Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 9 маусымдағы N 06-2-2/197 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2903

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:
      1. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2002 жылғы 11 қазандағы N 2007 тіркелген "Спорттық iс-шараларға қатысушыларға тамақ нормаларын белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 06-2-2/208  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Спорттық iс-шараларды өткізудің қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында бұйырамын:".
      2. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу мемлекеттік тізілімінде 2002 жылғы 11 қазандағы N 2008 тіркелген "Спорттық iс-шараларға қатысушыларға фармакологиялық қалпына келтіру құралдарының, витаминдер мен белоктық-глюкозалық препараттардың нормаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі N 06-2-2/209  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      "Спорттық iс-шараларды өткізудің қаражатын ұтымды пайдалану мақсатында бұйырамын:".
      3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұйымдастыру және жоспарлау-қаржылық жұмыстары басқармасы белгіленген тәртіппен ұсынсын.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға