Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 27 шiлдеде N 1589 тiркелген "Республикалық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүліктік жалға (жалдауға) беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Төрағасының 2001 жылғы 15 мамырдағы N 111 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Төрағасының 2004 жылғы 12 қаңтардағы N 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 26 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2681. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 478 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.11.02 № 478 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) Бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне салық салу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қаңтардағы Заңына сәйкес Бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2001 жылғы 27 шiлдеде N 1589 тiркелген "Республикалық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Төрағасының 2001 жылғы 15 мамырдағы N 111 бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк мекемелердiң балансындағы объектiлердi мүлiктiк жалға (жалдауға) беру ережесiнде:
      49-1 тармақ алынып тасталсын.

      2. Республикалық мемлекеттiк заңды тұлғалармен жұмыс iстеу жөнiндегi басқарма (Ә.Б. Ғалиақберова) белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркеуден өтуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген сәтiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға