Аса мұқтажды азаматтарға бiр жолдық материалдық көмек көрсету жөнiндегi жұмыстарды жетiлдiру және бюджеттiк қаражатты үнемдi пайдалану мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жергiлiктi басқару туралы" Заңының 37-шi бабына сәйкес, Алматы қаласының Әкiмшiлiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды азаматтарға бiр жолдық материалдық көмек көрсету туралы" Ережесi бекiтiлсiн.
2. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ.Тәжiбаев) бұл мақсаттарға Алматы қаласының бюджетiнде қарастырылған қаражат шегiнде бiр жолдық материалдық көмек көрсетуге жұмсалатын шығындардың қаржылауын уақытында жүргiзсiн.
3. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау Департаментi (А.Ж.Нұрланов):
1) осы қаулының Алматы қалалық Әдiлет Басқармасында заңмен белгiленген тәртiпте тiркеуге алынуын қамтамасыз етсiн;
2) бекiтiлген Ережеге сәйкес Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бiр жолдық материалдық көмектiң көрсетiлуiн қамтамасыз етсiн;
3) бiр жолдық материалдық көмек көрсетуге бөлiнген бюджеттiк қаражаттың жұмсалуына бақылау жасасын.
4. Алматы қаласы әкiмiнiң 2000 жылы 24 наурыздағы N 301 (Алматы қалалық Әдiлет басқармасында 21.04.2000 жылы N 114 тiркелген, 2000 жылы сәуiр айында "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерiнде жарыққа шыққан) "Алматы қаласының аса мұқтажды азаматтарына бiр жолдық материалдық көмек көрсету туралы"
шешiмiнiң
күшi жойылған деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары А.Қ.Бижановқа жүктелсiн.
Алматы қаласының Әкімі
Әкiмшiлiк хатшысы
Алматы қаласы Әкімшілігінің
2003 жылы 23 сәуірдегі N 1/257
қаулысымен бекітілген
Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды азаматтарға
бір жолдық материалдық көмек көрсету туралы
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
1. Бір жолдық материалдық көмек тұрмыстың ауыртпашылығын шеккен (өрт, су тасқыны, табиғат апаты, ауырудың аса ауыр түрлері, тұрмыс деңгейінің төмендігі және тағы басқалары) Алматы қаласында тұратын аса мұқтажды тұрмыс жағдайы төмен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетіледі.
2. Бір жолдық материалдық көмек әрбір адамға жылына бір-ақ рет көрсетіледі.
3. Бір жолдық материалдық көмек көрсету қаражаты Алматы Қаласының бюджетінде қарастырылады.
3. Бір жолдық материалдық көмек көрсету тәртібі
4. Бір жолдық материалдық көмек көрсету азаматтың белгіленген үлгіде (қосымша N 1) берілген жазбаша өтінішінің негізінде жүргізіледі. Кейбір жағдайларда өтінішке дәрігерлік мекемеден емделудің қажеттігі туралы анықтама (стационарға жолдама), өрт, апат, қайғылы оқиға туралы актілері және басқа да құжаттар қосымша берілуі тиіс.
5. Өтініш беруші, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес, өтініште көрсетілген мәліметтердің толық және рас болуына жауапты болып табылады.
6. Материалдық көмек көрсету жөніндегі өтініш қажетті құжаттарымен қоса тұрғылықты жердегі аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығына беріледі. Ұсынылған құжаттардың негізінде тұрғылықты жеріне барып өтініш берушінің материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі құрастырылады (қосымша N 2). Аталған акт Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаментіне (әрі қарай - Департамент) бір жолдық материалдық көмек көрсету туралы мәселесін шешуге ұсынылады. Кейбір жағдайларда аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау орталығы (зейнеткерлерге әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі аумақтық орталық) ұсынылған құжаттарға тексеру жүргізуі мүмкін.
7. Департаментпен бір жолдық материалдық көмек көрсету, Алматы қаласының бюджетінде бұл көмектің түріне қарастырылған қаражат шегінде жүргізіледі.
8. Өтінішті қарау нәтижесі түскен күнінен бір айлық мерзімінен кешіктірмей өтініш иесіне хабарланады.
4. Бір жолдық материалдық көмектің мөлшері
9. Бір жолдық материалдық көмек Департамент бастығының бұйрығымен материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру актісіне сүйене отырып айлық бес есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
5. Бір жолдық материалдық көмек төлемі
10. Материалдық көмек төлемі "Қазақстан Халық жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы арқылы өтініш берушілердің дербес шоттарына ақшалай қаражатты аудару жолымен жүргізіледі.
11. Департамент Қалалық қаржы басқармасына, бекітілген кестеге сәйкес, қаржылауға тапсырысты және материалдық көмекті алушылардың тізімін ұсынады.
12. Қалалық қаржы басқармасымен несиелеуді ашу ұсынылған мәліметтерді тексергеннен кейін кесте бойынша жүргізіледі.
Әкімшілік хатшысы
"Алматы қаласында тұратын
аса мұқтажды азаматтарға
бір жолдық материалдық
көмек көрсету туралы"
Ережесіне N 1 қосымша
_____________аудандық еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
орталығының бастығы
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
өтініш берушінің аты-жөні
Мекен-жайы ___________________
________________________ауданы
тел___________ СТН____________
Жеке басы куәлігінің N________
зейнетақылық куәлік___________
Халық Банкінің филиалы________
дербес шотының N _____________
ӨТІНІШ
Сіздің маған (менің отбасыма)_____________________
___________________________________________________
___________________________________________________
___________________________________________________
байланысты бір жолдық материалдық көмек
көрсетуіңізді сұраймын.
Отбасым ________ адамнан тұрады.
Мынадай табысым бар:
1. зейнетақы (жәрдемақы) _______ теңге
2. арнайы мемлекеттік жәрдемақы ______ теңге
3. арнайы қалалық жәрдемақы ________ теңге
4. жалақы _______ теңге
5. басқа табыс ________ теңге
Өтінішке қосымша: _________________________________
_______________________________________ тапсырамын.
Жалған ақпарат пен күмәнді (жасанды) құжаттарды
ұсынғаным үшін жауапқа тартылатыным туралы ескерту
жасалды.
"___" ___________ ____ жылы _____________________
дата өтініш берушінің қолы
"Алматы қаласында тұратын
аса мұқтажды азаматтарға
бір жолдық материалдық
көмек көрсету туралы"
Ережесіне N 2 қосымша
Азаматтың материалды-тұрмыстық жағдайын тексеру
АКТІСІ
"___"___________ _____ жылы
Аты-жөні__________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
(мекен жайы, телефон, аудан)
__________________________________________________
туған жылы, жеке бас куәлігінің (ораламандарға -
мәртебесін растайтын құжат)
______________________________
зейнетақы кітапшасының N
__________________________________________________
мүгедектік тобы; санаты: жеткен жасы бойынша,
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылған
жағдайы бойынша зейнетақы жәрдемақы алушы, Ұлы Отан
соғысының мүгедегі, көп балалы ана және т.б.
__________________________________________________
банк филиалы дербес шоты СНТ
Арыз берушінің өтініші ___________________________
__________________________________________________
(мұқтаждығы)
Зейнетақы жәрдемақы мөлшері теңге
Арнайы мемлекеттік қалалық жәрдемақы мөлшері теңге
Барлығы теңге
Отбасының құрамы адам
Бірге тұратындар__________________________________
(туыстық қатысы, аты-жөні, туған
__________________________________________________
жылы,табысы)
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
__________________________________________________
Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері теңге
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мөлшері теңге
Отбасының жиынтық табысы теңге
Жан басына шаққандағы орташа теңге
Азаматтың тұрмыс
жағдайы __________________________________________
Бөлме саны, жалпы тұрғын көлемі
Суды есептеуіш құралдары _________________________
Отын түрі______________________________
Коммуналдық қызмет төлемдерінің сомасы____________
Коммуналдық қызмет қарыздарының бар-жоқтығы_______
Жұмыспен қамту орталығының мәліметтері____________
__________________________________________________
Материалдық көмек алуға __________________________
__________________________________________________
(мұқтаждығы немесе мұқтаж еместігі)
Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
орталығының бастығы ______________________________
қолы Аты-жөні
Зейнеткерлерге қызмет көрсету жөніндегі аумақтық
Орталығының директоры ____________________________
қолы Аты-жөні
Әлеуметтік жұмыс жөніндегі жұмыскер ______________
қолы Аты-жөні
М.О.