Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушыларды тестілеудің тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2743

Қолданыстағы

      "Денсаулық сақтау саласында аттестаттауды өткізу ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 60 қаулысын  іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау саласында аттестатталушыларды тестілеудің тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі А.Т.Айдархановқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
"Денсаулық сақтау саласындағы
аттестатталушыларды    
тестілеудің тәртібі туралы
Нұсқаулықты бекіту туралы"
2004 жылғы 12 наурыздағы 
N 246 бұйрығымен     
бекітілген       

Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушыларды
тестілеудің тәртібі туралы Нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Тестілеуді өткізудің мақсаты - медицина және фармацевтика кадрларының кәсіптік құзырлығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын білу деңгейін объективті бағалау.

      2. Тестілеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және денсаулық сақтауды мемлекеттік жергілікті басқару органдарының аттестаттау комиссиялары (бұдан әрі - аттестаттау комиссиялары) өткізеді.

      3. Денсаулық сақтау саласындағы аттестатталушылардың білім деңгейін бағалауға арналған тест тапсырмаларын жинақтау мен тестілеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсыну Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құзырына жатады.

      4. Тестілеу компьютерді немесе сұрақ кітапшаларын пайдалану арқылы өткізілуі мүмкін.

      5. Тестілеудің дұрыстығы жағдайдың, уақыттың, нәтижелерді санаудың, нұсқаулықтың, тестілеу мазмұнының стандартқа сай келуі арқылы қамтамасыз етіледі.

      6. Тестілеу:
      1) тестілеуге дайындау;
      2) тестіленушілердің тестіден өтуі;
      3) нәтижелерді санау сияқты үш кезеңнен тұрады.

2. Тестілеуге дайындалу

      7. Егерде бір мезгілде бірнеше адам тестілеуден өтетін болса, онда тест өтетін бөлме тестіленушілердің жайғасуына ыңғайлы болуы керек. Тест кезінде оған қатысушыларға өтіп жатқан жерді тастап шығуға, сөйлеуге рұқсат етілмейді.

      8. Барлық тестілеу материалдары алдын ала дайындалуы және аттестаттаушы комиссия оны тексеруі тиіс.

3. Тестіленушілердің тесттен өтуі

      9. Тест тапсырмаларын орындауға 90 минут беріледі. Тест бағдарламасы 100 сұрақтан тұрады.

      10. Тесті орындауға берілген уақыт біткен соң, бағдарлама автоматты түрде жабылады, ал сұрақ кітапшаларын пайдаланған жағдайда жауаптар парағын толтыруға тиым салынады.

4. Нәтижелерді санау

      11. Компьютерлік тестілеудің дұрыс жауаптарын санау орнатылған компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Нәтижелері принтерде басып шығарылып, тестіден өтушілерге танысу үшін беріледі.Тестілеудің нәтижелерін санауды сұрақ кітапшаларды, дұрыс жауаптардың кодтарын пайдалана отырып 3 сағат ішінде аттестаттаушы комиссия өткізеді. Таныстырылғаннан кейін тестен өтушілер нәтижесі жазылған параққа қол қояды.

      12. Денсаулық сақтауды жергілікті басқару органдары мен мемлекеттік денсаулық сақтау басшылардың дұрыс жауаптары 70 пайыздан, ал денсаулық сақтау саласында аттестаттауға жататын адамдардың санатына жататындардікі 50 пайыздан төмен болса өтпеді деп есептеледі. Тестілеуден өте алмағандар аттестатталмаған деп саналады.

      13. Тестілеу өткен соң тест нәтижелері аттестаттау комиссиясында 3 жыл бойы сақталады. Тестілеу парағының бір данасы аттестатталушының жеке ісінде, ал екінші данасы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде немесе денсаулық сақтаудың жергілікті мемлекеттік басқару органдарында сақталады.

      14. Тестілеу кезінде туындаған даулы мәселелерді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен денсаулық сақтаудың жергілікті мемлекеттік басқару органдары құрған шағым комиссиялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қаралады.