Байланыс операторларының қалааралық қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникация желiлерiнiң өзара трафигiне секундалық тарифтеудi енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 21 сәуірдегі N 74-ө, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 14 мамырдағы N 233-НҚ бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 8 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2894

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 18 ақпандағы N 168  қаулысымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарының 4.5 тармағына сәйкес бұйырамын:
      1. 2005 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап барлық байланыс операторлары қалааралық қосылымдар мен өзара байланыстағы телекоммуникация желiлерiнiң трафигiн 10 секундтан аспайтын тарифтеу қадамымен секундалық тарифтеуге көшсiн.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту, толықтыру енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 203-б, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 390-НҚ   бірлескен бұйрығымен
      2. <*>
      Ескерту: 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 203-б, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 390-НҚ   бірлескен бұйрығымен
      3. 2005 жылдың 1-ші қаңтарына дейін байланыс операторлары аппараттық және бағдарламалық құралдарға таратылатын барлық сертификаттау рәсiмдерiн жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
       Ескерту: 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 22 қыркүйектегі N 203-б, ҚР Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 390-НҚ   бірлескен бұйрығымен .
      4. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi Агенттiгiнiң Байланыс саласындағы мемлекеттiк саясат және қаржылық реттеу департаментi (А.А.Сейтiмбеков) осы бұйрықты белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеу үшiн ұсынсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Төрағасының Бiрiншi орынбасары Ж.Д.Ертiлесоваға және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiгi Төрағасының орынбасары Д.С.Оразалиновке жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енедi.

       Қазақстан Республикасы
      Ақпараттандыру және байланыс
      жөніндегі агенттігінің
      Төрағасы

      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу
      және бәсекелестiктi қорғау
      жөніндегі агенттігінің
      Төрағасы