Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "
Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" және 2001 жылғы 17 шілдедегі "
Мемлекеттік
атаулы әлеуметтік көмек туралы" Заңдарына сәйкес Алматы қалалық Әкімшілігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Алматы қаласы Әкімшілігінің
2002 жылғы 29 қаңтардағы N 1/80 "Халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша учаскелік комиссиялар жөніндегі Ережені бекіту туралы"
қаулысының
N 2 қосымшасына (Әділет басқармасында 2002 жылы 8 ақпанда тіркелген, "Вечерний Алматы" және "Алматы ақшамы" газеттерінде 2002 жылдың ақпан айында жарыққа шыққан Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылы 29 қаңтардағы N 1/80 қаулысы) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Алмалы аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Александр Иванович Братенков - аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы;
Зауре Бақтыбайқызы Ақмұрзина - аудандық білім бөлімінің бас маманы;
осы құрамнан шығарылсын:
Ж.Б. Бозжігітова, С.Б. Бегасылов.
2) Әуезов аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Талғат Ибрагимұлы Абдуллаев - Дружба қалалық үлгідегі кенттің жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы;
Қонысбай Құралбайұлы Дүйсенов - Шаңырақ 1,2,3 ықшам аудандарының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы;
Сағатолла Үсенбайұлы Таубалды - Шаңырақ 3,4 ықшам аудандарының жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы;
осы құрамнан шығарылсын:
Ж.Т.Баймұханов, М.К. Бұзаубеков, Е.К. Балтабаева, И.М. Халықов, Б. Шайхина.
3) Медеу аудандық учаскелік комиссиясының құрамына енгізілсін:
Қайрат Рүстемұлы Садыбеков - аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары;
Майгүл Сатылғанқызы - аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығының тұрмыс деңгейін талдау бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы;
осы құрамнан шығарылсын:
Ж.Х. Ыбыраев, Б.М. Джексембаев.
Алматы қаласының
Әкімі
Әкімшілік хатшысы