Қазақстан Республикасының Орман кодексін, "Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде өсiп тұрған сүректi босату ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1287 қаулысын іске асыру және орман пайдалануға берілетін сүрек ресурстарын, шайырды және ағаш шырындарын бағалау тәртібін айқындау мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспе ағаштарын бөлу және бағалау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетінің
2004 жылғы 2 наурыздағы
N 32 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштар
іріктеу және оларды бағалау жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық сүрек, шайыр және ағаш шырындарын, арзан қолды сүрек ресурстарын дайындау жоспарланып отырған мемлекеттік орман қоры учаскелерін әзірлеу жөніндегі шараларды (жұмыстарды) айқындайды және мемлекеттік орман иеленушілердің орындауы үшін міндетті болып табылады.
2. Сүрек дайындау орман кесудің мына түрлерін жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады:
1) өсіп-жетілген және толысып піскен ағаштарда басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу;
2) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу (орманды күтіп-баптау мақсатында кесу, іріктеме санитарлық кесу және құндылығы шамалы орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су қорғау және басқа да функцияларынан айырыла бастаған екпелерді қайта жаңартуға байланысты кесу, тал күйіндегі жекелеген ағаштарды кесу);
3) өзге кесулер (жаппай санитарлық кесу, су тораптарын, құбыр желілерін, жолдар салуға байланысты; орман соқпақтарын, өртке қарсы жыралар қазу; жарамды қоқыстарды тазалау; өзге де мақсаттар үшін кесулер кезінде орман алаптарын тазарту).
3. Мемлекеттік орман қоры учаскелерін басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуге, аралық мақсатта пайдалануға және өзге де кесулерге, сүрек, шайыр және ағаш сөлдерін, арзан қолды сүрек ресурстарын дайындауға әзірлеу кезінде мына жұмыстар жүргізіледі:
1) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта пайдалану және өзге де кесулер, сондай-ақ сүрек, шайыр және ағаш сөлдерін, арзан қолды сүрек ресурстарын дайындау жүргізілетін учаскелерді қал-қалпында іріктеу және ресімдеу;
2) дайындауға арналған орман ресурстарының мөлшерін, материалдық және ақшалай бағасын айқындау.
4. Кеспеағаштарды бөлу және бағалауды (таксациялауды) мемлекеттік орман иеленуші жүзеге асырады.
Осы Нұсқаулықты сақтау үшін жауапкершілік мемлекеттік орман иеленуші - ұйымның бірінші басшысына жүктеледі.
2. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
5. Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) кәделік сүрек - қабықсыз дөңгелек ағаш материалдары. Кәделік сүрекке мына шарттарға сай келетін ағаш діңінің қиындылары жатады:
қабықсыз жоғарғы кесігінің диаметрі кемінде 3 см;
қолданыстағы "Қылқан жапырақты тұқымдас дөңгелек ағаш материалдары", "Жапырақты тұқымдас дөңгелек ағаш материалдары", "Сүрек. Кемістіктер" МемСТ-тарына сәйкес жол берілетін нормалардан аспайтын сүрек кемістіктері;
2) мөлдек - бағалық белгілермен және мөлдек бағаналармен табиғи күйінде шектелген ағаш кесуді ұтымды пайдалануға арналған кеспеағаштың бір бөлігі;
3) технологиялық ағаштар - негізінен сүрек жаңқасын алуға арналған қабығы алынбаған дің қиындылары;
4) отындық ағаш - үй жылытуға арналған қабығы алынбаған сүрек қиындылары;
5) бұтақ қоры - қалыңдығы 3 см және одан да қалың дің бұталар қоры;
6) шөпшек пен өрім қоры - қалыңдығы 2-4 см (шөпшек) және 2 см жұқа (өрім) бөрікбасы бұталарының қоры;
7) кәделік сүрек ірілігінің санаттары (ірі, орташа, ұсақ) - қабықсыз жоғарғы кесігіндегі ірі ағаш материалдарының диаметрі бойынша айқындалады;
8) кеспеағаш - бағалық белгілермен (табиғи шептермен) және орман шаруашылығы белгілерімен шектелген кесудің барлық түрі үшін бөлінген орман учаскесі;
9) сүректің жалпы қоры - сүрек діңдері мен бөрікбасынан дайындалатын сүрек көлемі;
10) кеспеағаштарды бағалау (таксациялау) кезінде ескерілетін қалдықтар - кәделік бөліктің қабығы, кәделік қиындылар мен ұшарбасының ұзындығы бойынша қосу-алу көлемі;
11) бағалау (таксациялау) телімі - көршілес орман қоры учаскелерінен бағалау (таксациялау) сипаттамасы бойынша ерекшеленетін орман қорының бастапқы есеп өлшемі;
12) сүректің тауарлық (өнімді) қоры - қалдықтарды қоспағанда жалпы қор бөлігі.
3. Есепке алу түрлері
6. Түбірімен босатылатын сүректі есепке алу кесу тәсілдеріне байланысты:
1) алаңы бойынша (жаппай кесудің барлық түрлері кезінде қолданылады);
2) кесуге тағайындалатын ағаштар саны бойынша жүргізіледі.
Кесуге тағайындалатын ағаштар саны бойынша есепке алу:
іріктеп ерікті (бұдан әрі - іріктеп кесу), біртіндеп, екі мәрте біртіндеп және жолақтап біртіндеп (бұдан әрі - біртіндеп кесу) кесу;
сүректің орташа диаметрі 8 см және одан да жуан болған кезде сирету, жол аршу үшін кесу;
іріктеп санитарлық кесу (жас талдардың кеуіп қалғандарын кесуден басқа);
жалғыз-жарым ағаштарды кесу кезінде қолданылады.
Ағаштар саны бойынша босатылатын сүректі есепке алу кезінде кесуге тағайындалатын ағаштар алдын-ала:
3) дайындалған ағаш материалдарының саны бойынша таңбаланады.
Дайындалған ағаш материалдарының саны бойынша есепке алу, егер кесілуге тиіс сүрек қорын алдын-ала айқындау мүмкін болмаса:
жарықтандыру мен тазарту кезінде;
егер кесуге тағайындалатын сүректің орташа диаметрі кемінде 8 см болса, сирету және жол аршу үшін кесу кезінде;
жас талдардың кеуіп қалғандарын кесу, желопырық, құйын соғу, құлап қалған ағаштарды жинау кезінде жүргізіледі.
Жергілікті халықты сүрек отынымен тегін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік орман иеленуші айқындайтын кеспеағаштардан тыс жерлердегі қоқысты тазалау кезінде (кеспеағаштардан тыс жерде табиғи жолмен құлап жатқан және өнеркәсіптік мақсатта дайындалмайтын сүректің қалдығы (діңдері мен бұталары) оны босату ағаш кесу билеттерінде дайындауға жататын сүрек мөлшері көрсетіліп жүргізіледі. Бұл жағдайда орман иеленуші ағаш кесу билетінде көрсетілген мөлшерден көп дайындай алмайды.
Арзан қолды сүрек ресурстарын босату әдетте олардың мөлшерін ескере отырып жүргізіледі.
7. Есепке алудың барлық түрі жағдайында босатылуға тиіс сүрек мөлшері тығыз текшеметрмен айқындалады. Сексеуіл сүрегін босату кезінде массаны тоннамен есепке алуға рұқсат етіледі.
8. Орман ресурстарын дайындалған өнім мөлшері бойынша босату кезінде өлшеудің мынадай бірліктері қолданылады:
1) декалитрлер - сүрек сөлдері үшін;
2) тығыз текшеметрлер - бұталар және бөрене күйіндегі ағаш материалдары үшін;
3) құрастыру текшеметрлері - кесу қалдықтары, шөпшек, бұталық жем, қылқан жапырақтылар табандары үшін;
4) тонналар - шайыр, қабық үшін;
5) дана - шыбықтар мен шөпшектерден, тал шыбығынан, сондай-ақ жаңажылдық шыршалардан жасалған ұсақ сұрыптар үшін.
4. Кеспеағаштар іріктеу кезінде жүзеге
асырылатын шаралар (жұмыстар)
9. Кеспеағаштар іріктеу жөніндегі жұмыстар басталмас бұрын мемлекеттік орман иеленушілер мынадай әзірлік жұмыстарын жүргізеді:
1) мынадай орман өсіруді жоспарлау материалдарына талдау жасалады және қажет болған жағдайда пысықталады:
басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, орманды күтіп-баптау мақсатындағы кесу, санитарлық кесу, жалғыз-жарым ағаштарды жинау және қоқысты жою ведомосы;
қайта жаңартуға тағайындалған учаскелер;
шырын ағызуда тұрған және шырын ағызуға жобаланатын екпелер, мемлекеттік орман қорын есепке алу және оның сипаттамасы жөніндегі басқа да материалдар;
2) жұмыс көлемі белгіленеді және кеспеағаш қорына бірінші кезекте енгізілуге тиіс алаңдар анықталады (жай-күйі бойынша кесуді қажет ететін толысып піскен және бүлінген бітік өскен ағаштар, өткен жылдардың толық кесілмеген ағаштар мен басталмаған кеспеағаштары, шырын ағызудан алынған екпелер, сондай-ақ басқа мақсаттарда пайдалану үшін берілуіне байланысты тазартылуға тиіс алаптарда өсіп келе жатқан бітік өскен ағаштар);
3) осы Нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сүрек дайындау үшін әрбір мемлекеттік орман иелігіне, орманшылыққа немесе ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры учаскелеріне тұқымдарының топтары бойынша (қылқан жапырақты ағаштар, жұмсақ жапырақты ағаштар, қатты жапырақты ағаштар, сексеуілдер, бұталар), кесу түрлері: басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу, аралық мақсатта ағаш кесу (түрлері бойынша), басқа да кесулер бойынша (мақсаты бойынша) кеспеағаштар іріктеу жоспары жасалады.
Іріктеу жоспарын орманшы Орман кесу ережесіне және орман шаруашылығын жүргізу жөніндегі басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес орман орналастыру материалдарының негізінде жасайды және оны мемлекеттік орман иеленуші - ұйымның басшысы бекітеді.
10. Іріктеуге белгіленген орман учаскелері алдын-ала нақты күйінде тексеріледі. Егер бұл ретте нәтижесінде орман өсіруді жоспарлау деректерімен екпелер кесуге бөлінбеуі мүмкін елеулі алшақтықтар (басым тұқымның жасының асырып көрсетілуі, оның дұрыс белгіленбеуі) байқалатын болса, бұл учаскелер кесу үшін жабылады және олардың орнына басқалары іріктеледі. Сонымен бірге осындай учаскелерге орман өсіруді жоспарлау материалдарында байқалған қателіктердің сипаты туралы акт жасалады.
11. Кеспеағаштар іріктеу әдетте қар жоқ кезеңде жүргізіледі:
1) басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кесу бойынша - кеспеағаш кесуге түсуден 2 жыл бұрын;
2) аралық пайдалану үшін ағаш кесу бойынша - кесуге дейін 1 жыл бұрын;
3) өзге кесулер бойынша - нақты қажеттілігі бойынша.
12. Шайыр мен сүрек шырындарын дайындау үшін екпелер іріктеу Шайыр мен сүрек шырындарын дайындау ережесіне сәйкес жүргізіледі.
Арзан қолды сүрек ресурстарын дайындау үшін алаптарды шектеу әдетте жүргізілмейді.
13. Жалғыз-жарым ағаштарды кесу, құрылыстар мен ғимараттарға іріктелген учаскелерде жекелеген ағаштарды кесу кезінде, сондай-ақ шекарасы осы учаскелерді іріктеу кезінде айқындалған құндылығы шамалы орман екпелерін қайта жаңартуға арналған учаскелерді тазарту кезінде алаптарды шектеу жүргізілмейді.
14. Кеспеағаштар алаптарын шектеу жөніндегі жұмыстар:
1) анық орамдық соқпақтармен, шекаралық сызықтармен, бағалау (таксациялау) нысаналарымен және орман өскен жерлермен шектелмеген жақтарын қоспағанда, нысаналар орнатуды;
2) кеспеағаштар бұрыштарына орман шаруашылығы белгілерін (бағаналарын) қоюды;
3) сызықтарды өлшеп алуды, олардың арасындағы бұрыштарды және еңіс бұрыштарын өлшеуді, сондай-ақ орамдық соқпақтармен, бағалау (таксациялау) нысаналарымен немесе басқа да тұрақты бағдарлармен геодезиялық байлауды қамтиды.
15. Жазық жерлердегі кеспеағаштар негізінен тік бұрышты нысандағы кеспеағаштар түрінде іріктеледі, ал таулы ормандарда олардың шекарасы рельефтің сипатына байланысты белгіленеді. Теріс пішінді бағалау (таксациялау) телімдері, егер олардың көлемі қолданыстағы Кесу ережелерімен белгіленген кеспеағаштардың шекті мөлшерінен асып кетпесе, кесуге толықтай іріктеледі. Орамда кесуге бір мезгілде бірнеше бөлек телімдер іріктелуі мүмкін, бұл үшін олардың жиынтық көлемі кеспеағаштың белгіленген мөлшерінен асып кетпеуі керек (мысалдар осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында 1 және 2-сұлбаларда келтірілген).
16. Жаппай кеспеағаш кесулеріне бөлінетін кеспеағаштар нысаналарында барлық кіші өлшемді ағаштар (диаметрі 16 см және одан да үлкен ірі ағаштар бөлек қала береді) оларды кеспеағаш жағына қарай қаратып шабылады. Нысанаға іргелес ағаштарда белгі қойылады.
Біртіндеп және іріктеп кесуге, сондай-ақ орманды күтіп-баптау мақсатындағы кесуге іріктелетін нысаналарда ағаштар негізінен кесілмейді, ал нысаналар бұтақтар мен шыбықтарды кесу және бұтаны жинау есебінен тазартылады.
17. Кеспеағаштардың шекарасын суретке түсіру және белгілеу буссольдің, гониметрдің немесе басқа да геодезиялық аспаптардың көмегімен, ал сызықтардың өлшемі - өлшеу жолағымен немесе ұзындығы 20 м және одан да ұзын болат рулеткамен жүргізіледі.
Кеспеағаштар іріктеу кезіндегі қателіктер:
сызықтарды өлшеу кезінде - 200 метрге 1 метрден;
бұрыштарды өлшеу кезінде - 1 о -тан аспауға тиіс.
18. Қажет болған жағдайда кеспеағаштар мөлдектерге бөлінеді, бұл үшін:
1) бір кеспеағаштан сүрек босатуды әртүрлі ағаш дайындаушы жүргізуі;
2) кеспеағаштың жекелеген бөліктері еңістердің тіктігі бойынша 10 о -артық болатын таулы жағдайларда тіктігі бойынша бөлінетін ең аз мөлшерлі алқап 1 гектардан кем болмауға тиіс.
Әрбір кеспеағашта телімдердің нөмірленуі бөлек жүргізіледі.
19. Кеспеағаштың жекелеген бөліктерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтау көзделген мөлшерде өсе алатын өспе мен тал болған жағдайда өспе мен тал учаскелері табиғи күйінде шектеледі және кеспеағаш абрисіне жазылады.
20. Бағалау (таксациялау) дәлдігін арттыру мақсатында кеспеағаштар (телімдер) бітік өскен ағаштардың біртектілігі бойынша бағалау (таксациялау) телімдеріне бөлінеді. Кеспеағаштарды (телімдерді) бағалау (таксациялау) телімдеріне бөлу:
1) егер кеспеағаштың (телімнің) әртүрлі бөліктерінде құрамның кемінде екі өлшемі бар бір немесе бірнеше тұқым биіктіктерінің разрядтары бір немесе одан да көп разрядқа ерекшеленген;
2) кеспеағаштың (телімнің) жекелеген бөліктерінің бағалау (таксациялау) сипаттамасында: қор бойынша 15% астам, құрамы бойынша - 2 өлшемнен астам айырмашылық болған жағдайларда жүргізіледі.
Бағалау (таксациялау) телімінің ең аз алабы кеспеағаш (телім) алабы 10 гектарға дейін болған жағдайда 0,5 га және кеспеағаш (телім) алабы 10 гектар және одан да көп болған жағдайда - 2,0 га болып белгіленеді.
Кеспеағаш (телім) шегіндегі бағалау (таксациялау) телімдері абристе нөмірленеді, олардың қаз-қалпындағы шекарасы нысаналармен шектелмейді, оларға тек белгілер ғана қойылады.
21. Кеспеағаштардың (телімдердің) бұрыштарында диаметрі 12-16 см бағаналар қойылады. Бағаналар 0,7 м тереңдікте жерге көміледі. Бағананың жер бетіндегі биіктігі 1,3 м болуға тиіс. Жол бойына жақын маңда бағаналар айқыш-ұйқыш табан ағашпен бекітіледі.
Кеспеағаш (телім) жоғарғы жақтары екі орам етіп таралады. Таралымның астынан тиісті жазуы бар "терезе" - жұмсақ ойым қалдырылады. Кесілген жылына қарамастан екі немесе бірнеше аралас кеспеағаш (телім) бұрыштардың бір нүктесінде үйлескен жағдайда жазбалар үшін тиісті мөлшердегі "терезелері" бар бір телімдік бағана қойылады.
Жазба үлгілері:
кеспеағаштар үшін мөлдектер үшін
25-3 25-8
ЖК-2004 ЖК-2004
2-6,3 1(3)-1,7
1-ші жол - айналым мен телім нөмірі;
2-ші жол - шара түрі (жаппай кесу) және кесу жылы;
3-ші жол - кеспеағаш нөмірі және алаңы, га (жақшада - мөлдек нөмірі).
Шаралар атауларында мынадай негізгі қысқартулар қабылданды:
Жаппай кесулер - ЖК
Біртіндеп кесу - БК
Біртіндеп екі мәрте кесу - БЕК
Жолақтап біртіндеп кесу - ЖБК
Іріктеп ерікті кесу - ІЕК
Жаппай санитарлық кесу - ЖСК
Іріктеп санитарлық кесу - ІСК
Қайта жаңартып кесу - ҚЖК
Жарықтандыру - Жт
Тазарту - Тз
Сирету - Ср
Өтпелі кесу - Өтк
Басқа мақсатта ағаш кесу - БмК
22. Бағаналарда кеспеағаштың (мөлдектің) пайдалану алаңы ғана көрсетіледі. Жаппай кеспеағаштардың пайдалану алаңына:
1) көлеміне қарамастан орман өспеген учаскелер (батпақты жерлер, ағаш кесілуі, алаңқай жерлер және т.б.);
2) Ағаш кесу ережесіне сәйкес бөлінетін тұқымдық алаңдар;
3) пісіп-жетілген бітік ағаштар арасында орналасқан қылқан және қатты жапырақты ағаш тұқымдарының орта жастағы және пісіп-жетіліп қалған орманының жас талдар учаскелері енгізілмейді. Пайдаланылмайтын учаскелер шекаралық ағаштардың сыртқы жағынан жеңіл белгі қойылып нысаналармен қал-қалпында шектеледі.
Пайдаланылмайтын учаскенің алаңы учаскенің шекаралық сызықтарының өлшемдері негізінде айқындалады. Қажет болған жағдайда геодезиялық түсірім жүргізіледі.
23. Кеспеағаштарды біртіндеп және іріктеп кесуге, сондай-ақ күтіп-баптау мақсатында кесуге іріктеу кезінде орман өспеген учаскелер кеспеағаш алаңына енгізілмейді.
24. Жаппай кеспеағаш кесу үшін кеспеағаштар іріктеумен бір мезгілде Ағаш кесу ережесіне сәйкес тұқымдықтарды іріктеу және қайта есептеу, тұқымдық топтар мен алаңқайларды қоршау жүргізіледі.
Топтық және жеке дара тұқымдықтар түріндегі тұқым шашқыштар діңіндегі қабыққа ептеп қана қызыл бояу жағылып, бояумен нөмірленеді. Тұқымдық алаңқайларды шектеу шекаралық ағаштардың сыртқы жағынан қабығына жеңіл белгі қою арқылы жүргізіледі.
25. Кеспеағаштар іріктеу кезінде далалық абрис (кескін) жасалып, онда:
1) ішкі нысаналардың орналасуы және олардың арасындағы қашықтық;
2) кеспеағаштың ораммен және нысана желісімен байланымы, шекаралық және ішкі нысаналардың өлшемдері;
3) сызықтар румбалары;
4) сызықтардың өлшемдері, сондай-ақ геодезиялық түсірім кезінде сызықтардың румбалары көрсетіліп, кеспеағаш ішінде бөлінген пайдаланылмайтын алаңдар;
5) бағалау (таксациялау) телімдерінің шекарасы;
6) мөлдектердің, бағалау (таксациялау) телімдерінің нөмірлері;
7) қайта есептеу жолақтарының орналасуы;
8) әрбір мөлдек шегінде әрбір пайдалану және пайдаланылмайтын телімнің алаңы;
9) тұқымдық топтардың, алаңқайлардың, шыбығы, жас талы бар учаскелердің орналасуы және олардың алаңы көрсетіледі.
Далалық абристің (кескіннің) негізінде кеспеағаштың сызбасы жасалады (сызбаны ресімдеу мысалдары осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасындағы 1 және 2-сұлбаларда көрсетілген). Кеспеағаштар (мөлдектер) алаңдарын есептеу кезінде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшаға сәйкес, ал таулы жағдайлар үшін - сызықтар көлбеулігіне жасалатын түзетулер осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нұсқамалар басшылыққа алынады.
26. Кесуге тағайындалған учаскелерді белгілеп алғаннан кейін кеспеағаштарға бағалау (таксациялау) жүргізіледі.
Бағалау (таксациялау) әдістемесі кеспеағаштың есепке алынуы мен алаңына байланысты болады.
Кеспеағаштарды іріктеу мен бағалаудың (таксациялаудың) барлық әдістерінде 1 гектарға шаққанда құрамы, орташа биіктігі, жасы және мөлшері көрсетіліп, шаруашылық тұрғыдан бағалы тұқымдардың өміршеңдік өсімі есепке алынады.
5. Ағаштарды кесуге тағайындау
және оларды қайта есептеу
27. Ағаштарды кесуге алдын ала іріктеу барлық біртіндеп және іріктеп кесулер үшін, сондай-ақ орманды күтіп-баптау мақсатында кесу (жарықтандыруды, сиретуді және ағаштардың орташа диаметрі 8 см-ден аз, ал Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан өңірінің мемлекеттік орман иеліктері бойынша 16 см-ден аз өтпелі кесуді қоспағанда) және іріктеп санитарлық кесу (кеуіп қалған жас ағаштарды кесуден, желопырықты, жел сұлатпасын жоюдан, құлаған ағаштарды жинаудан басқа) үшін жүргізіледі. Кесуге іріктеп алынған ағаштарға 1,3 м биіктікте терең белгі салынады, ал диаметрі 8 см және одан да жуан ағаштарда (Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан өңірінің мемлекеттік орман иеліктері бойынша диаметрі 16 см және одан да жуан ағаштарда) сонымен бірге тамыр мойны таңбаланады.
28. Ағаштарды қайта есептеу тұқымдары, техникалық жарамдылық санаттары (сапасы) және табанының қалыңдағы: ағаштың орташа диаметрі 16 см-ден жуан болғанда - 4 см және ағаштың орташа диаметрі 16 см дейін болғанда - 2 см болатын жағдайларда жүргізіледі.
Диаметр 1,3 м биіктігінде өлшенеді. Тау жағдайында (еңістерде) 1,3 м биіктік ағашқа бүйір жағынан (еңістің көлбеуі бойынша) келген кезде жер бетінен белгіленеді. Диаметрлерді өлшеу бағыты күн көзіне және еңістің бағытына қатысты кездейсоқ болуға тиіс.
Қайта есептеуге табанының қалыңдығы 8 см, ал Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан өңірінің мемлекеттік орман иеліктері бойынша 16 см ағаштар жатады.
29. Техникалық жарамдылығы (сапасы) бойынша ағаштар үш санатқа бөлінеді:
1) кәделік ағаштар - діңнің тамыртақау бөлігінен алғанда кәделік сортименттердің жалпы ұзындығы 6,5 м және одан да ұзын ағаштар, ал биіктігі 20 метрден асатын ағаштарда - олардың биіктігінің кемінде үштен бірін құрайтын ағаштар;
2) жартылай кәделік ағаштар - діңнің тамыртақау бөлігінен алғанда кәделік сортименттердің ұзындығы 2 метрден 6,5 метрге дейінгі және ағаштар, ал биіктігі 20 метрден асатын ағаштарда - 2 метрден олардың биіктігінің үштен біріне дейінгі ағаштар. Тамырын ашу қажет болған жағдайда кәделік сортименттердің ең қысқа ұзындығы кемінде 3 м болуға тиіс;
3) отындық ағаштар - діңнің тамыртақау бөлігінен алғанда кәделік сортименттердің ұзындығы кемінде 2 метр немесе діңнің төменгі жартысында кемінде 3 м (тамырын ашу қажеттігін ескергенде) болатын ағаштар.
6. Сүрек босату үшін кеспеағашты алаңын
есепке ала отырып бағалау (таксациялау)
30. Кесудің жаппай кеспеағаш тәсілі үшін кеспеағашты бағалау (таксациялау) тәсілі осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасында көрсетілген шарттармен кеспеағаштың (мөлдектің) алаңына және рельефке байланысты болады.
Сексеуіл кеспеағаштарын бағалау (таксациялау) осы Нұсқаулықтың 36-тармағына сәйкес жүргізіледі.
31. Жаппай қайта есептеу кеспеағашта жүргізіледі, ал онда екі және одан да көп мөлдек болған жағдайда - осы Нұсқаулықтың 28-тармағында көзделген тәртіппен әрбір бағалау (таксациялау) телімі бойынша әрбір мөлдекте жеке жүргізіледі (мөлшерлі сұлбасы осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасындағы 1-сұлбада көрсетілген).
Жаппай қайта есептеуді жүргізудің ерекшеліктері мынадай:
1) жаппай қайта есептеу 1,3 м биіктігінде ағаштарға тиісті белгі салып, өлшегіш айырмен диаметрлерін өлшеу арқылы жүргізіледі, бұл жағдайда ағаштарға таңба соғылмайды;
2) телім, мөлдек немесе тұтастай алғанда кеспеағаш шегінде әрбір құраушы тұқым үшін өсіп тұрған ағаштардың - табанының қалыңдығы орташа үш мөлшерде болатын үш ағаштың биіктігі өлшенеді. Егер тұқымның қатысуы құрамда үш өлшемнен аспаса, табанының қалыңдығы орташа бір мөлшерде болатын осы тұқымның бес ағашы өлшенеді;
3) биіктікті өлшеу үшін ағаштар телім (кеспеағаш) алаңы бойынша біркелкі іріктеп алынады. Әрбір іріктеп алынған ағаштың диаметрі 1 сантиметрге және биіктігі 0,5 метрге дейін дөңгелектеніп 1,3 м биіктігінде өлшенеді. Егер нысаналарда кесіп алынған ағаштар диаметрі мен биіктігі бойынша орта есеппен алғанда жақын болса, өлшеу үшін осы ағаштар пайдаланылуы мүмкін;
4) қайта есептеудің, ағаштардың, іріктеп алынған тұқымдықтардың биіктігін өлшеудің, өскін мен жас талдарды есепке алудың нәтижелері кесуге тағайындалған ағаштарды қайта есептеу ведомосына осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазылады.
32. Суырпақтап қайта есептеу шекаралық сызықтарды және кеспеағаштың ұзын жағына қатар тартылған, ал онда екі және одан да көп мөлдек болған жағдайда - әрбір мөлдектің ұзын жағына қатар тартылған ішкі нысаналар бойымен осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасындағы 2-сұлба мысалында отырғызылған ағаш жалдарында жүргізіледі. Кеспеағаштың нысанына, жергілікті жердің рельефіне және өсіп тұрған ағаштардың ерекшеліктеріне байланысты жолақтар бүкіл кеспеағашты (мөлдекті) қамтитын және сипаттайтын жағдайда оларды басқаша орналастыруға да жол беріледі.
Суыртпақтап қайта есептеу ерекшеліктері мынадай:
1) қайта есептелетін жалдардың саны және жалдардың ені тұтастай алғанда кеспеағаш (мөлдек) үшін оның еніне байланысты осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасында көрсетілген шарттарға сәйкес белгіленеді;
2) суыртпақтап қайта есептеудің жиынтық алаңы кеспеағаштың (мөлдектің) жалпы алаңының кемінде 10 % құрауға тиіс;
3) егер шекаралық сызықтар орман пұшпағының, ағаш кесілген ескі жерлердің, кең соқпақтардың бойымен өтсе немесе бағалау (таксациялау) сипаттамасы мөлдектегі (телімдегі) осындай сипаттамадан өзгеше болатын бүлінген ағаштарға жанасса, онда оларды қайта есептеу жалдарын салу үшін пайдалануға жол берілмейді және тиісінше ішкі нысаналарда жалдардың саны немесе ені көбейеді;
4) ішкі нысаналар шекаралық сызықтардан шамамен тең қашықтықта орналасуға тиіс. Нысаналар арасындағы қашықтықтарда олардың арасындағы орташа қашықтықтың 20 пайызынан аспайтын мөлшерде айырмаға жол берілмейді. Ішкі нысаналар міндетті түрде ілу, ағаштарға белгі салу арқылы және өлшегішпен тартылады;
5) суыртпақтап қайта есептеу алаңдарын дұрыс белгілеу - кеспеағашты осы әдіспен бағалау (таксациялау)дың дәлме-дәлдігін арттырудың негізгі шарттарының бірі. Жалдардың енін қайта есептеуді көзбен мөлшерлеп анықтауға жол берілмейді;
6) қайта есептелетін жалдың енін бақылап өлшеу өсіп тұрған ағаштардың көрінуіне қарай әрбір 20-40 м сайын жүргізіледі. Жалдардың шекарасы ағаштарға салынатын таңбалармен немесе жалдың бүкіл ұзындығы бойына белгілермен белгіленеді. Жалдың ені ұзындығы 2,5 м сырықпен өлшенуі мүмкін;
7) қайта есептеу жалының бұрыштарына телімнің нөмірі және қайта есептеу жалының ұзындығы көрсетілген қазықтар қағылады;
8) жалдардағы ағаштардың диаметрлері мен биіктіктерін өлшеу және өсу сипаттамасын анықтау жаппай қайта есептеудегі сияқты жүргізіледі. Қайта есептеу ведомосы әрбір мөлдекке жасалады, ал егер ол телімдерге бөлінген болса, онда осы Нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әрбір телімге жасалады.
7. Ағаштар саны мен дайындалған ағаш материалдарының
мөлшерін ескере отырып сүрек босату үшін кеспеағаштарды
бағалау (таксациялау)
33. Басты мақсатта пайдалану үшін біртіндеп және іріктеп кесуге бөлінген кеспеағаштарда кесуге тағайындалған ағаштар санын ескере отырып сүрек босату үшін, сондай-ақ орманды күтіп-баптау мақсатында кесуді және іріктеп санитарлық кесуді жүргізу үшін шекаралары кесілуге жататын ағаштардағы таңбалармен белгіленетін жолдарға (технологиялық дәліздерге) алдын ала өлшем жасалады.
34. Белгіленген енді жолдардағы ағаштарды тұқымдары және техникалық жарамдылық санаттары бойынша бөліп, оларға жаппай қайта есептеу жүргізіледі. Содан соң соқпақтарда кесуге ағаштар іріктеп алынып, олар тамыр мойнында таңбаланады және 1,3 м биіктігінде терең белгі салынады және қайта есептеу дәл осындай тәртіппен жүргізіледі. Кесуге белгіленген барлық ағаштарды қайта есептеудің және модельді ағаштардың биіктігін өлшеудің деректері кесуге тағайындалған ағаштарды қайта есептеу ведомостқа енгізіледі. Кесілуге тиіс сүректің сортименттік құрылымы биіктіктердің тиісті разрядының сортименттік кестелері бойынша белгіленеді.
35. Кесудің жиілігі Ағаш кесу ережесіне сәйкес белгіленеді және осы орман құрылымы бойынша кесуге дейінгі екпелердің жалпы қорына кесуге тағайындалған сүректің (жолдар мен соқпақтарда) санына ара-қатынасымен айқындалады.
36. 27-тармақта көрсетілген жағдайларда жарықтандыру, тазалау, сирету және өтпелі кесу жүргізу кезінде, сондай-ақ сексеуіл екпелерінде басты мақсатта пайдалану үшін кесу кезінде кесілуге тиіс сүрек мөлшерін алдын ала анықтап алу үшін көлемі екпелердің біртектілік дәрежесіне байланысты кеспеағаш алаңының 1 пайызынан 3 пайызына дейін болуы мүмкін (екпелер біртекті болған сайын іріктеу пайызы солғұрлым аз болады) сынақ алаңдары алынады. Екпеағаш (мөлдек) көлемі 5 гектарға дейін болған жағдайда кемінде екі сынақ алаңы, кеспеағаш (мөлдек) көлемі 6-10 гектар болғанда - кемінде үш сынақ алаңы және 10 гектардан астам болған жағдайда - оларды кеспеағаш (мөлдек) бойынша біркелкі орналастырып әрбір 10 гектарға бір сынақ алаңынан алынады. Қал-қалпындағы сынақ алаңдары сынақ алаңының бұрыштарына орнатылатын биіктігі 0,5 м қазықтармен белгіленеді. Қазықтарға "СА" (сынақ алаңы) деген жазба жасалады.
Сынақ алаңында ағаштарды іріктеу, кесу және дайындалған сүректі сортименттерге бөлу жүргізіледі. Сынақ алаңын пысықтау деректері кеспеағаштың (мөлдектің) бүкіл алаңына көшіріледі.
37. Кесудің басқа тәсілдерінде де, сондай-ақ кесуге диаметрі кемінде 8 см ағаштар тағайындалатын кеспеағаштарды біртіндеп, іріктеп кесуге және орманды күтіп-баптау мақсатында кесуге іріктеу кезінде кесілуге тиіс жіңішке сүректің қоры дәл осындай тәртіппен айқындалады.
38. Босатылатын сүректі дайындалған ағаш материалдарының мөлшері бойынша есепке алу кезінде дайындалуға тиіс сүректің қоры алдын ала көз мөлшерімен айқындалады. Қажет болған жағдайларда кеспеағаш (мөлдек) алаңының 3-5 % қамтитын сынақ алаңдары алынуы мүмкін. Сынақ алаңдарының деректері кейіннен кеспеағаштың (мөлдектің) бүкіл алаңына көшіріледі.
Дайындалған ағаш материалдарының түпкілікті есебі нақты дайындау деректері бойынша (кеспеағаштарда немесе төменгі қоймаларда) жүргізіледі.
8. Кеспеағаштарды материалдық және
ақшалай бағалау (таксациялау)
39. Кеспеағаштарды (мөлдектерді) бағалау (таксациялау) бойынша жалпы нұсқаулар:
1) кеспеағаштарды (мөлдектерді) материалдық бағалау (таксациялау) кезінде сүректің жалпы қоры ол кәделік және отындық бөліктерге, ал қажет болған жағдайларда ұшарбасының жарамды бөлігіне бөлініп айқындалады. Кәделік сүрек ірілік (ірі, орташа, ұсақ) санаттары бойынша бөлінеді. Өрім талдардың орташа көлемі есептеп шығарылады;
2) түбірімен босатылатын сүректі, сондай-ақ арзанқолды сүрек ресурстарын ақшалай бағалау (таксациялау) түбірімен босатылатын сүрек үшін ақының қолданыстағы базалық ставкаларының негізінде әрбір кеспеағаш (мөлдек) бойынша жүргізіледі;
3) материалдық-ақшалай бағалау (таксациялау) ведомосында қалыңдық сатылары бойынша көлемдер 0.01 м 3 дейін дөңгелектеп есептеледі, ал мөлдек бойынша жалпы қорытындылар 1 м 3 дейін дөңгелектенеді, сүректі ақшалай бағалау (таксациялау) 1 теңгеге дейін дәлдікпен жүргізіледі;
4) кеспеағаштарды материалдық бағалау (таксациялау) кезінде "Қазақстан ормандарын бағалауға (таксациялауға) арналған нормативтер", ІІ бөлім: "Қазақстан ормандарына арналған сортименттік және тауарлық кестелер" анықтамалығында (Қайнар, 1987) жарияланған сортименттік және тауарлық кестелер пайдаланылады.
40. Жаппай және суыртпақтап қайта есептеу материалдарын өңдеудің ерекшеліктері:
1) Кесуге тағайындалған ағаштарды қайта есептеу ведомосынан тұқымдары, қалыңдық сатылары және техникалық жарамдылық санаттары бойынша кеспеағаштағы (мөлдектегі) ағаштар саны осы Нұсқаулықтың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жаппай, суыртпақтап қайта есептеу кезінде Материалдық-ақшалай бағалау (таксациялау) ведомосына көшіріп жазылады. Бұл ретте жартылай кәделік ағаштар саны кәделік және отындық болып тепе-тең бөлінеді;
2) қайта есептеу ведомосында келтірілген ағаштар биіктігін өлшеу негізінде басым тұқым үшін өлшем жасалған қалыңдықтың әрбір сатысы бойынша, ал қалған құраушы тұқымдар үшін - қалыңдықтың орташа сатысы бойынша орташа арифметикалық биіктіктер есептеп шығарылады.
Биіктіктер мен диаметрлердің ара-қатынасы бойынша биіктіктер разрядтары кестелерінің көмегімен өлшенген қалыңдық сатыларының әрқайсысының биіктігі разряды айқындалады. Тұқым бойынша орташа разряд қалыңдық сатылары бойынша разрядтардың орташа арифметикалық разряды ретінде белгіленеді.
Ағаштарды қайта есептеу қабат-қабат бойынша жүргізілетін күрделі ағаш шоғырларында биіктік разрядтары да қабат-қабат бойынша, ал қажет болған жағдайларда - жас өлшемдері бойынша айқындалады;
3) сорттар мен сортименттер бойынша ірілік санаты шегінде кәделік сүректің, технологиялық ағаштардың, отындық ағаштардың, ағаштың ұшар басы қалдықтарының, өтімді бөліктерінің жалпы қоры, өнімі биіктіктердің тиісті разрядының сортименттік кестелерінің деректерін ағаштар санына көбейту арқылы әрбір мөлдек пен тұқым бойынша айқындалады;
4) жалдарды қайта есептеу материалдарын өңдеу кезінде сүректі материалдық бағалау (таксациялау) жаппай қайта есептеу кезіндегі сияқты жүргізіледі. Қайта есептеу алаңынан кеспеағаш (мөлдек) алаңына көшу үшін ауыстыру коэффициенті (0,01-ге дейін дөңгелектеп) есептеледі, ол кеспеағаштың (мөлдектің) пайдалану алаңын (тұқымдық шоқ ағаштар мен белдеулер алаңынсыз) қайта есептеу алаңына бөлу жолымен айқындалады. Әрбір тұқым бойынша қорытындылар аудару коэффициентіне көбейтіледі және осылайша тұтастай алғанда кеспеағаш (мөлдек) үшін барлық көрсеткіштер бойынша көлемдер есептеп шығарылады. Ақшалай бағалау (таксациялау) жүргізілгенге дейін мөлдек бойынша көлемдерден қалдырылатын тұқымдықтар және тұқымдық топтардағы ағаштар қоры алып тасталады;
5) мөлдектегі өрім талдың орташа мөлшері (қажет болған жағдайда) дің сүрегінің өнімді қорын қайта есептеу діңдерінің санына бөлуден жеке қаралатын мөлшер ретінде есептеледі;
6) жаппай емес басты мақсатта пайдалануға кесуге, орманды күтіп-баптау мақсатында кесуге және іріктеп санитарлық кесуге бөлінген кеспеағаштарда (мөлдектерде) мөлдектегі (телімдегі) іріктеп алынатын сүректің қоры 7-бөлімге сәйкес кесуге тағайындалған ағаштарды қайта есептеу деректері бойынша айқындалады. Материалдарды одан әрі өңдеу жаппай және суыртпақтап қайта есептеу сияқты тәртіппен жүргізіледі;
7) біртіндеп ұзақ мерзімді кесу кеспеағаштарында алдымен жаппай кесу үшін жалдарды қайта есептеу кезіндегі сияқты қалыңдық сатылары бойынша жалпы қоры мен оның сортименттік құрылымы айқындалады. Жалпы қоры мен қабылданған кесу жиілігі бойынша кесуге жататын сүрек көлемі есептеп щығарылады, оған қалыңдығы жоғары сатылардағы ағаштар енгізіледі. Сүрекдіңнің қалған бөлігі (неғұрлым төмен сатылары) кесуге жатпайды. Қайта есептеу жалдарында алынған қалыңдық сатылары кесуге белгіленген ағаштар үшін ірілік және отындық ағаш сатылары бойынша кәделік сүректің жалпы қоры, өнімі туралы деректер мөлдек (телім) алаңына аударылады.
9. Кеспеағаштар іріктеу мен бағалау (таксациялау)
жөніндегі жұмыстардың дәлме-дәлдігіне қойылатын
талаптар және сапасын бақылау
41. Кеспеағаштарды іріктеу және бағалау (таксациялау) жөніндегі жұмыстардың сапасын бақылау оларды орындау барысында да, олар аяқталғаннан кейін де жүргізіледі. Бақылау нәтижесінде:
1) іріктелген кеспеағаш қорының есепті кеспеағашқа және тұқымдар топтары, пайдалану түрлері және мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша сүрек босатудың белгіленген көлемдеріне сәйкестігі;
2) Орман кесу ережесі талаптарының сақталуы;
3) кеспеағашты (мөлдекті) бағалау (таксациялау) әдісін таңдаудың дұрыстығы;
4) нақты жұмыстардың және іріктеу материалдарын техникалық ресімдеудің сапасы;
5) анықтамалық-нормативтік материалдарды (биіктік разрядтарының қосымша кестелерін, сортименттік және тауарлық кестелерді) таңдау мен қолданудың дұрыстығы анықталады.
42. Кеспеағаштарды іріктеу және бағалау (таксациялау) жөніндегі жұмыстарды тексеруді орманшылық өкілінің қатысуымен мемлекеттік орман иеленуші саны бойынша кеспеағаштардың кемінде 5 % және әрбір орманшылық бойынша 3 %-ында, бірақ кемінде 2 кеспеағашта жүргізеді.
Мемлекеттік орман иеленушілер функционалдық қарауында болатын аумақтық органдар кезең-кезеңдік бақылауды жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері бойынша кеспеағаштарды тексеру және бағалау (таксациялау) актісі жасалады, мемлекеттік орман иеленушілер ауық-ауық бақылау жасап отырады. Тексеру нәтижелері бойынша осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кеспеағаштарды іріктеу мен бағалауды (таксациялауды) тексеру актісі жасалады.
Жұмыс мынадай жағдайларда:
1) кеспеағашты іріктеу Орман кесу Ережесін бұза отырып жүргізілген;
2) жаппай және жалдарды қайта есептеу деректері кеспеағаштағы кәделік сүректің жалпы қоры және қоры бойынша тексеру деректерімен алшақтығы 10 % асып кеткен;
3) нысана саны осы Нұсқаулықта көзделген мөлшерден аз болған;
4) орташа биіктіктер мен диаметрлердің дұрыс айқындалмауына (7 % және одан көп қателікпен), ағаштардың техникалық жарамдылық санатына қате бөлінуіне (олардың санында 12 % және одан да көп қателікпен) жол берілген;
5) іріктелген кеспеағаштарды табиғи күйінде ресімдеу қанағаттанарлықсыз болған (шекаралардың түсініксіздігі, бағандардың немесе оларда жазулардың болмауы);
6) кеспеағаштарды жаппай емес кесуге және орманды күтіп-баптау мақсатында кесуге іріктеу кезінде:
іріктелетін сүректің қоры 10 %-дан астам алшақтықта болған;
ағаштарды кесуге (қате тағайындалған және қате қалдырылған) кесуге жататын ағаштардың жалпы санына 10 %-дан астам мөлшерде дұрыс іріктеп алынбамаған жағдайларда қанағаттанарлықсыз деп танылады.
43. Тексеру нәтижелеріне байланысты мемлекеттік орман иеленуші кеспеағаштарды іріктеу және бағалау (таксациялау) материалдары бойынша материалдарға түзету енгізіледі немесе жұмыс қайтадан орындалады.
10. Кеспеағаш қоры бойынша құжаттама
44. Осы Нұсқаулыққа сәйкес жасалған кеспеағаштардың далалық абристері, ағаштарды қайта есептеу, биіктіктерді өлшеу, өскіндерді есепке алу және басқа да ведомостар, материалдық-техникалық бағалау (таксациялау) ведомостары мемлекеттік орман иеленушіде сақталады.
Көрсетілген құжаттардан басқа екі данада мыналар жасалады:
1) пайдалану түрлері бойынша жылдық іріктеу альбомдарына кітапша етіп тігілетін кеспеағаштар сызбалары, олардың бір данасы орманшылықта, екіншісі мемлекеттік орман иеленушіде сақталады;
2) осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кезекті жылдық кеспеағаштың ведомосы, оның бір данасы орманшылықта, екіншісі мемлекеттік орман иеленушіде сақталады.
45. Мемлекеттік орман иеленуші өзінің жоғары тұрған ұйымына осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасына сәйкес Кезекті жылдық кеспеағаштың жиынтық ведомосын береді.
46. Планшеттер мен бағалау (таксациялау) сипаттамаларына Ағымдағы өзгерістерді енгізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес орман орналастыру, орман қорының мемлекеттік есебі және мемлекеттік орман кадастры материалдарына қажетті өзгерістер мен жазбалар енгізіледі.
47. Осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Орман шығысы кітабын мемлекеттік орман иеленуші жүргізеді, сондай-ақ ол орманшылықтарда жүргізіледі.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
кеспеағаштар іріктеу және оларды
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
1-қосымша
1-сұлба. Жаппай қайта есептеу кеспеағаш абрисі
1-сұлбаның шартты белгілерін қағаз мәтінінен қараңыз. 2-сұлба. Жалдарды қ.есептеумен іріктелген мөлдектерге бөлінген кеспеағаш абрисі
2-сұлбаның шартты белгілерін қағаз мәтінінен қараңыз.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
кеспеағаштар іріктеу және оларды
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
2-қосымша
Телімдер мен мөлдектер алаңдарын есептеу техникасы
Дұрыс нысандағы (тікбұрыш, трапеция және басқалар түрінде) кеспеағаштар (мөлдектер) алаңдарын есептеу жалпыға бірдей қабылданған тәсілмен жүзеге асырылады
(3-сұлба)
3-сұлба. Трапеция мен тікүшбұрыш алаңдарын анықтау
3-сұлбаның шартты белгілерін қағаз мәтінінен қараңыз.
Нысаны дұрыс емес кеспеағаштар (мөлдектер) алаңы екі түрлі тәсілмен: квадраттар торлары түріндегі палеткамен немесе параллель сызықтары бар палеткамен есептеледі.
Квадраттар торлары түріндегі палетканы пайдалану кезінде өлшенетін учаскенің шекарасына енетін көлемі 1 см 2 және 1 мм 2 квадраттар санына есептеледі. Бұл сан 1 см 2 және 1 мм 2 өлшеммен гектарлар санына көбейтіледі. Алаң гектарлармен осылай айқындалады.
Параллель сызықтар түріндегі палеткаларды пайдалану неғұрлым тиімді. Ол калькаға немесе айтарлықтай ашық қағазға сызылады. Палетка сызықтары арасындағы қашықтық 8 мм (4-сұлба).
4-сұлба. Нысаны дұрыс емес учаске алаңын анықтау
схемасы:
4-сұлбаның шартты белгілерін қағаз мәтінінен қараңыз.
1 - трапециялар мен үшбұрыштардың орта сызықтары (палетка сызықтары),
2 - шартты трапециялар мен үшбұрыштардың сызықтары (көрнекілік үшін көрсетілген),
H - орта сызықтар аралығындағы қашықтық (палетка қадамы),
L - телім пішінімен шектелген палетка сызықтарының ұзындығы,
S телім =(l 1-1 +l 2-2 +l 3-3 +...+l 9-9 )хһ
Палетка телім сызбасына сызықтар учаскенің ұзын кіндігіне шамамен тік өтетіндей етіп қойылады. Өлшегіш-циркульдің немесе сызғыштың көмегімен учаске шегінде палетканың әрбір сызығының қиындысының ұзындығы айқындалады (учаске шегінде сызықтар саны 5-тен кем болмауға тиіс). Қиындылардың осы ұзындықтарының сомасы 0,1 см-ға дейін дөңгелектеніп, 0,8-ге және 1 см 2 өлшемдегі гектарлар санына көбейтіледі. Гектарлар күйіндегі алаң осылай алынады.
1 см 2 өлшеміндегі гектарлар саны абриса масштабына байланысты:
масштаб 1:10 000 - 1 см 2 - 1 га,
масштаб 1:20 000 - 1 см 2 - 4 га,
масштаб 1:25 000 - 1 см 2 - 6,25 га.
Содан соң кеспеағаштағы (мөлдектегі) барлық учаскелер бойынша есептелген алаңдар сомасы айқындалады. Ол кеспеағаш (мөлдек) алаңымен теңестіреді. Егер жол берілмейтін - 2 пайыздан астам қателік орын алса, осы қателік іздестіріледі. 2 пайызға дейін жол берілетін қателік кеспеағаштың (мөлдектің, телімнің) әрбір жеке учаскесінің алаңына тең бөлінеді.
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
кеспеағаштар іріктеу және оларды
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
3-қосымша
Сызықтар көлбеуіне арналған түзетулер кестесі, м
__________________________________________________________________
Көлбеу| Қашықтық
бұрышы|___________________________________________________________
градус| 10 | 20 | 30 | 40 | 50 | 60 | 70 | 80 | 90 | 100
__________________________________________________________________
4 0,0 0,0 0,1 0,1 0,1 0,1 0,2 0,2 0,2 0,2
5 0,0 0,0 0,1 0,2 0,2 0,2 0,3 0,3 0,3 0,4
6 0,1 0,1 0,2 0,2 0,3 0,3 0,4 0,4 0,5 0,5
7 0,1 0,1 0,2 0,3 0,4 0,4 0,5 0,6 0,7 0,7
8 0,1 0,2 0,3 0,4 0,5 0,6 0,7 0,8 0,9 1,0
9 0,1 0,2 0,4 0,5 0,6 0,7 0,9 1,0 1,1 1,2
10 0,2 0,3 0,5 0,6 0,8 0,9 1,1 1,2 1,4 1,5
11 0,2 0,4 0,6 0,7 0,9 1,1 1,3 1,5 1,7 1,8
12 0,2 0,4 0,7 0,9 1,1 1,3 1,5 1,7 2,0 2,2
13 0,3 0,5 0,8 1,0 1,2 1,5 1,8 2,1 2,3 2,6
14 0,3 0,6 0,9 1,2 1,5 1,8 2,1 2,4 2,7 3,0
15 0,3 0,7 1,0 1,4 1,7 2,0 2,4 2,7 3,1 3,4
16 0,4 0,8 1,2 1,5 1,9 2,3 2,7 3,1 3,5 3,9
17 0,4 0,9 1,3 1,7 2,2 2,6 3,1 3,5 3,9 4,4
18 0,5 1,0 1,5 2,0 2,4 2,9 3,4 3,9 4,4 4,9
19 0,5 1,1 1,6 2,2 2,7 3,3 3,8 4,4 4,9 5,4
20 0,6 1,2 1,8 2,4 3,0 3,6 4,2 4,8 5,4 6,0
21 0,7 1,3 2,0 2,7 3,3 4,0 4,6 5,3 6,0 6,6
22 0,7 1,5 2,2 2,9 3,6 4,4 5,1 5,8 6,6 7,3
23 0,8 1,6 2,4 3,2 4,0 4,8 5,6 6,4 7,2 7,9
24 0,9 1,7 2,6 3,5 4,3 5,2 6,1 6,9 7,8 8,8
25 0,9 1,9 2,8 3,7 4,7 5,6 6,6 7,5 8,4 9,4
26 1,0 2,0 3,0 4,0 5,1 6,1 7,1 8,1 9,1 10,1
27 1,1 2,2 3,3 4,4 5,4 6,5 7,6 8,7 9,8 10,9
28 1,2 2,3 3,5 4,7 5,9 7,0 8,2 9,4 10,5 11,7
29 1,2 2,5 3,8 5,0 6,3 7,5 8,8 10,0 11,3 12,5
30 1,3 2,7 4,0 5,4 6,7 8,0 9,4 10,7 12,1 13,4
31 1,4 2,9 4,3 5,7 7,1 8,6 10,0 11,4 12,9 14,3
32 1,5 3,0 4,6 6,1 7,6 9,1 10,6 12,2 13,7 15,2
33 1,6 3,2 4,8 6,5 8,1 9,7 11,3 12,9 14,5 16,1
34 1,7 3,4 5,1 6,8 8,5 10,3 12,0 13,7 15,4 17,1
35 1,8 3,6 5,4 7,2 9,0 10,8 12,7 14,5 16,3 18,1
36 1,9 3,8 5,7 7,6 9,5 11,5 13,4 15,3 17,2 19,1
37 2,0 4,0 6,0 8,1 10,1 12,1 14,1 16,1 18,1 20,1
38 2,1 4,2 6,4 8,5 10,6 12,7 14,8 17,0 19,1 21,2
39 2,2 4,5 6,7 9,9 11,1 13,4 15,6 17,8 20,1 22,3
40 2,3 4,7 7,0 8,4 11,7 14,0 16,4 18,7 21,1 23,4
__________________________________________________________________
Мысал. Өлшенген сызықтың ұзындығы 146 м., көлбеу бұрышы 20 о
100 м сызыққа түзету 6,0 м құрайды.
" " 40 м " 2,4 м
" " 6 м " 0,36 м
146,0 м 8,76 м
Осыдан келіп сызықтың жазықтық жалғасы 146,0 м - 8,8 м = 137,2 м теңеледі
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
кеспеағаштар іріктеу және оларды
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша
________________ орманшылығы бойынша
20__жылға арналған кеспеағаштар
іріктеу жоспары
__________________________________________________________________
Орам |Телім |Басым| Кесу | Іріктеуге жатады | Кеспеағаштар
нөмірі|нөмірі|тұқым|тәсілі|____________________|іріктеліп отырған
| | | |алаңы,| қор, м 3 |ағаш дайындаушының
| | | | га |_____________| атауы
| | | | |жалпы|соның |
| | | | | |ішінде |
| | | | | |жарамды|
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8
__________________________________________________________________
Мемлекеттік орман қорының санаты ___________________________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
кеспеағаштар іріктеу және оларды
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
5-қосымша
Кеспеағашты бағалау (таксациялау)
әдісін таңдауға арналған шарттар
__________________________________________________________________
Кеспеағаштарды бағалау | Кеспеағаш (мөлдек) | Қолдану шарттары
(таксациялау) әдісі | алаңы, га |
__________________________________________________________________
Жаппай қайта есептеу 10 гектарға дейін Жазықтағы ормандар
Суыртпақтап есептеу 10 гектардан астам Жазықтағы ормандар
Жаппай қайта есептеу 5 гектарға дейін Таулы ормандар
Суыртпақтап есептеу 5 гектардан астам Таулы ормандар
__________________________________________________________________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
кеспеағаштар іріктеу және оларды
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша
Қайта есептелетін жалдардың саны және олардың ені
__________________________________________________________________
Кеспеағаштың | Қайта есептелетін | Жалдың ені, м
(мөлдектің) | жалдар саны |
ені, м | |
__________________________________________________________________
|шекаралық | ішкі |шекаралық | ішкі
|сызықтарда| нысаналарда |сызықтарда| нысаналарда
__________________________________________________________________
100 метрге дейін 4 - 10 -
101-200 4 1 10 10
__________________________________________________________________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
кеспеағаштар іріктеу және оларды
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
7-қосымша
Кесуге тағайындалған ағаштарды қайта есептеу ведомосы
Мемлекеттік орман иеленуші _______________________________, _____________________________________ орманшылығы, мемлекеттік орман қорының санаты ________________________________________, басым тұқым __________________________________________, орам N _____, кеспеағаш N _____, мөлдек N __________, бағалау телімі N______, кеспеағаштың (мөлдектің) пайдалану алаңы _______га. Кесу түрі _________________________, кесу тәсілі _________________. Қайта есептеу: жаппай, суыртпақтап (керегі сызылсын). Жалдар N ______, жалдар ұзындығы _______ м, жалдар ені _______. Өскін: құрамы _____________________, 1 гектарға саны _______ мың дана., өскіннің орташа биіктігі_______________ м. Тұқымдық алаңдар саны ______ дана., олардың алаңы _______ га.
Орманды қалпына келтіру тәсілі __________________________________. Тазалау тәсілі ______________________________________________.
__________________________________________________________________
Қалың.|Тұқымдар бойынша ағаштар саны, дана| Тұқымдары бойынша
дық |___________________________________| жекелеген және топтық
табаны| шырша* | қайың* | тұқымдық ағаштар
см |_________________|_________________| (тұқымдықтар) саны
|кәде.|жар. |отын.|кәде.|жар. |отын.|_______________________
|лік |ты. |дық |лік |ты. |дық | шырша | қайың
| |лай | | |лай | | |
| |кәде.| | |кәде.| | |
| |лік | | |лік | | |
__________________________________________________________________
8
12
16
20
т.б.
жиыны
__________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
Биіктік разрядтарын анықтауға арналған модельдік ағаштар
__________________________________________________________________
тұқым | 1 см дейін | 0,5 м дейін | биіктік разряды
| дөңгелектенген | дөңгелектенген |
| диаметр | биіктік |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Уақыты _________________ Қайта есептегендер ________________
*Бағандар сүрекдіңде қанша тұқым болса, сонша рет қайталанады
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
кеспеағаштар іріктеу және оларды
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
8-қосымша
Жаппай, жалдық қайта есептеу кезінде кеспеағашты
материалдық-ақшалай бағалау ведомосы
Мемлекеттік орман иеленуші ________________________________, ___________________________________ орманшылығы, мемлекеттік орман қорының санаты _____________________________________________, басым тұқым _____________________________________, орам N ______, кеспеағаш N _____, мөлдек N ______, бағалау телімі N______, пайдалану алаңы ________ га.
Пайдалану түрі___________, кесу түрі ______________. Қайта есептеу: жаппай, суыртпақтап (керегі сызылсын), аударым коэффициенті ___.
Өскін: құрамы _______________, 1 гектарға жалпы саны ______ мың дана., өскіннің орта биіктігі ___ м. Тазалау тәсілі _____________. Орманды қалпына келтіру тәсілі __________________________________. Тұқымдық ағаштар: тұқымдықтар саны _________дана., тұқымдық алаңдар ______дана., олардың алаңы_____ га. Сүрек жөнелту (тұтыну) пунктінен қашықтығы ________ км.
__________________________________________________________________
Қа. | ағаштар саны | Кәделік діңдер көлемі, м 3
лың.|______________|______________________________________________
дық |кә.|отын.|жиы.| кәделік сүрек |тех. |отын.|өнім.|қал.|бар.
та. |де.|дық |ны |_________________|ноло.| дық |ді |дық.|лығы
баны|лік| | |ірі|ор.|ұсақ|жиы.|гия. |ағаш |сү. |тар |
см | | | | |та | | ны |лық | |рек, | |
| | | | | | | |ағаш | |жиыны| |
__________________________________________________________________
Тұқым __________ Биіктік разряды__
8
12
16
т.б.
Қ.есеп.
теу
ала.
ңында
жиыны,
м 3
К.ағашта
(мөл.
декте)
жиыны
1 м 3
үшін
төлем,
теңге
Мөлдек.
тегі
сүрек.
тің
жалпы
құны,
теңге
__________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________ Ағаш діңдерінің көлемі, м 3 | Сондай-ақ ұшарбастың
__________________________________________| өнімді бөлігі, м 3
технологиялық | отындық |қалдықтар|барлығы|
ағаш | ағаш | | |
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Уақыты Бағалауды жүргізген ___________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
кеспеағаштар іріктеу және оларды
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
9-қосымша
Кеспеағаштарды іріктеу мен бағалауды
(таксациялауды) тексеру актісі
Мемлекеттік орман иеленуші _____________________________, ____________________орманшылығы. Тексеруді_______________ ____________________________________________________________________ ______________________________________ қатысуымен жүргізген ___________________________________________________________________
Орам N _______, кеспеағаш N _____, мөлдек N _____, пайдалану түрі ____________, кесу тәсілі_______________________________.
1. Заттай ресімдеу сапасы ________________________________________
2. Іріктеудің қолданыстағы ережесіне сәйкестігі __________________
3. Ескертпе: еспеағашты бағалау (таксациялау) телімдеріне бөлу
туралы ___________________________________________________________
бағалау нысаналарының саны туралы __________________________
суыртпақтап қайта есептеу алаңының пайызы туралы ___________
4. Материалдық және ақшалай бағалау туралы _______________________
__________________________________________________________________
Көрсеткіштер|Алаңы, га| Жаппай немесе суыртпақтап қайта есептеу
| | кезіндегі ағаштардың жалпы саны, дана
| |___________________________________________
| | барлығы | соның ішінде
| | |____________________________
| | | ағаштық | кәделік
__________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
Кеспеағаштағы (мөлдектегі) қор, м 3 |Төлемақы
_______________________________________________________| мөлшері,
барлығы |соның ішінде тұқымдар бойынша | теңге
________________________|______________________________|
кәделік|техноло.|отындық| қарағай* | қайың* |
|гиялық | ағаш |___________|__________________|
| ағаш | | кәделік |технологиялық ағаш|
| | |___________|__________________|
| | | | | | | | |
__________________________________________________________________
Іріктеу деректері
Тексеру деректері
Алшақтық, %
Ерекше ескертпелер Қолдар: __________________
* Бағандар сүрекдіңде қанша тұқым болса, сонша рет қайталанады
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
кеспеағаштар іріктеу және оларды
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша
Кезекті жылдық кеспеағаштың 20__ жылға арналған ведомосы
Облысы ____________________________________________________, мемлекеттік орман иеленуші _____________________________________, ____________________________________орманшылығы.
__________________________________________________________________
р/с|Орам|Кес.|Мөл.|Те. |Алаң,|Пай.|Ба.|Тұ.|_______________________
N |нө. |пе |дек |лім | га |да. |сым|қым|Кә.|тех.|отын.|жиыны
|мірі|ағаш|нө. |нө. | |лану|тұ.| |де.|но. |дық |
| |нө. |мірі|мірі| |түрі|қым| |лік|ло. |ағаш |
| |мірі| | | | | | | |гиа.| |
| | | | | | | | | |лық | |
| | | | | | | | | |ағаш| |
__________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
_______________|Кеспе| Төлемақы мөлшері, теңге |Өскін
Одан |қал.|бар.|ағаш.|__________________________|_________________
бас. |дық.|лығы|тың |кә.|тех. |отын.|Ұшар.|жиы.|Алаңы,|1 гек.
қа, |тар | |жалпы|де.|ноло.|дық |бас |ны | га |тарға
ұшар.| | |пай. |лік|гиа. |ағаш |өнімі| | |саны,
бас | | |дала.| |лық | | | | |дана
өнімі| | |натын| |ағаш | | | | |
| | |жол. | | | | | | |
| | |дан | | | | | | |
| | |қа. | | | | | | |
| | |шық. | | | | | | |
| | |тығы | | | | | | |
__________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
Тұқымдық топтардағы |Тұқымдық алаптар |Тазалау тәсілі|Қалпына
немесе алаптардағы | алаңы | |келтіру
тұқымдықтар мен | | | тәсілі
ағаштар саны | | |
__________________________________________________________________
Орманшы ___________________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
кеспеағаштар іріктеу және оларды
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
11-қосымша
Іріктелген кеспеағаштардың
20__ жылға арналған жиынтық ведомосы
____________________________________ облысының __________________________ мемлекеттік орман иеленушісі бойынша
__________________________________________________________________
Орманшылық|Пайдалану|Басым| Қор, м 3 |Төлемақы
атауы | түрі |тұқым|____________________________|мөлшері,
| | |кәде.|техноло.|отындық|жиыны|теңге
| | |лік |гиялық | ағаш | |
| | | | ағаш | | |
__________________________________________________________________
Мемлекеттік орман қорының санаты _______________________
Басшы ________________________________
20___жылғы "___"_______________
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде
кеспеағаштар іріктеу және оларды
бағалау жөніндегі нұсқаулыққа
12-қосымша
Орман шығысының кітабы
Облысы ______________ Мемлекеттік орман иеленуші __________________
__________________________________________________________________
р/с|Орман.| Орам |Кеспе.|Мөлдек|Босатуға |Ағаш кесу билеті|Ағаш
N |шылық |нөмірі|ағаш |нөмірі|негіздеме|________________|дайын.
| | |нөмірі| | | уақыты | нөмірі|даушы
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
__________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
Басым|Тұ.|Кесу|Ағаш кесу билеті бойынша босатуға рұқсат етілді
тұқым|қым|тә. | (алымы) және нақты дайындалғаны (бөлгіші)
| |сілі|___________________________________________________
| | |алаңы,|____________________________________________
| | | га |кә.|техно.|отын.|жиыны|сондай-ақ|қал.|бар.
| | | |де.|логия.|дық | |ұшарбас |дық.|лығы
| | | |лік|лық |ағаш | |пен шөп. |тар |
| | | | |ағаш | | |шек өнімі| |
__________________________________________________________________
10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
__________________________________________________________________
Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
Бағалау|Куәландыру|Мерзімі кейінге| Тасып әкетілмеген |Ескертпе
құны, |актісінің | қалдырылған |сүректің қалдығы, м 3 |
теңге | уақыты |кесілмеген ағаш|____________________|
| |_______________|кә.|техноло.|отындық|
| | га | м 3 |де.| гиялық | ағаш |
| | | |лік| ағаш | |
__________________________________________________________________
21 22 23 24 25 26 27 28
__________________________________________________________________
Мемлекеттік орман қорының санаты ________________________
Пайдалану түрі __________________________________________
Ескертпе: Кітапты мемлекеттік орман иеленуші әрбір жылдың кеспеағаштары бойынша жеке-жеке жүргізеді. Мерзімінен бұрын кесу, сондай-ақ сүректі қосымша босату ол бөлінген жылғы кеспеағаш қоры есебіне ескеріледі. Кітап мемлекеттік орман қорының санаттары бойынша, ал олардың шегінде - пайдалану түрлері (басты мақсатта пайдалану, аралық пайдалану, басқа да кесулер) бойынша толтырылады. Қорытындылары жылдар бойынша шығарылады.
Мерзімі кейінге қалдырылған кесілмеген ағаштарды кесуге беру туралы деректер орман шығысы кітабына енгізіледі, бұл ретте ескертпеде тиісті жазбаға қарсы тұста куәландыру актісінің уақыты, кем кесілген ағаш жылы және кітаптағы жазбаның реттік нөмірі көрсетіледі.
Қалған сүректі (25-27-бағандар) тасып әкету кезінде ескертпеде тиісті белгілер қойылады.