Ескерту: Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 27 маусымдағы N 37
бұйрығымен
.
________________________________________
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарының өзгеруіне байланысты азаматтық сот ісін жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалаудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 18 баптарын басшылыққа алып, бұйырамын:
1. ҚР Бас Прокурорының "Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы" Нұсқауды бекіту туралы" 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 76
бұйрығына
(нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 2167 санмен тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативті құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2003 ж., N 14, 835б.) төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Жоғарыдағы бұйрықпен бекітілген "Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы" Нұсқауда:
3 тармақтағы "заңсыз сот актілеріне наразылық келтіруді" деген сөздерден кейін "азаматтық істерді қарау кезінде соттың іс жүргізу мерзімдерін сақтауын тексеруді" деген сөздермен толықтырылсын;
4 тармақтағы "мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы" деген сөздерден кейін "банкроттық туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
4 тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;
4 тармақ келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын "Сонымен қатар, мемлекеттік мүдделерді қозғайтын істердің санатына мемлекеттік кәсіпорындардың көрсеткен қызметтері үшін тұтынушылардан берешек сомаларын өндіру туралы даулар бойынша азаматтық істерді қоспағанда, тараптары мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер және кәсіпорындар болып табылатын барлық істер жатады.
Мамандандырылған ауданаралық соттың бірінші сатыдағы сот мәжілісіне қатысу, соттарда басқа прокурорлардың талаптарын қарауды қоспағанда, осы соттардың орналасу жері бойынша орналасқан прокурорларға жүктеледі. Мамандандырылған ауданаралық сотта басқа прокурорлардың талаптарын қарау барысында істі бірінші сатыда қарау кезінде іске қатысуды облыстық немесе оларға теңестірілген прокуратуралардың тиісті бөлімдерінің қызметкерлері қамтамасыз етеді.
Астана және Алматы қалаларында мамандандырылған ауданаралық сот актілерінің заңдылығын қадағалауды іске асырудың тәртібін Астана және Алматы қалаларының прокурорлары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының келісімі бойынша анықтайды.";
5 тармақ келесі мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Тараптардың азаматтық іс бойынша қадағалау ретінде наразылық келтіру туралы өтінімдерін қарау кезінде мемлекеттік емес шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы сот дауларына негізсіз араласуға жол берілмесін. Мемлекет мүддесін қозғамайтын азаматтық істер бойынша қадағалау тәртібіндегі наразылық тек соттар жіберген едәуір заң бұзушылықтар анықталған жағдайда (Қазақстан Республикасының АІЖК 387 б.) және іс бойынша тарап жеке дербес қадағалау шағымын бергені және оны қадағалау сатысындағы соттың негізсіз қанағаттандырусыз қалдырғаны туралы мәліметтер бар болған жағдайда ғана келтірілсін";
7 тармақтың "бұзылған және өзгертілген сот шешімдерінің санынан" деген сөз тіркесінен "және өзгертілген" деген сөз тіркесі алынып тасталсын;
7 тармақ келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Апелляциялық наразылық келтірудің тиімділігінің көрсеткішін есептеуде істі апелляция тәртібінде қайта қарау кезінде анықталған жаңа дәлелдемелердің негізінде екінші сатысындағы сот бұзған шешімдер ескерілмейді.
Қадағалау қалпына баға берудің өлшемі ретінде апелляциялық наразылық келтірудің тиімділігі, жұмыс нәтижелеріне қанағаттандырылған және келтірілген (сонымен қатар, қаралған, қайтарып алынған және қараусыз қайтарылған) апелляциялық наразылықтардың жалпы санының ара қатынасы негізінде баға берілетін көлік және басқадай мамандандырылған прокурорларға қолданылмайды.";
12 тармақтың "Пленумының қаулыларын" деген сөздер "нормативті қаулыларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
13 тармақтың:
"2 тармақта көрсетілген" деген сөздер "4 тармақта көрсетілген" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Пленумына" деген сөз "Пленарлық мәжілісіне" деген сөздермен ауыстырылсын;
2. ҚР Бас прокуратурасының азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот қаулылары мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне осы бұйрықты және "Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалау туралы" Нұсқауға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды мемлекеттік тіркеуге шаралар қолдансын.