Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 20 маусымдағы N 1141 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң 11-тармағының 14) тармақшасына және 20-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. "Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) орташа мерзiмдiк кезеңге арналған тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекiту және енгiзу жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2173 нөмiрмен тiркелген ("Ресми газетте" 2003 жылғы 5 сәуiрде N 14 нөмiрмен жарияланған) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 3 ақпандағы N 30-НҚ
бұйрығына
мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) орташа мерзiмдiк кезеңге арналған тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) бекiту және енгiзу жөнiндегi нұсқаулықта:
барлық мәтін бойынша "инвестициялық жобаларды", "инвестициялық жобаны", "инвестициялық жоба", "инвестициялық жобаға" деген сөздер тиiстi "инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды)", "инвестициялық бағдарламаны (жобаны)", "инвестициялық бағдарлама (жоба), "инвестициялық бағдарламаға (жобаға)" деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) базалық тарифтiк смета - "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
15-1-бабының 2-тармағына сәйкес уәкiлеттi орган бекiткен шығындарды қалыптастырудың Ерекше тәртiбiнiң (бұдан әрi - Ерекше тәртiп) талаптарына сәйкес Субъектiнiң инвестициялық бағдарламасын (жобасын) iске асырғаннан бастап бiр жылға белгiленген тәртiппен бекiтiлген тарифтiк смета;";
5) тармақшада "үш жылға тең" деген сөздер "бес жылға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтағы 7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) инвестициялық бағдарламаның (жобаның) болуы;";
15-тармақтағы 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) заңнамада белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органмен келiсiлген инвестициялық бағдарлама (жоба);".
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау жөнiндегi департаментi (Григорьева С.П.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк және аумақтық жұмыстар департаментi (Токарева М.А.) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:
1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгiленген тәртiппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
2) оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.