Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2465 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 250 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 118 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2855

Қолданыстағы

      Шоғырландырылған қадағалауды жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ережені бекіту жөнінде" 2003 жылғы 25 шілдедегі N 250  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2465 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2003 жылғы 25 тамыз - 7 қыркүйек аралығында жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтер туралы ереженің:
      9-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы тармақта көрсетілген банк тобына қатысушының меншік капиталының ең төменгі мөлшерінің есебіне осы қатысушының банкке талап ету құқығы болып табылатын активтері қосылмайды.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді және ол 2003 жылғы 31 желтоқсаннан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      3. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шарасын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р.) осы қаулыны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға