Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.04.04 № 135 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілді) Бұйрығымен.
Мамандық бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібі мен шарттарын белгілеу кезінде бірыңғай тәртіп сақтау мақсатында бұйырамын:
1. "Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі Төрағасының 2002 жылғы 19 маусымдағы N 468 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1912 тіркелді), құжат жарияланбаған, мынадай өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын төтенше жағдайлар жөніндегі органдар жүйесі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу Ережесіне:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері үшін жұмыс өтіліне сондай-ақ байланыс, жөндеу-құрылыс, құрылыс, гидрометеорологиялық, жобалау-іздестіру және инженерлік-гидрологиялық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызмет аясын ұйымдастыратын лауазымдардағы уақыт енгізіледі";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы Ережеге сай мамандығы бойынша есептелетін жұмыс өтілі күнтізбелік есептеу кезінде есепке алынады.
Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық айлықақысын (төлемін) көтеру құқығы берілетін қызметкерлерге жұмыс өтілін есепке ала отырып, лауазымдық айлықақысын есептеу осындай құқық берілетін күннен бастап жүзеге асырылады".
2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
23 қаңтар 2004 ж.