N 2647 тіркелген, "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201 бұйрығына, N 1 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2004 жылғы 3 сәуірдегі N 54 бұйырығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 14 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2806.

Қолданыстағы

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 201  бұйрығына , тіркелген N 2647 мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында: 

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      6 "Әлеуметтiк қамсыздандыру және әлеуметтiк көмек" деген функционалдық тобында 9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" кіші функциясы мынадай мазмұндағы бағдарламамен 215 бағдарлама әкімшісімен толықтырылсын:
      "215 Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
      4 Азаматтардың жекелеген санатарына жол жүру төлемдерінің ұсынылған жеңілдіктері бойынша өткен жылдардың міндеттемелері";

      263 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім, мәдениет, спорт және туризм атқарушы органы" деген бағдарламаның әкімшісі бойынша 8 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік" деген функционалдық топта 2 "Спорт және туризм" кіші функциясында 26 "Жергілікті деңгейде спорттық іс-шараларды өткізу" деген бағдарлама мынадай мазмұндағы 100 және 101 кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      "100 Жергілікті деңгейде спорттық жарыстарды ұйымдастыру және өткізу";
      "101 Спорттық жарыстарда спорттың бірнеше түрлері бойынша құрама командаларды дайындау және қатысу";

      13 "Үкіметтік борышты өтеу" бағдарламасы бойынша 217 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген бағдарламаның әкімшісі бойынша 14 "Борышты өтеу" деген функционалдық топта 1 "Борышты өтеу" деген кіші функцияда 101 "Заемдарды орналастырғаны үшін комиссиялық төлеу" деген кіші бағдарламада "Қолданылу мерзімінің аяқталуы" деген бағанда «01.01.2004» деген сандар алынып тасталсын.

      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министрдің міндетін атқарушы