Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.01.2013 № 15-07/32 бұйрығымен.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңын орындау үшін бұйырамын:
Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру жөніндегі ережелер бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және техникалық саясат департаменті (Доскенов М.Ж.) заңнамаларда белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары 1994 жылғы 5 желтоқсанда бекіткен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1994 жылғы 5 желтоқсанда N 30 мемлекеттік тіркеуден өткен) Аттестациялау, тракторист-машинист мамандығын меңгерген адамдарға біліктілік беру және оларға тракторлар, басқа өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациалық және жол құрылыс машиналарын жүргізуге рұқсат беру тәртібі туралы ереженің ;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары 1993 жылғы 29 қазанда бекіткен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1994 жылғы 5 желтоқсанда N 31 мемлекеттік тіркеуден өткен) Тракторлар, басқа өздігінен жүретін ауыл шаруашылық мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын жүргізуге рұқсат беретін тракторист-машинист куәлігін беру туралы нұсқаудың .
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Вице-Министрі А. Евниевке жүктелсін.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
5. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары-Министр
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
Вице-Министрі
____________________
2004 жыл 3 ақпан
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2003 жылғы 29 қаңтардағы
N 33 бұйрығымен бекітілген
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары
мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы
машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау
және куәліктер беру жөніндегі
Ереже
Ескерту. Ереженің тақырыбына өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасының барлық заңды тұлғалары мен азаматтары үшін, сондай-ақ республика аумағында жүрген немесе тұратын шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдар үшін бірігей әрі міндетті болып табылады, тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары және механизимдер, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналары (бұдан әрі - машиналар) категориясын, сондай-ақ емтихан қабылдаудың, азаматтарға тракторист-машинист куәлігін берудің және тракторист-машинистердің машиналарды жүргізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
3. Тұсына "А", "Б", "В", "Г", "Д" бағандарында рұқсат белгілері қойылған тракторист-машинистің куәлігі бар адамдар мыналарды жүргізе алады:
"А" - класы 30 кН (3,0 тк) дейінгі доңғалақты тракторларды;
"Б" - класы 60 кН (6,0 тк) дейінгі доңғалақты тракторларды;
"В" - шынжыр табанды тракторларды;
"Г" - өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналарын;
"Д" - өздігінен жүретін мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары соның ішінде экскаваторлар, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары орнатылған тракторларды.
4. Ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түрлеріне қарамастан барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің тракторист-машинистері үшін, сонымен қатар жеке меншігінде тракторлары, өзге де өздігінен жүретін машиналары бар азаматтар үшін тракторист-машинист куәлігінің бірыңғай нысаны енгізіледі (1-қосымша).
5. Емтихан қабылдауды, азаматтарға тракторист-машинист куәлігін беруді және "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттарындағы машиналарды жүргізуге рұқсат беруді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Мемлекеттік техникалық инспекциялары (бұдан әрі - Мемтехинспекция) жүргізеді.
Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
6. Тракторист-машинистерді даярлауды және қайта даярлауды ведомстволық бағаныштылығына және меншік түріне қарамастан қызметі қолданыстағы заңнамаға сәйкес оқу орындары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігімен келісе отырып жасаған бірігей оқу жоспары және типті бағдарлама бойынша іске асырылады.
7. Куәлік тракторист-машинистерге Қазақстан Республикасының барлық аумағында машиналарды жүргізуге рұқсат береді.
2. Емтихандар қабылдау және тракторист-машинистің
куәліктерін беру тәртібі
8. Машиналардың барлық санаттарын жүргізу құқығына теориялық және тәжірибелік емтихандарды Мемтехинспекцияның тіркеу пунктерінде емтихан комиссиясы қабылдайды.
9. Теориялық және тәжірибелік емтихандарды қабылдайтын комиссияның құрамында кемінде 3 адам болуға тиіс.
Оның құрамында мына адамдар болуы тиіс:
Мемтехинспекция қызметкері (комиссия төрағасы);
тракторист-машинистерді даярлаумен айналысатын оқу-орнының, автокөлік кәсіпорнының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері (комиссия мүшелері) кіреді.
Емтихан комиссиясының құрамына сыналатын топты даярлауды жүргізген оқытушылар мен өнңдірістік шеберлерді енгізуге тыйым салынады.
10. Емтихан комиссиясының мүшелері "Қазақстан Республикасының жол жүрісі ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу бойынша негізгі ережелерін және лауазымды тұлғалар мен жол жүрісіне қатысушылардың жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттері және Көлігі арнайы жарық және дыбыс беруші құралдармен жабдықталуға және арнайы түстіграфикалық схемамен боялуға жататын арнайы және жедел қызметтердің тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 мамырдағы N 643 қаулысымен өзгерістер енгізілген) Жол жүрісі ережелерін, емтихан қабылдаудың әдістемесін білуі керек және оның:
ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнаулы білімі;
олар емтихан алатын санат бойынша тракторист-машинист куәлігі;
Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
11. Оқу орнында оқығандардың емтиханы жағдайға байланысты сол жерде, сондай-ақ емтихан комиссиясы орналасқан жерінде бұдан бұрын өткен айдың 25-інен кешікпей берілген тапсырысқа сәйкес қабылданады.
12. Тракторист-машинистке кандидат машиналарды жүргізуге тракторист-машинист куәлігін алу үшін Мемтехинспекция бөлімшесіне немесе Мемтехинспекцияның емтихан комиссиясына мыналарды ұсынады:
өтініш (2-қосымша);
дипломның көшірмесін, семестрлік және емтихандық тізімдердің немесе дипломға қосымшаның көшірмесін (осы Ереженің 26-тармағында көрсетілген адамдар үшін);
машиналардың тиісті санаттарының бағдарламасы бойынша оқығаны туралы куәлік көшірмесін (3-қосымша);
тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және басқа машиналарды жүргізуге жарамдылығы туралы белгіленген үлгідегі медициналық анықтаманы (4-қосымша);
берілген куәлік үшін төленген жарнаның түбіртегін;
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесін;
көлемі 3,5х4,5 см, төменгі оң жақ бұрышы ақ, түрлі-түсті екі фотосурет ұсынады.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
13. Тракторист-машинист куәлігін алуға емтихан тапсырар алдында тракторист-машинист карточкасы толтырылып (5-қосымша), ол жеке басты куәландыратын құжатпен немесе оның орнына жүретін құжатпен бірге емтихан комиссиясына ұсынылады.
14. Тапсырылған құжаттар туралы мәліметтер мен білімін тексеру қорытындысы тізімдемеге (6-қосымша) енгізіледі, оған білімін тексеруге қатысқан тұлғалар қол қояды.
15. Емтихан мынадай кезекпен өткізіледі: алдымен теориялық, сосын практикалық. Теориялық емтиханды тапсыра алмағандар практикалық емтиханға жіберілмейді.
16. Оқу орнында машиналарды жүргізу құқығына даярлықтан өткендер үшін теориялық және практикалық емтихан екінші рет кем дегенде 7 тәуліктен кейін өткізіледі.
Басқа жерге немесе әскери қызметке, оқуға, ұзақ іссапарға (3 айдан артық) кететіндер үшін бұл тиісті құжатпен расталғанда ерекшелік ретінде емтихан 5 тәуліктен кейін алынуы мүмкін.
Басқадай жағдайларда емтихан мерзімі реттелмейді, бірақ ол бір тәуліктен кем болмауы керек. Теориялық емтиханда алынған баға 3 айға дейін күшін сақтайды. Осы уақыт өткеннен кейін жүргізушіге кандидатқа қайтадан теориялық емтихан белгіленеді.
17. Емтихандардың нәтижелері адамдардың білімін тексеру тізімінің негізінде хаттамамен бекітіледі, (7-қосымша) оған емтихан қабылдауға қатысқан комиссия мүшелерінің барлығы қол қоюы тиіс.
18. Теориялық және практикалық емтихандарды тапсырған адамдарға хаттама негізінде тракторист-машинст куәлігі беріліп, оның мәліметтері нөмірлер ретімен есеп кітабына (8-қосымша), сондай-ақ тракторист-машинистің куәлігіне жазылады.
19. Тракторист-машинист куәлігін толтыру пайдаланып қолмен жазылады немесе компьютерде басылады.
Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
20. Тракторист-машинист куәлігінің берілуі мен дұрыс толтырылуын комиссия төрағасы тексеріп, оған қол мен мөр қойып растайды.
Тракторист-машинист куәлігін берген кезде оның нөмірі, сериясы, берілген күні мен оны берген бөлімшенің атауы оқу ұйымын бітіргені туралы куәлікке жазылады (3-қосымша). Жазулар мөрмен расталады.
21. Тракторист-машинист куәлігіне рұқсат етілген машина санатының бағанына "Рұқсат етілді" деген штамп қойылады. Рұқсат етілмеген басқа бағандарға қиғаш сызығы бар штамп қойылады.
22. Тракторист-машинист куәлігі 10 жылға беріледі (бұл туралы "....дейін жарамды" немесе "Ерекше белгілер үшін" бағандарында тиісті жазу жазылады) сол мерзім біткенде осы Ережелердегі тәртіп бойынша айырбастауға жатады.
23. Медициналық комиссия қайта тексеруге мерзіміне шектеу қойған адамдарға тракторист-машинист куәлігін бергенде "Ерекше белгілер үшін" бағанына "Мед. анықтама міндетті" деген штамп басылады.
24. Басқа санатты машиналарды жүргізуге рұқсат алғанда жаңа куәлік беріліп, оған бұрынғысындағы қажет белгілер көшіріліп жазылады.
25. Тракторист-машинист куәлігі оның есеп кітабына қол қойып жеке басты куәландыратын құжатын не оның орнына пайдаланатын құжатын көрсеткенде беріледі.
26. Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнаулы оқу орнын бітірген тұлғаларға "А", "Б", "В" санаттарына жататын машиналарды жүргізу құқығы берілуі мүмкін, ол үшін дипломның көшірмесін, дипломның қосымшасын, семестрлік және емтихандық ведомостардың тиісті көшірмелерін ұсыну және тиісті санат бойынша Мемтехинспекцияның бөлімшелерінде теориялық және практикалық емтихан тапсыру қажет.
Осы Ереже оқу ұйымдары оқу курсын тиісті органдарда әзірленген және келісілген типтік бағдарламалармен көзделген көлемнен кем емес көлемде жүзеге асырған жағдайларда күшін сақтайды.
27. Мемтехинспекцияның бөлімшелері машиналарды жүргізуге құқық алу үшін емтихан тапсыруға, машиналарды жүргізу құқының куәлігін беруге тұрғылықты жері бойынша және уақытша келуі бойынша тіркелген азаматтарды, сондай-ақ келген жеріндегі ішкі істер органдарында тиісті тәртіппен тіркелген шетелдік азаматтарды жібереді.
Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
28. "А", "Б", "В", "Г", "Д" санаттарына жататын машиналарды жүргізу құқығына куәліктер Мемтехинспекцияның бөлімшелерінде теориялық және практикалық емтихандарды тапсырған тұлғаларға беріледі.
Теориялық емтихан тапсырғанда Жол қозғалысы ережелері мен өзге де жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты және оқу бағдарламасында көзделген басқа пәндерден білімі тексеріледі. Практикалық емтихан кезінде жүргізушінің тиісті санаттағы машиналарды жүргізу тәжірибесі тексеріледі.
29. Машиналарды жүргізу құқығы мыналарға берілуі мүмкін:
он жеті жасқа толғандарға - класы 30 кН (3,0 тк) дейінгі доңғалақты тракторлар және шынжыр табанды тракторлар (категориялары "А" және "В" санаттары);
жиырма жасқа толғандарға - класы 30 кН (3,0 тк) жоғары 60 кН (6,0 тк) дейінгі доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналары ("Б" және "Г" санаттары);
"А", "Б" немесе "Г" санатындағы машиналарды басқару құқығы бар тұлғаларға тиісті санаттағы машиналарды кемінде 12 ай жүргізген стажы болғанда - "Д" санатындағы машиналарды жүргізуге.
30. "Г" санатындағы машиналарды басқару құқығы "Б" немесе "А"-"В" санаттарына рұқсаты бар машинист-трактористерге (тиісті мшиналарда жалпы жұмыс стажы бір жылдан кем болмағанда) тиісті бағдарламамен қайта даярлықтан өткен теориялық және практикалық емтихан тапсырғандарға беріледі.
31. "Д" санатындағы машиналарды басқару құқығы "А"-"В" немесе "Г" немесе "Б"-"В" бағандарында рұқсат ету белгісі бар куәлігі болғанда (тиісті машиналарда жұмыс стажы бір жылдан кем болмауы керек), оқу орындарында тиісті бағдарламамен қайта даярлықтан өткен және Мемтехинспекцияның бөлімшелерінде теориялық және практикалық емтихан тапсырғандарға беріледі.
Жұмыс стажын растайтын құжат болып жұмыс орнынан берілген анықтама немесе машиналарды тіркеу құжаты (нотариалдық кеңсе берген машиналарды жүргізу құқығы жөнінде сенімхат) болып табылады.
Жүргізу дағды емтихандарды оқыту мекемесімен пайдалануға тракторлармен берілген өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы және жол-құрылысы, сонымен қатар жоғары өтімді арнайы машиналармен қабылданады.
Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
3. Тракторист-машинист куәліктерін ауыстыру және
жоғалғандарының орнына беру, сондай-ақ оларды шетел
азаматтарына ауыстыру мен берудің тәртібі
32. Тракторист-машинист куәлігі өтініші (2-қосымша), тиісті санаттағы машиналарды жүргізуге жарамдылығы жөніндегі қол қойылған анықтама, тракторист-машинист карточкасы немесе тракторист-машинист куәлігін берген Мемтехинспекцияның растауы болған жағдайында ауыстырылады. "В"-ны "А"-ға және "Б"-ға немесе "Г"-ны "Д"-ға ауыстыру Мемтехинспекцияда практикалық емтихан тапсырылған соң ғана жүргізіледі.
33. Куәлік ауыстырылып берілгенде жаңа куәліктің "Ерекше белгілер үшін" деген бағанына бұрынғы куәліктің сериясы, нөмірі және берілген күні жазылады.
34. "Дубликат" деген белгісі бар тракторист-машинистің жаңа куәлігі бұрынғысы жоғалған жағдайда тұрғылықты тұратын жерінде тіркелген немесе тіркеусіз уақытша тұратын жері бар азаматтарға өтініштің, емтихан карточкасының, медициналық анықтамасының негізінде, ал қажет болғанда оқу ұйымын бітіргені туралы куәлігін ұсынғанда немесе бұрынғы куәлікті берген Мемтехинспекцияның растауы негізінде беріледі.
35. Тракторист-машинист куәлігінің дубликаты дайындалғанша бір ай мерзімге талон беріледі. Қажетті жағдайда (сұрау салу және оған жауап алу, куәліктің жоғалуына байланысты жағдайлар анықталғанша) ол талон 3 ай мерзімге дейін ұзартылуы мүмкін. Азаматтарға мұндай талон теориялық және практикалық емтихандарды тапсырған соң беріледі. Берілетін талонға тракторист-машинист куәлігінің сериясы мен нөмірінің орнына "Жоғалған куәліктің орнына берілді" деп жазылып, екінші бетінің төменгі жағына оның жарамдылық мерзімінің ұзартылғаны көрсетіледі.
36. Куәліктің дубликаты дайын болғанша берілетін талон мен тракторист-машинист куәлігі дубликат берілгеннен кейін материалдарға қоса тігіледі.
37. Шетел азаматарының және азаматтығы жоқтардың тракторист-машинист куәліктерін айырбастау Мемтехинспекция бөлімшелерінде куәліктің түпнұсқасы мен оның мемлекеттік тілде немесе орыс тілінде расталған аудармасы, ішкі істер органдарында тіркелген паспорты, жеке куәлігі негізінде медициналық тексерістен өткеннен кейін және Мемтехинспекцияда теориялық және практикалық емтихандарды тапсырған соң беріледі. Сонымен бірге тракторист-машинистің ұлттық куәлігінде рұқсат берілген машиналардың санаттарын жүргізуге құқық беретін және 3-тармақтың талаптарына, келу құжаттарының мерзіміне сәйкес келетін куәлік беріледі. Тракторист-машинист ұлттық куәлігі Мемтехинспекцияда сақталып, оның иесі өз еліне қайтарда өтініші бойынша бұрын берілген Қазақстан Республикасының тракторист-машинист куәлігін тапсырғанда қайтарылып беріледі.
38. Шетел азаматтарының және азаматтығы жоқтардың ұлттық тракторист-машинист куәлігі болмағанда, Қазақстан Республикасының тракторист-машинист куәлігі олардың Қазақстан Республикасында болу мерзімі 6 айдан асатын болса, жалпы негізде беріледі.
39. Қазақ тілін немесе орыс тілін білмейтін шетел азаматтарына теориялық және практикалық емтиханды маман аудармашылардың қатысуымен тапсыруға рұқсат беріледі, аудармашылар туралы мәліметтер емтихан комиссиясының хаттамасына енгізіледі.
Мұндай жағдайда теориялық емтихандар ауызша әңгіме әдісімен тапсырылады да, емтихан тапсырудың уақытына шек қойылмайды.
6. Тракторист-машинист куәліктерін және
басқа материалдарды сақтау тәртібі
40. Тракторист-машинист куәліктері бланкілерінің келіп түсуі және жұмсалу есебі Қатаң есептегі бланкілер мен нөмірлік белгілердің келіп түсуін және шығысын есепке алу кітабына жазылады (9-қосымша).
41. Тракторист-машинист куәліктерінің бланкілері, жұмсалатын материалдары осы бұйрықпен бекітілген Ережеге сәйкес қатаң есептегі құжаттар ретінде сақталады.
42. Толтыру кезінде бүлінген куәліктердің бланкілер жыл сайын біржола жойылып, ол туралы акт жасалады.
Денсаулығына байланысты алынған, жоғалып табылған, бірақ орнына жаңасы берілген, айырғаннан кейін екі жыл ішінде иесі келіп алмаған тракторист-машинист куәліктері де осындай тәртіппен жойылады, ол туралы тракторист-машинист куәліктерін беру реестріне белгі соғылады.
Ескерту. 42-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
43. Тракторист-машинист куәлігін беруге және ауыстыруға негіз болған материалдар (өтініштер, ескі куәліктер, алымдардың төленгені туралы түбіртек, оқу туралы куәліктердің көшірмесі) сондай-ақ оқу топтарының тізімі жеке іске тігіліп, белгіленген тәртіппен бес жылға дейін сақталады.
Тракторист-машинист куәлігінің жаңасы берілгенде, ескісіне "Күшін жойды" деген мөртабан қойылып, іске тігіледі.
Емтихан комиссияларының хаттамаларын сақтау мерзімі - 10 жыл, тракторист-машинист куәліктерін беру реестрлері аяқталғаннан кейін оларды сақтау мерзімі - 60 жыл. Хаттамалар мен реестрлер Мемтехинспекция бөлімшелерінде сақталады.
Ескерту. 43-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
44. Медициналық анықтамалар, тракторист-машинист карточкасы олардың барлық реквизиттерін толтырғаннан кейін тракторист-машинист куәліктерін беру кезінде иелеріне қайтарылады.
45. Машиналарды жүргізу құқығынан айрылған адамдардың куәліктері Мемтехинспекция бөлімшелерінің машина иелері тұратын аумақта қызмет ететін тіркеу-емтихан бөлімшелерінде сақталады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 33 бұйрығымен бекітілген
Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жоғары өтімді арнайы
машиналарды жүргізу құқығына,
емтихандар қабылдау және
куәліктер беру жөніндегі ережеге
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Тракторист-машинист куәлігі
Тегі _______________________________________________________
Аты ________________________________________________________
Әкесінің аты _______________________________________________
Туылған уақыты және туған жері _____________________________
____________________________________________________________
Сериясы және нөмірі ____________
_______________________________ Көлемі
(облысы, аудан) 3,5х4,5
сурет орны
Мемтехинспекциямен берілді __________ ____________
" " _________ 20 жылы " " _________ 20 жылға дейін жарамды
_______________________________________ _______________________
(куәлік берген инспекция өкілінің қолы) (куәлік иесінің қолы)
__________________________________________________________________
Ауыл шаруашылығы тракторлары және басқа | Рұқсат берілгені
өздігінен жүретін машиналар санаттары | туралы белгі
__________________________________________________________________
"А" - класы 30 кН (3,0 тк) дейінгі
доңғалақты тракторлар;
"Б" - класы 60 кН (6,0 тк) дейін
доңғалақты тракторлар;
"В" - шынжыр табанды тракторлар;
"Г" - өздігінен жүретін ауыл
шаруашылығы машиналары;
"Д" - өздігінен жүретін мелиорациялық
және жол-құрылыс машиналары соның ішінде
экскаваторлар, мелиорациялық және
жол-құрылыс машиналары орнатылған тракторлар.
__________________________________________________________________
Ерекше белгілер үшін
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 33 бұйрығымен бекітілген
Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жоғары өтімді арнайы
машиналарды жүргізу құқығына,
емтихандар қабылдау және
куәліктер беру жөніндегі ережеге
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Мемтехинженер-инспекторға ________________________________________
(Облыс, аудан)
Азамат____________________________________________________________
(Т.А.Ә)
Туған жылы, күні _________________________________________________
Туған жері _______________________________________________________
(Республика, облыс, қала, аудан)
Тұратын жері _____________________________________________________
Жұмыс істейтін жері ______________________________________________
Лауазымы _________________________________________________________
Паспортының сериясы ( жеке куәліктің) ____________________________
N_____________________
___________________________________________________________ берген
(кім, қашан)
Өтініш
Тракторист куәлігін беруді, айырбастауды, дубликат беруді, сұраймын
__________________________________________________________________
(себебі көрсетілді, керегі жоғын сызып тастау керек )
Өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынамын:
1 __________________________________________________________
2 __________________________________________________________
3 __________________________________________________________
4 __________________________________________________________
5 __________________________________________________________
____________
(жеке қолы)
Сериясы ___________________ N _____________________куәлік берілді
Мемтехинженер-инспектор ___________________________________
(Облыс, аудан)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 33 бұйрығымен бекітілген
Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жоғары өтімді арнайы
машиналарды жүргізу құқығына,
емтихандар қабылдау және
куәліктер беру жөніндегі ережеге
3-қосымша
Ескерту. 3-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
------------------------------------------------------------------
(оқу ұйымы қарауына кіретін министрліктің және ведомствоның атауы)
------------------------------------------------------------------
(оқу жүргізген ұйымның аты)
Куәлік N ______________
Осы куәлік азамат ________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
берілді. Ол " "__________________ бастап, " "_____________________
дейін даярлау, қайта даярлау, тракторист-машинист кластылығын
көтеру бағдарламасы бойынша ______________________________________
сағат көлемінде оқып, біліктілік емтихандарын мынадай бағаларға ("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық") тапсырды:
Тракторлар және басқа машиналардың құрылғысы мен техникалық
пайдалану ережелері_______________________________________________
__________________________________________________________________
(оқыған тракторлар мен өздігінен жүретін машинаның
маркасы көрсетіледі)
Агрономия негіздері, механикаландырылған жұмыс технологиясы және
оны ұйымдастыру __________________________________________________
Жол жүру ережелері _______________________________________________
Машина жүргізудің практикалық дағдылары __________________________
Біліктілік комиссиясының " "_______________________20___ ж.
шешімі бойынша, хаттама N ______________________________
азамат ___________________________________________________________
тракторист-машинист деген біліктілік берілді.
М.О. Біліктілік комиссиясының
төрағасы _____________________________
Оқу орнының (кәсіпорынның)
басшысы ______________________________
Мемтехинспекциясы " " ______________2003 жылғы
N ____________ ведомост негізінде сериясы ________________________
санаты ___________________________ тракторист-машинист
куәлігі берілді __________________________________________________
М.О. " " _____________________20____ ж.
____________________
(қолы)
Құжат трактор немесе басқа өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік, жол-құрылыс машиналарын жүргізуге рұқсат бермейді.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 33 бұйрығымен бекітілген
Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жоғары өтімді арнайы
машиналарды жүргізу құқығына,
емтихандар қабылдау және
куәліктер беру жөніндегі ережеге
4-қосымша
Ескерту. 4-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
________________________________________________
(мекеменің атауы)
Медициналық анықтама
(Мемтехинспекцияға ұсыну үшін)
Фамилиясы ________________________ Аты ___________________________
Әкесінің аты ________________________ Жасы _______________________
Тұратын жері _____________________________________________________
Жұмыс істейтін жері ______________________________________________
Медициналық тексеруден өтті
"____" _________________20 ______ж.
Медициналық комиссияның қорытындысы
1. Класы 30 кН (3,0 тк) дейінгі доңғалақты тракторларды жүргізуге жарамды (жарамсыз).
2. Класы 60 кН (6,0 тк) дейін доңғалақты тракторларды жүргізуге жарамды (жарамсыз).
3. Шынжыр табанды тракторларды жүргізуге жарамды (жарамсыз).
4. Өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналарын жүргізуге жарамды (жарамсыз).
5. Өздігінен жүретін мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары соның ішінде экскаваторлар, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары орнатылған тракторлар жүргізуге жарамды (жарамсыз).
Анықтаманың жарамдылық мерзімі ____________________________
Сурет орны
М.О. Комиссияның төрағасы
(қолы)
Хатшысы
(қолы)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 33 бұйрығымен бекітілген
Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жоғары өтімді арнайы
машиналарды жүргізу құқығына,
емтихандар қабылдау және
куәліктер беру жөніндегі ережеге
5-қосымша
Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Тракторист-машинист карточкасы
Фамилиясы ______________________________ Аты________________
Әкесінің аты __________________________ Жасы _______________
Туған жылы мен жері ________________________________________
Үйінің адресі ______________________________________________
Паспортының сериясы ______________________ N _______________
_____________________________________________________ берген
(ішкі істер органы)
Фотосурет орны
________________________________________________________
(медициналық мекеменің атауы, анықтаманың нөмірі
және тексерістен өткен уақыты)
__________________________________________ _____________
_______________________ медициналық тексерістен өтті
________________________________________________________
(машинаның қандай санатына оқығанын және қандай оқу
________________________________________________________
орнын бітіргенін көрсету қажет)
________________________________________________________
________________________бағдарламасы бойынша оқу бітірді
"___"____________ 20__ж. N ______ куәлік алды
Куәлік берілді
__________________________________________________________________
Санаты|Куәліктің |Куәліктің|Берілген | Мөрмен расталған,
| сериясы | нөмірі |мерзімі | құжатты берген адамның қолы
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Комиссия төрағасы (фамилиясы) ________________
(қолы)
"____" ________________ 20____ ж.
Мемтехинспекцияның Ескерту: Тракторист-машинист
карточкасы куәлік иесінде
сақталады, тракторист-машинист
куәлігін айырбастау, сондай-ақ сол
куәліктің дубликатын алғанда
М.О. Мемтехинспекцияның бөлімшесіне
ұсынылады.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 33 бұйрығымен бекітілген
Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жоғары өтімді арнайы
машиналарды жүргізу құқығына,
емтихандар қабылдау және
куәліктер беру жөніндегі ережеге
6-қосымша
Ескерту. 6-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
_____________________облысы, _________________ ауданының инженер- инспекторының тракторист-машинист куәлігін алатындардың білімін тексерген 20 жылғы "____"____________ дағы N_________тізімдемесі
------------------------------------
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8
| | | | | | |1|2|3
------------------------------------
1 - Реттік саны
2 - Тегі, аты, әкесінің аты
3 - Туған жылы
4 - Емтихан тапсырушының оқу бітірген жері
5 - Куәліктің нөмірі және оның берілген уақыты
6 - Медициналық анықтаманың берілген уақыты және берген мекеменің аты
7 - Санаты
8 - Тексеру қортындысы (тапсырды, тапсырмады)
8.1. - Жолда жүру ережесі
8.2. - Машина жүргізу дағдылары
8.3. - Техникалық пайдалану ережелері
------------------------------------
Инженер-инспектордың сонымен қатар білім тексеруге қатынасқан басқа қызметкерлердің лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, қолдары.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 33 бұйрығымен бекітілген
Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жоғары өтімді арнайы
машиналарды жүргізу құқығына,
емтихандар қабылдау және
куәліктер беру жөніндегі ережеге
7-қосымша
Ескерту. 7-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Мемтехинспекцияның емтихан комисиясының
"____" _______________ 20_______ж.
N _______ Хаттамасы
Комиссияның құрамы: төрағасы ____________________________ мүшелері
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
N |Емтихан |Туған|Қандай|Емтихан| Емтихан нәтижесі
N |тапсы. |жылы |санат.| |________________________________
р/с|рушының | |тағы |Тапсы. | теориялық | практикалық
|аты-жөні| |маши. |рушының|________________________________
| | |наны |оқыған |Алғаш.|Тапсырды|Алғаш.|Тапсырды
| | |жүргі.| оқу |қы рет|Тапсыр. |қы рет|Тапсыр.
| | |зуге | орны |немесе|мады |немесе|мады
| | |емти. | |қай. | |қай. |
| | |хан | |тадан | |тадан |
| | |тап. | | | | |
| | |сырды | | | | |
__________________________________________________________________
1 2 3 4 5 6 7 8 9
__________________________________________________________________
Төрағасы ________________________________
мүшелері ________________________________
________________________________
________________________________
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 33 бұйрығымен бекітілген
Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жоғары өтімді арнайы
машиналарды жүргізу құқығына,
емтихандар қабылдау және
куәліктер беру жөніндегі ережеге
8-қосымша
Ескерту. 8-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Тракторист-машинист куәліктерін беру
кітабы
-----------------------------------------
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10
-----------------------------------------
1 - NN ретік саны
2 - Тегі, аты, әкесінің аты
3 - Туған жері мен уақыты
4 - Жұмыс істейтін жері (тұратын орны)
5 - Емтихан тапсырған уақыты және тізімдеменің реттік саны
6 - Куәліктің берілген уақыты
7 - Куәлік берілді Санаты
8 - Куәлік берілді Сериясы және нөмірі
9 - Алғандығы туралы қолы
-----------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2004 жылғы 29 қаңтардағы
N 33 бұйрығымен бекітілген
Тракторларды және олардың
базасында жасалған өздігінен
жүретін шассилер мен
механизмдерді, өздігінен
жүретін ауыл шаруашылығы,
мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен механизмдерін,
сондай-ақ жоғары өтімді арнайы
машиналарды жүргізу құқығына,
емтихандар қабылдау және
куәліктер беру жөніндегі ережеге
9-қосымша
Ескерту. 9-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2008.11.06 N 682 (қолданысқа енгізілу
тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
Қатаң есептегі бланкілер мен нөмірлік белгілердің
келіп түсуін және шығысын есепке алу кітабы
__________________________________________________________________
Кіріс | Шығыс | Қалдық
__________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5.1 | 5.2| 6 | 7 | 8 | 9 |10.1|10.2| 11|
__________________________________________________________________
1 - Түскен уақыты
2 - Жүк құжат нөмірі
3 - Кімнен алынды
4 - Сериясы
5.1.- Нөмірлеудің басталғаны N:
5.2. - N-ге дейін қоса алғанда
6 - Саны
7 - Шығынға шыққан уақыты
8 - Кімге берілді
9 - Сериясы
10.1 - Нөмірлеудің басталғаны N:
10.2 - N - ге дейін қоса алғанда
11 - Саны
__________________________________________________________________
Ескерту.
Белгілер мен бланкілердің әрбір түріне кітаптың жеке бөлімі белгіленеді.