"Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету жөнiндегi қағиданы" бекiту туралы

Павлодар қаласы әкімиятының 2003 жылғы 4 шілдедегі N 62/32 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 15 тамызда N 1999 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету жөнiндегi қағида бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы

II сайланған Павлодар қалалық мәслихатының
2003 жылғы 4 шiлдедегi ХХХII сессиясының
"Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз
етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және
коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша
тұрғын үй жәрдемақысын көрсету жөнiндегi
қағиданы бекiту туралы" N 62/32 шешiммен
бекiтiлген           

Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету жөнiндегi қағида

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй жәрдемақысы Павлодар қаласында тұрақты тұратын және Павлодар қаласының аумағында орналасқан тұрғын үйдiң меншiк иесi немесе жалдаушылары (жалгерлерi) болып табылатын, тұрғындардың аз қамтамасыз етiлген бөлiгiне тұрғын үйдi ұстау (пешпен жылытылатын жеке тұрғын үйдi ұстаудан басқа) және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы бойынша шығынның жарым-жартылай орнын толтыру үшiн берiлетiн жәрдемақы.
      2. Тұрғын үй жәрдемақысына құқығы бар, тұрғын үйдiң меншiк иесi Павлодар қаласының аумағында тұрақты тұратын, тұрғын үйге немесе оның бөлiгiне құқығы бар жеке тұлға, егер өтемақы шаралары және коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерi қамтамасыз етiлетiн, тұрғын үй көлемi мөлшерi шегiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну төлемақысы бойынша шығындар барынша мүмкiн шығын үлесiнен асатын жағдайда осы мақсатқа.
      3. Тұрғын үй жәрдемақысына құқығы бар, тұрғын үйдiң жалдаушысы (жалгерi) Павлодар қаласының аумағында тұрақты тұратын, заңда белгiленген тәртiппен жасалынған тұрғын үйдi жалдау шартының бiр жағы болып табылатын, тұрғын үйдi немесе оның бөлiгiн тұрақты немесе уақытша пайдалана алатын жеке тұлға, егер өтемақы шаралары және коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерi қамтамасыз етiлетiн, тұрғын үй көлемi мөлшерi шегiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну төлемақысы бойынша шығындар барынша мүмкiн шығын үлесiнен асатын жағдайда осы мақсатқа.
      4. Тұрғын үй иесiнiң (жалдаушысының) отбасы мүшесi Павлодар қаласының аумағында тұрғын үй иесiмен бiрге тұрақты тұратын, тұрғын үй жәрдемақысын көрсетудiң мөлшерiн анықтау кезiнде есептелген және отбасы мүшесi бола алатын жеке тұлға.
      5. Тұрғын үй белгiленген техникалық, санитарлық және басқа да мiндеттi талаптарға жауап беретiн, тұрақты тұруға арналған бөлек тұрғын үй бөлiгi (жеке тұрғын үй орталық жылуымен, пәтер, жатақханадағы бөлме).
      6. Коммуналдық қызметтер сумен жабдықтау, канализация, газбен, электрмен, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару, лифт арқылы тұрғын үйге (тұрғын ғимараттарына) берiлетiн қызметтер.
      7. Тұрғын үйдi ұстауға жұмсалатын шығындар тұрғын үйдi пайдалануға, ағымдағы және күрделi жөндеу жасауға, сондай-ақ жер учаскесiн ұстауға қажеттi төлем сомасы.
      8. Әлеуметтiк қалып мөлшерi (одан әрi - ӘҚМ) өтемақы шараларымен және тұтыну нормативтерiмен қамтамасыз етiлетiн, тұрғын үй көлемi мөлшерi шегiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметке ақы төлеуге жұмсалатын шығындар.

2. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындаудың құқығы мен тәртiбiн анықтау

      9. Егер өтемақы шаралары және коммуналдық қызметтi тұтыну нормативтерi қамтамасыз етiлетiн, тұрғын үй көлемi мөлшерi шегiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну төлемақысы бойынша шығындар осы мақсатқа барынша мүмкiн шығын үлесiнен асатын жағдайда тұрғын үй жәрдемақысының құқығына ие болады.
      Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну төлемақысының барынша мүмкiн шығындар үлесi 20 пайыз мөлшерiндегi отбасының жиынтық табысынан белгiленедi.
      Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызмет тұтыну төлемақысы әлеуметтiк қалып мөлшерiнен асқан жағдайда өтiнiш иесiне жалпы негiзде берiледi.
      10. Осы қағида талаптарына сәйкес, тұрғын үй меншiк иесiнiң (жалдаушысының) тұрғын үй жәрдемақысына құқығын анықтау кезiнде оның отбасы құрамы тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалған кезде анықталады.
      11. Ұзақ мерзiм бойы отбасында болмайтын, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тұрғын үйге құқығы сақталған тұлғалар отбасы құрамына енгiзiлмейдi.
      12. Мынадай нормативтi көлем:
      жалғыз тұратын азаматтар үшiн 30 шаршы метр (тұрғын үйдiң жалпы көлемiнен), бiрақ бiр бөлмелi пәтерден аз болмауы керек;
      2 және одан көп адамдардан тұратын отбасы мүшелерi үшiн бiр адамға (тұрғын үйдiң жалпы көлемiнен) Электр қуатын пайдалану мөлшерi бiр адамға 75 кВт мөлшерiнде белгiленсiн.
      13. Бiреуден артық тұрғын үйi (пәтерi, үйi) бар немесе тұрғын жайын жалдауға (жалға) немесе жалға алушы да жалдауға берген жағдайда, тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
      14. Мүгедектерден және стационарлық емделуде бiр айдан астам уақыт болатын адамдардан, туберкулезбен, онкологиялық аурулармен науқас адамдардан, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, күндiзгi оқу нысанында оқитын оқушылар мен студенттерден, тыңдаушылар мен курсанттардан, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектерден, 80 асқан адамдардан, жетi жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтардан басқа, егер де отбасының мүшесiнде еңбекке жарамды адамдар жұмыс iстемеген, оқымаған, әскери қатарда қызмет етпеген және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздық есебiнде тiркелмеген азаматтардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
      15. Шиеленiстi, даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар пайда болған жағдайда тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы мәселенi шешу Павлодар қаласының тұрғындарды әлеуметтiк қорғау басқармасы жанындағы (одан әрi-Басқарма) даулы мәселелердi шешу жөнiндегi комиссияның қарауына берiледi.
      16. Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы шешiмдi тұрғын үйдiң меншiк иесiнiң (жалдаушысы) өтiнiшi және тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы барлығын растайтын қажеттi құжаттардың негiзiнде Басқарма белгiлейдi.
      17. құжаттардың тiзбесi:
      1) тұрғын үй меншiк иесiнiң (пайдаланушысының) құқығын анықтайтын құжат - мәлiмет үшiн;
      2) отбасы құрамын анықтайтын, құжат (2 қосымша);
      3) отбасының жиынтық табысы туралы құжат (1 қосымша);
      4) өтiнiш жасаған жарты жылдың алдындағы жарты жылға қызмет көрсетушiлерден коммуналдық қызметтер және тұрғын үйдi ұстауға жұмсалатын шығындар төлемiнiң есебiн дәлелдейтiн, құжаттар (өтiнiш берушiнiң қалауы бойынша таңдалынады) мәлiмет үшiн.
      Мәлiмет үшiн тапсырылған құжаттардан ақпарат, Басқарма маманы толтырған, ақпараттық парақтарда жазылады.
      18. Жарты жылдыққа өтiнiш жасаған уақытына қарамастан, өткен жарты жылдың табысы туралы және тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысының шығыны мен кiрiсi бойынша тұрғын үй жәрдемақысы қазан айынан наурыз айына дейiнгi кезеңге (жылу берiлетiн кезең) және қазаннан айынан наурыз айына дейiн жылына 2 рет тағайындалады.
      Тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау үшiн Басқармада ағымдағы жарты жылдың соңғы айының 15 не дейiн құжаттарды қабылдау жүргiзiледi.
      19. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесi бойынша өтiнiш берушiмен тұрғын үй жәрдемақысының есептелген мөлшерi көрсетiлген белгiленген үлгiде келiсiм шарты жасалады. Шарт екi данада жасалады, бiреуi өтiнiш берушiде, екiншiсi Басқармада сақталады. өтiнiш берушi келiсiм шартқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Келiсiм шарттың нысанын Басқарма белгiлейдi.
      20. Өтiнiш берушi өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердiң және жасалған шарттың талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығына және растығына жауап бередi. Тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығына тиiстi барлық өзгерiстер жөнiнде Басқармаға өзгерiстер болған күннен бастап 10 күн iшiнде хабарлауға мiндеттi.( Аз қамтамасыз етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы тәртiп бойынша үй жәрдемақысы берiлетiн туралы ереже)
      21. Тұрғын үйде бiрнеше тұрғын иесi тұратын жағдайда отбасы құрамының басқа иелерiн есепке ала отырып, бастапқы тiркелiнген өтiнiш берушi адамға тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалады.
      22. Тұрғын үй жәрдемақысын есептеген кезде:
      Толық емес айға қандай да болсын коммуналдық қызметтiң қай түрiне болсын (сумен жабдықтау, газ, электр, жылу қуаты, қоқыс шығару, канализация, лифт) төлем есептеген кезде, әлеуметтiк қалып мөлшерi сомасы қайта есептелмей, толық айға (жарты жылға) есептелiнсiн.
      Тұрғын үй жәрдемақысын есептеген кезде нақты тұтыну мөлшерi бойынша есептелген коммуналдық қызмет қайта есептелмесiн.
      23. Өтiнiш берушiге тұрғын үй жәрдемақысы белгiленген тәртiпте коммуналдық қызметтiң есептелген сомасы мен тұрғын үйдi ұстауға жұмсалатын шығындарға сәйкес тұрғын үйде тұратын отбасы құрамының санын есепке ала отырып жүргiзiледi. Коммуналдық қызметi есептелiнетiн тұрғын үйде нақты тұратын адамдар санымен осы үйде тiркелген адамдар саны сәйкес келмесе, отбасы тұрғын үй жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
      24. 2, 3, 4 және одан да көп бөлмелi пәтерлерде жалғыз тұратын азаматтар үшiн жылу берiлетiн кезеңде (қазан айынан наурыз айына дейiн) нақты есептелген коммуналдық қызмет пен тұрғын үйдi ұстау төлемақысы тiркелiнбей, тұрғын үй жәрдемақысы әлеуметтiк қалып мөлшерi негiзiнде есептелсiн.

3. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерi және төлеу тәртiбi

      25. Жәрдемақы мөлшерi меншiк иесiнiң өтемақы шараларымен және тұтыну нормативтерiмен қамтамасыз етiлетiн, тұрғын үй көлемi мөлшерi шегiнде тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы үшiн нақты төлем және осы мақсатқа барынша мүмкiн шығын деңгейi арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi.
      26. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерi тұрғын үйге және коммуналдық қызметке нақты есептелген төлемнен аспауы керек.
      27. Айына ең төменгi жәрдемақы мөлшерi, егер жәрдемақының есептiк сомасы айлық есептiк көрсеткiштiң 20-дан 0,5 мөлшерiн құраған жағдайда, зейнетақы, жәрдемақы және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн заңнамада белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 0,5 мөлшерiнен кем болмауы керек.
      28. Тұрғын үй жәрдемақысы ақшаның қолма-қолсыз нысанында берiледi. Басқарма төлемдi қалалық бюджет қаражатынан өтiнiш берушiнiң жазбаша өтiнiште көрсетiлген қызмет берушi мекеменiң (қызмет беретiн мекемелердiң) шотына осы соманы аудару арқылы жүргiзедi.
      29. Өтiнiш берушiнiң отбасының жиынтық табысы қолданылып жүрген қазақстан Республикасының заңнамаларына және осы қағида талаптарына сәйкес анықталады.
      30. Тұрғын үйдi ұстау және коммуналдық қызметтi тұтынудың есептiк-нормативтiк шығынын анықтау табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органның деректерi негiзiнде жүргiзiледi.

4. Есеп жүргiзу және есеп беру

      31. Тұрғын үй жәрдемақысын көрсетуге арналған қаражатты жұмсауға есеп жүргiзу және есеп берудi Басқарма жүзеге асырады.
      32. Тұрғын үй жәрдемақысын беруге негiз болған құжаттар заңнамамен белгiленген мерзiмде Басқармада сақталады.

II сайланған Павлодар қалалық мәслихатының
2003 жылғы 4 шiлдедегi ХХХII сессиясының
"Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз
етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және
коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы
бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету
жөнiндегi қағиданы" бекiту туралы N 62/32
шешiмiне N 1 қосымша

Өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерiнiң табысы туралы мәлiметтер

_____________________________            ____________________

(тұрғын үйдiң иесi өтiнiш                 (мекенжайы, телефон)
берушiнiң аты-жөнi, тегi)

р/с  

Отбасы мүшелерiнiң аты-
жөнi,тегi

Жұмыс,оқу орны
(құжаттар
мен дәлелденген қосымшалары)

Құжаттармендәлелденген  табысы

Басқа табыстар туралы мәлiметтер

еңбекқызметi
туралы

зейнетақы, жәрдемақы
стипендия

Кәсiпкер-
лiк қызметiнентабы-
сы

Алатын али
ментiтуралы

Жеке қосалқы шаруашылығынан
табыс

Мүлiктiк табысы

Өзге де табыс түрлерi





































































































Күнi _________            Өтiнiш берушiнiң қолы ____________________

                                          (өтiнiш берушiнiң
                                         толық аты-жөнi, тегi қолы)

II сайланған Павлодар қалалық мәслихатының
2003 жылғы 4 шiлдедегi ХХХII сессиясының
"Павлодар қаласы бюджетiнен аз қамтамасыз
етiлген азаматтарға тұрғын үйдi ұстау және
коммуналдық қызметтi тұтыну төлемақысы
бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсету
жөнiндегi қағиданы" бекiту туралы N 62/32
шешiмiне N 2 қосымша

Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер

________________________________     _____________________________

(тұрғын үйдiң иесi өтiнiш            (мекенжайы, телефон)
берушiнiң аты-жөнi, тегi)

N№

Өтiнiш берушiнiң және оның отбасы мүшелерiнiң аты-жөнi, тегi

Өтiнiш берушiге
туыстық қатынастары

Туған жылы





















Өтiнiш берушiнiң қолы _____________ Күнi ______________________

                                    Қолы ______________________

___________________________________ Күнi ______________________
(Өтiнiштi қабылдаған адамның лауазымы,
А.Ж.Т.)