Коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасын бекiту туралы

Павлодар облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 қарашадағы N 242/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 8 желтоқсанда N 2136 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне  (ерекше бөлiмi), облыс әкiмдiгiнiң 2001 жылғы 7 тамыздағы "Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың шаруашылық иелiгiндегi немесе жедел басқаруындағы мүлiктердi мүлiктiк жалға беру Ережелерiн бекiту туралы" N 48/5 қаулысына  сәйкес, коммуналдық меншiктi пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған жұмыстарды реттеу мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасы (бұдан әрi - қағида) бекiтiлсiн.
      2. Қағиданың сақталуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары В.З. Бочинге жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

Облыс әкiмдiгiнiң      
2003 жылғы 25 қарашадағы   
"Коммуналдық меншiк объектiлерiн
кейiннен өтеуiн төлеп алу  
құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға
беру қағидасын бекiту туралы"
N 242/11 қаулысымен бекiтiлген

Коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасы

      Осы коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру қағидасы (бұдан әрi - Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне  (ерекше бөлiмi) сәйкес, коммуналдық меншiк объектiлерiн пайдалану тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған жұмыстарды реттеу мақсатында әзiрленген және коммуналдық меншiк объектiлерiн кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға берудiң тәртiптерiн анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Қағидада мынадай негiзгi түсiнiктер пайдаланылады:
      1) "баланс ұстаушы" балансында сенiмгерлiк басқаруға берiлген Мүлiгi бар коммуналдық заңды тұлға (бұдан әрi Баланс ұстаушы);
      2) "пайда алушы" - Шартта көрсетiлген тұлға, Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушының (бұдан әрi Пайда алушы) мүддесiне қарай жүзеге асырады;
      3) "шарт" - Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты (бұдан әрi - Шарт);
      4) "мүлiк" коммуналдық меншiк объектiлерi (бұдан әрi - Мүлiк);
      5) "комиссия" - құрылтайшы құрған тендер комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия);
      6) "басқарушы" Шарт бойынша сенiмгер басқарушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрi - Басқарушы);
      7) "қатысушы" - тендерге қатысу үшiн өтiнiмдердi және Комиссия белгiлеген тиiстi құжаттарды уақытында ұсынған жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрi - қатысушы);
      8) "құрылтайшы" облыс коммуналдық меншiк департаментi - Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беруге уәкiлеттi және Шарт бойынша құрылтайшы болып табылатын мемлекеттiк орган;
      2. Құрылтайшы Мүлiктi кейiннен өтеуiн төлеп алу құқығынсыз сенiмгерлiк басқаруға беру туралы тиiстi аудандық әкiмдiк (облыстық маңыздағы қалалар) қаулысының негiзiнде берiлген жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның өтiнiшiн немесе облыс бюджетiнен қаржыландырылатын атқарушы органның өтiнiшiн есепке ала отырып шешiм қабылдайды.
      Өтiнiште:
      1) Пайда алушы туралы түсiнiктер;
      2) пайданың сипаты;
      3) Мүлiктi беру негiзi;
      4) Шарттың елеулi жағдайлары болуы керек.
      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында басқаша қаралмаған болса, кез келген тұлға Басқарушы бола алады. Басқарушыны тағайындау тек оның келiсiмi бойынша жүргiзiледi.

2. Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға берудiң тәртiбi

      4. Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру екi әдiстеме арқылы:
      1) мақсатты пайдалану бойынша;
      2) тендер негiзiнде жүзеге асырылады:
      5. Мүлiктi мақсатты пайдалану бойынша оның iшiнде тарих, мәдениет және сәулет ескерткiш - ғимараттары: коммерциялық емес ұйымдарға, мемлекеттiк кәсiпорындарға, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарға және жеке тұлғаларға олардың осы Мүлiктi жалдау ақысы мөлшерiнен кем болмайтын сомасында Пайда алушының мүддесiне қарай жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) орындау шартымен жүргiзген кезде берiледi.
      6. Осы қағиданың 5-тармағында көрсетiлген тұлғалардан басқа барлық жеке және заңды тұлғаларға Мүлiктi беру тендерлiк негiзде жүзеге асырылады. Бұл тармақ осы қағиданың 5-тармағында көрсетiлген тұлғаларды жарияланған тендерге қатысу құқығын айырмайды.
      7. Тендердi өткiзу үшiн құрылтайшы жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары өкiлдерiнiң (келiсiм бойынша) және орталық атқарушы органдары аумақтық бөлiмшелерiнiң қатысуымен Комиссия қалыптастырады.
      Комиссияның төрағасы құрылтайшының өкiлi, жұмысшы органы - құрылтайшы болып табылады.
      8. Комиссия:
      1) тендер шарттарын бекiтедi;
      2) тендер өтiнiмдерiнiң шарттарын қарайды және жеңiмпаздарды анықтайды.
      3) белгiленген тәртiпте тендер өткiзу туралы ақпараттық хабарды жариялауды ұйымдастырады.
      4) өз жұмыстарының тәртiбiн әзiрлейдi және бекiтедi;
      5) қажет болған кезде тәуелсiз сарапшыларды немесе кеңесшi фирмаларды (келiсiм бойынша) тартады;
      6) тендерге қатысуға Комиссияға ұсыну үшiн белгiлеген нысанда өтiнiштердi және басқа да құжаттарды қабылдауды, тiркеудi ұйымдастырады, қатысушыларға ұсынған құжаттардағы кемшiлiктердi қысқа мерзiмде жою керектiгiн хабарлайды (басқа қалалардың қатысушылары үшiн тендерге қатысуға өтiнiштердiң тiркелген күнi өтiнiштердi жiберген уақыты туралы пошталық белгiсi болып есептелiнедi);
      7) қатысушылардың тендердi өткiзу тәртiбiмен, Шарттың жобасымен танысуын қамтамасыз етедi;
      8) тендер жеңiмпазын анықтайды;
      9) тендер нәтижесi туралы хаттамаға қол қояды.
      9. Тендер өткiзу туралы ақпараттық хабарлама тендер өткiзетiн күнге дейiн 15 күннен кешiктiрмей республикалық ресми баспасөзде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жарияланады.
      11. Кепiлдiк жарна қатысушылардың мынадай мiндеттердi орындауын:
      1) жеңiмпаз атанған кезде тендер нәтижесiне қол қоюын;
      2) хаттама негiзiнде Шарт жасауын қамтамасыз етедi.
      Кепiлдiк жарнаны Комиссия тендердi ұйымдастыру, оны дайындау және өткiзу шығындарын жабу мөлшерiнде белгiлейдi.
      12. Тендерге қатысу үшiн Комиссияның қарауына мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) Комиссия белгiлеген нысан бойынша тендерге қатысуға өтiнiш;
      2) енгiзiлген кепiлдiк жарнаны растайтын төлем тапсырмасының көшiрмесi:
      3) жеке конвертте жабылған тендер шарттары туралы жазбаша түрдегi ұсыныстар;
      4) қатысушының қаржы тұрақтылығын растайтын құжаттар.
      Заңды тұлғалар қосымша нотариалды расталған құрылтайшылық құжаттардың, сондай-ақ тиiстi мемлекеттiк органда олардың мемлекеттiк тiркеуден өткенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.
      13. Тендерге қатысу үшiн өтiнiмдердi қабылдау оны өткiзуге 3 күн (72 сағат) қалғанда аяқталады. Белгiленген мерзiм өткенде өтiнiштердi және құжаттарды қабылдау тоқтатылады.
      14. Тендерге қатысушы өзiнiң ұсынысын жазбаша түрде тендердi өткiзуге кем дегенде 3 күн (72 сағат) қалғанда қайтарып алуға құқылы.
      15. Комиссия жеңiмпаздарды анықтауға қойылған талапқа (талаптарға) сәйкес қатысушылардың ұсыныстарын қарайды. Комиссия жобаларға тәуелсiз сараптамалар жасауға құқылы. қатысушылардың өтiнiмдерiн сарапшы топтарының қарау мерзiмi 15 күнмен шектеледi.
      16. Комиссия шешiмi оның мүшелерiнiң көпшiлiк дауыс беруiмен қабылданады.
      Дауыс берушiлер тең болған жағдайда шешушi дауыс төрағанiкi болып табылады.
      17. Комиссия шешiмi Комиссия мүшелерi және төраға, сондай-ақ тендер жеңiмпазы атанған қатысушының қолдары қойылған хаттамамен ресiмделiнедi.
      18.Тендерге қатысуға кем дегенде 3 күн (72 сағат) қалғанда бас тартқандардан басқа, жеңiмпаз болмаған қалған қатысушыларға тендер жеңiмпазы жарияланған күннен бастап 10 банкiлiк күн iшiнде кепiлдiк жарна қайтарылады, тендерде жеңген қатысушыға кепiлдiк жарна қайтарылмайды. Қайтарылмаған кепiлдiк жарна жергiлiктi бюджет кiрiсiне аударылады.
      19. Тендердiң нәтижесiн жеңiмпазды жариялаған уақыттан бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде құрылтайшы бекiтедi. Тендер нәтижесi бекiтiлмеген, тендерге қатысуға өтiнiмдер болмаған немесе жеңiмпаздың бекiтiлмегенi туралы Комиссия шешiм қабылдаған кезде құрылтайшы Комиссияға оның шарттарын өзгертудi мәлiмдеп, жаңа тендер жариялауға құқылы.
      20. Тараптар тендер нәтижесiн құрылтайшы бекiткеннен кейiн кем дегенде 10 күн iшiнде Шартқа қол қоюға тиiстi. Сенiмгерлiк басқаруға берiлген, қолдары қойылған қабылдау-тапсыру актiсi Шарттың бөлiнбейтiн бөлiгi болып табылады.
      21. Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беруде беру кейiннен төлеп алу құқығынсыз және иемденуiне беру басқа негiздер бойынша жүзеге асырылады.
      Шарттың мерзiмi аяқталған немесе оның iс-қимылы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде борыштары мен мiндеттемелерi жоқ сенiм бiлдiрген Мүлiк сол құрамымен жағдайында Басқарушыға қайтарылуы тиiс.
      22. Басқарушы Шарт негiзiнде Пайда алушының мүддесiне Мүлiктi басқаруды жүзеге асырады.
      23. Шартта:
      1) Шарттың мәнi және мерзiмi;
      2) сенiмгерлiк басқаруға берiлген Мүлiктiң құрамы;
      3) Пайда алушы туралы нұсқаулық;
      4) Басқарушы есебiнiң мерзiмi мен нысаны;
      5) Шарттың iс әрекетi тоқтатылған жағдайда, сенiмгерлiк бойынша берiлген
      Мүлiктi алған тұлға туралы нұсқаулық;
      6) Сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiктiң және Басқарушы өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде сатып алған және (немесе) алған мүлiктiң құрамына құқығын қосуға нұсқаулық;
      7) егер өзгесi Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделмесе, сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiктi ұстау, өз есебiнен оған жөндеу жүргiзу жөнiндегi Басқарушының мiндетi;
      8) Басқарушының Шарттағы және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгiленген шараларды бұзбау жауапкершiлiгi қаралады.
      Шартта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қарама-қайшылық келтiрмейтiн өзге де шарттар қаралуы мүмкiн.
      24. Басқарушы сенiмгерлiк басқаруға берiлген Мүлiктi басқаруды, егер шартта қаралмаған болса өзi жүргiзедi.
      25. Шартта тараптар мiндеттерiн тоқтататын жалпы негiздерiмен қатар:
      1) азамат Басқарушының қайтыс болуына, оның қайтыс болуы жарияланумен немесе iс әрекетке қабiлетсiздiгi шектелуiне, хабарсыз жоғалуына;
      Басқарушы-заңды тұлғаның таратылуына;
      2) Басқарушының немесе құрылтайшының сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiктi басқаруға жүзеге асыруға жеке мүмкiндiгi болмауына;
      3) егер Шартта Басқарушыға келтiрiлген залалдарды және сыйақыларды төлеу шаралары қаралған болса Шарттың мiндетiн орындаудан құрылтайшының бас тартуына;
      4) Мүлiк кепiлдiгi ауыртпалығын өтеген басқармаға сыйақы төлеумен оған беру туралы хабарламаған жағдайда, егер бұл шартта қаралған болса, Басқарушының бас тартуына байланысты тоқтатылады.
      26. Сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiктi иемдену құқығына берiлуi, Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға берудi тоқтатпайды.
      27. Шартты тоқтатқан жағдайда, сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiк Шартта көрсетiлген тұлғаға берiледi.
      28. Мемлекеттiк кәсiпорын банкротқа ұшыраған жағдайда, жарғы капиталына кiретiн Мүлiк, сенiмгерлiк басқаруға берiледi, Мүлiктi сенiмгерлiк басқару тоқтатылады және сенiмгерлiк бойынша берiлген Мүлiк конкурстық жиынға берiледi.

3. Дауларды шешу

      29. Осы қаулыда реттелмеген барлық мәселелер бойынша Шарттың тараптары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормасын басшылыққа алады.
      30. Мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға берген кезде туындайтын даулар тараптардың өзара келiсiмi бойынша немесе сот арқылы қаралады.