Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 02-01-02/9 "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы" N 2697 тіркелген бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 24 ақпандағы N 02-01-02/21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 28 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2719

Қолданыстағы

      Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 02-01-02/9 "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына типтік біліктілік талаптарын бекіту туралы" ("Егемен Қазақстан" 2004 жылғы 13-14 ақпандағы N 33-34, 35 және "Казахская правда" 2004 жылғы 13 ақпандағы N 30 газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2697 тіркелген) бұйрығына  келесі өзгерістер енгізілсін:
      Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына типтік біліктілік талаптарында:
      5 тармақтың 1) тармақшасына ескерту алып тасталсын.
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген сәтінен өз күшіне енеді.

      Төраға