Кейбір аулау құралдарын пайдалануға тыйым салу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2004 жылғы 5 мамырдағы N 56-п бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 25 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2871. Бұйрықтың қолданылуы 2006 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2005 жылғы 22 ақпандағы N 16-5/16п бұйрығымен.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1480  қаулысымен бекітілген балық және өзге де су жануарлары түрлерін аулау Ережесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 шілдедегі N 714  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті туралы Ережесіне және "Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы" РМҚК ұсыныстары негізінде бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы балық шаруашылығы су айдындарында ұяшықталатын (қойылмалы және сүзбелі сеткалар) салалық стандарттарға сәйкестендірілмеген, сондай-ақ полиамидті және пластикалық жеке жіптер мен жеке мата жіптерден дайындалған аулау құралдарын пайдалануға тыйым салынсын.
      2. Аймақтық органдар басшыларына осы бұйрықты орындауға қабылдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуына басшылық жасау Балық қорлары мен өзге де су жануарлары қорларын қорғау, өсімін молайту және реттеу жөніндегі басқарманың балық қорларын қорғау және балық аулауды реттеу бөліміне (Сыздықов Н.Н.) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға