Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлеріне, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты және импортына лицензияларды беру туралы шешімді келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2004 жылғы 6 сәуірдегі N 95-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 29 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2831.

Қолданыстағы

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 15-бабын және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуіріндегі N 2201  қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсанындағы  N 1894 , "Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулерінің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  қаулыларын орындау мақсатында  бұйырамын :
      1. Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлеріне, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) импорты мен экспортына лицензияларды беру туралы шешімді келісу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қоршаған ортаны қорғаудың облыстық, қалалық (Алматы қ., Астана қ.) аумақтық басқармаларына қызметтің мынадай түрлеріне экологиялық қадағалаудың қорытындысын беру құқығына:
      күзет-өрт дабылы құралдарына және өртке қарсы автоматика құралдарын жобалау, монтаждау, орнату және техникалық қызмет көрсетуге;
      бидайды сақтауға:
      түсті және қара металдардың қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау және ұқсатуға өкілеттік берілсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
      4. Сараптау және лицензиялау департаменті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы Нұсқауды тіркеуді қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Ж.Л.Бекжановқа жүктелсін.

       Министр

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған ортаны қорғау министрінің 
2004 жылғы 6 сәуір N 95-ө     
"Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет 
көрсетулердің жекелеген түрлеріне,  
тауарлардың (жұмыстардың, қызмет  
көрсетулердің) экспорты және     
импортына лицензияларды      
беру туралы шешімді келісу жөніндегі 
нұсқаулықты бекіту туралы"     
бұйрығымен бекітілген      

  Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің
жекелеген түрлеріне, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет
көрсетулердің) экспорты мен импортына лицензияларды беру
туралы шешімді келісу жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлеріне, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортына лицензияларды беру туралы шешімді келісу жөніндегі нұсқаулық мыналарға:
      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына ;
      2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2201  қаулысын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  Қаулысына ;
      3) "Тауарлардың (жұмыстар мен қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  Қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысының 4-қосымшасында айқындалған лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлері бойынша лицензияларды беру туралы шешімге келісім беруді, сондай-ақ "Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 қаулысының 4 және 5-қосымшаларына сәйкес тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортына лицензияларды беру туралы шешімге келісім беруді Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жүзеге асырады.
      Лицензияларды беру туралы шешімге келісу экологиялық қадағалау қорытындысын беру арқылы жүзеге асырылады.

      3. Осы Нұсқаулықпен айқындалған тәртіппен қоршаған ортаны қорғаудың облыстық (қалалық) аумақтық басқармалары оларға Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі өкілеттік берген қызметтің лицензияланатын түрлері бойынша лицензияларды беру шешіміне келісім береді.

  2. Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің
жекелеген түрлеріне лицензияларды беру туралы
шешімді келісу кезінде ресімделетін құжаттар

      4. Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлеріне лицензияларды беру туралы шешімді келісуде мынадай құжаттарды беру негізінде жүзеге асырылады:
      1) еркін нысандағы өтініш;
      2) кәсіпорын Жарғысының көшірмесі заңды тұлғаның өтінішін қарастырған жағдайда;
      3) заңды тұлғаны тіркеу туралы куәлік көшірмесі немесе жеке кәсіпкердің патентінің көшірмесі;
      4) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің шаруашылық қызметінің негізгі бағыттары туралы мәлімет;
      5) қоршаған орта өндірістік мониторингінің қызмет құрылымы туралы, қызметтің осы саласы үшін жауапты қызметкерлердің біліктілік құрамы туралы мәлімет;
      6) бұрын орындалған жұмыстардың (ағымдағы және/немесе өткен жыл үшін) тізбесі және олар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
      7) табиғат қорғау заңнамасын бұзу жағдайлары және табиғат қорғау органдарының тарабынан заң бұзушыларға қолданылған шаралар туралы мәлімет;
      8) қоршаған ортаны ластауға рұқсат берулердің көшірмелері;
      9) болжанатын (жүзеге асырылатын) шаруашылық қызметі бойынша жобалау құжаттамасының, олар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы көшірмесінің болуы туралы мәлімет;
      10) атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметтің түрлеріне лицензияларды беру материалдарын қарау кезінде - кәсіпорынның санитарлық паспорты;
      11) шаруашылық қызметін жүзеге асыруға бұрын берілген лицензиялардың көшірмелері;
      12) тазарту құрылғыларының, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын тазарту, зарарсыздандыру, кәдеге жарату және қауіпсіз сақтау шарттарында қолданылатын технология, сақтау қоймаларына санитарлық паспорттардың болуы туралы мәлімет.

  3. Тауарлардың (жұмыстар мен қызмет көрсетулердің)
экспорты мен импортына лицензияны беру туралы шешімді
келісу кезінде ресімделетін құжаттар

      5. Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортына лицензияны беру туралы шешімді келісу "Тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037  қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың экспорты мен импортын лицензиялау тәртібі туралы ереженің" 5-тармағымен көзделген құжаттар негізінде жүргізіледі.

      6. Экологиялық талаптар мен нормативтерді сақтау мақсатында осы Ереженің 5-тармағымен көзделген құжаттардан басқа, мынадай қосымша материалдар беріледі:
      мынадай тауарлардың экспорты мен импорты кезінде:
      1) піл сүйектері, марал мүйіздері, тұяқтары, панталары, маржан және осындай материалдар; өсімдік және жануарлар текті дәрілік шикізат; жануарлар және өсімдік әлемінің ресурстарын өндіру және пайдалануға биологиялық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы қажет;
      2) прекурсорлар, улар, химиялық (улы) заттар, өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық заттар және өндірістік қалдықтар:
      Біріккен Ұлттар Ұйымының Әлеуетті улы химиялық заттардың Халықаралық тізілім базасынан әлеуетті улы химиялық заттардың (қалдықтарды қоса) сипаттамасын беру бойынша ақпараттық карта;
      қоршаған ортаны ластағаны үшін сақтандыру полисі;
      улы қалдықтарды, химиялық заттарды тасымалдау, сақтау, қолдану немесе ұқсату кезінде мемлекеттік бақылауды жүргізу мүмкіндігі туралы қоршаған ортаны қорғаудың облыстық басқармасының қорытындысы;
      сақтау қоймасының санитарлық паспорты;
      сақтау қоймаларының жаңасын салу немесе қайта жөндеу кезінде мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы;
      қалдықтарды жағуға, химиялық өңдеуге, сақтауға және көмуге лицензияның көшірмесі.
      Егер, өтініш беруші делдал болған жағдайда, қалдықтарды жағуға, химиялық өңдеуге, сақтауға және көмуге тиісті лицензиясы бар кәсіпорынмен шарт беріледі, оның ішінде пайдаланылған өнім ыдыстарын қоса алғанда. Бұл орайда, тауарды сату кезінде тұтынушыға келісім-шартта (шартта) пайдаланылған өнімнен босаған ыдысты міндетті түрде қайтару көзделуі қажет.

      7. Келісім-шарттарда (шарттарда) өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарының, химиялық (улы) заттардың және экспортерге өндірістік қалдықтардың импорты кезінде ақаулы тауарларды қайтарудың тәртібін көздеу қажет.

  4. Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің
жекелеген түрлеріне, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет
көрсетулердің) экспорты мен импортына лицензияны
беру туралы шешімді келісу тәртібі мен шарты

      8. 4, 6-тармақтарда көрсетілген құжаттарға заңды тұлғаның жетекшісі немесе жеке кәсіпкер қол қояды және сәйкес мөрмен куәландырылады.

      9. Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлеріне, сондай-ақ тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортына лицензияны беру туралы шешімді келісу бір айлық мерзімнен кешіктірілмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - егер, басқа заңнама актілерімен өзге мерзім белгіленбесе, өтінішті беру күнінен бастап он күндік мерзімнен кешіктірілмей беріледі.

      10. Лицензияны, оның ішінде берілген лицензиялардың іс-әрекетін ұзарту үшін келісу 4, 6-тармақта көрсетілген құжаттар негізінде жүзеге асырылады.

      11. Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлеріне лицензияны беру туралы шешімді келісу жөніндегі экологиялық қадағалаудың қорытындысы осы Нұсқаулыққа Қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
      Экологиялық қадағалау қорытындысының тұжырымдамаларында Лицензиаттың экологиялық талаптар мен нормативтерге сәйкестігі немесе сәйкессіздігі көрсетіледі.

      12. Аумақтық органдар өтініш берушіні тіркеу орны бойынша экологиялық қадағалау қорытындысын береді.
      Бұл орайда, аумақтық органдар Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берілген қорытындылар туралы есепті тоқсан сайын береді.

      13. Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлеріне, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортына лицензиясына берілген экологиялық қадағалау қорытындысын жоғалтқан кезде өтініш беруші телнұсқаны алуға құқығы бар. Экологиялық қадағалау қорытындысын берген орган 10 күннің ішінде жазбаша өтініш бойынша телнұсқаны беруді жүргізеді.

      14. Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жекелеген түрлеріне, экспорт пен импортқа (жұмысқа, қызмет көрсетуге) берілген экологиялық қадағалау қорытындысы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының  заңнамасымен көзделген лицензияның күшін тоқтату жағдайында өз күшін тоқтатады.

Қазақстан Республикасы      
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2004 жылғы 6 сәуірдегі N 95-ө    
бұйрығымен бекітілген      
"Лицензияланатын жұмыстар мен    
қызмет көрсетулердің жекелеген   
түрлеріне, тауарлардың        
(жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) 
экспорты және импортына лицензияларды 
беру туралы шешімді келісу жөніндегі" 
нұсқаулыққа қосымша       

Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің
жекелеген түрлеріне экологиялық қадағалау қорытындысы

      1. Лицензия беру жөніндегі уәкілетті ұйым:
      2. Лицензияланатын қызметтің түрі:
      3. Лицензияны келісуге алуға өтініш беруші:
      4. Ұйым туралы мәлімет:
         жетекші;
         меншік нысаны;
         ұйымды құру жылы;
         мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе
         жеке кәсіпкердің патенті;
         заңды мекен-жайы;
         өндірістік базаның болуы.
      5. Біліктілік құрамы:
      6. Бұрын берілген лицензиялардың болуы:
      7. Табиғатты пайдалану бөлігіндегі рұқсаттардың
        (нормативтердің) болуы:
      8. Лицензияланатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердің
         жекелеген түрлеріне лицензияларды беру туралы шешімді
         келісу жөніндегі осы нұсқаулықпен сәйкес барлық қажетті
         құжаттардың болуы.

      Қорытындылар.
      Қолы: