Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "
Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 2001 жылғы 17 шілдедегі "
Мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарына сәйкес Алматы қалалық Әкімшілігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы Әкімшілігінің
2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы"
қаулысының
N 2 қосымшасына (Әділет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда тіркелген, "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерінде 2002 жылдың ақпан айында жарыққа шыққан Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылы 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Алмалы аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Ғабдашева Светлана Қасымханқызы - жедел дәрігерлік көмек ауруханасы мемлекеттік қазыналық мекеменің төрағасы, зертхана меңгерушісі;
2) Бостандық аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Исина Баян Ақжанқызы - аудандық "Ұстаз" кәсіподақ комитеті төрағасының міндетін атқарушы;
Сәдуақасова Нұрилаш Ергедекқызы - аудандық көп балалы аналар Одағы қоғамдық ұйымының төрағасы;
Матмұратова Зинегүл Айтмағанбетқызы - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы;
осы құрамнан шығарылсын:
Козлова Г.А.
3) Жетісу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Даниярова Бейсенгүл Бәзікенқызы - аудандық Әкім аппараты әлеуметтік сала бөлімінің бастығы;
Әмірбеков Нұрмұхамет Әмірбекұлы - комиссия хатшысы, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы;
осы құрамнан шығарылсын:
Шәмпиева С.Ө., Қуатжанова С.Т.
4) Түрксіб аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Кеніштібаева Раиса Мырзағалиқызы - Түрксіб аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы;
Айымбетова Бибіраба - аудандық көп балалы аналар одағының төрағасы.
Алматы қаласының
Әкімі
Әкімшілік хатшысы