N 489 тіркелген "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2004 жылғы 17 наурыздағы N 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 1 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 2788. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 395 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысына сәйкес бұйырамын:

      1. "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 489 тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы-қаражат" баспасында 1998 жылы жеке ресми басылымымен жарияланған Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 184 бұйрығымен - N 81 тіркелген, Қазынашылық комитеті төрайымының мынадай бұйрықтарымен: 1999 жылғы 25 мамырдағы N 238 - N 825 тіркелген, 2000 жылғы 12 маусымдағы N 278 - 1118 тіркелген, 2001 жылғы 17 наурыздағы N 141 - N 1431 тіркелген, 2001 жылғы 30 наурыздағы N 159 - N 1487 тіркелген, 2001 жылғы 18 мамырдағы N 260 - N 1546 тіркелген, 2002 жылғы 18 ақпандағы N 67 - N 1793 тіркелген, 2002 жылғы 2 тамыздағы N 353 - N 1952 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықта:

      барлық мәтін бойынша:
      "мен гранттар", "мен гранттардың" деген сөздер алынып тасталсын;
      "Департаменті", "Департаментінің" деген сөздер "Комитеті", "Комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "кірістер мен шығыстар сметасының", "кірістер мен шығыстар сметасы" деген сөздер тиісінше "кірістер мен шығыстарды қаржыландыру жоспарларының", "кірістер мен шығыстарды қаржыландыру жоспарлары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "депозиттік шот", "депозиттік шотына", "депозиттік шоттың" деген сөздер тиісінше "депозиттік қаражат жөніндегі шот", "депозит қаражаты жөніндегі шотына", "депозиттік қаражат жөніндегі шоттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1 және 2-тармақтарда:
      "қайырымдылық көмек үшін" деген сөздер "қайырымдылық көмек бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "депозиттік шоттарға" деген сөздер "депозиттік қаражат бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7-тармақта "егжей-тегжейлі" деген сөздер алынып тасталсын;

      8-тармақта "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы N 2732 Заң күші бар Жарлығын" деген сөздер "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңын " деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақта:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "міндеттемелер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес берілген рұқсаттар шегінде міндеттемелердің қабылдануын бақылау, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың паспорттарына және белгіленген тәртіппен енгізілген өзгерістерді ескере отырып төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарына сәйкес қаражаттың мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау жасау;";
      төртінші абзацта "ашық лимиттер" деген сөздер "рұқсаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "кірістер мен ақылы қызмет көрсетуді сатудан алынатын қаражаттардың жоспар бойынша шығыстарды қаржыландыруды жөніндегі есепке алу және операцияларды демеушілік және қайырымдылық көмек, депозиттік сомалар түрінде алынған қаражаттар бойынша есепке алу, бюджетке түсетін түсімдердің тауарлық және заттай бөлігіне және оларды жұмсауға байланысты операциялардың есебін алу";

      32-тармақта:
      V. "Ақшалай қаржылар" бөлімінде:
      09 "Бюджет бойынша ашылған лимиттер" шоты бойынша:
      092 "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың екінші әкімшісіне бөлінген лимиттердің есебінен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарына арналған ашық лимиттер" қосалқы шоты алынып тасталсын;
      10 "Жергілікті бюджеттер жөніндегі лимиттер" шоты бойынша:
      109 "Тапсырысшының банктегі арнаулы есептегі күрделі салымдар бойынша мердігермен есеп айырысуына арналған қаржылар" қосалқы шоты алынып тасталсын;
      11 "Арнаулы және валюталық шоттар" шоты бойынша:
      "Қосалқы шоттың атауы" бағанында:
      "Демеушілік және қайырымдылық көмекке арналған және сақтандыру төлемін есепке алуға арналған ағымдағы шот" деген сөздер "Демеушілік және қайырымдылық көмек жөніндегі шот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Ақылы қызмет көрсетуден түсетін қаражаттарға арналған ағымдағы шот" деген сөздер "Ақылы қызметтер жөніндегі шот" деген сөздермен ауыстырылсын;
      114 "Бірлесіп қаржыландырудың арнаулы шоты" қосалқы шоты алынып тасталсын;
      116 "Гранттар жөніндегі арнаулы шот" қосалқы шотымен және 119 "Жолдағы ақша" қосалқы шотымен толықтырылсын,

      VІ. "Қаржыландыру жөніндегі ішкі ведомстволық есептер" бөлімінде:
      14 "Қаржыландыру жөніндегі ішкі ведомстволық есептер" шоты бойынша:
      141 "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың екінші әкімшісіне бөлінген лимиттердің есебінен мемлекеттік мекеменің шығыстарына арналған бюджеттен қаржыландыру бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоты алынып тасталсын;

      VІІ. Есеп айырысу бөлімінде:
      15 "Орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін берермендермен, мердігерлермен және тапсырысшыларымен есеп айырысулар" шоты 155 "Гранттар есебінен міндеттемелер жөніндегі есеп айырысулар" қосалқы шотымен толықтырылсын;
      "Қосалқы шоттың атауы" бағанында 17 "Әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" шоты бойынша:
      176 қосалқы шотының атауында ", сақтандыру төлемі" деген сөздер алынып тасталсын,

      VІІІ. Шығыстар бөлімінде:
      20 "Бюджет бойынша шығыстар" шоты бойынша:
      201 "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың екінші әкімшісіне бөлінген лимиттердің есебінен мемлекеттік мекемені ұстауға арналған бюджет бойынша шығыстар" қосалқы шоты алынып тасталсын;
      209 "Гранттар есебінен қаржыландырылатын жобалар жөніндегі шығыстар" қосалқы шотымен толықтырылсын;
      "Қосалқы шоттың атауы" бағанында 21 "Өзге шығыстар" шоты бойынша:
      212 қосалқы шотының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өзге қаражаттың есебінен капитал салымдарына жұмсалатын шығыстар";
      213 қосалқы шотының атауында "сақтандыру төлемінің" деген сөздер алынып тасталсын;

      ІХ Қаржыландыру бөлімінде:
      23 "Қаржыландыру" шоты бойынша:
      233 "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың екінші әкімшісіне бөлінген лимиттердің есебінен республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстарына арналған бюджеттен қаржыландыру" қосалқы шоты алынып тасталсын;

      Х "Нысаналы мақсаттардың қорлары мен қаржылары" бөлімінде:
      24 "Нысаналы мақсаттардың қорлары мен қаржылары" шоты 245 "Гранттар" қосалқы шотымен толықтырылсын;
      "Баланстан тыс шоттар" бөлімінде:
      12 "Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналар" бөлімі алынып тасталсын;
      12 "Міндеттемелер" шотымен толықтырылсын;

      84-тармақта:
      он екінші және он үшінші абзацтарда "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитетінің", "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің", "Денсаулық сақтау министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      109-тармақта "ақылы қызмет көрсетуден түсетін қаражаттардың ағымдағы шоттарындағы, демеушілік және қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шоттардағы және депозиттік шоттағы" деген сөздер "ақылы қызметтер бойынша, демеушілік және қайырымдылық көмек бойынша және депозиттік қаражат бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "110. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі республикалық бюджетке түсетін ақша түсімінің күтілетін көлемін ескере отырып, республикалық бюджеттің бекітілген паспорттары және міндеттемелер жөніндегі жиынтық қаржыландыру жоспарлары болған кезде "Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер үшін бюджеттің атқарылуы және есептілік нысандарын жүргізу (мерзімдік және жылдық) жөніндегі қаржылық рәсімдердің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 шілдедегі N 832 қаулысында анықталған мерзімде, тәртіппен және нысанда республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді.
      Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қаржы министрлігі оларға рұқсаттар бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар береді.
      Мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері жөніндегі қаржыландыру жоспарына, паспорттарға сәйкес республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсаттары шегінде беріледі және Қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткізіледі.";

      111-тармақ алынып тасталсын;

      112-тармақта:
      бірінші абзацта "ашылған, бөлінген лимиттер" деген сөздер "төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      113-тармақтың екінші абзацындағы "көшірмесін" деген сөздерден кейін "немесе N 4-20 н "Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" деген сөздермен толықтырылсын;

      114-тармақтың төртінші абзацында "(1, 2, 2-а, 2-б - нысандары)" деген сөздер алынып тасталсын;

      115-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын;

      117-1-тармақ алынып тасталсын;

      120-1-тармақта:
      "N 1 қазынашылықтың рұқсат" деген сөздер "рұқсат" деген сөзбен ауыстырылсын;

      120-2-тармақта:
      үшінші абзацта "N 1 нысан бойынша қазынашылық" деген сөздер алынып тасталсын;
      төртінші абзацта "2 нысан бойынша немесе N 2-а нысаны бойынша" деген сөздер "мемлекеттік мекеменің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      121-тармақта:
      екінші сөйлем алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Жергілікті уәкілетті орган ай сайын жергілікті бюджетке түсетін ақшаның күтілетін көлемін ескере отырып жергілікті бюджеттердің бекітілген паспорттары және олардың міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары болған кезде Қаржылық рәсімдер ережесінде анықталған тәртіппен, нысан бойынша және мерзімде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне рұқсаттар береді.
      Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері уәкілетті органдар оларға рұқсаттар бергеннен кейін үш жұмыс күнінің ішінде ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар береді.
      Мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері қаржыландыру жоспарына, паспорттарына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі рұқсаттарының шегінде беріледі және Қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткізіледі.";

      122-тармақта:
      бірінші абзац алынып тасталсын;
      екінші абзацта "қаржылық рұқсаттар бойынша (1-н. МБР)" деген сөздер "рұқсаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      123-тармақта "шоты" деген сөзден кейін " немесе N 4-20 Шығыстар жөніндегі жиынтық есеп" деген сөздермен толықтырылсын;

      125-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;

      128-тармақ алынып тасталсын;

      129-тармақта:
      екінші, үшінші, төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "110 "Демеушілік және қайырымдылық көмек жөніндегі шот";
      111 "Ақылы қызметтер жөніндегі шот";
      112 "Депозиттік қаражат жөніндегі шот";
      алтыншы абзац алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "116 "Гранттар жөніндегі арнайы шот";
      сегізінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "119 "Жолдағы ақша".";
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттік мекемелердің шоттары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейтін тәртіппен ашылады және жабылады.";

      130-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "130. 110 "Демеушілік және қайырымдылық көмекке арналған және сақтандыру төлемін есептеуге арналған ағымдағы шот" қосалқы шотында мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңды және жеке тұлғалардан демеушілік және қайырымдылық көмектен алатын, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы нәтижесінде мемлекеттің мүлкі зақымданған немесе жойылған жағдайда сақтандырушы жүзеге асыратын сақтандыру төлемі түріндегі қаражаттың түсуі мен жұмсалуы ескеріледі.";
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Демеушілік және қайырымдылық көмек жөніндегі шотқа, сақтандыру төлемін есептеу үшін шотқа түскен сомаға 110 қосалқы шоты дебеттеледі және 176 "Демеушілік және қайырымдылық көмек, сақтандыру төлемінің есебінен шығыстарға алынған қаражаттар бойынша есеп айырысулар" қосалқы шоты кредиттеледі;
      төртінші абзацтың бірінші сөйлемінде "қайырымдылық көмекке арналған ағымдағы шоттан" деген сөздер "қайырымдылық көмек жөніндегі шоттан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      131-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "131. 111 "Ақылы қызмет көрсету жөніндегі шот" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелер ақылы қызметтерді іске асырудан алатын қаражат көрсетіледі, олар көрсетілетін ақылы қызметтердің әрбір түрі бойынша қалыптастырылады.
      Шығыстардың функционалдық сыныптамасының кодтарын, ақылы қызметтердің түрлерін, түсімдердің пайда болу көздерін және пайдалану бағыттарын көрсете отырып ақылы қызметтердің тізбесін тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес Қаржы министрлігі бекітеді.;
      екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы абзацтар алынып тасталсын;

      132-тармақта:
      екінші абзац алынып тасталсын;
      төртінші абзацта:
      бірінші сөйлемдегі "дұрыс аударылуына" деген сөздерден кейін "төлем мерзімі басталған сәттен бастап" деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
      "Талап етіп алынбаған депозиттік сомалар оларды сақталу мерзімдері аяқталғаннан кейін мемлекеттік мекеменің өкімі бойынша тиісті бюджеттің кірісіне аударылуға жатады.";
      алтыншы абзацта "және оның аудандарының" деген сөздер алынып тасталсын;

      132.2-тармақ алынып тасталсын;

      132-3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
      "Шетел мекемесінің есептік шотына жолдағы есептелген сома түскен кезде 115 қосалқы шотының дебеті және 119 қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
      115 қосалқы шотында сондай-ақ Ғылым қорының қаражаты көрсетіледі, қорға ақшаның түсуі 115 қосалқы шотының дебеті және 272 "Өзге де қорлар" қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 132-4-тармақпен толықтырылсын:
      "132-4. 116 "Гранттар жөніндегі арнайы шот" қосалқы шотында екінші деңгейдегі банктегі арнайы шотта гранттар жөніндегі қаражаттың түсуі және жұмсалуы жөніндегі қаржылық операциялар ескеріледі.
      Гранттар жөніндегі арнайы шотқа қаражат түскен кезде 116 қосалқы шотының дебетінің және 245 "Гранттар" қосалқы шотының кредитіне жазба жасалады.
      Грант қаражатының қозғалысы жөніндегі операцияларды есепке алу 381-нысанының жинақ ведомосында (3 мемориалдық ордер) жүргізіледі.
      116 қосалқы шоты бойынша талдамалық есеп N 294-а нысанының карточкаларында жүргізіледі.";

      134-тармақтың екінші және үшінші абзацтары алынып тасталсын;

      135-тармақтың бірінші және төртінші абзацтарында "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің бағамы бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген анықталған валюта айырбасының рыноктық бағамы бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 135-1-тармақпен толықтырылсын:
      "135-1. 119 "Жолдағы ақша" қосалқы шотында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетмекемелердің шығыстарын қаржыландыруға аударған, бірақ шетмекеменің есептік шотына түспеген сома ескеріледі, бұл ретте 119 қосалқы шотының дебеті және 140 қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі;
      шетмекеменің есептік шотына жолда есептелген соманың түсуі 115 қосалқы шотының дебеті және 119 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.";

      137-1-тармақтың бірінші абзацының екінші сөйлемі және екінші, үшінші, төртінші, бесінші абзацтары алынып тасталсын;

      140-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;

      141-тармақта:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тәртібі Қаржы рәсімдері ережесімен регламенттеледі.
      Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және жергілікті уәкілетті органдар оларға рұқсаттар бергеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар береді.
      Мемлекеттік мекемелерге рұқсаттар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарына, паспорттарға сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің рұқсаттары шегінде беріледі және Қазынашылықтың аумақтық органдарына жеткізіледі.";
      үшінші, төртінші, бесінші абзацтар алынып тасталсын;

      142-1-тармақ алынып тасталсын;

      149-тармақтағы алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "155 "Гранаттардың есебінен міндеттемелер жөніндегі есеп айырысулар";

      150-тармақтың екінші және үшінші абзацтарында "109" деген сан алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 153-1-тармақпен толықтырылсын;
      "153-1. 155 "Гранттардың есебінен міндеттемелер жөніндегі есеп айырысулар" қосалқы шотында жоба бойынша жұмыстарды (қызметтерді) орындауға шарттар (келісім-шарттар) жасасқан берушілермен және мердігерлермен есеп айырысулар ескеріледі.
      155 қосалқы шотының дебеті бойынша мердігермен (берушімен) есеп айырысу бойынша орындалған жұмыстар (қызметтер) үшін аударылған сома көрсетіледі, бұл ретте 116 "Гранттар жөніндегі арнайы шот" қосалқы шоты кредиттеледі. Мердігер (беруші) орындаған жұмыстардың (қызметтердің) сомасына 209 "Гранттардың есебінен қаржыландырылатын жобалар жөніндегі шығыстар" қосалқы шотының дебетіне және 155 қосалқы шотының кредитіне жазба жүргізіледі.
      Сатып алынған активтердің, материалдық құндылықтардың құны активтердің, материалдық құндылықтардың тиісті шоттарының дебеті және 155 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Сонымен бірге активтерді сатып алу кезінде 209 қосалқы шотының дебеті және 250 "Активтердегі қор" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      155 қосалқы шоты бойынша талдамалық есепке алу N 292-а нысанының талдамалық есепке алу карточкаларында әрбір беруші және мердігер бойынша жүргізіледі.";

      166-тармақтың төртінші және бесінші абзацтарында "ақылы қызмет көрсетуден түсетін қаражаттарға арналған ағымдағы шотқа" деген сөздер "ақылы қызметтер жөніндегі шотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;

      170-тармақта "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Білім комитеті" деген сөздер "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      172-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      173-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Демеушілік және қайырымдылық жөніндегі ағымдағы шотқа, сақтандыру өтемі үшін шотқа, мақсатты тағайындау бойынша жұмсау үшін түскен сомалар 176-қосалқы шоттың кредитіне және 110-қосалқы шоттың дебетіне жазылады.";

      175-тармақтың бірінші сөйлемінде "қаражаттарды тапсырыс берушінің бюджеттік шотынан екінші деңгейдегі банктердегі немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарындағы орындаушының шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшін орындаушылармен есеп айырысулар" деген сөздер алынып тасталсын;

      176-тармақта:
      алтыншы абзац алынып тасталсын;
      жетінші абзацта "Депозиттік шотқа" деген сөздер "Депозит қаражаты жөніндегі шотқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
      176-тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын;

      192-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;

      195-тармақта:
      үшінші абзац алынып тасталсын;
      жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "209 "Гранттардың есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар";

      196-1-тармақ алынып тасталсын;

      198.1-тармақта:
      бірінші абзацта "халықаралық қаржылық ұйымдардан және шетел мемлекеттерінен алынған гранттардың есебінен шығыстар" деген сөздер алынып тасталсын;
      жетінші абзац алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 199-1-тармақпен толықтырылсын:
      "199-1. 209 "Гранттардың есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша шығыстар" қосалқы шотында гранттар есебінен жобаларды іске асыру барысында жүргізілген шығыстар ескеріледі.
      Заем қаражаттары гранттар туралы келісімде көзделген мақсатты тағайындауға қатаң сәйкес жұмсалады.
      Еңбекақы төлеу және консультант-қызметкерлердің қосымша ақысы гранаттардың қаражатынан сыйақыларды (гонорарларды) төлеу жолымен жүргізіледі. Есептелген сыйақылардың (гонорарлардың) сомасына 180 "Жұмысшылармен және қызметшілермен есептесулер" қосалқы шотының кредитіне және 209 қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізіледі. Қолданыстағы заңнамада белгіленген міндетті жарналардың есептелген сомасы 159, 171, 198 тиісті қосалқы шоттарының кредиті және 209 қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі. Төленген сыйақылардың (гонорарлардың), белгіленген тәртіппен жүргізілген ұсталымдардың сомасы 180 қосалқы шотының дебеті және 120 "Касса", 116 "Гранттар бойынша арнайы шот" қосалқы шоттарының және 17 "Әртүрлі дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу" шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.
      Гранттар жөніндегі арнайы шот бойынша операциялар жөніндегі банк қызметтеріне ақы төлеу 209 қосалқы шотының дебеті және 116 қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
      Есеп беретін тұлғалар жұмсаған аванс сомасын есептен шығаруға 160 "Есеп беретін адамдармен есеп айырысулар" қосалқы шотының кредитіне және 209 қосалқы шотының дебетіне жазба жүргізіледі.
      Ағымдағы қаржы жылы гранттарды игеру барысында жүзеге асырылған гранттар есебінен жобалар бойынша шығыстар жылдың аяғында есептен шығарылады, бұл ретте 245 "Гранттар" қосалқы шотының дебеті бойынша және 209 қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
       Гранттар есебінен жүргізілген іс жүзіндегі шығыстарды талдамалық есепке алу N 294-а нысанының карточкасында жүргізіледі.";

      200-тармақтың төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "212. "Өзге қаражаттың есебінен күрделі салымдарға жұмсалатын шығыстар";

      202-тармақта "сметасы" деген сөз "кірістер және шығыстарды қаржыландыру жоспары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      203-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "203. 212. "Өзге қаражаттың есебінен күрделі салымдарға жұмсалатын шығыстар" қосалқы шотында күрделі салымдарға ақылы қызметтерді, демеушілік және қайырымдылық көмекті, гранттарды іске асырудан алынатын қаражат есебінен жабдықтарды сатып алуға жұмсалатын және шығарылатын өнімнің өзіндік құнына жатқызуға жататын шығыстар ескеріледі:";
      209-тармақтың бесінші абзацы алынып тасталсын;
      210-1-тармақ алынып тасталсын;
      214-тармақтағы екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "245 "Гранттар";
      мынадай мазмұндағы 215-1-тармақпен толықтырылсын:
      "215-1. 245 "Гранттар" қосалқы шотында гранттардың сомасы ескеріледі.
      Алынған гранттардың сомасы 245 қосалқы шотының кредиті бойынша және 116 "Гранттар бойынша арнайы шот" қосалқы шотының дебеті бойынша көрсетіледі.
      Ағымдағы қаржы жылы гранттарды игеру барысында жүргізілген шығыстардың сомасы жыл аяғында 209 қосалқы шотының кредитінен 245 қосалқы шотының дебетіне алынады.
      Жұмсалған гранттардың сомасы қаржы жылы аяқталғаннан кейін 209 қосалқы шотының кредитінен 245 қосалқы шотының дебетіне алынады.
      Гранттардың түрлері бойынша 245 қосалқы шоты жөніндегі талдамалық есепке алу N 283 нысанының көп бағанды карточкаларында жүргізіледі.";
      217-1-тармақта:
      бірінші абзацта "және халықаралық қаржы ұйымдарынан және шет мемлекеттерден алынған гранттардың сомасы" деген сөздер алынып тасталсын;
      төртінші абзац алынып тасталсын;
      221-тармақтың екінші абзацында "112" деген сан "және 115" деген сөздермен толықтырылсын;
      229-тармақтың үшінші және бесінші абзацтарында "ақылы қызмет көрсетуден түсетін қаражаттарға арналған" деген сөздер "ақылы қызметтер жөніндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      233-тармақтың жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "12 "Міндеттемелер". Осы шотта өсу қорытындысымен мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелердің жалпы сомасы ескеріледі.
      Талдамалық есепке алу "Мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелерді есепке алу жөніндегі ведомосте" жүргізіледі, онда аумақтық қазынашылық органдарында тіркелген қабылданған міндеттемелердің сомасы жазылады. Ағымдағы қаржы жылының аяғында қабылданған міндеттемелердің сомасы жүргізілген кассалық шығыстардың сомасына азайтылады.";
      Нұсқаулыққа Қосымшада:
      Негізгі бухгалтерлік операциялар жөніндегі қосалқы шоттардың корреспонденциясында:
      реттік нөмірі 33-жолда 4-баған ", 116, 155" деген сандармен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 39-жолда 3-баған ", 209" деген санмен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 64-1-жолмен толықтырылсын:
      "64-1. Гранттар бойынша арнайы
      шотқа қаражаттың түсуі 116 245";
      реттік нөмірлері 65, 66, 69, 108 және 175-жолдар алынып тасталсын;
      реттік нөмірі 117-жолда 3-баған "209" деген санмен, 4-баған "155" деген санмен толықтырылсын;
      реттік нөмірлері 129, 153-жолдарда 3-баған ", 209" деген санмен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 131-жол мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      2 "Бір уақытта екінші жазба жүргізіледі", 3-бағанда "дебет бойынша" - "140", 4-бағанда "кредит бойынша" - "173";
      реттік нөмірі 147-жолда 3-баған ", 155" деген санмен, 4-баған ", 16" деген санмен толықтырылсын;
      реттік нөмірі 157-жолда 4-баған ", 116" деген санмен толықтырылсын;
      "Жинақтаушы Зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу жөніндегі ведомость" қосымшасы алынып тасталсын;
      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелерді есепке алу жөніндегі ведомость" қосымшасымен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Төрайым

Қазақстан Республикасы Қаржы  
министрлігінің Қазынашылық   
комитеті төрайымының     
2004 жылғы 17 наурыздағы    
N 17 бұйрығына "N 489 тіркелген
"Мемлекеттік мекемелердегі   
бухгалтерлік есеп жөніндегі  
нұсқаулықты бекіту туралы"  
Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің Қазынашылық  
департаменті директорының   
1998 жылғы 27 қаңтардағы    
N 30 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы" 
қосымша          

Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігінің Қазынашылық  
комитеті төрайымының      
1998 жылғы 27 қаңтардағы    
N 30 бұйрығымен бекітілген  
Мемлекеттік мекемелердегі   
бухгалтерлік есеп жөніндегі 
нұсқаулыққа қосымша     

___________________________
Мемлекеттік мекеменің атауы

Мемлекеттік мекеме қабылдаған міндеттемелерді
есепке алу жөніндегі ведомость

__________________ жыл үшін

__________________________________________________________________
                   | 1 айда қабылданған |Жыл басынан қабылданған
                   |    міндеттемелер   |     міндеттемелер
__________________________________________________________________
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан

Жиыны:
__________________________________________________________________

      Бір жыл ішіндегі кассалық шығыстар сомасы ____________ теңге

      Жыл аяғында орындалмаған міндеттемелердің сомасы _____ теңге

      Бас бухгалтер ___________________________