Бұйырамын:
1. Тiркелген N 2647 "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы", Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201
бұйрығына
(2004 жылғы 3 сәуірдегi
N 54
"N 2647 тiркелген, "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi мiндетiн атқарушының 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына, N 1 өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" - тiркелген N 2806) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасында:
1) бюджет кiрiстерiнiң сыныптамасында:
3 "Капиталмен жасалған операциялардан алынатын кiрiстер" санатында 02 "Мемлекеттiк қорлардан тауарлар сату" сыныбындағы 1 "Мемлекеттiк қорлардан тауарлар сату" кiшi сыныбында мынадай мазмұндағы 04 спецификасымен толықтырылсын:
"04 Жұмылдыру резервiнiң материалдық құндылықтарын сатудан түсетiн түсiмдер";
6 "Жалпы қаржыландыру" санатында 03 "Өзге қаржыландыру" сыныбындағы 1 "Мемлекеттiк меншiк объектiлерiн жекешелендiруден түсетiн түсiмдер" кiшi сыныбында мынадай мазмұндағы 03 спецификасымен толықтырылсын:
"03 Республикалық меншiктегi және кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдер";
2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
275 және 618 бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының барлық мәтiнi бойынша мынадай редакцияда жазылсын:
"275 Астана қаласының Күрделi құрылыс департаментi";
"618 Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)";
3 "Қоғамдық тәртiп және қауiпсiздiк" функционалдық тобында:
1 "Құқық қорғау қызметi" кiшi функциясында:
618 "Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (қаржы полициясы)" бағдарлама әкiмшiсi бойынша;
1 және 3 бағдарламалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1 Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі уәкiлеттi орган қызметiн қамтамасыз ету";
"3 Қазақстан Республикасының Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiнiң бiрыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн құру";
6 "Қылмыстық-орындау жүйесi" кiшi функциясында 221 "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi" бағдарлама әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 12, 13 және 14 бағдарламаларымен толықтырылсын:
"12 Тергеу-тұтқынға алынған адамдарды ұстау";
"13 Тергеу изоляторларында СПИД iндетiне қарсы iс-қимыл";
"14 Алматы қаласында 1 800 орынға тергеу изоляторын салу";
6 "Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек" функционалдық тобында 9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында 213 "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" деген бағдарламаның әкiмшiсi мынадай мазмұндағы 17 бағдарламамен толықтырылсын:
"17 Жұмыссыздық жөнiндегi" жәрдемақы төлемдерi бойынша өткен жылдардың мiндеттемелерi";
274 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы" бағдарлама әкiмшiсi бойынша 7 "Тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында" 3 "Сумен қамтамасыз ету" кiшi функциясында мынадай мазмұндағы 11 кiшi бағдарламалары бар 13 және 15 бағдарламасымен толықтырылсын:
"11 Сумен жабдықтау жүйесiн дамыту үшiн кредиттеу";
"13 Республикалық бюджеттiң есебiнен жобаны iске асыру үшiн жергiлiктi бюджеттi несиелендiру";
"15 Бағдарламаны жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асыру";
12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында:
274 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы" деген бағдарламаның әкiмшiсi бойынша 1 "Автомобиль көлiгi" кiшi функциясында 24 "Ауданаралық (қалааралық) жолаушылар тасымалын ұйымдастыру" бағдарламасы алынып тасталсын;
9 "Көлiк және байланыс саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясы мынадай мазмұндағы 24 бағдарламасы бар 274 бағдарлама әкiмшiсiмен толықтырылсын:
"274 Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы";
"24 Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру";
3) 130 "Тауарлар сатып алу" кiшi сыныбындағы 1 "Тауарлар мен қызмет көрсетулерге шығындар" сыныбындағы 1 "Ағымдағы шығындар" санатында шығыстардың экономикалық сыныптамасында:
"136 Ел iшiндегi қызметтiк iссапарлар";
"137 Елден тысқары жерлерге қызметтiк iссапарлар".
2. Бюджеттiк процесс әдiснамасы және функционалдық талдау департаментi (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бiрге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр