Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1.07.1998 жылғы N 258-1 заңының 3 бабының 8 тармағына және Алматы қаласы әкімінің ұсынысына сәйкес ІІІ-сайланған Алматы қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алматы қаласының халқын тіркеу ережелері бекітілсін, қоса беріліп отыр.
2. Алматы қаласының әкіміне ұсыныс:
1) Алматы қаласының уәкілетті мемлекеттік органдарының қызметінде ақпараттық технологияны енгізетін және қолдайтын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынды анықтасын;
2) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға "Алматы қаласының халқы" мәліметтерінің электрондық базасын қалыптастыру және жалғастыру тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау заңдылық, құқық тәртібі, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссияға (Иманқұлов М.С.) және Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Т. Баяндаровқа жүктелсін.
ІІІ-сайланған Алматы қаласы
Мәслихаты ІV-сессиясының
төрағасы
ІІІ-сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының хатшысы
III-сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының IV сессиясының
2003 жылғы 24 желтоқсандағы
N 25 шешiмiмен бекiтiлген
Алматы қаласының халқын тiркеу
ЕРЕЖЕЛЕРI
Алматы қаласының халқын тiркеу ережелерi (бұдан әрi - "Ережелер") Қазақстан Республикасының "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258-1 Заңы 3 бабының 8 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 12 шiлдедегi N 1063 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының халқын құжаттамалау және тiркеу ережелерiне, Қазақстан Республикасына шет ел азаматтарының келiп-кету ережелерiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 Қаулысымен бекiтiлген олардың Қазақстан Республикасынан кетуi ережелерiнiң негiзiнде әзiрлендi.
Алматы қаласының республикалық маңыздағы қала, бiр жарым миллионнан астам халқы бар iрi мегаполис екендiгiн назарға ала отыра, осы Ереже оның аумағында көшi-қон барысын реттеу мақсатында қабылданды және есептеудiң автоматтандырылған жүйесi және Алматы қаласы халқы мәлiметтерiнiң электрондық банкiсiн құру арқылы оларды ресiмдеудi оңайлату жолымен тiркеу рәсiмiн жетiлдiрудi қарастырады.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелерде пайдаланылатын түсiнiктер:
1) Алматы қаласының халқы - Алматы қаласында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, Алматы қаласына уақытша келген шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;
2) Алматы қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары - тұрақты мекенжайы Алматы қаласы болып табылатын адамдар;
3) Алматы қаласына уақытша келген Қазақстан Республикасының азаматтары - тұрақты мекенжайы Қазақстан Республикасының өзге қалалары (облыстары) болып табылатын адамдар;
4) Алматы қаласына келетiн шет ел азаматтары болып - Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзге мемлекеттiң азаматтығына өзiнiң тиiстiлiгiн дәлелдей алмайтын адамдар танылады;
5) Алматы қаласына келген азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасының азаматы емес және өзге мемлекеттiң азаматтығына өзiнiң тиiстiлiгiн дәлелдей алмайтын адамдар;
6) тұрақжай - белгiленген техникалық, санитарлық және өзге мiндеттi талаптарға жауап беретiн тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғын үй бiрлiгi (жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме);
7) жеке басты куәландыратын құжат - Қазақстан Республикасындағы шет ел азаматының тұруына рұқсат беретiн жеке куәлiк, шет ел азаматының паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;
8) тіркеу органы - КР азаматтарын, шет ел азаматтарын, азаматтығы жоқ адамдарды т±рақты мекенжайы бойынша және, Алматы қаласы аумағында уақытша болатын адамдарды тіркеу және тіркеуден шығаруға уәкілетті мемлекеттік орган (аудандық қалалық)
9) автоматтандырылған жүйе - халықты тiркеу мен есепке алу бойынша ақпараттық процестердi жүзеге асыру арналған ақпараттық технологиялардың, ақпараттық желiлердiң және оларды бағдарламалық техникалық қамсыздандыру құралдарының жиынтығы;
10) Алматы қаласы халқы деректерiнiң электрондық банкiсi - ақпараттық жүйеде мазмұндалған, тиiстi бағдарламалық қамтамасыз етуге бiрiктiрiлген және ақпаратты пайдаланушылар үшiн қызығушылық туғызатын электронды жүйеленген ақпарат (мәлiметтердiң ақпараттық базасы);
11) уәкiлеттi оператор - автоматтандырылған ақпараттық жүйе мен банк мәлiметтерiн қалыптастыру мен дамытуды жетелеудi және ұйымдық-техникалық қолдауды жүргiзетiн коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын нысанындағы ұйым.
2. Алматы қаласында тұрақты тұратын
Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу
2. Алматы қаласында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының өзге өңiрлерiнен қалаға тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары тұрғылықты жерi бойынша тiркеледi және тiркеуден тұрғылықты жерi ауысқан аудандық тіркеу органдарында тiркеуден алынады.
3. Жеке куәлiгiн айырбастаған азаматтар қайта алған куәлiгi бойынша тiркеуден шығу қажеттiгi жағдайында бұрынғы тiркеу орны бойынша тiркеледi.
4. Тұрғылықты жерi бойынша тiркелуге тиiс адамдар он күн мерзiм iшiнде мына құжаттарды тапсыруға тиiс:
1) Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлiгi (уақытша жеке куәлiк, Ф N 1 формулярының түбiршегi);
2) олардың белгiленген тәртiппен тұрғынжайды меншiкке алғандығын айғақтайтын немесе оны пайдалануға алғандығын, оның iшiнде жалдау (жалдау), қосалқы жалдау шарты бойынша алғандығын куәландыратын құқықты белгiлеушi құжаттар немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге негiздер бойынша оларды тұрақжайға қоныстандыру құқығын беретiн құжаттар;
3) азаматтардың өтiнiшi және тұрғын үй меншiктерiнiң тiркеуге келiсiмi (2 қосымша);
4) бұрынғы тұрағынан кету парағы (3 қосымша);
5) туу туралы куәлiк (16 жасқа дейiнгi балаларға);
6) әскери билетi немесе әскери есепке қабылданғандығы туралы белгiсi бар тiркеу куәлiгi (әскери мiндеттiлер үшiн);
7) тұрғындарды есепке алу кiтабы немесе тұрғындарды есепке алудың электрондық парағы (9 немесе 1 қосымша);
8) мемлекеттiк баж салығын төлегендiгi туралы түбiртек.
5. Осы Ережелердiң 4 тармағында көрсетiлген құжаттардың негiзiнде жауапты қызметкерлер автоматтық режимде қылмыстық шектеушiлiк пәнiне тiркеу үшiн (құқық бұзушылық жасағаны үшiн iздестiру және т.б.) жүгiнген азаматтарды тiркеудi жүргiзедi, сондай-ақ автоматты түрде келгендiгiнiң екi электронды парағын (4 қосымша), оған бiр статистикалық талонды қалыптастырады (5 қосымша). Алматы қаласының шегiнде тұрғылықты жерде тiркеу кезiнде статистикалық талон толтырылмайды.
6. Осы Ережелердiң 5 тармағында көрсетiлген шаралар өткiзiлгеннен кейiн тiркеудi тұрғындарды тiркеу кiтапшасында немесе тұрғындарды есепке алудың электронды парағында мөртабан басу арқылы тiркеу органының жауапты қызметкерi жүргiзедi.
7. Тiркеуден бас тарту дәлелдi болуға және тіркеу органы басшысының қолы қойылған жазбаша нысанда ресiмделуге тиiс және жоғары тұрған органға немесе сотқа мүдделi адам шағымдана алады.
8. Тiркеу дерегi және азаматтардың тiркеу мәлiметтерi Алматы қаласы халқы мәлiметтерiнiң электрондық банкiсiне енгiзiледi.
9. Тұрғындарды есепке алу кiтабы немесе тұрғындарды есептеудiң электрондық парағы осы тұрақжайда тұратындығын айғақтайтын құжаттар болып табылады, олар қажет болса мүдделi органдарға көрсетiледi. Тұрғылықты жерiн айғақтайтын қандай да бiр өзге құжаттарды немесе анықтамаларды талап етуге жол берiлмейдi.
10. 16-жасқа толмаған балаларды тiркеу мекенжай парақтарын толтыру арқылы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Статистикалық есеп талондары ата-аналардан (қамқоршылардан, асыраушылардан) жеке тұрған жағдайда ғана толтырылады. Балалар мекемелерiнде (сәбилер үйiнде, балалар үйiнде, мектеп-интернаттарда), арнайы мектептер мен училищелерде тұратын балалар егер олар ата-аналардың (қамқоршылардың, асыраушылардың) бiрiнде немесе қала шегiнде тұратын өзге туыстарында тiркелмесе, осы мекемелер мен оқу орындарының мекенжайы бойынша тiркеледi.
11. Ұзақ сырқатқа шалдыққандарға арналған арнайы емдеу мекемелерiнде тұратын адамдар жеке куәлiгi немесе өзге бар құжаттары бойынша тiркеледi.
12. Ерекше жағдайларда бұрынғы тұрғылықты жерi бойынша тiркеуден алынбаған адамдарға тiркеу ресiмделуi мүмкiн. Бұл жағдайда кету парағы толтырылады, ол тiркеуден шыққандығын ресiмдеу және мекенжай бюросына беру үшiн бұрынғы тiркеу орны бойынша iшкi iстер органына жолданады.
13. Тiркеу кезiнде мекенжай парақтарына тiгiлетiн статистикалық талондар статистика органдарына жолданады.
14. Келгендiгi туралы мекенжай парақтарының бiр данасы мекенжай бюросына, екiншiсi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көшi-қон полициясы департаментiнiң Құжаттамалау басқармасына жолданады.
3. Алматы қаласында тұратын азаматтарды
тiркеу есебiнен алу
15. Жаңа тұрғылықты жерге кеткен адамдар тiркеу есебiнен өтiнiштi, жеке куәлiгiн (уақытша жеке куәлiгiн), тұрғындарды есепке алу кiтабын немесе тұрғындарды есепке алудың электронды парағын көрсету арқылы бұрынғы тұрғылықты жерi бойынша алынады.
16. Тiркеуден алу тiркеудегi сияқты тәртiппен жүргiзiледi. Бұл жағдайда автоматты түрде екi электронды кететiндiгi туралы мекенжай парағы (3 қосымша), оларда бiр статистикалық талон (6 қосымша) қалыптасады. Кету парағының данасы тіркеу органының дөңгелек мөрiмен куәландырылады және азаматтың қолына немесе жаңа тұрғылықты жерi бойынша көрсету үшiн өкiлеттi адамға берiледi.
17. Тiркеуден алу тiркеу есебiнен алынатын адамның өтiнiшi мен оның жеке куәлiгiн көрсетусiз тұрғынжай меншiктерiнiң жеке бастамасы бойынша ресiмделуi мүмкiн. Бұл жағдайда тұрғынжай иесiнiң өтiнiшi (2 қосымша), екi дана кету парағы және оған тiгiлетiн статистикалық есеп талоны ресiмделедi. Ресiмделген кету парағының бiр данасы мекенжай бюросына, ал екiншiсi тұрғынжай иесiне немесе есептен алынған азаматқа тапсыру үшiн өкiлеттенген адамға берiледi.
18. Шет елге тұрақты тұруға кететiн азаматтардан тiркеу есебiнен алынған кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi алынады.
19. Бас бостандығынан айырылуға кесiлген адамдарды есептен алу, егер олар қамауда ұсталса, үкiм заңды күшiне енгеннен кейiн жүргiзiледi. Бұл жағдайда, тергеу оқшаулағыштарының әкiмшiлiгi аумақтылығы бойынша тіркеу органдарына толтырылған екi дана кету парағын және оған тiгiлетiн статистикалық талонды қосып хабарлайды. Тiркеуден алынғаннан кейiн кету парағының бiр данасы сотталғанның iсiне тiгу үшiн тергеу оқшаулағышына қайтарылады, ал екiншiсi бұрынғы мекенжайы бойынша мекенжай бюросына жолданады.
20. Қайтыс болғандарды тiркеуден алу ҚР қолданыстағы заңнамасының негiзiнде жүргiзiледi, бұдан кейiн жеке куәлiк пен паспорт белгiленген тәртiппен жойылады. Бұл жағдайда кету парағы толтырылып, мекенжай бюросына жолданады.
4. Алматы қаласына уақытша келген
Қазақстан Республикасы азаматтарын есепке алу
21. Алматы қаласына үш айдан астам мерзiмге уақытша келген Қазақстан Республикасының азаматтары уақытша келген жерi бойынша тіркеу органдарына есепке тұруға мiндеттi.
22. Есепке қоюды тiркеу үшiн жауапты қызметкерлер тұрақты тұрғылықты жерге тiркеу кезiндегiдей тәртiппен жүргiзедi.
23. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi бар немесе оны жоғалтқан нақты бiр тұрғылықты жерi жоқ адамдар белгiленген тәртiппен арнайы iшкi iстер бөлiмшелерiнде есепке алынады.
5. Алматы қаласына уақытша келген шет ел
азаматтарын тiркеу
24. Алматы қаласына уақытша келген шет ел азаматтары Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiнiң өкiлдiгiнде тiркелетiн адамдардан басқалары өзiнiң уақытша тұрғылықты жерi бойынша тіркеу органдарына бес күнтiзбелiк күннiң бойында тiркелуге мiндеттi.
25. Алматы қаласының аудандық тіркеу органдарына 30 тәулiктен аспайтын мерзiмде келген шет ел азаматтарының паспорттары тiркеледi.
26. Қалалық тіркеу органдарына Алматы қаласына 30 тәулiктен асатын мерзiмге тұруға келген шет ел азаматтарының паспорттары тiркеледi.
27. Тiркеудi ресiмдеудi және оны ұзартуды қабылдаушы ұйымдардың қолдау хаттарында немесе жеке тұлғалардың өтiнiштерiнде көрсетiлген мерзiмге, алайда визаның қолданылу мерзiмiнен аспайтын уақытқа тіркеу органдарымен жүргiзедi.
28. Визасыз тәртiппен Қазақстан Республикасына келген шет ел азаматтарын тiркеу аудандық тіркеу органдарында тоқсан тәулiктен аспайтын мерзiмде жүргiзiледi және кейiннен қалалық тіркеу органдарында осындай мерзiмге ұзартуы мүмкiн.
29. Алматы қаласының аумағына шет ел жұмыс күшiн тартуға немесе коммерциялық қызмет жүргiзуге рұқсаты белгiленген тәртiппен ресiмделген шет ел азаматтарын тiркеу осы рұқсаттың қолданылу мерзiмiне ресiмделедi.
30. Иммигранттарды (оралмандарды, қашқындарды) тіркеу - тіркеу органдары халықтың күші-қон мәселелерімен айналысатын аумақтық уәкілетті органдармен келісім бойынша жүргізіледі.
31. Алматы қаласына діни уағыздау және қандай да болса сенім түрлерін діни-ағартушылық әрекет арқылы тарату үшін келген шет ел азаматтарын тіркеу, алқаптық атқарушы органдармен келісім бойынша, тіркеу органдарымен жүргізіледі.
32. Шет ел студенттерiнiң (оқушыларының) паспорты белгiленген тәртiппен оқу орны басшысының қолдау хатына сәйкес мерзiмге тiркеледi.
33. Шет ел азаматтарының паспортын тiркеудi ресiмдеу үшiн қабылдаушы ұйымдар, жеке тұлғалар тіркеу органдарына мына құжаттарды тапсырады:
1) белгiленген үлгiдегi қабылдаушы ұйымның жазбаша өтiнiшi (7 қосымша);
2) шет ел азаматының өтiнiшi (2 қосымша);
3) шет ел азаматының паспорты;
4) фото сурет (33х43 мм).
34. Тапсырылған құжаттар негiзiнде жауапты қызметкерлер автоматтандырылған жүйе арқылы криминалдық шектеу пәнiне (қылмыс жасағандығы үшiн iздеу және т.б.) тiркеу үшiн жүгiнген адамдарды тексередi, сондай-ақ шет ел азаматының паспортына электронды қосымша жасайды (8 қосымша), ал бiр жылдан артық мерзiмге келген адамдарға бұлармен қатар, статистикалық есеп талоны мен келу парағы ресiмделедi. Олардың оң жақтағы жоғары бұрышына "И" әрпi қойылады.
35. Тапсырылған құжаттарды тиiстi тексеруден кейiн тiркеу шет ел азаматына оларды ресiмдеген тіркеу органдарында жауапты қызметкердiң қолымен және мөрiмен куәландырылған паспортқа түбiртектi беру арқылы жүргiзiледi.
36. Тiркеу деректерi мен шет ел азаматтары үшiн тiркеу мәлiметтерi Алматы қаласы халқы деректерiнiң электрондық банкiсiне енгiзiледi.
37. Қазақстан Республикасының шет ел азаматтарының рұқсат етiлген келу мерзiмi және олардың паспорттарын тiркеу күшi мына азаматтар үшiн тоқтатылады:
1) Қазақстан Республикасынан - визаның қолданылу мерзiмiнiң соңғы күнi кететiндерге;
2) визасыз тәртiппен кететiндерге - тiркеудiң қолданылу мерзiмiнiң соңғы күнi.
38. Алматы қаласына шет ел азаматтарының келу мерзiмiн ұзарту туралы шешiмдi заңды және жеке тұлғаларды қолдау хаттарының негiзiнде Алматы қаласының тіркеу органдары қабылдайды. Бұл жағдайда жеке шаруасы бойынша Алматы қаласына келген шет ел азаматтарының болу мерзiмi үш айдан аспайтын мерзiмге, оқу орны басшылығының қолдау хатына сәйкес мерзiмiндегi оқу үшiн, емделу үшiн - медицина мекемесiнiң басшысы берген медициналық қорытынды негiзiнде емдеу мерзiмiне, жұмыс үшiн мемлекеттiк мекеме берген лицензияның қолданылу мерзiмiнiң бойынша тұрақты тұруға қалдыру туралы өтiнiш жасаған адамдарға, халықтың күші-қон мәселелерімен айналысатын аумақтық уәкілетті органдар тіркеуі құжаттарды ресiмдеу үшiн қажеттi мерзiмге ұзартады. Уақытша тұру үшiн келген шет ел азаматтарын тiркеу туралы мәлiметтi тіркеу органдары сол мекенжайы бойынша оларға тұруға рұқсат етiлген мерзiмдi көрсетiп, қоғамдық қауiпсiздiк қызметіндегі уәкілетті органына тапсыруға мiндеттi.
39. қоғамдық қауiпсiздiк қызметіндегі уәкілетті органы осы адамдардың өз уақытында кетуiн қадағалауға мiндеттi. Егер олардың кетпегендiгi анықталса, бұл туралы құқық бұзушыларды аудандық iшкi iстер органдарына шақыру (сырқаттарды қоспағанда) және осы Ережелердi бұзу себептерiн анықтау үшiн полицияның учаскелiк инспекторына хабарланады. Тиiстi шаралар қабылданып, кету құжаттары ресiмделгеннен кейiн олар паспортпен иесiне қайтарылады. Оларға белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағынан кету қажеттiгi туралы ескертiледi. Полицияның учаскелiк инспекторына шет ел азаматының - тәртiптi бұзушыны қала аумағынан кетуiн қадағалау тапсырылады.
40. Осы Ережелердiң күшi сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге ештеңе көзделмесе, азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
6. Алматы қаласының халқын тiркеу ерекшелiктерi
41. Алматы қаласының тіркеу органдарының және халықтың күші-қон мәселелерімен айналысатын аумақтық уәкілетті органдар автоматтандырылған ақпарат жүйесiмен және уәкілетті оператор қызмет көрсететiн Алматы қаласы халқы мәлiметтерiнiң жасалынған электронды банкiсiмен қамтамасыз етiледi.
III-сайланған Алматы қаласы
Мәслихаты I¶-сессиясының
төрағасы
II-сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының хатшысы
Қосымша 1
Тұрғындарды қаласы |
Тұрғын үй типi Бөлме саны Тұрғын үй көлемi Жалпы көлемi |
||||||
Үй-жайдың |
Иесiнiң аты-жөнi туған күнi |
||||||
Құқық орнатушы құжат берiлген |
|||||||
N |
Т.А.Ә. |
Төл |
Негiзгi пәтер |
Ресiм |
Тiркеу |
||
__________________________________________________ |
|||||||
___________________________________________________ |
|||||||
___________________________________________________ |
|||||||
______________________________________________________________________________________________________ |
|||||||
___________________________________________________ Басталды "__" ______20__ж. Аяқталды "__"________20__ж. |
|||||||
КПБ жауапты қызметкерiнiң аты-жәнi КПБ жауапты қызметкерiнiң аты-жәнi |
Қосымша 2
(қайда) ________________________________
ТIРКЕЛУГЕ АРЫЗ
Мен,____________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi) азаматы (шасы) ________________________ (төлқұжат) ________________________________________ менi және менiң ержетпеген балаларымды, барлығы___________________адам, ________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты, туу туралы ________________________________________ куәлiк номерi) ________________________________________ ________________________________________ ________________________________________ Келген жерiм ___________________________ ________________________________________ (ел, облыс, аудан, елдi мекен) Мерзiмi __________________ Көшiп келу мақсаты___________________ ________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты, төлқұжат) тұрғын жай берiлген ____________________ (ордер N, шарт N ж/е ________________________________________ басқа, құжат беру күнi, тұрғын жай) Мекен-жайы _____________________________ Арызданушының қолы______________________ Тұрғын жай берушiнiң қолы_______________ IШКI IСТЕР ОРГАНЫНЫҢ ШЕШIМI қабылданған шешiмнiң уәжi _____________________________________________ _____________________________________________ _____________________________________________ М.О. АIIБ немесе көшi-қон полициясы басшысы "___" _____________20__ж. |
---|
Қосымша 3
Тiркеу номерi
МЕКЕН-ЖАЙЛЫҚ КӨШIП КЕТУ ПАРАҒЫ 1.Тегi 2.Аты 3.Әкесiнiң аты 4.Туған күнi 5.Туған ! ел жерi ! аймақ ! шағын аудан ! елдi мекен 6.Жынысы Ұлты 7.Тiрке ! ел лiнген! аймақ мекен-! шағын аудан жай ! елдi мекен ! көше ! үй 8.Қайда ! ел көшiп ! аймақ кеттi ! шағын аудан ! елдi мекен Сол елдi мекенде басқа көше, үй, пәтерге көшiп кiрдi Аты-жөнiн деп ауыстырды Басқа себептер |
9.Көшiп кету мақсаты 10. Жеке бас куәлiгi Ескерту - балалар тек қана бiр 12.Парақ толтырылды қолы_________ 13.Мәлiметтердi тексерiп тiркеудi "__" _______20__ж. М.О. |
---|
Қосымша 4
Тiркеу номерi
МЕКЕН-ЖАЙЛЫҚ КӨШIП КЕЛУ ПАРАҒЫ 1.Тегi 2.Аты 3.Әкесiнiң аты 4.Туған күнi 5.Туған ! ел жерi ! аймақ ! шағын аудан ! елдi мекен 6.Жынысы Ұлты 7.Тiрке ! ел лiне- ! аймақ тін ! шағын аудан мекен-! елдi мекен жай ! көше ! үй 8.Қайдан! ел көшiп ! аймақ келдi ! шағын аудан ! елдi мекен Сол елдi мекенде басқа көше, үй, пәтерге көшiп кiрдi Аты-жөнiн деп ауыстырды Басқа себептер |
9.Көшiп келу мақсаты 10. Жеке бас куәлiгi Ескерту - балалар тек қана бiр 12.Парақ толтырылды қолы_________ 13.Мәлiметтердi тексерiп тiркеудi "__" _______20__ж. М.О. |
---|
Қосымша 5
Тiркеу нөмiрi
КӨШIП КЕЛУ ПАРАҒЫНА ҚОСЫЛАТЫН
СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕП ТАЛОНЫ
(Талон толтырушының)
Тегі, аты, әкесiнiң аты
Азаматтығы
Келу жерi |
Қайда келдi |
|
Ел |
Қазақстан |
|
Аймақ |
||
Шағын аудан |
||
Елдi мекен |
||
*Алматы қ-сы, Ленинск қ-сы
Отбасы мүшелерiнiң барлығына, соның iшiнде толтыруға жауапты адамға да толтырылады
Келгендердiң барлық саны, соның iшiнде 16 жасқа дейiнгiлердiң саны
Аты |
Жынысы |
Туған күнi |
Ұлты |
Бағанның коды* |
|||||
А |
Б |
В |
Г |
Д |
Е |
||||
*16 жасқа толғандардан бастап толтырылады
Толтыру ережесiн талонның сыртқы жағынан оқыңыз:
А - Қоғамдық категория Г - Бiлiмi бойынша мамандығы
Б - Шығу мақсаты Д - Некелiк күйi
В - Бiлiм деңгейi Е - Мәртебесi (тек
республикадан тыс
жерлерден келгендер
үшiн)
Тiркелу күнi
Толтыруға Мәлiметтердi тексерген
жауапты _________ Және тiркеудi ресiмдеген_________
Қолы Қолы
(артқы жағы)
қосымша 5
Көшiп келу статталонының толтырылу ережесi
1 "Тегi, аты, әкесiнiң аты", "Азаматтығы", "Келу жерi" бағындарында барлық отбасы мүшелерiнiң келуiне жауаптының мәлiметтерi толтырылады. Басқа сұрақтар барлық көшiп келушiлерге қатысты (толтыруға жауаптыны қосқанда).
А, Б, В, Г, Д, Е бағандарында тиесiлi код қойылады
А. Қоғамдық категория |
Жалданған |
1 2 3 4 5 |
Б. шығу мақсаты ( тұрғын-жайын өзгерту себептерi ) |
||
Тұрақты орналасу мақсатында еңбек келiсiмi бойынша оқу барысымен т.б. |
1 2 3 4 |
|
В. бiлiм деңгейi |
Жоғары Орта бiлiм Толық емес орта бiлiм |
1 2 3 4 5 |
Г. бiлiм бойынша мамандығы |
Сәулет-құрылыс медициналық педагогикалық техникалық экономикалық заңгерлiк ауылшаруашылық т.б. |
1 2 3 4 5 6 7 8 |
Д. некелiк күйі |
Некеде болмаған некеде жесiр ажырасқан |
1 2 3 4 |
Е. Келгендер мәртебесi [ республикамыздың тыс жерлерiнен келгендер ғана толтырады ] |
||
босқындар босқын-репатриант иммигрант |
1 2 3 |
|
" Туған күнi " бағанын 1986 жылы 7 шiлдеде туған |
Қосымша 6
Тiркеу нөмiрi
КӨШIП КЕТУ ПАРАҒЫНА ҚОСЫЛАТЫН СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕП ТАЛОНЫ
(Талон толтырушының)
Фамилиясы, аты, әкесiнiң аты
Азаматтығы
Көшiп кету жерi |
Қайда көшiп |
|
Ел |
Қазақстан |
|
Аймақ |
||
Шағын аудан |
||
Елдi мекен |
||
*Алматы қ-сы, Ленинск қ-сы
Отбасы мүшелерiнiң барлығына, соның iшiнде толтыруға жауапты адамға да толтырылады
Тiркеуден шыққандардың барлық саны, соның iшiнде 16 жасқа дейiнгiлердiң саны
Аты |
Жынысы |
Туған |
Ұлты |
Бағанның коды* |
|||||
А |
Б |
В |
Г |
Д |
|||||
*16 жасқа толғандардан бастап толтырылады
Талонды толтыру ережесiн сыртқы жағынан оқыңыз:
А - Қоғамдық категория Г - Бiлiмi бойынша мамандығы
Б - Шығу мақсаты Д - Некелiк күйi
В - Бiлiм деңгейi
Тiркелу күнi
Толтыруға Мәлiметтердi тексерген
жауапты _________ Және тiркеудi ресiмдеген_________
Қолы Қолы
(артқы жағы)
Қосымша 6
Көшiп кету статталонының толтырылу ережесi
1 "Тегi, аты; әкесiнiң аты", "Азаматтығы", "Көшiп кету жерi" бағындарында барлық отбасы мүшелерiнiң келуiне жауаптының мәлiметтерi толтырылады. Басқа сұрақтар барлық көшiп келушiлерге қатысты (толтыруға жауаптыны қосқанда).
А, Б, В, Г, Д бағандарында тиесiлi код қойылады
А. Қоғамдық категория |
Жалданған қызметкерлер [еңбек шарт, (келiсiм) бойынша қызмет ететiндер]; |
1 2 3 4 5 |
Б. Көшiп кету мақсаты ( тұрғын-жайын өзгерту себептерi ) |
||
Тұрақты орналасу мақсатта еңбек келiсiмi бойынша оқу барысымен т.б. |
1 2 3 4 |
|
В. Б iлiм деңгейi |
Жоғары Бiтiрiлмеген жоғары Арнайы орта Орта бiлiм Толық емес орта бiлiм |
1 2 3 4 5 |
Г. Бiлiм бойынша мамандығы |
Сәулет-құрылыс медициналық педагогикалық техникалық экономикалық заңгерлiк ауылшаруашылық т.б. |
1 2 3 4 5 6 7 8 |
Д. Некелiк күй i |
Некеде болмаған некеде жесiр ажырасқан |
1 2 3 4 |
"Туған күнi" бағанын 1986 жылы 7 шiлдеде туған |
Қосымша 7
(Ұ жымдық бланк)
IIБ ___________аймақтық Көшi-қон полиция басқармасының Басшысына __________________________________________________ (ұжым аты) ___________ -дан ____________дейiн тiркеудi сұрайды Шет ел азаматтарының жеке бас куәлiгi: 1.________________________________________________ (аты-жөнi, азаматтығы, жеке бас куәлiгi) 2.________________________________________________ 3.________________________________________________ 4.________________________________________________ келу мақсаты _____________________________________ __________________________________________________ (тәжірибе алмасу, сынақ iсi, туризм, оқу, ж/е тб) тұрғын мекен-жайы ________________________________ ұжым мөртабаны Ұжым басшысы ______________________ (аты-жөнi, қолы) |
---|
Қосымша 8
ТIРКЕУ КУӘЛIГI Қазақстан Республикасында уақытша тұруды тiркеу REGISTRATION СВИДЕТЕЛЬСТВО CERTIFICATE РЕГИСТРАЦИИ for non-residents временного пребывания of Republic Kazakhstan в Республике Казахстан Тiркеу N _________________________________________________ тiркеудi рәсiмдеген орган, рәсiмдеу күнi _________________________________________________ жеке бас куәлiгi бойынша тегi _________________________________________________ мекен-жайы бойынша ______________ _______________ келу мақсаты қолы М.О |
---|
Қосымша 1
________________________
Елді мекен аты
Тұрғандарды тіркеу кітабы
_________________________________________көшесі
N _______ үй тұрғандарын тіркеу үшін
_______________________________________________
ішкі істер органдарының аты
Басталды ___________ 20 ж
Аяқталды ___________ 20 ж
1 тарау - Кітап жүргізу үшін жауапты адамдар
туралы мәліметтер
Т.А.Ә |
Үй бойынша |
Қай уақыттан |
Ескерту |
1. |
2. |
3. |
4. |
2 тарау - тұрғындар туралы мәліметтер
N п.п. |
Т.А.Ә. |
Төлқұжат |
Негізгі |
Ресімдеу |
Тіркеуден |
Осы кітап нөмірленді және тепшіленді
____________________________________
М.О. __________________
Көші-қон полициясы
Басшысының қолы