Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 ақпандағы N 91 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2746

Қолданыстағы

      "Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , "Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 13 қазандағы N 248-р  өкіміне  сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырған Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі бекітілсін.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      орынбасары - Министр

"Сорттар оригинаторларын    
тіркеу ережесін бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің  
2004 жылғы 23 ақпандағы    
N 91 бұйрығымен         
бекітілген           

  Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сорттар оригинаторларын тіркеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасында пайдалануға жол берілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Мемтізілім) енгізілген сортты сақтау құқығына жеке және заңды тұлғаларды тіркеу тәртібін және шарттарын регламенттейді.

      2. Сорттар оригинаторларын тіркеуді Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) жүргізеді.

      3. Сорт оригинаторы болып патент иегері болып табылатын немесе сортты лицензия негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға тіркеле алады.

      4. Шетелдік селекция сортының оригинаторы болып жеке және заңды қазақстандық тұлға да, жеке және заңды шетелдік тұлға да тіркеле алады.
      Бір сорт бойынша бір немесе бірнеше сорттар оригинаторлары тіркеле алады.

  2. Сорттар оригинаторларын тіркеу тәртібі

      5. Тіркеу үшін жеке немесе заңды тұлға Ауылшарминіне мына құжаттарды:
      1) белгіленген үлгідегі өтінішті (қосымша);
      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      3) сорт патентінің немесе сорт лицензия негізінде пайдаланатын жағдайда лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      4) жер учаскесіне құқығын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін;
      5) өндірістік құндылығын айқындайтын биологиялық белгілері мен қасиеттері жөніндегі сорттың мінездемесін (сорттың сипаттамасы).

      6. Ауылшармині жеке немесе заңды тұлғадан тіркеуге өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) айдың ішінде тапсырылған құжаттарды зерттейді және осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген барлық құжаттар бар болса сорт оригинаторының тіркеулік нөмірін береді.

      7. Тіркеу сорт оригинаторына Мемтізілімге енгізілген сортты сақтауға құқық береді.

      8. Сорт патентінің күші жойылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған, сондай-ақ сорт Мемтізілімнен алынып тасталған жағдайда сорт оригинаторы сорт оригинаторларының тізбесінен алынып тасталады.

  3. Өтпелі жағдайлар

      9. "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  патент иесіне селекциялық жетістікке патент беруді реттейтін құқықтық нормаларының күшіне енуіне дейін жеке немесе заңды қазақстандық тұлға Ауылшарминіне осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттың орнына бұдан бұрын күші бар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген селекциялық жетістікке құқығын растайтын құжаттың (авторлық куәлік немесе куәлік) нотариалды куәландырылған көшірмесін тапсырады.

Оригинаторларды тіркеу 
ережесіне қосымша    

Қазақстан Республикасының
 Ауыл шаруашылығы министрлігіне
__________________________________________________________________
(жеке тұлғаның фамилиясы, аты, әкесінің аты)

ӨТІНІШ

__________________________________________________________________
            (ауыл шаруашылығы өсімдігі, сорт көрсетілсін)
сорт оригинаторы деп тіркеуді сұраймын.

      Жеке тұлға туралы мәліметтер:
      1. Меншік нысаны ___________________________________________
      2. Құрылған жылы ___________________________________________
      3. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе жеке тұлғаның жеке куәлігі ____________________________________________
__________________________________________________________________
                    (N, кім және қашан берді)
      3. Мекен-жайы: _____________________________________________
__________________________________________________________________
(индексі, қаласы, ауданы, облысы, көшесі, үйдің N, телефоны, факсы)
      4. Банкілік реквизиттер ____________________________________
__________________________________________________________________
      (РНН, МФО, есеп-шот N, банкінің атауы және тұрған жері)
      5. Қоса беріліп отырған құжаттар: __________________________
__________________________________________________________________
                 (Ереженің 5-тармағына сәйкес)

Басшы _________________      _____________________________________
            (қолы)              (фамилиясы, аты, әкесінің аты)

      Мөр орны

      200__ жылғы "___" _________________

      Өтініш қарастыруға 200__ жылғы "___" ___________ қабылданды.
__________________________________________________________________
       (өтініш қабылдаған жауапты тұлғаның фамилиясы, аты,
                     әкесінің аты, қолы)