Жер учаскелерінің жеке меншікте болуы мүмкін шекті (ең жоғары) мөлшері, суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері туралы

Бірлескен Қызылорда облыстық мәслихатының 2003 жылғы 27 тамыздағы N 226 шешімі және Қызылорда облыстық әкімиятының 2003 жылғы 27 тамыздағы N 600 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2003 жылғы 3 қыркүйекте N 3465 тіркелді

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-II Жер Кодексінің 50 – бабының 3, 5 – тармақтарына сәйкес областық Мәслихат пен облыс әкімияты бірлесіп ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жер Кодексінің 50-бабының 2-тармағында санамаланған, жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшері 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Суармалы жерлердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Облыс әкімі С. Нургисаев
      Облыстық Мәслихаттың XXI
сессиясының төрағасы
М. Мухаммедов
      Облыстық Мәслихат хатшысы А. Божанова

  Облыстық Мәслихат пен облыс әкімиятының
2003 жылғы 27 тамызындағы № 226/600
бірлескен шешіміне 1 қосымша

Азаматтардың жеке меншігінде болуы мүмкін, Жер Кодексінің 50 бабының 2 тармағында санамаланған, жер учаскелерінің Қызылорда облысы бойынша шекті (ең жоғары) мөлшері.

      (гектар)

Аудан атауы
Қазақстан Республикасы азаматтарында жеке меншігінде болуы мүмкін жер учаскелерінің (ең жоғары) шекті мөлшері
ауылдық жерлерде өзіндік қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егістік төлімдерді қоса алғанда) жүргізу ушін
Жеке түрғын үй құрылысы үшін
Бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшін
Суарылмайтын жерде
Суармалы жерде
1
2
3
4
5
Арал
3,0
2,0
0,5
0,6
Қазалы
2,5
1,5
0,5
0,6
Қармақшы
2,0
1,0
0,5
0,6
Жалағаш
2,5
1,5
0,5
0,6
Сырдария
3,0
2,0
0,5
0,6
Шиелі
1,75
0,75
0,5
0,6
Жаңақорған
1,75
0,75
0,5
0,6
Қызылорда қаласы
2,0
1,0
0,5
0,6

      

  Облыстық Мәслихат пен облыс әкімиятының
2003 жылғы 27 тамыздағы № 226/600
бірлескен шешіміне 2 қосымша

Суармалы жерлерде тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері

      (гектар)

Аудан (қала) атауы
Инженерлік тұрғыда дайындаған жерлерде
Басқа да суармалы жерлерде
Арал
200
2
Қазалы
350
2
Қармақшы
250
2
Жалағаш
200
2
Сырдария
350
2
Шиелі
300
2
Жаңақорған
200
2
Қызылорда қаласы
350
2