Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.31 № 36 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Бұйрығымен.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы N 169 "Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ереженi бекiту және кейбiр нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп тану туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде Тiркеу N 2468 тiркелген және 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 49 "Юридическая газета" газетiнде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн.
Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ережеде:
8-тармақтың жетiншi абзацында "он еседен астам" деген сөздерден кейiн "айлық" деген сөзбен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әдiлет вице-министрi С.Н. Баймағанбетовке жүктелсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр