Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 наурызда N 716 тіркелген "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптамалау туралы ережелер мен Дәрігерлік куәландыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы 24 желтоқсандағы N 470 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы N 99 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 3 наурызда тіркелді. Тіркеу N 2727

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы және медициналық куәландыруды жетілдіру мақсатында Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 26 наурызда N 716 тіркелген "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптамалау туралы ережелер мен Дәрігерлік куәландыру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 1998 жылғы N 470 бұйрығына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде әскери-дәрігерлік сараптамалау туралы ережеде:

      2-бөлімде:
      12-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "байланыс құралдарымен," деген сөздерден кейін "полиграфпен, қазіргі заманғы" деген сөздермен толықтырылсын, "техникамен" деген сөздерден кейін ", инструментариймен, дәрі-дәрмектермен" деген сөздермен толықтырылсын, "Медициналық бас басқармасы, медициналық басқармалары, медициналық бөлімдері, медициналық қызметтері" деген сөздер алынып тасталсын;

      1-тарауда:
      17, 18-тармақтарда:
      "мекемелермен" деген сөз "бөлімшелермен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      20-тармақта:
      "жеке құрамын" деген сөздер "қызметкерлерін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      22-тармақта:
      "ОӘДК-нің бастығы" деген сөзден кейін ",әскери-дәрігерлік сараптама мәселелерін қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын, "медициналық" деген сөзден кейінгі "бас" деген сөз алынып тасталсын;

      24, 26, 37-тармақтарда:
      "орган" деген сөз "бөлімше" деген сөзбен ауыстырылсын;

      25-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысымен келіспеген жағдайда азаматтардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сотқа шағым жасауға құқығы бар";

      27-тармақта:
      "Медициналық" деген сөзден кейінгі "бас" деген сөз алынып тасталсын; "Кадр және тәрбие жұмысы департаментімен" деген сөздер "Тәрбие және кадр жұмысы департаменті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28-тармақта:
      6-тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің және басқа да күш қолдану құрылымдарының оқу орындарына, әскери-оқу орындарына түсетін Астана қаласында тұратын адамдарды медициналық куәландыруға";

      39-тармақта:
      "ОӘДК-нің бастығы" деген сөзден кейін "әскери-дәрігерлік сараптама мәселелерін қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.

      41-тармақта "мекеме" деген сөз "бөлімше" деген сөзбен ауыстырылсын;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ішкі істер органдары мен ішкі әскерлерінде медициналық куәландыру туралы Ережеде:

      1-тарау:
      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
      "Аурулар мен ағза кемшіліктері кестесінің І-ІV графаларына жатқызылған, қатардағы және басшы құрам лауазымындағы адамдар кемінде үш жылда бір рет куәландырылады"

      10-тармақта:
      екінші абзацта:
      "несептің жалпы (толық) анализі" деген сөздерден кейін "1-тарау 4-тармағының 1, 2, 3-тармақшаларында көзделген адамдар санаттары үшін адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышына (бұдан әрі - АҚТҚ) арналған қан анализінің көрсеткіштері бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "ӘДК" деген сөзден кейін "жетекші мамандықтардың сарапшы-дәрігерлері медициналық куәландыру жүргізгеннен кейін" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақшада:
      жетінші абзацта:
      "ана тіліндегі" деген сөздер "мемлекеттік немесе ресми тілдердегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Сұрау салған жерге, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ішкі істер органдары мен ішкі әскерлер бөлімшелерінің кадр аппараттарына, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің оқу орындарына үміткердің толық психологиялық мінездемесі бар нақты қорытынды және оның нақты қызмет түріне кәсіби жарамдылығы туралы мынадай шешімдердің бірі тапсырылады:
      ұсынылады (ықтимал лауазым талаптарына толық немесе негізінен сәйкес);
      шартты түрде ұсынылады (ықтимал лауазым талаптарына ең төменгі деңгейде сәйкес);
      ұсынылмайды (ықтимал лауазым талаптарына сай емес)".
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) функционалдық диагностиканың сарапшы-дәрігері мыналарға:
      арнайы автокөлік жүргізушісі лауазымына орналасушы адамдарға;
      жедел қызметке орналасушы адамдарға;
      Аурулар мен ағза кемшіліктері кестесінің ІІ графасы бойынша куәландырылатын адамдарға психофизиологиялық тексеру жүргізеді.
      Көңіл аударудың, есте сақтаудың, эмоционалды тұрақтылықтың функционалдық диагностикасының нәтижелері, ал мүмкін болғанда - орталық нерв жүйесінің, кардиореспираторлық және вестибулярлық аппараттың функционалдық жағдайының басқа да ерекшеліктері кадр аппаратына арналған психологиялық мінездемелерде көрсетілуі тиіс";
      3) тармақшада:
      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Психологиялық мінездемелерде қызметке (оқуға) орналасудың негіздері, парасат деңгейі мен ерекшелігі, өзіне баға беру, коммуникативтік қасиеттер, эмоционалдық-еріктілік қасиеттер, жеке басының бағыттылығы (әлеуметтік және мінез-құлықтық бағдарлар), басқа да жеке қасиеттері (интердербестік қарым-қатынастар жүйесі, әртүрлі жағдайлардағы мінез-құлық реакциялары) міндетті түрде жазылады";
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) Ішкі істер органдары бөлімшелерінің кадр аппараттарына, Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің оқу орындарына арналған қорытындылар қызметке, оқуға орналасатын адамдарға, ішкі істер органдарындағы қызметке немесе Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің оқу орындарына түсуге жарамды деп табылған қатардағы және басшы құрам адамдарына толтырылады. Қорытындылар ұсыныс сипатында болады, оларда үміткердің толық психологиялық мінездемесі және оның қызметтің нақты түріне кәсіби жарамдылығы туралы мынадай шешімдердің бірі болуы тиіс:
      "Ұсынылады" деген шешім қызметтің немесе оқудың табыстылығы және мінез-құлықтың (нормативтік емес)  немесе кәсіби аурулардың дамуына кері әсер етудің төменгі мүмкіндігі болжалатын адамдарға, не болмаса бейімделу аяқталғаннан кейін кәсіби қызметі мүмкіндігінше тиімді және сенімді ретінде болжалатын адамдарға қатысты шығарылады. Олардың жедел-қызметтік жұмысының тиімділігі мен сенімділігі негізінде іс жүзіндегі кәсіби даярлық деңгейімен немесе тұрақты кәсіби дағдыларды меңгеруімен айқындалады. Үміткерлердің бұл санаты үшін тұрақты кәсіби дағдыларды меңгеру шұғыл жағдайларға бейімделудің бұзылуы немесе мінез-құлықтың ауытқуы профилактикасының маңызды сәті болып табылады.
      "Шартты түрде ұсынылады" деген шешім жеке бас ерекшеліктері ықтимал лауазымдағы қызметтің немесе тіпті сапалы кәсіби даярлық кезіндегі оқудың табыстылығын сенімді болжауға мүмкіндік бермейтін адамдар үшін шығарылады. Ішкі істер органдарындағы қызметке жоғары дәйектеме болған кезде осындай үміткерлердің тиімді қызметі ұзақ кезең көлемінде, ұдайы шамадан тыс жүктемеден функционалдық резервтердің тез төмендеуіне орай мүмкін емес. Олардың бейімделуінің бұзылуы, аурушаңдық жағдайлары немесе мінез-құлқының ауытқуы тек күйзелу жағдайларында ғана емес сонымен қатар қарапайым оқиғаларда байқалуы мүмкін. Олар тұқым қуалау факторлары, даму мен тәрбиелену жағдайлары, жеке бас және функционалдық ерекшеліктері қызметтік жұмыстың және кәсіби даярлықтың тиімділігі мен сенімділігінің төмендеуіне (бұдан әрі - "қатерлі топ") әкеліп соғатын нервтік-психикалық және психосоматикалық аурулардың, асоциалдық (делинквенттік) мінез-құлықтың, аутоагрессияның дамуына ықпал ететін бейімсіздік жағдайы туындауының жоғары мүмкіндігін анықтайтын адамдар санатына жатады. Ішкі істер органдары оларды қызметке қабылдаған жағдайда бұл қызметкерлер бөлімшелерінің психологтары тарапынан белсенді бақылауды талап етеді.
      "Ұсынылмайды" деген шешім аурулар дамуының мүмкіндігі жоғары болуынан бейімсіздік белгілері, қызметке немесе оқуға қанағатсыз дәйектемесі, теріс жеке бас ерекшеліктері, мінез-құлқының кері әлеуметтік нысандарына бейімділігі бар үміткерлерге қатысты шығарылады. Бұл үміткерлерде бейімсіздік жағдайы қарапайым оқиғаларда дамуы мүмкін. Олар сондай-ақ "қатерлі топқа" жатқызылады. Осы санатқа кәсіби маңызы бар психологиялық және психофизиологиялық қасиеттерінің деңгейі төмен, кәсіби қызметінің сәтсіз болжамына байланысты функционалдық жүйелерінің резервтері төмен адамдар жатады".
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) Психофизиологиялық зертхананың (бұдан әрі - ПФЗ) бастығы, функционалдық диагностика сарапшы-дәрігері, аға сарапшы-психолог және сарапшы-психолог психология бойынша даярлықтан өткен жоғары психологиялық немесе медициналық білімі бар сарапшы-мамандар болып табылады. ПФЗ сарапшы-мамандарының біліктілік санаттарын (психологиялық топтар) Қазақстан Республикасының Ішкісмині Медициналық басқармасының (бұдан әрі - МБ) аттестациялық комиссиясы бекітеді";

      2-тарауда:
      14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қызметке, оқу орындарына түсуге жарамсыз деп танылған азаматтардың өтініштері бойынша анықтамалары, егу картасы (N 63 нысан) және басқа да медициналық құжаттары белгіленген тәртіппен олардың өздеріне қайтарылады";

      4-тарауда:
      45-тармақта:
      бесінші және алтыншы абзацтар алынып тасталсын;

      54-тармақта:
      екінші абзацта:
      "дәл осы мерзімде алдын ала куәландыру өткізген ӘДК-на" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ОӘДК-на" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тарауда:
      72-тармақта:
      "куәландырылушының барлық медициналық құжаттарымен" деген сөздерден кейін "медициналық картамен, медициналық картаның үзінді көшірмесімен, кезекті медициналық тексерулердің және кемінде соңғы үш жыл ішінде медициналық көмек сұраған өтініштердің деректерімен" деген сөздермен толықтырылсын;

      74-тармақта:
      бірінші абзацта:
      "тиісті өзгертулердің" деген сөздерден кейін "функционалдық сақталуы кезінде және анықталған ауру кезінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тарауда:
      102-тармақта:
      1) тармақша "_____________ ретінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-тарауда:
      140-тармақ алынып тасталсын;

      13-тарауда:
      179-тармақта:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) оқу орнының, әскери-оқу орнының сырттай оқу түріне, адъюнктураға, Қазақстан Республикасының Ішкіісмині Академиясының N 1 факультетіне және азаматтық оқу орындарының арнаулы факультеттеріне түсетін қатардағы және басшы құрам адамдарына, әскери қызметшілерге;";

      179-тармақта:
      он үшінші абзацта:
      "1-тармағына" деген сөздерден кейін "және қызметкердің қызмет куәлігіндегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      184-тармақта:
      он алтыншы абзацта:
      "мерзім ішінде ресімделеді" деген сөздерден кейін "және алты ай ішінде жарамды" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген Ережелерге 1-қосымшада (медициналық куәландыру кезіндегі зерттеу әдістері):

      5-тарауда:
      жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке бастың ерекшеліктерін айқындауға бағытталған жеке басты жан-жақты зерттеу (бұдан әрі - ЖБЖЗ) немесе жеке басты стандартты зерттеудің көп факторлы әдісі (бұдан әрі - ЖБСЗ)";
      жиырма төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "куәландырылушының интеллектуалдық өнімділігін анықтауға мүмкіндік беретін Равеннің "Прогрессивтік матрицалар" тесті немесе Қысқаша бағдарлық тесті (бұдан әрі - ҚБТ)";
      жиырма бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әңгімелесу барысында психологиялық тексеру хаттамасында өмірін психологиялық анамнезінің ерекшеліктері, топтық тексерудің нақтыланған деректері және қосымша зерттеу  әдістерінің нәтижелері жазылады, тексерілушінің эмоционалдық және мінез-құлықтық реакцияларын қадағалау жазылады. Сондай-ақ психологиялық ерекшеліктердің топтық тексеру деректеріне сәйкестік дәрежесі және қосымша әдістер мен әдістемелерді қолданғаннан кейінгі топтық және жеке тексеру деректерінің сәйкес келмеу себептері көрсетіледі";
      жиырма жетінші абзацта:
      "Өткізілген психодиагностикалық тексеріс жөніндегі  қорытынды" деген сөздерден кейін "Уэлш бойынша ЖБЖЗ-ның профилін кодтауды, ден қоюдың негізгі түрін, ЖБЖЗ профилінің түрін, Люшер тестінде түстік таңдауларды функционалдық жұптарға бөлуді және т.б. қоса алғанда жалпыға бірдей қабылданған белгілерде пайдаланылатын әдістемелер нәтижелерінің қысқаша интегралдық мінездемесімен белгіленеді, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын; "сипаттауы және" деген сөздерден кейін "психологиялық жағдайдың біліктілігін, эмоционалдық-жеке бас ұстамдылығын, ал олар бар болған жағдайда - әлеуметтік-психологиялық бейімділікті қиындататын ерекшеліктерді немесе психологиялық бейімсіздік нұсқасын қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтар мынадай мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің оқу орындарына түсетін адамдарға белгіленген нысан бойынша (Ережеге 20-қосымша (осы бұйрыққа қосымша) психологиялық тексерулердің нәтижелері бойынша қорытынды ресімделеді; көрсетілген Ережеге 2-қосымшада (аурулар мен ағза кемшіліктерінің кестесі):

      1-тарауда:
      3-тармақта:
      6) тармақшада:
      "ақпараттық және есептеу орталықтарының қызметкерлері" деген сөздер "ақпараттық технологиялар саласындағы ақпараттық және техникалық бөлімшелердің қызметкерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тарауда:
      1-бапта:
      "в" тармағында:
      "оның ішінде," деген сөздерден кейін "ақыл-ой кемістігінің жеңіл дәрежесіне жетпейтін" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-бапта:
      түсіндірме мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "түсушілерде айқын емес генездің гипоманиакалдық және субдепрессивтік ахуалы алғаш рет анықталған жағдайда "б" тармағы бойынша қорытынды шығарылады";

      5-бапта:
      "в" тармағына түсіндірмеде:
      "психодиагностикалық зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ электроэнцефалографияның (бұдан әрі - ЭЭГ) деректерімен расталған жалпы ми сипатының өзгерістері түріндегі" деген сөздер "және психодиагностикалық және психофизиологиялық тексерулердің нәтижелерімен, ал мүмкін болғанда - орталық нерв жүйесінің функционалдық жағдайын, ЭЭГ, экзогенді-органикалық модель бойынша тексерудің басқа да әдістерімен расталған кейбір когнитивтік функциялардың (есте сақтаудың, пайымдаудың, қорытынды жасаудың, түсінудің, көңіл аударудың, ойланудың) бұзылуы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-бапта:
      "б" тармағына түсіндірмеде:
      "дәрежесіне" деген сөз "сатысына" деген сөзбен ауыстырылсын, "қайталама" деген сөз алынып тасталсын;

      7-бапта:
      "б" тармағына түсіндірмеде:
      "патологиялық реакциялары," деген сөздерден кейін "психодиагностикалық тексерудің деректерімен, объективтік деректермен (қызметтік мінездемелер және тағы басқа), сондай-ақ туыстарының, қызметтестерінің айтулары бойынша анамнез деректерімен расталған" деген сөздермен толықтырылсын;
      "в" тармағына түсіндірмеде:
      бірінші абзацта:
      "объективтік деректермен (қызметтік мінездемелер және тағы басқа), сондай-ақ туыстарының, қызметтестерінің айтуы бойынша анамнез деректерімен" деген сөздер алынып тасталсын;

      8-бапта:
      "в" тармағына түсіндірмеде:
      бірінші абзацта:
      "ЖБЖЗ" деген сөзден кейін "және бейімділік мүмкіндіктері төмен жеке адамның өзіне-өзі қол жұмсауы" деген сөздермен толықтырылсын;

      10-бапта:
      "г" тармағында:
      Аурулар мен ағза кемшіліктері кестесінің ІІІ, ІV графалары бойынша "орналасушылар" санатында:
      "жарамдылығы жекелей анықталады" деген сөздер "жарамсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      түсіндірмеде:
      алтыншы абзацта:
      "құжаттармен," деген сөздерден кейін "дәрігерлік бақылаулармен, сіңір тартылуы талмаларының мән-жайлары туралы актілермен" деген сөздермен толықтырылсын;

      11-бапта:
      түсіндірмеде:
      сегізінші абзацта:
      "тексеруден кейін" деген сөздерден кейін "кемінде 6 айдан соң" деген сөздермен толықтырылсын;
      сегізінші абзац мынадай редакциядағы сөздермен толықтырылсын: "д" тармағы бойынша куәландырылған қызметке орналасушылар емделгенге дейін (кемінде 6 ай) жарамсыз";

      12-бапта:
      түсіндірмеде:
      жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "д" тармағы бойынша куәландырылған қызметке орналасушылар емделгенге дейін (кемінде 6 ай) жарамсыз";

      16 бапта:
      "б" тармағында:
      "жарамсыз" деген сөз "уақытша жарамсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      түсіндірмеде:
      төртінші абзацта:
      "кемінде 58 кг" деген сөздерден кейінгі "әйелдер үшін 54 кг" деген сөздер  "дене массасының индексі (бұдан әрі - ДМИ) кемінде 18,5 кг/м 2 " деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесінші абзацта:
      "салмағы кемінде 51 кг (әйелдер үшін  47 кг)" деген сөздер "кемінде 18,5 кг/м 2  ДМИ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзацта:
      "аз ғана қалыс қалушылық" деген сөздерден кейін "2 см-ге дейін өсуде, кемінде 18,5 кг/м 2  ДМИ" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аурулар мен ағза кемшіліктері кестесінің І, ІІІ, ІV графаларына жатқызылған қатардағы және басшы құрам адамдары лауазымдардан ІІ графа бойынша лауазымдарға ауысқан кезде мыналар міндетті түрде ескерілсін: бойы кемінде 170 см (әйелдер үшін 165 см)";

      20-бапта:
      түсіндірмеде:
      жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әйелдерде қан сарысуындағы темір көрсеткіштері қалыпты болып, қанында кемінде 115 г/л гемоглобин болған жағдайда жарамды деп танылсын";

      22-бапта:
      "в" тармағында:
      І графа бойынша "қатардағы және басшы құрам адамдары" санатында:
      "бейбіт уақытта саптан тыс қызметке жарамды, соғыс уақытында бірінші дәрежелі шектеулі жарамды" деген сөздер "саптағы немесе саптан тыс қызметке жарамдылығы жекелей анықталады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      түсіндірмеде:
      "б" тармағы бойынша:
      бірінші абзацта:
      "хирургиялық емдеудің" деген сөздерден кейін "сыртқы тыныс алу функциясының шамалы бұзылуы бар радикалды хирургиялық операциялар (сол жақ өкпенің бөлшегін, не болмаса екі сегменттің, оң жақ өкпенің екі сегменттен астамын алу)";
      "в" тармағы бойынша:
      екінші абзацта:
      "хирургиялық емдеудің зардаптары бар" деген сөздерден кейін ", жақсы клиникалық нәтижесі және сыртқы тыныс алу функциясының шамалы бұзылуы бар немесе бұзылмаған өкпенің шеткі немесе үнемді резекциялары (сол жақ өкпенің бір сегментті немесе оң жақ өкпенің екі сегменті)" деген сөздермен толтырылсын;

      24-бапта:
      түсіндірмеде:
      "б" тармағы бойынша:
      бірінші абзацта:
      "жетіспеушілігі" деген сөзден кейін ", жиі (жылына 2 және одан да көп) және ұзақ (2 айдан астам) асқынулары бар" деген сөздермен толықтырылсын;

      27-бапта:
      түсіндірмеде:
      жетінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "ІІ сатыдағы гипертониялық аурудың біртіндеп жазылуы, қатардағы және басшы құрам адамдарының сәтті емделуі және еңбекке жарамдылығының сақталуы кезінде "б" тармағы бойынша бейбіт уақытта саптан тыс қызметке жарамды, жасына және орындайтын жұмысының ерекшелігіне байланысты барлық графалар бойынша соғыс уақытында І дәрежелі шектеулі жарамды деп тануға болады";

      30-бапта:
      "в" тармағында:
      "І графа бойынша қатардағы және басшы құрам адамдары" санаты:
      саптан тыс қызметке бейбіт уақытта жарамды, соғыс уақытында бірінші дәрежелі шектеулі жарамды" деген сөздер "саптағы және саптан тыс қызметке жарамдылығы жекелей анықталады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      түсіндірмеде:
      "б" тармағы бойынша:
      екінші абзацта:
      "созылмалы" деген сөзден кейін "тас байланулық емес және тас байланулық" деген сөздермен толықтырылсын;
      "в" тармағы бойынша:
      бірінші абзацта:
      "созылмалы" деген сөзден кейін "тас байланулық емес және тас байланулық" деген сөздермен толықтырылсын;

      31-бапта:
      "в" тармағында:
      І графа бойынша "қатардағы басшы құрам адамдары" санатында:
      "саптан тыс қызметке бейбіт уақытта жарамды, соғыс уақытында бірінші дәрежелі шектеулі жарамды" деген сөздер  "саптағы және саптан тыс қызметке жарамдылығы жекелей анықталады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34-бапта:
      түсіндірмеде:
      "б" тармағы бойынша:
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жатырды қосымшасымен қынап үстілік кесіп тастау осы баптың "б" тармағы бойынша қарастырылады";
      "в" тармағы бойынша:
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "жатырдың қосымшаларын қалдыра отырып қынап үстілік кесіп тастау эндокриндік бұзылушылықтар болмаған кезде осы баптың "в" тармағы бойынша қарастырылады";
      "г" тармағы бойынша:
      екінші абзацта:
      "емдеуден кейінгі жағдайларда жатады" деген сөздерден кейін "шектелген перитониті бар соқырішекті, вентралды жарықтардың жарық пластикалары, кіндік, шап, сан жарықтарын қыса отырып алып тастау операцияларынан кейін кемінде 6 ай; соқырішек, жарық құрамындағыларды қыспайтын жарық пластикалары операцияларынан кейін кемінде 3 ай" деген сөздермен толықтырылсын;

      35-бапта:
      түсіндірмеде:
      "в" тармағы бойынша:
      екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "нервологиялық симптоматика және психиканың бұзылуы болмаған жағдайда клиникалық байқалулары бар бас сүйегі дамуының кемістігі мен аномалиясы (шақша бас, платибазиялық импрессиялар, макро-, микроцефалия және тағы басқа)";

      36-бапта:
      түсіндірмеде:
      "б" тармағы бойынша:
      бесінші абзацта:
      "омыртқа дискілерін" деген сөздерден кейін ", жарықтарды" деген сөзбен толықтырылсын;
      "г" тармағы бойынша:
      төртінші абзацта:
      "омыртқа доғаларының" деген сөздерден кейін "жалғыз Шморль жарықтарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      38-бапта:
      түсіндірмеде:
      "б" тармағы бойынша:
      "қызметтерінің орташа бұзылуы бар" деген сөздерден кейін ", омыртқаның мойын бөлігіндегі қызметінің орташа бұзылуы бар туа біткен бұлшық етті қисық мойын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "в" тармағы бойынша:
      бірінші абзацта:
      "органдар қызметтерінің аз ғана бұзылуы бар кеуде клеткасының туа біткен дефектілері" деген сөздерден кейін ", омыртқаның мойын бөлігіндегі қызметтің орташа бұзылуы бар туа біткен бұлшық етті қисық мойын" деген сөздермен толықтырылсын;
      "г" тармағы бойынша бірінші абзацта:
      "буындар қызметінің болуы жоқ Шлаттер ауруы" деген сөздерден кейін ", омыртқаның мойын бөлігі қызметінің бұзылуы жоқ туа біткен бұлшық етті қисық мойын" деген сөздермен толықтырылсын;

      40-бап:
      мынадай редакцияда жазылсын:
      "Туа біткен қисаю немесе қысқартылған аяқ-қолдар, сондай-ақ ауру немесе сүйектерге, шеміршектерге, бұлшық еттерге, сіңірлерге және буындарға зақым келтіру салдарынан пайда болған қисаю және қысқартылған аяқ-қолдар";
      түсіндірмеде:
      "а", "б", "в", "г" тармақтары бойынша:
      "қысқаруымен ортан жілік мойнының варустық деформациясы" деген сөздер "қысқаруы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "б", "в" тармақтары бойынша:
      "жіліншіктің екі сүйегінің бірдей сынығының салдарынан" деген сөздер алынып тасталсын;
      "г" тармағы бойынша:
      "аяқтың" деген сөзден кейін "1 см-ден" деген сөздермен толықтырылсын;

      49-бапта:
      түсіндірмеде:
      бірінші абзацта:
      ", сүт безінің" деген сөздер алынып тасталсын;
      "в" тармағы бойынша:
      бірінші абзацта:
      "өскіндері," деген сөзден кейін "геникомастия," деген сөзбен толықтырылсын;
      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "осы тармаққа ер адамдардың сыртқы жыныстық органдарының фондық жағдайын және олардың ісік алды ауруларын: жұмыртқаның артофиясын, дисплазиясын, гипо-, гиперплазиясын; хирургиялық емдеуді қажет ететін фиброма жылауығының және жұмыртқаның, шәует бауының және ұманың басқа да сапалы туындауларын";
      үшінші абзацта:
      "көптеген сүйелдік және пигменттік невустер" деген сөздер алынып тасталсын;

      50-бапта:
      түсіндірмеде:
      "г" тармағы бойынша:
      бірінші абзацта:
      "аяқ басы сыртының аз ғана ісінуі;" деген сөздерден кейін "операциялардан, мертігулерден және қан айналымының және оның функциясының толық қалпына келтірілген басқа да ірі магистралдық тамырлардың зақымдарынан кейін зақымданулар, операциялар кезеңінен кемінде 1 жылдан кейінгі; шеткі тамырларға жасалған операциядан кейін кемінде 6 айдан және қолайлы сараптау болжамы бар склеротерапиядан кемінде 2 айдан кейінгі" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзац алынып тасталсын;

      54-бапта:
      түсіндірмеде:
      "в" тармағы бойынша:
      бірінші абзацта: "сондай-ақ қабынуы мен бұрын іріңдіктердің жарылу белгілерінсіз эпителийлік құйымшақ жолдары" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қабыну мен бұрын іріңдіктердің жарылу белгілерінсіз эпителийлік құйымшақ жолдарының болуы осы бапты қолдану үшін негіз болып табылмайды";

      63-бапта:
      "б" тармағында:
      Аурулар мен ағза кемшіліктері кестесінің ІІІ, ІV графалары бойынша "орналасушылар" санатында: "жарамдылығы жекелей анықталады" деген сөздер "жарамсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;

      64-бапта:
      "в" тармағында:
      "қатардағы және басшы құрам адамдары" санатында: "әскери қызметке жарамды" деген сөздер "саптағы және саптан тыс қызметке жарамдылығы жекелей анықталады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      түсіндірмеде:
      "а" тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "а" тармағына тек осы бапта көрсетілген ушығулары бар созылмалы іріңді мезотимпанит ауруы ғана емес, сондай-ақ асқынусыз (еңбек қабілетін жоғалтумен ере жүретін жылына 2 және одан да көп рет ушығуы) мезотимпаниттік қолайсыз ағымдағы аурулар да жатады";
      "б" тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "б" тармағына сондай-ақ айқын көрінетін гипертрофиялық мұрын қабығының қабынуымен, созылмалы іріңді немесе мұрын жанындағы қойнаулардың полипоздық ауруларымен ере жүретін дабыл жарғағының екі жақты құрғақ тесілуі жатады";

      65-бапта:
      "қатардағы және басшы құрам адамдарың санатында:
      "саптағы немесе саптан тыс қызметке жарамдалығы жекелей анықталады" деген сөздер "әскери қызметке жарамды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      түсіндірмеде:
      бірінші абзацта:
      "Бап" деген сөзден кейін "созылмалы жалқықты ортаңғы құлақтың қабынуларын," деген сөздермен толықтырылсын;
      төртінші абзацта: "лауазымдарда жұмыс істеуге" деген сөздерден кейін ", ұшақта жиі ұшумен байланысты қызметке" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесінші абзацта: "шамалы зиян шеккен" деген сөздер "зиян шекпеген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      69-бапта:
      "г" тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "сыбыр сөзді екі құлақпен 2 метрден 4 метрге дейінгі арақашықтықта қабылдау кезінде есту қабілетінің тұрақты төмендеуі";
      түсіндірмеде:
      мынадай мазмұндағы бірінші абзацпен толықтырылсын:
      "Бап этиологиясына қарамастан құлақ мүкістігінің барлық түрлерін қарастырады";
      төртінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Аурулар мен ағза кемшіліктері кестесінің ІІ графасына жатқызылған лауазымға қызметке орналасушылар және оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқуға түсушілер сыбыр сөзді екі құлақпен де кемінде 6 метр жерден қабылдауы тиіс";

      71-бапта:
      "б" тармағында:
      Аурулар мен ағза кемшіліктері кестесінің ІІ графасы бойынша "орналасушылар" санатында "жарамдылығы жекелей анықталады" деген сөздер "жарамсыз" деген сөзбен ауыстырылсын;
      түсіндірмеде:
      "б" тармағы бойынша:
      бірінші абзацта: "сирек асқынулары бар" деген сөздер  "сонымен қатар, ойдағыдай аяқталуы бар жедел емдеуден кейінгі (аурудың клиникалық белгілері мен асқынулары болмаған кезде операциядан кейін бір жылдан соң) полипоздық және іріңдік синуситтер" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "созылмалы іріңді және полипоздық, синуситтік жиі асқынулары бар (жылына 1 рет) мұрынмен тыныс алуы бұзылмаған, еңбекке қабілеттілігін жоғалтпаған қатардағы және басшы құрам адамдарын куәландыру осы тармақ бойынша жүргізіледі";

      75-бапта:
      түсіндірмеде:
      бірінші абзацта:
      "афония" деген сөз "дисфония" деген сөзбен ауыстырылсын, "гипертониялық" деген сөз алынып тасталсын;
      алтыншы абзацта:
      "орташа" деген сөз "шамалы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      82-бапта:
      "б" тармағында: Аурулар мен ағза кемшіліктері кестесінің І графасы бойынша "орналасушылар" санатында:
      "жарамсыз" деген сөз "жарамдылығы жекелей анықталады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      түсіндірмеде:
      "б" тармағы бойынша:
      "қанағаттанарлық емдеуден кейін" деген сөздер "оларды ойдағыдай емдеу кезіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      92-бапта:
      түсіндірмеде:
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "аурулар мен ағза кемшіліктері кестесінің І графасы бойынша куәландырылатын оқуға түсетін азаматтардың коррекциясы бар көру өткірлігі және көретін көзінде 1,0-ден, нашар көзінде 0,6-дан төмен болуы тиіс. Егер кез келген көзде 3,0 диоптриядан жоғары жақыннан немесе алыстан көрмеушілік немесе басты екі меридиандардағы рефракциялардың 2,0 диоптриядан жоғары кез келген түрдегі астигматизм анықталса, олар оқуға түсуге жарамсыз деп танылады";

      93-бапта:
      түсіндірмеде:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "өте жақсы көретін көздің басты меридиандарының бірінде қызметке орналасушының кез келген түрдегі рефракциясы 6,0 Д-дан жоғары болған кезде жарамсыз болып табылады. Нашар көретін көзге рефракция аномалиясының ешқандай шегі қойылмайды, тек қана кез келген ауыспалы коррекциясы бар көру өткірлігі ғана ескеріледі".

      94-бапта:
      түсіндірмеде:
      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "ІІ графа бойынша куәландырылатын қатардағы және басшы құрам адамдары қызметке жарамсыз деп танылады (қызмет бойынша ауысуы кезінде)";

      106-бапта: түсіндірме мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "21 жасқа дейінгі әйел адамдарда овариалдық-менструалдық функцияның бұзылуы болмаған кезде жатырдың гипоплазиясы осы бапты қолдану үшін негіз болмайды";

      107-бап: "және сүт бездері" деген сөздермен толықтырылсын;
      түсіндірмеде:
      "б" тармағы бойынша:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "б" тармағына хирургиялық емдеуді қажет ететін жаңа өзгерістер клиникалық байқалулары жоқ 7 апталық жүктіліктен 11 апталық жүктілікке сәйкес көлемі бар жатыр миомдары; бартолин безінің жылауығы, жылауықтар, фибромалар және басқа да симптомы жоқ қынаптың сапалы ісіктері жатады";
      екінші абзац:
      ", сондай-ақ сүт безінің фондық ахуалы және ісік алдындағы аурулары: сүт безінің дисплазиясы, атипикалық гиперплазиясы; фибромалар, аденомалар, фиброздық-жылауықтық мастопатиялар";
      төртінші абзацта:
      "мен фибромаларын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ басқа да қатерсіз ісіктерін" деген сөздермен толықтырылсын.
      Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің ішкі істер органдары мен ішкі әскерлеріндегі медициналық куәландыру (бейбіт және соғыс уақытына) ережелеріне 20-қосымша осы бұйрыққа қосымшамен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры Қ.Б.Өскенбаевқа жүктелсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы 
Ішкі істер Министрінің 
2004  жылдың 10 ақпанындағы
N 99 бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы  
 Ішкі істер Министрінің  
1998 жылдың 24 желтоқсанындағы
N 470 бұйрығымен бекітілген
Ережеге N 20 қосымша  

____________________________________________________
Әскери-дәрігерлік комиссияның атауы

Қорытынды N ______
Психологиялық зерттеу нәтижесі
Үміткер __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, туылған жылы)
____________________________________________________________ түсуші,
оқу орнының атауы

І. Зерттеу нәтижесі:

100   L  F  K 1 2 3 4 5 6 7 8 9 0      ЖАЖЗ:____________________
90   _____________________________     _________________________
70   _____________________________     _________________________
50   _____________________________     _________________________
30   _____________________________     _________________________
      L  F  K 1 2 3 4 5 6 7 8 9 0      _________________________
К+жиынтық ______________________________________________________
Равен тесті:____________________________________________________
 _______
|___|___| ______________________________________________________
          ______________________________________________________
Люшер тесті:____________________________________________________
 ________________________
|__|__|__|__|__|__|__|___|______________________________________
|__|__|__|__|__|__|__|___|______________________________________
________________________________________________________________
Қосымша әдістер:________________________________________________
ІІ. Қорытынды:__________________________________________________

Психофизиологиялық зертхана бастығы____________ 
психолог _________________  Датасы ____________