Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң тәртiбiн нақтылау мақсатында бұйырамын :
1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы
N 31-ө
(Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1782 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 18, 592-құжат), 2002 жылғы 11 сәуiрдегi
N 78-ө
(Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 1821 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 21, 619-құжат), 2002 жылғы 23 қазандағы
N 246-ө
(Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде N 2061 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2003 жыл, N 3, 776-құжат) бұйрықтармен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiнде:
10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде бала тууына байланысты берiлетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы, жерлеуге берiлетiн бiржолғы жәрдемақы түрiндегi табыстар есепке алынбайды." деген сөздермен толықтырылсын.