Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1532 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 16 ақпандағы N 38 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2753. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 151 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 16.07.2014 № 151 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

     Сақтандыру рыногындағы актуарлық қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:

     1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру рыногында актуарийлік қызметті жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметін реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның біліктілік комиссиясының өкілеттіктері туралы ережені бекіту жөнінде" 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 120  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде N 1532 тiркелген, 2001 жылғы 18 маусым - 1 шiлдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми баспасөз басылымдарында - "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, N 13 (210)) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     атауындағы "сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы" деген сөздер "актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     1 және 2-тармақтардағы "сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы" деген сөздер "актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге лицензия беру, қолданылуын тоқтату және қайтарып алу және сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы ереженiң:
     атауындағы "сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы" деген сөздер "актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     1-тармақтағы "сондай-ақ сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi" деген сөздер "сондай-ақ актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

     9-тармақтың 1) тармақшасының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "мiндеттi - есептi жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша бiрiншi жарты жылдықта, сондай-ақ Заң талаптарын ескере отырып және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге жағдайларда есептi жылда жүзеге асырылатын;";

     12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының негiзгi қызметiне актуарийлiк бағалауды өткiзу нәтижелерi бойынша жасалған актуарийлiк қорытындыда:
     актуарийлiк есеп айырысуларды модельдеу мен жүзеге асыру әдiстемесiнiң, прициптерiнiң сипаттамасы;
     актуарийлiк есеп айырысуларда қолданылған статистикалық және өзге де деректер;
     қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын есепке алу журналының көшiрмесi;
     есептi кезеңде жарияланған шығындарды есепке алу журналының көшiрмесi;
     қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларының, сақтандыру резервтерiн есептеген кезде қолданылатын, оның iшiнде сақтандырудың ерiктi және мiндеттi нысандары бойынша жеке есептi кезеңде жарияланған шығындардың жалпы мөлшерi;
     сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қосымша тәуекелдiң болуы немесе болмауы туралы қорытынды. Қосымша тәуекел болған жағдайда қажеттi қосымша резервтердiң мөлшерiн көрсету қажет;
     өмiрдi сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерiн есептеген кезде қолданылатын өлiм-жiтiм кестесi (қалыптасу көзi, құру әдiстемесi) жөнiндегi қорытынды;
     тартылған мамандар тарапынан актуарий алған көмектiң сипаты; актуарийдiң қарауы бойынша актуарийлiк қорытындыға енгiзiлуге жататын өзге де материалдар болуы тиiс.";

     19-тармақтың:
     7) тармақшасындағы:
     "куәландыратын құжаттың көшiрмесi" деген сөздер "куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "ең төменгi мiндеттi бағдарлама бойынша оқуға қатысқанын және тиiстi емтиханды" деген сөздер "актуарийлердi оқытудың ең төменгi мiндеттi бағдарламасы бойынша (бұдан әрi - ең төменгi бағдарлама) оқуға қатысқанын және тиiстi емтихандарды" деген сөздермен ауыстырылсын;

     28-тармақ алынып тасталсын;

     37-тармақтағы "Заңнаманы бұзу және лицензияның қолданылуын тоқтату үшiн негiз болған өзге де жағдайлар жойылғаннан кейiн актуарий" деген сөздерден кейiн "заңдардың бұзылуын немесе лицензияның қолданылуын тоқтата тұру үшiн негiз болып табылған өзге талаптарды жою фактiсiн растайтын құжаттарды қажет болғанда қоса бере отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

     38-тармақтағы "сақтандыруды қадағалау" деген сөздер "сақтандыру қызметiне қадағалауды жүзеге асыратын" деген сөздермен толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 42-1 тармағымен толықтырылсын:
     "42-1. Бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсiне оның құрамына кiрмейтiн, актуарийлiк қызмет саласында тиiстi бiлiмдерi мен дағдылары бар тұлғалар консультанттар ретiнде шақырылуы мүмкiн.";

     43-тармақта "кандидаттың" деген сөзден кейiн ", сондай-ақ актуарий осы Ережеде көзделген тәртiппен әр екi жыл сайын өткiзiлетiн бiлiктiлiк емтиханын тапсырған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;

     44 және 45-тармақтар алынып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы 5-1 тарауымен толықтырылсын:
     "5-1. Бiлiктiлiк емтиханы
     45-1. Актуарий лицензия берiлген күннен бастап әр екi жыл сайын осы Ереженiң 5-қосымшасына сай ең төменгi бағдарламаға сәйкес қажеттi бiлiм деңгейi мен бiлiктiлiгiнiң бар екенiн растайтын бiлiктiлiк емтиханын тапсырады.
     Бiлiктiлiк емтиханына тестiлеуден өту және Бiлiктiлiк комиссиясымен әңгiмелесу жатады.

     45-2. Актуарий лицензияны алған не бұрынғы бiлiктiлiк емтиханынан өткен сәттен бастап екi жылдық мерзiм аяқталғаннан кейiн екi ай iшiнде уәкiлеттi мемлекеттiк органға осы Ереженiң 7-қосымшасына сай нысан бойынша өтiнiшпен хабарласады.
     Актуарийдiң өтiнiшiне мынадай құжаттар қоса берiледi:
     1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
     2) сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның көшiрмесi;
     3) бұрынғы бiлiктiлiк емтиханының тапсырылғаны туралы мәлiметтер;
     4) барлық растайтын құжаттармен қоса (қызмет көрсету шарттарының көшiрмелерi, актуарийлiк қорытындылардың көшiрмелерi) сақтандыру рыногында актуарийлiк қызметтi жүзеге асыру жөнiндегi ақпарат.
     Актуарий көрсетiлген мерзiм iшiнде хабарласпаған жағдайда актуарий бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған деп саналады.

     45-3. Бiлiктiлiк емтиханын өткiзу сәтiне лицензияның қолданылуы тоқтата тұрылған актуарийге, актуарий лицензиясының қолданылуы актуарийдiң бұрынғы бiлiктiлiк емтиханын тапсырмауы нәтижесiнде тоқтата тұрылған жағдайды қоспағанда, бiлiктiлiк емтиханынан өтуге рұқсат берiлмейдi.

     45-4. Тестiлеу компьютерлiк және/немесе жазбаша сұрау салу нысанында, актуарий өтiнiш келiп түскен сәттен бастан жиырма күннен кешiктiрмей тест сұрақтарына берiлiп отырған жауаптың бiреуiн таңдау арқылы жүзеге асырылады.
     Тест сұрақтары жауаптардың бес нұсқасынан кем болмауы тиiс әрi олардың бiреуi дұрыс болып табылады.

     45-5. Актуарийдi тестiлеу осы Ереженiң 5-қосымшасына сай актуарийлердi оқытудың ең төменгi бағдарламасында көзделген тақырыптар бойынша өткiзiледi.

     45-6. Актуарий осы Ереженiң 19-тармағы 7)-тармақшасының екiншi абзацында көрсетiлген ұйымдарда тестiлеуден өте алады. Мұндайда, актуарий уәкiлеттi мемлекеттiк органға тестiлеу қорытындылары көрсетiлген, аталған орган берген тестiлеуден өтуiн куәландыратын құжатты ұсынады.

     45-7. Егер актуарий тестiлеу қорытындысы бойынша тест сұрақтарына дұрыс жауаптардың кемiнде алпыс және одан астам процентiн жинаса, оған Бiлiктiлiк комиссиясының мәжiлiсiне әңгiмелесуден өту үшiн жол берiледi.
     Өткiзiлген әңгiмелесу және тестiлеу қорытындысы бойынша Бiлiктiлiк комиссиясы актуарийдiң бiлiктiлiк емтиханын тапсырғаны немесе тапсырмағаны туралы шешiм қабылдайды.

     45-8. Актуарий бiлiктiлiк емтиханын тапсырмаған жағдайда ол бiлiктiлiк емтиханынан өту үшiн бұрынғы бiлiктiлiк емтиханынан өткен күннен бастап кемiнде үш айдан кейiн, бiрақ бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде үш реттен астам емес құжаттарды қайта ұсынады.

     45-9. Актуарий бiлiктiлiк емтиханын қайта тапсырмаған жағдайда (күнтiзбелiк жыл iшiнде қатарынан екi рет) лицензиясының қолданылуы актуарийдiң бiлiктiлiк емтиханын сәттi тапсырғанын растайтын құжат тапсырылғанға дейiнгi мерзiмге тоқтатылады.";
     Ереженiң 1-6 қосымшаларындағы "сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы" деген сөздер "актуарийлердiң бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi туралы және қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органның бiлiктiлiк комиссиясының өкiлеттiктерi туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

     Ереженiң 5-қосымшасындағы:
     Атауындағы "ең төменгi" деген сөзден кейiн "мiндеттi" деген сөзбен толықтырылсын;
     "бiлiктiлiк" деген сөз алынып тасталсын;
     "2003 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер "2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "2004 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздер "2006 жылғы 1 қаңтардан бастап" деген сөздермен ауыстырылсын;

     Ереженiң 6-қосымшасындағы:
     "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi - сақтандыру қызметiн реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
     "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөнiндегi агенттiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын;

     мынадай мазмұндағы 7-қосымшамен толықтырылсын:

                              "Сақтандыру рыногында актуарийлiк
                              қызметтi жүзеге асыру, актуарийлерге
                             лицензия беру, қолданылуын тоқтату
                              және қайтарып алу, актуарийлердiң
                             бiлiктiлiк емтиханын тапсыру тәртiбi
                                туралы және қаржы рыногын және
                                қаржылық ұйымдарды реттеу мен
                             қадағалауды жүзеге асыратын уәкiлеттi
                              органның бiлiктiлiк комиссиясының
                                 өкiлеттiктерi туралы ереженiң
                                           7-қосымшасы

                              ӨТIНIШ

Мен, _____________________________________________________________
                   (өтiнiш берушiнiң аты-жөнi, аты)

бiлiктiлiк емтиханынан өтуге жiберуiңiздi сұраймын.

     Мен өтiнiшке қоса берiлiп отырған құжаттар мен мәлiметтердiң
шынайылығына толық жауап беремiн, сондай-ақ сақтандыру қызметiн
реттеу мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға
өтiнiштi қарауға байланысты сұратылып отырған қосымша ақпарат пен
құжаттарды уақтылы беруге мiндеттенемiн.

     Қосымша: (жiберiлетiн құжаттардың атауы бар тiзбесi, олардың
әрқайсысының данасы мен саны көрсетiлсiн).
____________                           __________________
  (қолы)                                    (күні)".

     2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн
қолданысқа енедi.
     3. Стратегия және талдау департаментi (Еденбаев Е.С.):
     1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
     2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің мүдделі бөлімшелеріне және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.

     4. Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз құралдарында жариялануына шаралар қабылдасын.

     5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ.Досмұқаметовке жүктелсін.

      Төраға