Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңының 22-бабын, Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" Заңының 35-бабын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының 36 және 52-баптарын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 15 наурыздағы N 73 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2811

Қолданыстағы

      Екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңының  22-бабының  1-тармағының а) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы"  Заңының  21 және  35-баптарына , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының  36-бабының  1-2-тармақтарына және  52-бабының  1-3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының және қатысушылары Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың акцияларымен жасалатын мәмілелерді тіркеу осы мәмілені жүзеге асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасының "Сақтандыру қызметі туралы" Заңының  35-бабының  1-тармағының 1) және 2) тармақшаларымен, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының  36-бабының  1-2-тармақтарымен және   52-бабының 1-3-тармақтарымен бекітілген талаптарының бұзылмайтындығына куәлік ететін құжаттың болуы кезінде мәмілеге қатысушылардың екі қарама-қарсы бұйрықтарының негізінде жүзеге асырылады.
      2. Қатысушылары Қазақстан Республикасының резидент еместері болып табылатын банктердің акцияларымен жасалатын мәмілелерді тіркеу рейтингтік агенттіктердің: "Standard Poor's", "Fitch" және "Moody's Investors Service" біреуін топтастыру бойынша, не қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның рұқсаты болған кезде суверенді рейтингті Қазақстан Республикасына қосылғаннан кем болмайтын ұзақ мерзімді рейтингі бар Қазақстан Республикасының заңды тұлға-резидент емес банктің құрылтайшысы (акционері) болатындығына куә болатын құжаттар болған кезде мәмілеге қатысушылардың екі қарама-қарсы бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      4. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күн мерзім ішінде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізуге құқылы брокер-дилерлерге, заңды тұлғалардың "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" және "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" бірлестігіне жіберсін.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға