-қосымша
Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын
төлеу мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiш
қағаз мәтініне қараңыз
Оларға сәйкес тауарлар импорты жүзеге асырылатын
шарттар (келісім-шарттар) туралы ақпарат
қағаз мәтініне қараңыз
Шикiзаттар мен материалдардың сипаттамасы
қағаз мәтініне қараңыз
"Импортталатын тауарларға
қосылған құн салығын төлеу
мерзімін өзгертудің кейбір
мәселелері туралы"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Салық
комитетінің Төрағасы м.а.
2004 жылғы 27 мамырдағы
N 254 бұйрығына 2-қосымша
Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын төлеу мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштi толтыру ережелерi (312.00-нысан)
1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын (бұдан әрi - ҚҚС) төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштi (бұдан әрі - Өтініш) толтыру тәртiбiн айқындайды.
2. Өтiнiш қағаз тасығышта жасалады және қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әрiптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады.
3. Өтiнiштi толтыру кезiнде барлық жолдар толтырылуы тиiс, түзетуге, өшiруге, тазалауға жол берiлмейдi.
4. Өтiнiш Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес жасалады және беріледі.
5. Өтiнiштi беру кезiнде:
1) қағаз тасығышта келу тәртiбiнде екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен ҚҚС төлеушiге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - ҚҚС төлеуші почта байланыс ұйымының хабарламасын алады.
6. Өтiнiшке ҚҚС төлеушi тауарларды жеткiзуге шарттардың (келiсім-шарттардың) көшiрмесiн қоса бередi.
7. Кеден органы жүк кедендік декларацияны қабылданған күннен бастап үш ай ішінде жарамды Импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзiмдерiн өзгерту туралы салық органының шешімін алу үшін осы Ережелердің 6-тармағында көрсетілген Өтініш пен құжаттар ҚҚС төлеушіні тіркеу орны бойынша салық органына беріледі.
8. Бір жыл ішінде жарамды Импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзiмдерiн өзгерту туралы мемлекеттік уәкілетті органның шешімін алу үшін осы Ережелердің 6-тармағында көрсетілген Өтініш пен құжаттар, сондай-ақ оның өндірістік қуаттары мен үй-жайларының барлығы туралы ҚҚС төлеушіні тіркеу орны бойынша салық органының қорытындысы уәкілетті мемлекеттік органға беріледі.
9. "ҚҚС төлеуші туралы жалпы ақпарат" бөлімінде ҚҚС төлеушімен мынадай деректер көрсетіледі:
1) 1-жолда салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
2) 2-жолда құрылтай құжаттарына сәйкес ҚҚС төлеушiнің аты-жөнi немесе толық атауы;
3) 3-жолда ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлiктiң сериясы мен нөмiрi, ҚҚС бойынша есепке қою күні.
10. "Импортталатын тауарлар туралы мәлiметтер" бөлiмiнде:
1) 4-жолда импортталатын тауарлардың түрi.
Бұл ретте, егер импортталатын тауарлар өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған шикiзат немесе материалдар болып табылса, Өтiнiшке 2-қосымшаны толтыру қажет;
2) 5-жолда импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзімін өзгерту туралы салық қызметі органының шешімі берілетін кезең көрсетіледі.
3. Оларға сәйкес тауарлар импорты жүзеге асырылатын шарттар (келісім-шарттар) туралы ақпарат - 312.01 нысанын толтыру
11. 312.01 нысаны ҚҚС төлеуші оларға сәйкес ҚҚС төлеу мерзімі өзгертілген тауарлар импорты жүзеге асырылатын шарттар (келісім-шарттар) туралы ақпаратты көрсетуі үшін толтырылады.
13. "Қосылған құн салығын төлеуші туралы мәліметтер" бөлімінің 1-жолында салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.
14. "Тауарларды жеткізуге шарттардың (келісім-шарттардың) деректемелері" бөлімінде мынадай деректер:
А-бағанында жолдың реттік нөмірі;
В-бағанында шарттың (келісім-шарттың) жасалған күні;
С-бағанында шарттың (келісім-шарттың) нөмірі;
D-бағанында импортталатын тауарларды ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органының коды (бұдан әрі - кеден органының коды) көрсетіледі. Кеден органының коды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы кеден органдарының жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі.
15. 312.01 нысаны өнеркәсiптiк қайта өңдеу үшiн арналған шикiзаттар мен материалдарды импорттауды жүзеге асыратын ҚҚС төлеушiмен толтырылады.
17. "Қосылған құн салығын төлеушi туралы мәлiметтер" бөлiмiнде мынадай деректер:
1) 1-жолда салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) шарттың (келісім-шарттың) жасалған күні;
3) шарттың (келісім-шарттың) нөмірі көрсетіледі.
18. "Қайта өңдеу өнiмi" бөлiмiнде:
А-бағанында Сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатурасының (бұдан әрi - СЭҚ ТН) коды;
В-бағанында өндiру мақсатында шикiзаттар мен материалдардың импорты жүзеге асырылған қайта өңдеу өнiмiнiң атауы (бұдан әрі - қайта өңдеу өнімі) көрсетiледi.
19. "Шикiзаттар мен материалдардың тiзбесi" бөлiмiнде:
А-бағанында СЭҚ TH коды;
В-бағанында санаттар мен сұрыптар бойынша бөлмей, қайта өңдеу өнiмiн өндiру үшiн импортталатын шикiзаттар мен материалдардың атауы (бұдан әрі - шикізаттар мен материалдар);
С-бағанында шарт (келісім-шарт) бойынша қайта өңдеу өнiмiн өндiру үшiн импортталатын шикiзаттар мен материалдардың шарт (келісім-шарт) валютасындағы құны (бұдан әрі - шарт (келісім-шарт) бойынша шарт (келісім-шарт) валютасындағы құны);
D-бағанында шарт (келісім-шарт) валютасының коды көрсетіледі. Валюта коды Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген кедендік ресімдеу мақсатында пайдаланылатын валюта жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі.
"Импортталатын тауарларға
қосылған құн салығын төлеу
мерзімін өзгертудің кейбір
мәселелері туралы"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі Салық
комитетінің Төрағасы м.а.
2004 жылғы 27 мамырдағы
N 254 бұйрығына 3-қосымша
Салық комитетінің бланкісі
"__"_____________ 200 __ жыл N ___________________
______________________________
(Кеден органының атауы)
Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын
төлеудің мерзiмін өзгерту туралы шешім
Қазақстан Республикасы Салық
кодексінің
249-бабына сәйкес _
__________________________________________________________________
(Салық қызметі органында Өтінішті қабылдаған күн)
N ______________________ Өтініштің негізінде ҚҚС төлеушіге:
(Құжаттың кіріс нөмірі)
__________________________________________________________________
(ҚҚС төлеушінің аты-жөні немесе атауы)
__________________________________________________________________
СТН ________, ҚҚС бойынша куәліктің сериясы, нөмірі ______________
шарттарға (келісім-шарттарға) сәйкес: ____________________________
(Шарттың (келісім-шарттың) нөмірі және жасалған күні)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(Импортталатын тауарлардың түрі: өнеркәсіптік қайта өңдеуге
арналған шикізаттар және материалдар, су, газ, электр қуаты)
_________________________________________________ тауарлар бойынша
ҚҚС төлеу мерзімін өзгертуге
______________________________________ Салық комитеті рұқсат берді
(Салық комитетінің атауы)
Шешім __________________________ ішінде жарамды
(Үш ай, күнтізбелік жыл)
________________________________________ ________ ___________
(Салық қызметі органы басшысының немесе (Қолы) (Аты-жөні)
оны алмастырушы тұлғаның лауазымы)
М.О.
Ескерту: Шешімді кеден органына берген кезде, ҚҚС төлеушіге, соның
негізінде Шешім қабылдаған Өтініштің және тауарларды
жеткізуге шарттың (келісім-шарттың) көшірмелерін беру
қажет.