Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту туралы және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 238 тіркелген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118 қаулысына және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2124 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 55, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 116 бірлескен қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 13 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2854

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  8-бабының л-2) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  18-бабына сәйкес бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеудегі айқындық және тиімділік дәрежесін көтеру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

      1. Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының "Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы" нұсқаулықты бекіту жөнінде" 1996 жылғы 22 қазандағы N 118  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 238 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік құқықтық актілер және нормативтік актілер жинағында 2001 жылғы сәуір айында жарияланған, 4 том, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1990 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 2 қыркүйектегі N 356  қаулысымен  және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2817 тіркелген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы N 77  қаулысымен  енгізілген өзгерістермен) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есеп беру тәртібі туралы нұсқаулықтың:

      2.3-тармағы алынып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесін бекіту туралы" 2002 жылғы 18 желтоқсандағы N 486  қаулысына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2124 тіркелген, "Рынок ценных бумаг Казахстана" N 2 журналда 2003 жылдың ақпанында жарияланған), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 162  қаулысымен  енгізілген толықтырумен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2384 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиялары бар ұйымдардың есеп беру ережесінің:
      4-тармағының 2) және 3)-тармақшалары алынып тасталсын.

      4. Осы бірлескен қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      5. Агенттіктің Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Агенттіктің Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Қазақстан Республикасы          
      Ұлттық Банкінің Төрағасы 

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау жөніндегі
      агенттігінің Төрағасы

"Бағалы қағаздар рыногында    
брокерлік-дилерлік қызметті    
жүзеге асыратын ұйымдардың     
қаржылық есеп беру тізбесі,    
нысандары және ұсыну       
мерзімдері туралы нұсқаулықты   
бекіту туралы" және Қазақстан   
Республикасының Әділет      
министрлігінде N 238 тіркелген  
Қазақстан Республикасының     
Бағалы қағаздар жөніндегі     
ұлттық комиссиясының "Бағалы   
қағаздар рыногының кәсіби     
қатысушыларының есеп беру     
тәртібі туралы" нұсқаулықты    
бекіту жөнінде" 1996 жылғы     
22 қазандағы N 118 қаулысына    
және Қазақстан Республикасының  
Әділет министрлігінде      
N 2124 тіркелген Қазақстан     
Республикасының Ұлттық Банкі    
Басқармасының "Қазақстан      
Республикасының бағалы        
қағаздар рыногында брокерлік    
және дилерлік қызметті жүзеге   
асыруға лицензиялары бар       
ұйымдардың есеп беру ережесін    
бекіту туралы" 2002 жылғы      
18 желтоқсандағы N 486        
қаулысына өзгерістер енгізу    
туралы Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкі Басқармасының    
2004 жылғы 12 сәуірдегі N 55 және 
Қазақстан Республикасының Қаржы  
нарығын және қаржы ұйымдарын    
реттеу мен қадағалау жөніндегі  
агенттігінің 12 сәуірдегі N 116  
бірлескен қаулысымен бекітілген  

  Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті
 жүзеге асыратын ұйымдардың қаржылық есеп беру тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері
туралы нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  8-бабының л-2) тармақшасына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  9-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, "Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  18-бабына сәйкес әзірленген және Бағалы қағаздар рыногында брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі - брокер-дилер) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) қаржылық есеп беру тізбесін, нысандарын және ұсыну мерзімдерін белгілейді.

      2. Осы Нұсқаулық екінші деңгейдегі банктерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, инвестициялық портфельді басқаратын ұйымдарға, Ұлттық пошта операторына қатысты болмайды.

  2-тарау. Қаржылық есеп беру

      3. Брокерлердің-дилерлердің қаржылық есеп беруіне мыналар жатады:
      1) 1-нысан бойынша бухгалтерлік баланс және оның қосымшалары (осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасы);
      2) 2-нысан бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасы);
      3) 3-нысан бойынша ақша қозғалысы туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасы);
      4) 4-нысан бойынша меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп (осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасы).

      4. Брокерлер-дилерлер қаржылық есепті мынадай мерзімде береді:
      1) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың төртінші жұмыс күнінің Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірмей:
      1-нысан бойынша бухгалтерлік баланс және оның қосымшалары;
      2-нысан бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп;
      2) жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей есепті жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде:
      1-нысан бойынша бухгалтерлік баланс;
      2-нысан бойынша кірістер мен шығыстар туралы есеп;
      3-нысан бойынша ақша қозғалысы туралы есеп;
      4-нысан бойынша меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп;
      қаржылық есеп беруге түсіндірме жазба;
      есепті жылда қаржылық есеп беруге жүргізілген аудит қорытындылары жөнінде аудиторлық есеп.

      5. Қаржылық есеп берудегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен көрсетіледі.

      6. Қаржылық есеп беруді жасаған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Қаржылық есеп берудегі бес жүз теңгеден кем сома нөльге дейін дөңгеленеді, ал бес жүз теңгеге тең не одан жоғары сома мың теңгеге дейін дөңгеленеді.

      7. Қаржылық есеп берудің барлық парақтары нөмірленеді, олардың жалпы саны оны уәкілетті органға жіберген кезде ілеспе хатта көрсетіледі.

      8. Қаржылық есеп беруге брокер-дилердің басшысы және бас бухгалтері қол қояды және мөрімен бекітіледі.

      9. Қаржылық есеп беру уәкілетті органға қағаз және электрондық тасымалдаушыларда ұсынылады.

      10. Қағаз тасымалдаушысында ұсынылған қаржылық есеп беру электрондық тасымалдаушыда ұсынылған қаржылық есеп берудегі мәліметтерге ұқсас болуы тиіс.

      11. Қағаз тасымалдаушыдағы қаржылық есеп беру екі дана етіп жасалады, қаржылық есеп берудің бір данасы уәкілетті органға ұсынылады, екінші данасы брокер-дилерде қалады.

      12. Түзетулері мен тазартулары бар қағаз тасымалдаушыдағы қаржылық есеп беру брокер-дилерге қайтарылады.

      13. Қаржылық есеп беруге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда брокер-дилер үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу себептерін түсіндіре отырып жазбаша өтініш жолдайды.

  3-тарау. Қорытынды ережелер

      14. Осы Нұсқаулықта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіпке сәйкес шешіледі.

Бағалы қағаздар рыногында  
брокерлік-дилерлік қызметті 
жүзеге асыратын ұйымдардың  
қаржылық есеп беру тізбесі, 
нысандары және ұсыну    
мерзімдері туралы      
нұсқаулыққа 1-қосымша    
1 нысан     

Бухгалтерлік баланс

Брокер-дилер ________________________
200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша

                                                    (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
                Баптардың атауы         |Ескерту| Есепті |Алдыңғы
                                        |       |кезеңнің| жылдың
                                        |       | соңына | соңына
___________________________________________________________________
                        1                   2         3     4
___________________________________________________________________
Активтер
Негізгі құрал-жабдықтар (амортизациясын
шегергенде)                                 1
Материалдық емес активтер
(амортизациясын шегергенде)                 2
Басқа заңды тұлғалардың капиталындағы
инвестициялар                               3
Брокерлік-дилерлік қызмет көрсету
нәтижесінде пайда болған дебиторлық
берешек (болуы мүмкін залал резервтерін
шегергенде)                                 4
Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
қағаздар (болуы мүмкін залал
резервтерін шегергенде)                     5
Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар
(болуы мүмкін залал резервтерін
шегергенде)                                 6
Мерзімі өткен салық талаптары               7
Басқа активтер                              8
Қорлар                                      9
Бюджетке төленетін салықтар мен
басқа да міндетті төлемдер бойынша
бюджетке қойылатын талаптар                 10
Алдағы кезеңдер шығыстары                   11
Өзге дебиторлық берешек (болуы
мүмкін залал резервтерін шегергенде)        12
"Кері РЕПО" операциясы                      13
Саудаға арналған бағалы қағаздар
(болуы мүмкін залал резервтерін
шегергенде)                                 14
Орналастырылған салымдар (болуы
мүмкін залал резервтерін шегергенде)        15
Ақша                                        16
Оның ішінде:
      Кассадағы қолма-қол ақша              17
      Банктердегі шоттардағы ақша           18
Активтер жиынтығы:

Меншік капиталы
Жарғылық капитал                            19
Сыйлықақылар (қосымша төленген капитал)     20
Алынған капитал                             21
Резервтік капитал                           22
Басқа резервтер                             23
Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян):         24
Оның ішінде:
      Алдыңғы жылдары
      Есепті кезеңнің
Капитал жиынтығы:

Азшылық үлесі                               25

Міндеттемелер
Алынған ұзақ мерзімді заемдар               26
Оның ішінде:
      Қаржылық жалдау                       27
Ұзақ мерзімді кредиторлық берешек           28
Шығарылған борыштық бағалы қағаздар         29
Мерзімі ұзартылған салықтық міндеттеме      30
Алдағы кезеңдердің кірістері                31
Акционерлермен акциялар бойынша есеп
айырысу жөніндегі есептелген шығыстар       32
Қызметкерлермен есеп айырысу
бойынша есептелген шығыстар                 33
Бюджетке салықтар және басқа міндетті
төлемдер бойынша бюджет алдындағы
міндеттеме                                  34
Қысқа мерзімді кредиторлық берешек          35
Алынған қысқа мерзімді заемдар              36
"РЕПО" операциясы                           37
Басқа міндеттемелер                         38
Міндеттемелер жиынтығы:

Меншік капиталы мен міндеттемелер жиынтығы
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы _____________________ күні __________________
      Бас бухгалтер _____________________ күні __________________
      Орындаушы     _____________________ күні __________________
      Телефон: _____________________________________
      Мөрдің орны

"Бухгалтерлік баланс" 
1-нысанға       
1 қосымша       

200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша
____________________________________ брокер-дилердің
"Өтелгенге дейін ұсталған бағалы қағаздар
(болуы мүмкін залал резервтерін шегергенде)",
"Сату үшін қолда бар бағалы қағаздар
(болуы мүмкін залал резервтерін шегергенде)",
"Саудаға арналған бағалы қағаздар
(болуы мүмкін залал резервтерін шегергенде)"
бухгалтерлік баланстың баптарына ескертулер

                                                   (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
  Р/с  |Эмитенттің|Эми. |Ба.  |Ұлттық|Ба. |Баланстық құны (нетто)
   N   |  атауы   |тент.|ғалы |біре. |ғалы|     (мың теңгемен)
       |          |тің  |қа.  |гей.  |қа. |------------------------
       |          |коды |ғаз. |лен.  |ғаз.|Сату  |Саудаға |Өтел.
       |          |     |дар  |діру  |дар |үшін  |арналған|генге
       |          |     |атауы|нөмірі|саны|қолда |бағалы  |дейін
       |          |     |     |      |(да.|бар   |қағаздар|ұста.
       |          |     |     |      |на. |бағалы|        |латын
       |          |     |     |      |мен)|қа.   |        |бағалы
       |          |     |     |      |    |ғаздар|        |қағаздар
___________________________________________________________________
  1          2        3     4     5     6     7       8       9
___________________________________________________________________
    1  Қазақстан
       Республика.
       сының мем.
       лекеттік
       бағалы
       қағаздары
  1.1.
   ...
    2  Қазақстан
       Республи.
       касының
       ұйымдарының
       мемлекеттік
       емес эмис.
       сиялық бағалы
       қағаздары
  2.1. Екінші дең.
       гейдегі банк.
       тердің бағалы
       қағаздары
2.1.1. 
   ...
  2.2. Екінші деңгей.
       дегі банктерден
       басқа заңды
       тұлғалардың
       бағалы қағаздары
2.2.1.
   ...
    3. Шет мемлекет.
       тердің бағалы
       қағаздары
  3.1.
   ...
    4. Қазақстан Респу.
       бликасының рези.
       дент емес эми.
       тенттерінің мем.
       лекеттік емес
       бағалы қағаздары
  4.1.
   ...
    5. Халықаралық қаржы
       ұйымдарының бағалы
       қағаздары
  5.1.
   ...
    6  Барлығы
___________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
______________________________________________
          Күні        |Листинг/рейтинг|Ескерту
----------------------|               |
Сатып алу|Сатулар/өтеу|               |
______________________________________________
     11         12            13         14
______________________________________________
______________________________________________

      Бірінші басшы _________________________ күні ______________
      Бас бухгалтер _________________________ күні ______________
      Орындаушы _____________________________ күні ______________
      Телефон:_______________________________
      Мөрдің орны

"Бухгалтерлік баланс" 
1-нысанға       
2 қосымша       

200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша
____________________________ брокер-дилердің
"Кері РЕПО" операциясы", "РЕПО" операциясы"
бухгалтерлік баланстың баптарына ескерту

                                                    (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
 Р/с|   Операциялар  |Ба. |Ұлт. |"РЕПО" шартының|   Күні  |"РЕПО"
  N |    мазмұны     |ғалы|тық  |деректемелері  |---------|опера.
    |                |қа. |біре.|---------------|РЕПО|РЕПО|циясының
    |                |ғаз.|гей. |"РЕПО"|"РЕПО"  |ашы.|жа. |мерзімі
    |                |дар |лен. |шарты.|шартының|луы |бы. |
    |                |түрі|діру |ның   | нөмірі |    |луы |
    |                |    |нө.  |күні  |        |    |    |
    |                |    |мірі |      |        |    |    |
___________________________________________________________________
  1          2          3    4     5        6      7     8    9
___________________________________________________________________
  1  "Кері РЕПО"
     операциялары
1.1. Тура тәсіл
...
1.2. Автоматты тәсіл
...
  2  "РЕПО"
     операциялары
2.1. Тура әдіс
...
2.2. Автоматты әдіс
...
___________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
_______________________________________________________
 Сыйақы |"РЕПО"-дағы|     "РЕПО" сомасы     |  Ескерту
ставкасы|   бағалы  |-----------------------|
        |  қағаздар |теңгемен|     Шетел    |
        |   саны    |        |валютасындағы |
_______________________________________________________
    10        11         12          13           14
_______________________________________________________
_______________________________________________________

      Бірінші басшы _________________________ күні ______________
      Бас бухгалтер _________________________ күні ______________
      Орындаушы _____________________________ күні ______________
      Телефон:_______________________________
      Мөрдің орны

"Бухгалтерлік баланс" 
1-нысанға       
3 қосымша       

200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша
_____________________ брокер-дилердің
"Орналастырылған салымдар (болуы мүмкін
залал резервтерін шегергенде)",
бухгалтерлік баланстың бабына ескерту

                                                    (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
  Р/с|Банктің баптарының|Банк|Банк.|Салым бойынша негізгі борыш
   N |  атауы  (банктер |коды|тің  |-------------------------------
     |    шегіндегі)    |    |рей. |Тең. |Шетел валю. |Салым
     |                  |    |тингі|гемен|тасындағы   |сомасының
     |                  |    |     |     |теңгемен    |жиынтығы
     |                  |    |     |     |қайта санал.|
     |                  |    |     |     |ған ақша    |
     |                  |    |     |     |қалдығы     |
___________________________________________________________________
  1            2           3     4    5         6         7
___________________________________________________________________
  1  Талап ету бойынша
     салымдар
1.1.
...
  2  Мерзімдік
     салымдар
2.1.
...
  3  Шартты салымдар
3.1.
...
  4  Барлығы
___________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
________________________________________________________
       Салым бойынша сыйақы   |Күмәнді борыштар| Ескерту
------------------------------|бойынша резерв  |
Тең. | Шетел валю.  |Сыйақы   |                |
гемен| тасындағы    |сомасының|                |
     |теңгемен қайта|жиынтығы |                |
     |саналған ақша |         |                |
     |қалдығы       |         |                |
________________________________________________________
  8          9           10           11           12
________________________________________________________
________________________________________________________

      Бірінші басшы _________________________ күні ______________
      Бас бухгалтер _________________________ күні ______________
      Орындаушы _____________________________ күні ______________
      Телефон:_______________________________
      Мөрдің орны

Бағалы қағаздар рыногында  
брокерлік-дилерлік қызметті 
жүзеге асыратын ұйымдардың  
қаржылық есеп беру тізбесі, 
нысандары және ұсыну    
мерзімдері туралы      
нұсқаулыққа 2-қосымша    
2 нысан     

200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша
__________________________ брокер-дилердің
кірістері мен шығыстары туралы есебі

                                                  (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
      Баптардың атауы   | Ес. |Есепті|Ағымдағы |Алдын.|Алдындағы
                        |керту|кезең |жылдың   |дағы  |жылдың
                        |     |ішінде|басындағы|жылдың|басындағы
                        |     |      |кезең    |осыған|осыған
                        |     |      |үшін     |ұқсас |ұқсас
                        |     |      |(өсіп    |кезеңі|кезеңі
                        |     |      |отыратын |үшін  |үшін (өсіп
                        |     |      |жиынтық. |      |отыратын
                        |     |      |   пен)  |      |жиынтықпен)
___________________________________________________________________
              1             2    3         4      5       6
___________________________________________________________________
Бағалы қағаздар рыногында
брокерлік, дилерлік
қызметтен болған сыйақы
түріндегі кірістер          39
Ағымдағы шоттар бойынша
және орналасқан салымдар
бойынша сыйақы түріндегі
кірістер                    40
Сатып алынған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
түріндегі кірістер (купон
және/немесе дисконт)        41
Бағалы қағаздарды сатып
алу-сатудан (нетто)
түскен кірістер (шығындар)  42
Саудаға арналған және
сату үшін (нетто) қолда
бар бағалы қағаздар
құнының өзгеруінен түскен
кірістер (шығындар)         43
"Кері РЕПО" операциялары
бойынша кірістер            44
Шетел валютасын (нетто)
қайта бағалаудан түскен
кірістер (шығындар)         45
Қаржылық емес активтерді
жұмсаудан және активтерді
алудан түскен кірістер      46
Басқа кірістер              47
Кірістер жиынтығы

Комиссиялық шығыстар        48
Сатып алынған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
(сыйлықақы) түріндегі
шығыстар                    49
Шығарылған бағалы
қағаздар бойынша сыйақы
түріндегі шығыстар          50
"РЕПО" операциялары
бойынша шығыстар            51
Алынған заемдар және
қаржылық жалдау бойынша
сыйақы түріндегі шығыстар   52
Жалпы әкімшілік шығыстар    53
Оның ішінде:
Еңбек және іссапар
төлемдерінің шығыстары      54
Амортизациялық аударымдар
және тозу                   55
Ағымдағы жалдау
бойынша шығыстар            56
Бюджетке төленетін
салықтар мен басқа
міндетті төлемдер
бойынша шығыстар
(корпоративті табыс
салығынан басқа)            57
Қаржылық емес активтерді
жұмсау және өткізуден
шыққан шығыстар             58
Басқа шығыстар              59
Шығыстар жиынтығы

Резервке (провизиялар)
аударардың алдындағы
пайда (шығын)

Операциялар бойынша
болуы мүмкін залал
резервтері/(резервтерді
қайта қалпына келтіру)      60
Басқа заңды тұлғалардың
капиталына қатысудан
түскен кіріс                61

Салық салынғанға
дейінгі пайда (шығын)

Корпоративті табыс салығы   62

Салық салынғаннан кейінгі
таза пайда (шығын)

Азшылық үлесі               63

Кезеңдегі таза табыс (шығын)
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы _________________________ күні _______________
      Бас бухгалтер _________________________ күні _______________
      Орындаушы _____________________________ күні _______________
      Телефон:_______________________________
      Мөрдің орны

Бағалы қағаздар рыногында  
брокерлік-дилерлік қызметті 
жүзеге асыратын ұйымдардың  
қаржылық есеп беру тізбесі, 
нысандары және ұсыну    
мерзімдері туралы      
нұсқаулыққа 3-қосымша    
3 нысан     

200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша
_________________________ брокер-дилердің
ақша қозғалысы туралы есебі (жанама әдіс)

                                                      (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
            Баптардың атауы         |Ескерту|Ағымдағы   |Алдындағы
                                    |       |жылдың     |жылдың
                                    |       |басындағы  |басындағы
                                    |       |кезең үшін |осыған
                                    |       |(өсіп оты. |ұқсас
                                    |       |ратын жиын.|кезең үшін
                                    |       |тықпен)    |(өсіп оты.
                                    |       |           |ратын жиын.
                                    |       |           |тықпен)
___________________________________________________________________
                    1                   2         3          4
___________________________________________________________________
Операциялық қызметке байланысты
түскен ақша және төлемдер
Салық салынғанға дейінгі таза
пайда (шығын)                           64
Ақшалай емес операциялық
баптарға түзетулер:
Оның ішінде:
Амортизациялық аударымдар және тозу     65
Болуы мүмкін резервтер бойынша
шығыстар                                66
Шетел валютасымен операциялар
бойынша бағамдық айырма түріндегі
жұмсалмаған кірістер мен шығыстар       67
Алуға сыйақы түрінде есептелген
кірістер                                68
Сыйақы төлеміне арналған шығыстар       69
Ақшалай емес баптарға арналған
басқа түзетулер                         70
Операциялық активтер мен
міндеттемелердегі өзгерістерге
дейінгі операциялық кіріс (шығын)
Операциялық активтердің азаюы (көбеюі):
Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектің
азаюы (көбеюі)                          71
Сатуға арналған қолда бар бағалы
қағаздардың азаюы (көбеюі)              72
Алдағы кезеңдер шығыстарының
азаюы (көбеюі)                          73
Қысқа мерзімді дебиторлық
берешектің азаюы (көбеюі)               74
"Кері РЕПО" операцияларының
азаюы (көбеюі)                          75
Саудаға арналған бағалы
қағаздардың азаюы (көбеюі)              76
Өтеу мерзімі үш айдан артық
мерзіммен орналастырылған
салымдардың азаюы (көбеюі)              77
Басқа активтердің азаюы (көбеюі)        78
Операциялық міндеттемелердегі
көбею (азаю):
Ұзақ мерзімді кредиторлық
берешектің көбеюі (азаюы)               79
Алдағы кезеңдердің кірістерінің
көбеюі (азаюы)                          80
Қысқа мерзімді кредиторлық
берешектің көбеюі (азаюы)               81
"РЕПО" операцияларының көбеюі (азаюы)   82
Басқа міндеттемелердің көбеюі (азаюы)   83
Операциялық қызметтен түскен
ақшаның көбеюі (азаюы)

Корпоративті табыс салығы               84

Салық салынғаннан кейінгі
операциялық қызметтен түскен
ақшаның көбею (азаю) жиынтығы

Инвестициялық қызметке байланысты
төлемдер мен ақшаның түсуі
Өтелгенге дейін ұсталатын бағалы
қағаздарды сатып алу (сату)             85
Негізгі құрал-жабдықтар мен
материалдық емес активтерді сатып алу   86
Негізгі құрал-жабдықтар мен
материалдық емес активтерді сату        87
Басқа заңды тұлғалардың
капиталындағы инвестициялар             88
Басқа келіп түсулер және төлемдер       89
Инвестициялық қызметтен түскен
ақшаның ұлғаю (азаю) жиынтығы

Қаржылық қызметке байланысты
келіп түскен ақшалар және төлемдер
Акцияларды шығару                       90
Борыштық бағалы қағаздарды шығару       91
Акциялар мен қатысу үлестерін
алу немесе өтеу                         92
Алынған заемдар                         93
Акциялар бойынша дивидендтерді төлеу    94
Басқа келіп түсулер және төлемдер       95
Қаржы қызметінен түскен ақшаның
таза көбею (азаю) жиынтығы

Есепті кезең үшін түскен ақшаның
таза көбею (азаю) жиынтығы

Кезеңнің басындағы ақша қалдығы         96
Кезеңнің соңындағы ақша қалдығы         97
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы _________________________ күні ______________
      Бас бухгалтер _________________________ күні ______________
      Орындаушы _____________________________ күні ______________
      Телефон:_______________________________
      Мөрдің орны

Бағалы қағаздар рыногында  
брокерлік-дилерлік қызметті 
жүзеге асыратын ұйымдардың  
қаржылық есеп беру тізбесі, 
нысандары және ұсыну    
мерзімдері туралы      
нұсқаулыққа 4-қосымша    
4 нысан     

200_ жылғы ___ _______ жағдай бойынша
____________________________ брокер-дилердің
меншік капиталындағы өзгерістер туралы есебі

                                                  (мың теңгемен)
___________________________________________________________________
                          |Жар. |Сый.|Алын.|Ре. |Бас.|Бөлін.|Жиын.
                          |ғылық|лық.|ған  |зер.|қа  |беген |тығы:
                          |капи.|ақша|капи.|втік|ре. |кіріс |
                          |тал  |(қо.|тал  |ка. |зер.|(өтел.|
                          |     |сым.|     |пи. |втер|меген |
                          |     |ша  |     |тал |    |шығын)|
                          |     |тө. |     |    |    |      |
                          |     |лен.|     |    |    |      |
                          |     |ген |     |    |    |      |
                          |     |ка. |     |    |    |      |
                          |     |пи. |     |    |    |      |
                          |     |тал)|     |    |    |      |
___________________________________________________________________
Есепті кезеңнің басындағы
сальдо
Өрескел қателерді түзету
мен есеп саясатындағы
өзгерістер
Есепті кезеңнің басындағы
қайта саналған сальдо
Есепті кезеңдегі қосымша
шығарылған (сатып алынған)
жеке акциялар (құрылтай.
шылардың қосымша салымдары
және пайлары)
Есептелген дивидендтер
Негізгі құрал-жабдықтарды
қайта бағалау
      Сату үшін қолда бар
      бағалы қағаздар
      құнындағы өзгерістер
Есепті кезеңнің кірісі
(жабылмаған шығын)
Ішкі аударымдар
Оның ішінде:
Негізгі құрал-жабдықтардың
жинақталған қайта бағалауын.
дағы өзгерістер
Резервтік капиталды
қалыптастыру
Басқа операциялар
Есепті кезеңнің соңындағы
сальдо
___________________________________________________________________

      Бірінші басшы _________________________ күні ______________
      Бас бухгалтер _________________________ күні ______________
      Орындаушы _____________________________ күні ______________
      Телефон:_______________________________
      Мөрдің орны