"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының
7-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
"Санитарлық-эпидемиологиялық
мониторинг жүргізу ережесін
бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2004 жылғы 9 ақпандағы
N 135 бұйрығымен бекітілген
Санитарлық-эпидемиологиялық
мониторинг жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында және санитарлық-эпидемиологиялық мониторингін жүргізу үшін әзірленген және санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Санитарлық-эпидемиологиялық мониторингті (бұдан әрі - мониторинг) халық денсаулығының жай-күйі мен тіршілік ету ортасы, оларды талдау, бағалаумен болжау мен болжау, сондай-ақ халық денсаулығының жай-күйі мен тіршілік ету ортасы факторларының ықпал етуі арасындағы себепті қадағалау байланыстары деп түсінген жөн.
3. Мониторинг міндеттері:
1) бақылауды ұйымдастыру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету туралы жан-жақты және шынайы ақпарат алу, тіршілік ету ортасы адамдардың және олардың денсаулығы;
2) жүйелік зерттеу және алынған ақпараттың бағасы, адамдардың тіршілік ету ортасының өзгеруіне байланысты, халықтың денсаулықтарының өзгеруі туралы болжау жасау;
3) тіршілік ету ортасындағы халықтың денсаулық жағдайларының тергеулік-себебін анықтау;
4) мониторинг бойынша банк мәліметтерін қалыптастыру;
5) жүргізілетін іс-шаралар және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығын жақсарту бойынша, басқармалық шешімдерін жүзеге асыру нәтижелік бағасы;
6) санитарлық-эпидемиологиялық деңгейде мемлекеттік жүйедегі құжаттарды, адамдардың денсаулығын тіршілік ету ортасында бірдей қолданып, бағалау;
7) мониторингке қатысушыларды ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету және олардың қоғамдық қарым-қатынасы болып табылады.
5. Мониторингке қатысушылар:
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган;
2) тиісті аумақтағы, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымдары және мемлекеттік органдар;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдары;
4) өндіруші саладағы және өндірістік-шаруашылық қызметімен айналысатын тұлғалар.
6. Мониторинг объектілері, ұжымдар, заңды және жеке тұлғалар, ғимараттар, өкімдер, және басқа да объектілер, егер олардың қызметтерін қолданғанда адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіретін болса.
2. Мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
8. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметіндегі мемлекеттік органы мемлекеттік ұйымдардың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінде мониторинг жүргізуді үйлестіреді.
9. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметіндегі мемлекеттік орган, мониторинг жүргізуде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органдарына ұйымдарға, әдістемелік және практикалық көмек көрсетуді ұйымдастырады.
10. Нормативтік құқықтық және мониторингте әдістемелік басқару, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығы жөніндегі өкілетті орган мен орындалады.
11. Мониторинг функциялары әр-түрлі деңгейде, аумағына байланысты жүзеге асырылады:
1) республикалық - Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүргізіледі;
2) аймақтық - әкімшілік пен шектелген (облыс, астана және республикалық маңызы бар қалаларда) және басқа да шекаралары бар аумақта жүргізіледі;
3) жергілікті - аудан немесе қала аумағында.
12. Мониторингті ұйымдастыру:
1) республикалық деңгейде - халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі өкілетті органымен жүзеге асырылады;
2) аймақтық деңгейде - облыс, астана, республикалық маңызы бар қалаларда, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен жүргізіледі;
3) жергілікті деңгейде - аудан, қала, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жүргізеді.
13. Аудан, қала және көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары өздеріне берілген құзыретіне сәйкес:
1) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы бойынша жинауды, алғашқы өңдеуді және ақпараттарды бағалауды қамтамасыз етеді, облыс, астана, республикалық маңызы бар қалаларда және көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі, тіршілік ету ортасында, адамдардың денсаулықтарына зиянды әсерлерін тигізетін, алғашқы банк мәліметтерін қалыптастырады;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жағдайларын, халықтың денсаулықтарының көрсеткіштерін және адамдардың тіршілік ету ортасындағы өзгерістерінің тергеу себептеріне әсерін тигізеді;
3) қала және ауданда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша, тіршілік ету ортасында адамдардың денсаулықтарына зиян тигізу әсерлерінің жойылуы немесе ондай факторлардың азаюына жергілікті атқарушы органдарына тиісті шешім қабылдау үшін ескертулер, ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етеді.
14. Облыс, астана, республикалық маңызы бар қалаларда және көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары өз құзыреттері бойынша:
1) алынған мәліметтерді бағалау және зерттеуді жүргізіп, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жағдайлары, халықтың денсаулықтарының көрсеткіштерін және адамдардың тіршілік ету ортасындағы өзгерістерінің тергеу-себептеріне әсерін тигізеді;
2) облыс деңгейінде бақылау динамикаларын құрап, облыс, астана, республикалық маңызы бар қалаларында тиісті банк мәліметтерін жүргізеді;
3) қала және ауданда халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы мәселелері бойынша, тіршілік ету ортасында адамдардың денсаулықтарына зиян тигізу әсерлерінің жойылуы немесе ондай факторлардың азаюына жергілікті атқарушы органдарына тиісті шешім қабылдау үшін ескертулер, ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етеді;
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі өкілетті органға ақпарат жолдайды.
15. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі өкілетті орган:
1) алынған мәліметтерге зерттеу және баға беруді жүргізеді, Қазақстан Республикасында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы бойынша болжам жасауды қамтамасыз етеді және де тиісті республикалық банк мәліметтерін жүргізеді;
2) ақпараттық және ақпарат-аналитикалық жүйелерін, бағдарлама материалдарын және мониторинг база мәліметтерін жүргізеді;
3) нормативтік-ақпарат анықтамаларымен, статистикалық регистрлерде қолданған, банк мәліметтерін, ақпараттарды комплекстік автоматикалық өңдеуді қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
4) әлеуметтік және өндірістік ортада, табиғи қоршауда, халықтың денсаулығының жағдайларының өзгеруіне және бағалауға, мемлекеттік ақпараттарды өңдеу және бақылау жүйесіне, әлеуметтік экономикалық дамуына, ақпараттар алуды қамтамасыз етеді;
5) орталық және жергілікті-атқарушы органдарына, тіршілік ету ортада адамдардың денсаулықтарына зиянды әсерін тигізетін факторлардың азаюы немесе жойылуы, жақсаруы бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) мониторинг жүргізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары және ұйымдарының қызметтеріне қадағалау жүргізеді.
16. Мониторинг банк мәліметтері, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы жөніндегі өкілетті органмен бекітілген есеп және есеп-беру құжаттар негізінде құрылады.
17. Мәліметтерді беру жүйесі, өз алдында банк мәліметтеріне дейін, белгіленген стандарт файлында есеп-беру формаларын толтыру арқылы жеткізіледі және өзіне:
1) қағаз және магниттік тасымалдау көмегі арқылы жеткізуді;
2) электрондық почтамен (E-mail) жеткізуді қосады.
18. Мониторинг мәліметтерін жинау, санитарлық-эпидемиологиялық органдарымен, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және санитарлық-эпидемиологияға қарсы профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуі арқылы жүзеге асырылады.
19. Өңдеу саласында және басқа да өндірістік-шаруашылық қызметіндегі тұлғалардан мониторинг мәліметтері жергілікті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі органдарының жазбаша сұраулары арқылы ақпараттар жиналады.
20. Мониторинг мәліметтерін өңдеу, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен жүргізіледі.
21. Өңделген мониторинг мәліметтерінің толықтығын бақылауды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметі органдарының басшыларымен жүзеге асырылады.
22. Алынған мәліметтерді зерттеу, жолданған және интенсивтік өзгерістерді нормативтік бағасымен алынған көрсеткіштерді салыстыру арқылы жүзеге асырылады.
23. Нормативтік баға тиісті көлемде, мінезделген қауіпті және салауаттылығы жоқ санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдағы мүмкіншілігі және дәрежесі кері фондық (бақылаулық) деңгейде, норматив және стандарт болып есептеледі.
24. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын бағалау қорытындысымен тіршілік ету ортада денсаулықтардың жағдайларының өзгеруіне бақылау, қосымша диаграмма және кестесі, динамика мінездемесі, интенсивтік өсуінің өзгеруіне және бағытталуына, маңызды болжам жасалады.
3. Мониторингтің ақпараттық қоры
25. Мониторингтің ақпараттық қоры белгілі бір тәртіппен жүйеленген бақылаудың көп жылғы мәліметтерден, сондай-ақ халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, адамның денсаулығы және оның тіршілік ету ортасының жай-күйінің өзгеруінің мәні мен байланыстарын анықтау үшін оны бағдарламалық-технологиялық және техникалық құрамдас кешенімен қамтамасыз ету, статистикалық тізілімдер мен деректер банкіне жинақталған нормативтік анықтамалық материалдардан тұрады.
26. Мониторингтің ақпараттық қоры:
1) халықтың денсаулығын;
2) адамдардың тіршілік ету ортасы жағдайы;
3) атмосфера ауасының сапасы, жер үсті және жер асты сулары, топырақ, азық-түлік шикізаттары және сатылатын шикі заттары;
4) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, адамның денсаулығы мен оның тіршілік ету ортасында болған өзгерістерге әсер ететін Қазақстан Республикасының, облыстардың, астана республикалық маңызы бар қала, аудандар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының көрсеткіштерін бейнелейтін мәліметтерден құралады.