Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары мен ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 18 ақпандағы N 80 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2751

Қолданыстағы

      "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын  іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің ережелері;
      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар, Индустрия және сауда министрліктері (келісім бойынша):
      1) осы бұйрық Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзім ішінде мәліметтерді қалыптастыру және беруге жауапты тұлғаларды айқындасын;
      2) жауапты тұлғалардың құрамындағы өзгерістер туралы өзгерістер орын алған күннен бастап үш күннен кешіктірмей хабардар етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (М.Н. Ысқақов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қаржы міндетін атқарушы вице-министр - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Төрағасы М.Н. Ысқақовқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика және минералды
      ресурстар министрлігі
      20 ақпан 2004 жыл
      ________________________

      Қазақстан Республикасының
      Индустрия және сауда министрлігі
      25 ақпан 2004 жыл
      ________________________

"Өзге де мемлекеттік органдардың  
мұнай өнімдерін өндірудің және   
олардың айналымының көлемі туралы 
мәліметтерді және басқа да қажетті
ақпаратты бірыңғай дерекқорға   
беруінің нысандары мен ережелерін
бекіту туралы"        

Қазақстан Республикасы      
Қаржы министрінің          
2004 жылғы 18 ақпандағы      
N 80 бұйрығына 1-қосымша      

Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін
өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы
мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты
бірыңғай дерекқорға беруінің ережелері

      1. Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты бірыңғай дерекқорға беруінің осы ережелері (бұдан әрі - Ережелер) "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  сәйкес әзірленген және өзге де мемлекеттік органдардың бірыңғай дерекқорға мәліметтер беруінің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережелерде бірыңғай дерекқор деп өз құзыреті шегінде мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар ақпараттарының негізінде қалыптастырылатын мұнай өнімдерін өндіру және олардың айналымы жөніндегі электрондық дерекқор түсініледі.

      3. Бірыңғай дерекқорға өзге де мемлекеттік органдар беретін электрондық құжат (бұдан әрі - электрондық құжат) Excel пішімінде ресімделген болуы және электрондық байланыс арналары бойынша немесе курьерлік почтаның көмегімен магнит тасығышта берілген болуы тиіс.

      4. Мұнай өнімдерін өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары бірыңғай дерекқорға мынадай мерзімдерде береді:
      1) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігі:
      Мұнай өнімдерін шығару және мұнай өңдеу зауыттарына жөнелту теңгермесі ай сайын, есептіден кейінгі айдың 20-шы күніне;
      Мұнай өнімдерін өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі - мәліметтердің өзгеруіне қарай;
      Лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған, жаңғыртылған, күшін жойған мұнай өнімдерін өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі - мәліметтердің өзгеруіне қарай ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі:
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің аумақтық органдарымен жүргізілген мұнай өндіру, қайта өңдеу және сату сатысында нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын сақтауды тексеру нәтижелері және қабылданған шаралар туралы мәліметтер - ай сайын, есептіден кейінгі айдың 20-шы күніне;
      Қызметтері сертификацияланған мұнай өнімдері базаларының және автожанармай құю станцияларының тізбесі - мәліметтердің өзгеруіне қарай;
      Мұнай өнімдері базалары мен автожанармай құю станцияларының техникалық сипаттамасы - мәліметтердің өзгеруіне қарай;
      Тіркелген зертханалармен мұнай өнімдерінің сертификациялық сынағы - мәліметтердің өзгеруіне қарай ұсынады.

      5. Бірыңғай дерекқорға электрондық құжатты алудың растығы болып жіберушінің алушыдан алған электрондық құжатты қабылдағаны туралы электрондық хабарламасы немесе жауапты орындаушының курьерлік тапсырысты алғаны туралы тиісті белгісі табылады.

      6. Өзге де мемлекеттік органдар бірыңғай дерекқорға беретін мәліметтер натуралды (тонна), мөлшерлік (дана) және ақшалай (мың теңге) түрде көрсетіледі.

      7. Берілетін мәліметтерге үшінші тұлғалардың енуі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

"Өзге де мемлекеттік органдардың  
мұнай өнімдерін өндірудің және   
олардың айналымының көлемі туралы 
мәліметтерді және басқа да қажетті
ақпаратты бірыңғай дерекқорға   
беруінің нысандары мен ережелерін
бекіту туралы"        

Қазақстан Республикасы      
Қаржы министрінің          
2004 жылғы 18 ақпандағы      
N 80 бұйрығына 2-қосымша      

Өзге де мемлекеттік органдардың мұнай өнімдерін
өндірудің және олардың айналымының көлемі туралы
мәліметтерді және басқа да қажетті ақпаратты
бірыңғай дерекқорға беруінің нысандары

      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігімен жеткізілім көлемдері туралы мәліметтерді беру нысаны:
      1) Мұнай өнімдерін өндіру және мұнай өңдеу зауыттарына жөнелту теңгермесі
      Кезеңділігі - есептіден кейінгі айдың 20-шы күніне ай сайын
                                                             тонна
__________________________________________________________________
 N | Зауыттар |                    Бензин
   |          |___________________________________________________
   |          |       Есепті ай үшін       |    Жыл басынан бастап
   |          |____________________________|______________________
   |          |  Ай  |Өндіру|Жөнелту|  Ай  |   Өндіру  | Жөнелту
   |          |басына|      |       |соңына|           |
   |          |қалдық|      |       |қалдық|           |
__________________________________________________________________
 1       2        3      4      5       6         7         8
__________________________________________________________________
1.  Атырау
    мұнай
    өңдеу
    зауыты

2.  Петро
    Қазақстан
    Ойл
    Продактс

3.  Павлодар
    мұнайхимия
    зауыты

    Жиыны:
__________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
        Дизель отыны         |            Мазут            |Ескерту
_____________________________|_____________________________|
  Есепті ай үшін  |Жыл басы. |  Есепті ай үшін  |Жыл басы. |
                  |нан бастап|                  |нан бастап|
__________________|__________|__________________|__________|
Ай  |Өн.|Жө. |Ай  |Өн. |Жө.  |Ай  |Өн.|Жө. |Ай  |Өн. |Жө.  |
ба. |ді.|нел.|со. |діру|нелту|ба. |ді.|нел.|со. |діру|нелту|
сына|ру |ту  |ңына|    |     |сына|ру |ту  |ңына|    |     |
қал.|   |    |қал.|    |     |қал.|   |    |қал.|    |     |
дық |   |    |дық |    |     |дық |   |    |дық |    |     |
__________________________________________________________________
 9   10   11   12   13   14    15  16   17   18   19     20   21
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      2) 200__ жылдың _______ жағдай бойынша мұнай өнімдерін өндіру бойынша қызмет жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі

                      Кезеңділігі мәліметтердің өзгеруіне қарай
__________________________________________________________________
N |Мұнай|СТН-і|Мемле.|ҚММЖ|Ли. |Ли. |Лицен.|Қыз.|Қуа.|Бас.|Заңды
  |өнім.|     |кеттік|коды|цен.|цен.|зияның|мет |ты  |шы. |мекен-
  |дерін|     |тіркеу|    |зия.|зия.|қолда.|түрі|мың |ның |жайы
  |өнді.|     |туралы|    |ның |ның |нылу  |    |тон.|аты-|(теле.
  |руші.|     |куәлік|    |беру| N  |мер.  |    |на/ |жөні|фон,
  |нің  |     |      |    |күні|    |зімі  |    |жыл |    |факс)
  |атауы|     |      |    |    |    |      |    |    |    |
__________________________________________________________________
1    2     3     4     5    6    7     8      9   10   11    12
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      3) 200__ жылдың _______ жағдай бойынша олардың лицензияларының қолданылуы тоқтатыла тұрған, жаңғыртылған және күші жойылған мұнай өнімдерін өндіру бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы лицензиаттарының тізбесі

                     Кезеңділігі мәліметтердің өзгеруіне қарай
__________________________________________________________________
 N |   Мұнай   | СТН-і | Лицен. | Лицен. |Тоқтатыла |Себебі|Шешім
   | өнімдерін |       | зияның | зияның |   тұру   |      |
   |өндірушінің|       |  беру  |    N   |мерзімдері|      |
   |    атауы  |       |  күні  |        |          |      |
__________________________________________________________________
 1       2         3        4        5         6        7     8
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігімен мәліметтерді беру нысандары:

      1) 200__ жылдың _______ үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау жоніндегі комитеттің құрылымдық бөлімшелері жүргізілген мұнай өндіру, қайта өңдеу және сату сатысында нормативтік құжаттардың міндетті талаптарын сақтауды тексеру нәтижелері және қабылданған шаралар туралы мәліметтер (өспелі жиынтықпен)

                                         Кезеңділігі - ай сайын
__________________________________________________________________
 N | Облыстың |   Барлығы    |Олардың ішінде | Олардың ішінде
   |   атауы  | жүргізілген  |стандарттау мен| кәсіпорындарды
   |          | тексерулер   |сертификациялау| метрологиялық
   |          |______________|саласында бұзу.| қамтамасыз ету
   |          | АЖС | Мұнай  |шылық анықталды|бойынша бұзушылық
   |          |     |өнімдері|_______________|   анықталды
   |          |     |базалары| АЖС |  Мұнай  |___________________
   |          |     |        |     |өнімдері | АЖС |  Мұнай
   |          |     |        |     |базалары |     | өнімдері
   |          |     |        |     |         |     | базалары
__________________________________________________________________
 1       2       3       4      5       6       7         8
__________________________________________________________________
   Жиыны бензин
   Жиыны дизель
   отыны
   Жиыны мазут
   Жиыны бензин
   Жиыны дизель
   отыны
   Жиыны мазут
__________________________________________________________________

      Кестенің жалғасы
__________________________________________________________________
                      Қабылданған шаралар
__________________________________________________________________
 Салынған  |  Әкімшілік  | Барлық  |Партияға тиым салу |Өлшеу құ.
 әкімшілік |айыппұлдардың| өнімді  |___________________|ралдарын
айыппұлдар.|сомасы/өнді. |  сатуға | Мөлшері | Сомасы  |пайдала.
дың саны/  | ріп алынды  |тиым салу| (тонна) |  (мың   |нуға тиым
 орындалды | (мың теңге) |_________|_________| теңге)  |салу (дана)
___________|_____________|АЖС|Мұнай|АЖС|Мұнай|_________|__________
АЖС|Мұнай  |АЖС|  Мұнай  |   |өнім.|   |өнім.|АЖС|Мұнай|АЖС|Мұнай
   |өнім.  |   | өнімдері|   |дері |   |дері |   |өнім.|   |өнім.
   |дері   |   | базалары|   |база.|   |база.|   |дері |   |дері
   |база.  |   |         |   |лары |   |лары |   |база.|   |база.
   |лары   |   |         |   |     |   |     |   |лары |   |лары
__________________________________________________________________
 9    10    11     12     13   14    15  16   17    18   19  20
__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

      2) 200__ жылдың _______ жағдай бойынша қызметтері сертификатталған мұнай өнімдері базаларының және автожанармай құю станцияларының тізбесі

                     Кезеңділігі мәліметтердің өзгеруіне қарай
__________________________________________________________________
N|Мұнай |СТН-і|Мұнай |Сертифи.  |СТН-і|Сәй.  |Сәй. |Сәй.  |Сәй.
 |өнім. |     |өнім. |катты бер.|     |кестік|кес. |кестік|кестік
 |дері  |     |дері  |ген серти.|     |серти.|тік  |серти.|серти.
 |база. |     |база. | фикаттау |     |фикаты|сер. |фика. |фика.
 |сының |     |сының | бойынша  |     |блан. |тифи.|тының |тының
 |немесе|     |немесе|тіркелген |     |кісі. |каты.|беріл.|қолда.
 |  АЖС |     |  АЖС |орган және|     |нің   |ның  | ген  |нылу
 |атауы |     |мекен-|оның заңды|     |нөмірі|нө.  | күні |мер.
 |      |     |жайы  |мекен-жайы|     |      |мірі |      |зімі
 |      |     |(қала,|(телефон, |     |      |     |      |
 |      |     |аудан,|  факс)   |     |      |     |      |
 |      |     |теле. |          |     |      |     |      |
 |      |     |фон)  |          |     |      |     |      |
__________________________________________________________________
1    2     3     4         5       6     7      8      9      10
__________________________________________________________________

      3) 200__ жылдың _______ жағдай бойынша мұнай өнімдері базалары мен автожанармай құю станцияларының техникалық сипаттамасы

                       Кезеңділігі мәліметтердің өзгеруіне қарай
                                                         тонна
__________________________________________________________________
N|Мұнай |СТН-і|Сыйымдылықтар саны|  Сыйымдылықтар   |Мұнай өнімдері
 |өнім. |     |     (дана)       |  көлемі (тонна)  |  базасының
 |дері  |     |__________________|__________________|  немесе АЖС
 |база. |     |бен.|дизель|мазут |бен.|дизель|мазут |   аумағы
 |сының |     |зин |отыны |      |зин |отыны |      |(шаршы метр)
 |немесе|     |    |      |      |    |      |      |
 |  АЖС |     |    |      |      |    |      |      |
 |атауы |     |    |      |      |    |      |      |
__________________________________________________________________
1    2     3     4     5      6     7     8      9        10
__________________________________________________________________

      4) 200__ жылдың _______ жағдай бойынша тіркелген зертханалармен мұнай өнімдерін сертификаттау сынағы

                        Кезеңділігі мәліметтердің өзгеруіне қарай
__________________________________________________________________
N| Мұнай |СТН-і|Заңды|Сынақ хат.|СТН-і|Сынақ|Сынақ|Сертифи.|Серти.
 | өнім. |     |ме.  | тамасын  |     |хат. |хат. |катта.  |фикат.
 | дері  |     |кен- | берген   |     |тама.|тама.|латын   |талушы
 |рыногы |     |жайы |тіркелген |     |сын-ң|сының|өнімнің |өнімді
 |субъек.|     |(те. | зертхана,|     |бе.  |  N  | атауы  |шыға.
 | тіле. |     |ле.  |  заңды   |     |ріл. |     |        |рушы.
 | рінің |     |фон, |мекен-жайы|     |ген  |     |        |ның елі
 | атауы |     |факс)| (телефон,|     |күні |     |        |
 |       |     |     |   факс)  |     |     |     |        |